🚨 Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам қаза тапты Жетісу облысындағы Алакөл көлінде екі гидроцикл соқтығысып, бір адам көз жұмды, тағы бір адам жарақат алды. Оқиға 17 шілде күні кешкі уақытта болған. Қазір оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп…
Stan.kz — страница 2
Архив материалов источника Stan.kz, страница 2. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
🚨 Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам қаза тапты Жетісу облысындағы Алакөл көлінде екі гидроцикл соқтығысып, бір адам көз жұмды, тағы бір адам жарақат алды. Оқиға 17 шілде күні кешкі уақытта болған. Қазір оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ТЖД қараңғы уақытта навигациялық шамдары жоқ шағын жүзу құралдарымен суға шығуға қатаң тыйым салынатынын еске салды.
🚦 Атырауда тұрғын кептелісті өзі реттеп, жедел жәрдемге жол ашты Атырауда жарық өшіп, бағдаршамдар істен шыққанда қала тұрғыны 20 минут бойы жол қозғалысын өзі реттеді. Оның көмегімен кептелісте қалған жедел жәрдем көлігі өтіп кетті. Кейін еріктінің суретші әрі дизайнер Асхат Шәкімов екені белгілі болды. t.me/stankznews
🎤 Қазақстандық Дженнифер Лопестің концертіне алған билетінің ақшасын сот арқылы өндіріп алды Павлодарлық тұрғын билетке 376 869 теңге төлегенімен, оны қолына алмаған. Туристік агенттік ақшаның 30%-ын ұстап қалмақ болған. Алайда апелляциялық сот агенттіктің әрекетін заңсыз деп танып, тұтынушыға билет құнын толық қайтаруды міндеттеді. t.me/stankznews
🚨Алматыда қыздар қатарласын қорлап, TikTok-қа жүктеген Әлеуметтік желіде бірнеше қыздың қатарласын аяусыз соққыға жыққан видеосы тарады. Кадрларда жәбірленушіні шашынан сүйреп, жерге құлатып, соққыға жыққаны көрінеді. Ал видеоны өздері TikTok-қа жариялаған. Полиция қылмыстық іс қозғап, жанжалға қатысқан барлық күдіктінің жеке басын анықтады. Еске салайық, сәуірде Қаскелеңде болған осындай оқиға бойынша тергеу аяқталып, күдіктілер жақын арада сот алдында жауап береді. t.me/stankznews
🔥 «Семей орманындағы» ірі өрт сөндірілді Абай облысындағы «Семей орманы» резерватында 16 шілдеде тұтанған ірі орман өрті оқшауланды. Өртті сөндіруге 769 адам, 191 техника және 8 тікұшақ жұмылдырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себеп болуы мүмкін. Қазір мамандар бықсып жатқан ошақтарды толық сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Еске салайық, дәл осы резерватта 2023 жылы болған алапат өрттен орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тауып, елде жалпыұлттық аза тұту жарияланған еді. t.me/stankznews
Алматыда ортақ қарыз үшін енді бүкіл үйдің жарығы өшірілмейді Алматыда көпқабатты тұрғын үйлерге қатысты жаңа тәртіп енгізіледі. Енді ортақ электр энергиясы үшін қарыз туындаса, жарық тек берешегі бар пәтерлерде ғана өшіріледі. Алайда лифт, кіреберіс жарығы, паркинг сияқты ортақ пайдаланылатын орындардың электр энергиясына қарыз жиналса, бұл қызметтер бүкіл тұрғындар үшін ажыратылуы мүмкін. Еске салайық, бұған дейін «Алма Сити» тұрғын үй кешенінің шамамен 300 млн теңге қарызына байланысты тұрғындар бірнеше рет жарықсыз қалған еді. t.me/stankznews
Қазақстанның оңтүстігінде аптап ыстық 48 градусқа дейін жетеді «Қазгидрометтің» болжамынша, 18 шілдеде еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Батыс, шығыс және солтүстік өңірлердің кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 🔥 Оңтүстік өңірлерде аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +48°C-қа дейін көтеріледі. Кей жерлерде шаңды дауыл соғып, өрт қаупі өте жоғары болады. ⚠️ Дауылды ескерту еліміздің 15 өңірінде жарияланды. Ірі қалалардағы ауа райы: ▪️ Астана: +34...+36°C, жауын-шашынсыз. ▪️ Алматы: +40...+42°C, жауын-шашынсыз. ▪️ Шымкент: +45...+47°C, жауын-шашынсыз. t.me/stankznews
Иракта Дональд Трампқа қастандық жасау үшін 10 миллион доллар сыйақы тағайындады Басылым мәліметінше, ұйымның мәлімдемесінде бұл қаражат содырлар мен қозғалыс жақтастарының ерікті қайырымдылықтары есебінен жиналғаны айтылған. Топ мұндай шешімді Иран генералы Қасем Сүлеймани мен Ирак жасағы қолбасшысының орынбасары Әбу Махди әл-Мухандистің қазасына қатысты Трамптың жақында айтқан сөздеріне жауап деп атаған. Сүлеймани мен әл-Мухандис 2020 жылдың қаңтарында Бағдадта америкалық ұшқышсыз ұшақтың соққысынан қаза тапқан. t.me/stankznews
