Түркия соты Биньямин Нетаньяхуға халықаралық іздеу жариялады – БАҚ Басылымның мәліметінше, Стамбұлдың 11-қылмыстық сотында "Сумуд" ("Табандылық") жаһандық флотилиясының ұсталуына қатысты талап-арызды қараған судьялар алқасы Нетаньяхуды Интерполдың "қызыл хабарламасы" (Red Notice) арқылы халықаралық іздеуге жариялау жөнінде қаулы шығарған. t.me/stankznews
Stan.kz
Лента публикаций издания Stan.kz в агрегаторе Life News. Заголовки выводятся в порядке выхода — от самых свежих к более ранним. Полные тексты остаются на сайте источника, мы публикуем только заголовок, краткое описание и ссылку.
Шымкентте күннің ысығаны сонша, өрт сөндіру көліктері көшеде су шашып жүр Otyrar арнасының мәліметінше, ашық күннің астында небәрі 15 минут тұрған термометр алдымен 49 градусты көрсеткен. Алайда бірнеше секундтан кейін аптап ыстыққа шыдамай істен шыққан. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде қаладағы көше термометрі шамамен 66 градусқа дейін көтерілгені көрсетілген видеолар кеңінен таралып жатыр. t.me/stankznews
Сайранда келушілерді балағаттаймын деп әншілер істі болды Видеодан Сайранда ән айтып отырған екі азаматтың келушілерді балағаттап жатқанын көруге болады. Жанжалдың неден басталғаны белгісіз Полиция микрофонды ұстап, балағат сөздер айтқан әншілерді анықтап, үстінен ұсақ бұзақылық бабымен әкімшілік іс қозғаған. t.me/stankznews
Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 миллиард теңге бөлінді Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, саяси партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидат үшін ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын төлеуі тиіс.…
Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 миллиард теңге бөлінді Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, саяси партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидат үшін ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын төлеуі тиіс. Биылғы ең төменгі жалақы 85 мың теңгені құрайтындықтан, бір кандидатқа шаққандағы жарна 1 миллион 275 мың теңге болады. Сонымен қатар заңнамада бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. 2023 жылғы 19 наурызда өткен Мәжіліс сайлауында сайлаушылардың 5 және одан көп пайыз дауысын алған партиялар Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауында бұл жарнаны төлемейді. t.me/stankznews
Блогер Әділетхан Молдахан 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды Сонымен қатар 5 жылға әлеуметтік желілерде ақпарат жариялауға тыйым салынды. Әділет Молдаханға Қылмыстық кодекстің 274-бабының 3-бөлігі “Көрінеу жалған ақпарат таратты “деген айып тағылған еді. t.me/stankznews
Ақтөбе облысында ер адам 15 жастағы көрші қызды зорлады деп айыпталды “Криминальный Казахстан” Telegram арнасының мәліметінше, жантүршігерлік жағдай 19 мамыр күні болған. Ол құрбысымен серуендеуге шығып, оның үйіне кірген. Үйде құрбысының ағасы болған. Жәбірленушінің жақындары қызды зорлаған сол жігіт деп отыр. “Қызды өлтіремін деп қорқытқандықтан жасөспірім болған жағдайды осы уақытқа дейін жасырып келген”, – дейді туыстары. Қыздың туыстарының айтуынша, күдікті – жасөспірімді бала кезінен білетін 22 жастағы көрші жігіт. Полиция күдіктіні тергеу изоляторына қамаған. Тергеу жүріп жатыр. t.me/stankznews
💬 "Олар отбасылық өмірімізге араласты" Атырауда бүтін бір отбасыны өлтірді деген күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев неліктен қылмыс жасағанын айтты. Ол жары Ақбаян Мұқанғалиевамен 2016 жылы Атырау қаласында танысқан. Сосын сол жылдың мамыр айында ресми түрде некесін…
Қарбызды қай мерзімде жеу қауіпсіз? Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, қарбыз бен қауынды шілде айының соңы мен қыркүйек аралығында жеу керек. Осы кезеңде қарбыз бен қауын ешқандай қоспаларсыз, тыңайтқыштарсыз және түрлі өсу стимуляторларын қолданбай табиғи жолмен піседі екен. “Сондықтан әсіресе балаларға, әзірге оларды жеуге асықпаған жөн. Бұл – маман ретіндегі менің ұсынысым. Сонымен қатар елімізге шетелден әкелінетін барлық жеміс-көкөніс өнімдері түрлі зиянкестер мен аурулардың жоқтығына қатысты фитосанитариялық бақылаудан өтеді", – деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов. t.me/stankznews
Шетелдіктерге жер сатуға қойылған мораторий 2032 жылға дейін ұзартылды Еске салайық, шетел азаматтары мен шетелдік заңды тұлғалардың жерді жалға алуы және иеленуіне қатысты норма 2015 жылы қабылданып, 2016 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енуі тиіс болған. Алайда 2016 жылғы жер митингілерінен кейін сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл нормаға 2016 жылдың соңына дейін мораторий енгізген еді. Кейін бұл мораторийдің мерзімі алдымен 2021 жылға дейін, кейін 2026 жылдың соңына дейін ұзартылды. t.me/stankznews
Қазақстанда криптовалюта үшін табыс салығын алып тастау ұсынылды Мұндай ұсыныс үкіметте Салық кодексіне енгізілетін өзгерістерді талқылау кезінде айтылды. Әзірге салықты үш жылға алу мәселесі көтерілген. Алайда бұл жеңілдік барлық мәмілеге бірдей қолданылмайды. Ол тек Қазақстандағы цифрлық активтер қызметін көрсететін лицензияланған провайдерлер арқылы жасалған операцияларға ғана қатысты болады. Егер түзетулер қабылданса, бұл салықтық жеңілдік 2026 жылғы 1 қаңтардан 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін күшінде болады. t.me/stankznews
"Челси" ойыншылардың жаттығуынан тағы бірнеше фото жариялады Суреттен Дастан Сатпаевты да байқауға болады. Ол Коул Палмер, Ромео Лавией, Лиам Делап, Весле Фофан и Жуан Педро секілді футбол жұлдыздарымен бірге жаттығып жүр. t.me/stankznews
Алматыда 10-қабаттан құлаған қыз ғайыптан аман қалды Оқыс оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда қыздың алдымен кіреберістің қалқасына, кейін жерге құлағанын көруге болады. Қызды райынан қайтаруға тырысқан әйелдің айтуынша, түнде әйел адамның айғайлаған дауысын естіп, сыртқа шыққан. Сол кезде бейтаныс бойжеткен 10-қабаттың балконында тұрған, ал жанындағы жігіт көмек сұрап жүгіріп жүрген. Куәгерлердің сөзінше, қыз бен жігіт болып жүріп жүрген жұптың арасында қатты жанжал болған. Артынша қыз балконнан құлап кеткен. Соған қарамастан, ол аман қалды. Дәрігерлер оның көптеген жарақат алғанын айтты. Бүгін бойжеткен есін жиған. t.me/stankznews
Тоқаев Қатарға көңіл айту үшін барып, Әмірімен кездесті Қасым-Жомарт Тоқаев Дохада Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті. Президент Қатардың бұрынғы Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен еліне көңіл айтты. Ол шейх Хамадтың Қатардың дамуына және Қазақстан мен Қатар арасындағы байланыстардың нығаюына қосқан үлесін атап өтті. Кездесу барысында тараптар халықаралық ахуалды, соның ішінде Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады. Сондай-ақ Қатар Әмірін Қазақстанға сапармен келуге шақырды. t.me/stankznews
25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер бостандыққа шыққан соң әйелді зорламақ болған Петропавлда 90-жылдары аса ауыр қылмыстары үшін сотталған Валерий Кричиневский бостандыққа шыққаннан кейін жаңа іске күдікке алынды. Тергеу мәліметінше, ол Петропавл маңындағы орманды жерде 54 жастағы әйелге шабуыл жасап, сексуалдық сипаттағы әрекет жасауға әрекеттенген. Жәбірленуші полицияға хабарласып, күдікті көп ұзамай ұсталған. Кричиневский бұған дейін әйелдерге шабуыл жасаған бірқатар қылмысы үшін 25 жылға сотталған. Оның ісінде 11 эпизод болған. Соңғы құрбаны — 7 жастағы қызды 13 рет пышақтаған. Қазір күдікті екі айға қамауға алынды. Егер кінәсі дәлелденсе, оған 5 жылдан 8 жылға дейін жаза тағайындалуы мүмкін. t.me/stankznews
Ақтөбелік тұрғын Pinduoduo-дан алған 1000 теңгелік зат үшін сотталды Ер адам қытайлық маркетплейстен 1000 теңгеге кастет сатып алған. Сот мәліметінше, азамат Pinduoduo арқылы тапсырыс берген затын өзімен бірге алып жүрген. Кейін оны полиция қызметкерлері көшеде тоқтатып, тексеру барысында кастетті анықтаған. Сараптама бұл затты заң бойынша суық қару деп таныды. Сот ер адамға 40 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады. t.me/stankznews