Баян Алагөзова халық әртісі Меруерт Өтекешоваға пәтер мен Түркияға жолдама сыйлады Өнер иесі қуанышты сәттің видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Баян Алағөзова бұл сыйлықты осыдан екі жарым ай бұрын уәде еткенін айтып, пәтерді әртістің талғамына сай етіп толық жөндетіп, барлық қажетті жиһаз бен тұрмыстық техниканы қойып берген. “Біз сізге ештеңе ойламай-ақ келіп, бірден тұра беретіндей үй дайындауға тырыстық. Дизайнын өзім ойластырдым. Барлығы жайлы әрі тыныш атмосферада болғанын қаладым. Сіз жақсы көретін хрусталь шамдарды арнайы таңдадық, сүйікті суретшім Ботагөз Ақанаеваның картинасын алдырдым. Бұл пәтерді екі ай бойы дайындадық”, – деді продюсер. Пәтерді аралап шыққан Меруерт Өтекешова қуанышын жасыра алмай, мұндай сыйлық күтпегенін айтты. “Сөзім жоқ. Жылағым келіп тұр. Бәрі өте әдемі, жайлы екен”, – деді халық әртісі. t.me/stankznews
Ақмоладағы Көбейтұз көлі күзетке алынады Ақмола облысы әкімдігінің мәліметіне сәйкес "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағы кеңейтіліп, оның құрамына Көбейтұз көлінің акваториясы енгізіледі. Бұл көлдің бірегей экожүйесін тиімді қорғауға мүмкіндік береді. Бұған дейін Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы көл суының гидрохимиялық қасиеттеріне зерттеу жүргізді. Сараптама нәтижелері бойынша аммонийлі азот, аммиак, хлоридтер, мышьяк, сульфаттар және басқа да бірқатар заттардың мөлшері шекті рұқсат етілген концентрациядан жоғары екені анықталды. Осыған байланысты көлде шомылуға және оның жағалауынан тұз жинауға қатаң тыйым салынады. t.me/stankznews
65 жастан асқан қазақстандықтар несиені енді онлайн ала алмайды Олар несие алуға өтініш беру үшін банк бөлімшесіне жеке келуі керек. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов брифинг барысында журналистер алаяқтардың қарт қазақстандықтармен байланысып, оларды ірі несие алуға көндірген жағдайларын атап өтті. Тимур Сүлейменов кейбір қажетті шаралар қабылданғанын айтты. Оның айтуынша, өткен жылы Парламент 18-21 жас аралығындағы жастарға, сондай-ақ 65 жастан асқан азаматтарға несие беруге қатысты заңнамаға түзетулер енгізді. Ол алаяқтардың көбіне қашықтан несие алуға өтініш беретінін түсіндірді. t.me/stankznews
Жыртылған тудың видеосына қатысты ШҚО әкімдігі жауап берді Threads әлеуметтік желісінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының жыртылып тұрғаны бейнеленген видео тарады. Әкімдік тудың демонтаждалғанын, жел басылғаннан кейін түнгі уақытта жаңа ту орнатылатынын айтты. t.me/stankznews
Тоқаев Есет Байкенді Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындады Ол бұған дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. t.me/stankznews
Ет жеп отырсаңыз, видеоны көрмеңіз Астана полициясы жеке үйлердің бірінен ет өңдейтін жасырын цехты анықтады. Өндіріс ешқандай рұқсат құжаттарынсыз және санитарлық талаптарға мүлде сай келмейтін жағдайда жұмыс істеген. Дайын өнімдер елордадағы дүкендер мен дәмханаларға жеткізіліп отырған. Цех иелері жауапкершілікке тартылды. t.me/stankznews
Ұлытау облысының әкімі қызметінен босатылды Дастан Рыспеков 2024 жылғы 9 қазанда Ұлытау өңіріне басшы болып келген. Әр жылдары Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары, Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы лауазымдарын атқарды. t.me/stankznews
Алматы облысында көлік аулаға кіріп, екі әйелді қағып кетті Қарасай ауданындағы Көксу ауылында болған жол апатынан екі әйел ауыр жарақат алды. Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes-Benz көлігін басқарған 24 жастағы қыз көлікті басқара алмай, жеке үйдің қақпасын бұзып, аулаға кіріп кеткен. Сол сәтте аулада туған күн тойланып жатқан. Салдарынан екі әйел зардап шекті. Олардың бірі ауыр жарақат алып, аяғын ампутациялау қаупі бар. Жәбірленушілердің туыстары көлік жүргізген әйелдің жүргізуші куәлігі болмағанын айтып, оқиғаның әділ тергелуін талап етуде. Олар көлікте болған адамдарға қатысты да жауапсыз қалған сұрақтар бар екенін жеткізді. Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. t.me/stankznews