Семейде көпірде жолға жатып фотоға түскен әйелге айыппұл салынды Әлеуметтік желі үшін қауіпті фотосессия жасаған 35 жастағы әйел полиция назарына ілікті. Ақтөбе облысының тұрғыны Семейдегі көлік көпірінің жол бөлігіне жатып, фото және видео түсірген. Сол сәтте жанынан көліктер өтіп жатқан. Қауіпті әрекеті түсірілген видео желіде тарап, қолданушылардың сынына ұшырады. Полиция әйелге 8 650 теңге айыппұл салып, қазақстандықтарға мұндай әрекетке бармауды ескертті. t.me/stankznews
Нұрай Серікбайдың ісі: Адвокат соттың тікелей эфирде көрсетілуін талап етті Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Марқұмның туыстары сот процесінің барынша ашық өтуін сұрап, сот отырыстарын тікелей эфирде көрсетуді талап етпек. Жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаровтың айтуынша, бұл талап істі толық әрі объективті қарауға мүмкіндік беру үшін қойылып отыр. t.me/stankznews
Астанада ер адам аялдамасынан өтіп кеткені үшін автобус терезесін сындырып тастады 😲 Жанжал автобустың белгіленген аялдамада тоқтамай, өтіп кетуінен туындаған. 44 жастағы жолаушы жүргізушімен жанжалдасып, содан кейін жүргізуші салонын жолаушылар салонынан бөліп тұрған терезені сындырған. Ер адамға ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды. Сот оны 20 тәулікке қамауға алып, келтірілген залалды өтеуді міндеттеді. t.me/stankznews
Қазақстанның шығысында сілеусіндер фототұзаққа түсіп қалды Сілеусіндер суатқа келген. Кадрларды «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары жариялады.
Астанада 14 шілдеде ең ыстық күн болады деп болжанып отыр «Қазгидромет» мәліметінше, 14 шілде күні Астанада ауа температурасы күндіз +37…+39 градусқа дейін көтеріледі. Көпжылдық бақылау деректеріне сәйкес, осы күнге тіркелген абсолютті ең жоғары температура +35,3 градус болған. Бұл көрсеткіш 1992 жылы тіркелген. t.me/stankznews
⚡Қазақстанда несие беру талабы қатаңдатылмайтын болды Ұлттық банк қарыз алушының жылдық табысының сегіз есесінен аспау туралы жаңа коэффициентін енгізбей қойды. Төлемдерді кешіктіргендерге қарыз ауыртпалығының арақатынасын төмендету жоспары да алып тасталды. Өзгерістер ипотекаға әсер етеді. 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеменің ең жоғары мөлшері бастапқы жарна сомасына байланысты болады. 30% немесе одан жоғары бастапқы жарналар үшін мөлшерлеме 20%-ға дейін, ал аз бастапқы жарналар үшін 25%-ға дейін артады. Сондықтан несие беру ережелерін қатаңдату болмайды, бірақ ипотека шарттарына байланысты сараланады. t.me/stankznews
Қазақстандық оқушылар физикадан халықаралық жарыста бес алтын медаль жеңіп алды Биылғы олимпиадаға әлемнің 85 елінен 381 оқушы қатысты. Қатысушылар күрделі теориялық және эксперименттік тапсырмаларды орындап, білімдері мен ғылыми даярлықтарын сынға салды. Қазақстандық жас физиктер жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бес алтын медаль иеленді. Бұл – Қазақстанның IPhO олимпиадасына қатысу тарихындағы ең үздік нәтиже. Алтын медаль иегерлері: Нұргүл Егенбергенова – Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы; Әмірбек Азатбеков – Астана қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы; Ілияс Қазымбек – Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 12-сынып оқушысы; Роман Черемнов – Алматы қаласындағы "Мирас" халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы; Дамир Құрман – Астана қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы. t.me/stankznews
Қазақстанда алғаш рет "Құрметті донор" төсбелгісі тағайындалды "Құрметті донор" төсбелгісін алғаш болып 481 қазақстандық алады. Олар – белгіленген талаптарға толық сай келетін, тұрақты түрде қан тапсырып жүрген донорлар. Үкімет қаулысына сәйкес, бұл ведомстволық төсбелгі Қазақстан азаматтарына, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға өтеусіз донорлық жасағаны үшін беріледі. Ол үшін: 📌Қанды және (немесе) тромбоцитті кемінде 40 рет; 📌Қан плазмасын кемінде 70 рет тапсыру қажет. t.me/stankznews
Air Astana БАӘ-ге жоспарланған жақын күндердегі рейстерді тоқтатты Компанияның мәліметінше, 13 және 14 шілдеге жоспарланған KC897/898 Алматы – Дубай – Алматы рейстері, сондай-ақ 14 шілдеге белгіленген KC205/206 Астана – Дубай – Астана рейстері тоқтатылды. "Жолаушылар билеттердің толық құнын сатып алған жері арқылы қайтара алады немесе 12-18 шілдеге жоспарланған рейстерді 31 шілдені қоса алғандағы күндерге тегін ауыстыра алады. Рейстер кестесіндегі кейінгі өзгерістер туралы қосымша хабарланады", – делінген хабарламада. t.me/stankznews
Бангкокте бар өртеніп, 27 адам қаза тапты Билік өкілдерінің мәліметінше, қаза тапқандардың басым бөлігі түтінге уланып қалған. Сондай-ақ 60-тан астам адам зардап шеккен. Олардың шамамен 20-сының жағдайы ауыр екені хабарланды. Бұл туралы Thai Rath TV телеарнасы мәлімдеді. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілгені айтылған бейнежазбалар таралып жатыр. t.me/stankznews
Әйелін сабады деп айыпталған боксшы отбасылық жанжал болағанын жасырмады Ерлі-зайыптылар болған жағдайды талқылап, отбасын сақтап қалу туралы шешім қабылдаған. "Екеуіміз де қорытынды жасап, сөйлестік және отбасымызды сақтап қалу туралы ортақ шешімге келдік. Біздің шешіміміз бен жеке өмірімізге деген құқығымызды құрметтеулеріңізді сұраймыз", – деді Жүсіпов. Боксшының жұбайы қылмыстық істі тоқтату туралы шешімді өз еркімен қабылдаған. "Ешқандай қысым болған жоқ. Пабликтерден, блогерлерден және БАҚ өкілдерінен отбасымыз туралы ақпарат таратуды тоқтатып, жарияланымдарды өшіруді сұраймыз", – деді спортшының жұбайы. t.me/stankznews
Миллиард теңге жымқырып, үш жылға сотталған Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты 2025 жылы мамыр айында үш жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты. Қымыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, сот шешімі негізінде Қожағапановтың өтелмеген бас бостандығынан айыру жазасының бір бөлігі айыппұл төлеу жазасына ауыстырылған. t.me/stankznews
Ақмола облысында 8 және 12 жастағы екі қыз көлікпен бірге суға батып кетті Алдын ала мәлімет бойынша, 11 шілде күні отбасы Қызылжар ауылының маңындағы жасанды су айдынының жағасында демалған. Таңертең суға шомылып шыққаннан кейін әпкелі-сіңлі қыздар киім ауыстыру үшін жағалауда тұрған көлікке отырған. Кенеттен көлік қозғалып, суға сырғып кеткен. Көп ұзамай көлік суға батып кеткен. Әкесі қыздарын құтқаруға тырысқан. Алайда көліктің есігін аша алмаған, терезесін де сындыра алмаған. Қыздардың денесін құтқарушылар алып шықты. Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. t.me/stankznews
SPA-да аяғына шам құлаған қазақстандықты қызметкерлер "алаяқ" деп айыптады Алматы тұрғыны саунада демалып жатқанда аяғына ағаштан жасалған шам құлаған. Жедел жәрдем келіп, көмек көрсетіп, орталыққа шағымы бар-жоғын сұраған. Алайда ауырсыну басылар деген үмітпен арыздан бас тартқан. Кейін орталықтан ем-шара ұйымдастырып, дәрі-дәрмек сұрағанда қызметкерлер қызметтік тексеруді сылтау етіп жәбірленушіні ем-доммен қамтамасы етпеген. Тіпті, өзара әңгімеден соң оны "алаяқ" деп айыптаған. Жәбірленуші орталықтан ақшалай өтемақы сұрамаған. Ол адамдарға оқыс жағдай кезінде міндетті түрде 102 қызметін шақыру керегін ескертті. t.me/stankznews
О ленте источника Stan.kz
Life News автоматически добавляет в ленту новые публикации из RSS-канала издания Stan.kz. Тексты, изображения и комментарии остаются на сайте источника — в подборке выводятся только заголовки, краткие описания и ссылки на оригинал.
Если вы — представитель Stan.kz и хотите изменить работу с RSS-каналом или подключить дополнительный поток, напишите нам через контактную страницу.
Другие источники: #НеМолчиkz · Aqorda · Astanovka98 · Atameken Business · BES.media · Central Media24.kz · EGOV.PRESS · EL.INFO