Шығыс Қазақстанда аю адамдардың жанына келген Видеодан жыртқыштың адамдардың арасында емін-еркін жүргенін көруге болады. Әкімдік қызметкерлері аюдың кейін тауға кеткенін мәлімдеді. Оқиға Марқакөл ауданындағы Ақжайлау мен Ұрынқай ауылдарының арасында болған. t.me/stankznews
⚡Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновті қызметінен босатты Шәпкенов әкім лауазымына 2022 жылдың сәуірінде келген. t.me/stankznews
Семей орманында ашық өрт оқшауланды "Барлық қатысты қызметтің жедел әрекеттерінің арқасында ашық өрт сөндірілді және қазір түтіннің жеке ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түні бойы қызметкерлер өртті сөндіру жұмыстарын жалғастырды", – деп хабарлады экология министрлігі. Министрлік тікұшақтардан 219 су тамшысы түсірілгенін және өртке 474 тонна су жеткізілгенін мәлімдеді. t.me/stankznews
⚡Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновті қызметінен босатты Шәпкенов әкім лауазымына 2022 жылдың сәуірінде келген. t.me/stankznews
⚠️ АҚШ студенттер мен журналистердің визасын қысқартты Енді АҚШ-та шетелдік студенттер мен алмасу бағдарламасына қатысушылардың визасы ең көбі 4 жылға, ал журналистердің визасы 240 күнге ғана беріледі (Қытай азаматтары үшін – 90 күн). Бұған дейін олар оқуын немесе жұмысын жалғастырып жатқан жағдайда елде мерзімсіз қала алатын. Ақ үй бұл өзгерісті шетел азаматтарының мәртебесін қатаң бақылау қажеттілігімен түсіндірді. 📌 Жаңа ереже 60 күннен кейін күшіне енеді. t.me/stankznews
«Семей орманы» резерватында орман өрті қайта тұтанды Дәл осы жерде 2023 жылы өрттен 15 адам опат болған еді. Ал бүгін Dos Bol Like жазғы лагерінен 200-ден астам адам (190 оқушы мен 20 ересек) эвакуацияланды. Абай облысы ТЖД мәліметінше, тікұшақтар 24 рет…
"Қазақстан Қытаймен достық саясатжүргізіп отыр" Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин кездесуі қорытындысында Қазақстан мен Қытай 2027-2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды. Ке ліссөз барысында Си Цзиньпин Қазақстанның Қытайға қатысты саясатын жоғары бағалады. t.m e/stankznews
🇰🇿🔥 Қазақ футболы үшін тарихи сәт! 16 жастағы оралдықКарим Мендиканов ресми түрде «Барселонаның» ойыншысы атанды. Енді жас таланткаталондық клубтың жастар командасында өнер көрсетеді.Ор алдан басталғанарман енді Еуропаның ең үздік академиясында жалғасады. 🇰🇿💙❤️t.m e/stankznews
🚨 Еңбек министрлігінде жаңа тағайындау Үкіметтің қаулысымен Эльдар Күзенбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Еңбек министрлігінің көші-қон комитетін басқарған. Әр жылдары аудан және қала әкімі, президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған. t.me/stankznews
📵 43 өлшемді аяқ киімге телефон жасырып, ҰБТ-дан өтпек болған Биыл талапкерлер тыйым салынған заттарды алып кіру үшін түрлі айлаға барған. Бірі смарт көзілдірікпен келсе, енді бірі телефонды шаш резеңкесіне жасырған. Ал бойы аласа қыздың 43 өлшемді аяқ киімінің ішінен смартфон табылған. Жалпы ҰБТ кезінде 890 ереже бұзу дерегі анықталып, 522 талапкер смартфон, шпаргалка және өзге де тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуге жіберілмеді. t.me/stankznews
Қазақстанның екі өңірінде әкім ауысуы мүмкін 17 шілдеде бірден екі өңірде мәслихат депутаттары жиналмақ. Мәслихаттардың ресми сайттында жарияланған ақпаратқа қарағанда, Ұлытау және Атырау облыстарында әкім ауысуы ықтимал. Атырау облысын 2022 жылдың сәуірінен бері Серік Шәпкенов басқарып келеді. Ал Ұлытау облысының әкімі қызметін 2024 жылдың қазанынан бері Дастан Рыспеков атқарып жүр. Олардың орнына кім келетіні ертең таңертең белгілі болады. t.me/stankznews
Астанада сұмдық жайт Әйел қонақүйде босанып, шақалақты кәрізге ағызып жіберген. туралы ақпаратты Threads желісінде tatarovna_ лақап атымен тіркелген қолданушы жариялаған. Оның айтуынша, өзі тұратын ауданда бірнеше жыл бұрын үйдің дәл іргесіне қонақүй салынған.…
«Семей орманы» резерватында орман өрті қайта тұтанды Дәл осы жерде 2023 жылы өрттен 15 адам опат болған еді. Ал бүгін Dos Bol Like жазғы лагерінен 200-ден астам адам (190 оқушы мен 20 ересек) эвакуацияланды. Абай облысы ТЖД мәліметінше, тікұшақтар 24 рет су төккен. Оқиға орнына қосымша күштер мен техника жіберілді. t.me/stankznews
Архив Stan.kz — страница 2
Это 2-я страница архива публикаций источника Stan.kz. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.