Life News Новостной агрегатор

Stan.kz — страница 3

Источник: Stan.kz · сбросить

Архив материалов источника Stan.kz, страница 3. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


Stan.kz » публикация №29500

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

"Не жандарың ашымайды, не бастарың істемейді": Маңғыстау әкімі су мәселесін шешпеген шенділерді қатаң сынға алды Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңір тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңейтілген отырыста, суға жауапты қызметкерлерге наразы болды. Негізінде жазда мұндай мәселе болмауы керек еді. Бүйткен едік, беруіміз керек еді деген сылтаулар. Не істеп отырсыздар? Бұл сылтауды халыққа барып айтып көр. Осы жерде, осы үстел басында Маңғыстаудың ауыз суына бүкіл жауапты мамандар отыр. Не сендердің жандарың ашымайды, немесе бастарың істемейді. Екеуінің біреуі. Басқа менің айтатыным жоқ", - деді ол. Видео: atameken business Telegram-арнасынан t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29498

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🤯 Шымкентте 23 жастағы жігіт өздерін “әскери комиссиариаттан келдік” деп таныстырған адамдардан қашамын деп үшінші қабаттан секіріп кеткен Жігіт содан жансақтау бөліміне түскен. Оқиға 11 мамыр күні түнгі сағат 1:20-да болған. Полиция формасындағы қызметкер келіп компьютерлік клубтағы балалардан құжаттарын, жастарын сұраған. Арман кәмелетке толғанын, жұмыс істейтінін айтқан. Электронды құжаттарын көрсеткен. Анасының айтуынша, полицейлер өздерінің әскери комиссариаттан келгенін айтып, баланы алып кетемін деп қорқытқан. "Дәлізде ұлым: "Аға, мені алып кетпеңізші. Мен жалғызбасты анаммен тұрамын. Үйдің жалғыз асыраушысымын. Маған әскерге баруға болмайды", деп жалынған. Бірақ әлгі қызметкер көнбеген”, – дейді анасы. Анасының айтуынша, ұлын әскерге алып кетпек болған төрт адамның ешқайсысы әскери комиссариат қызметкері емес. Екі ай бұрын қозғалған қылмыстық іс әлі сотқа жетпеген. ТОЛЫҒЫРАҚ СІЛТЕМЕДЕН ОҚЫҢЫЗ! t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29497

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Астанадағы базарда тандырхана жарылып, адамдар зардап шекті Астанада базар аумағында тандыр самсасы дайындалатын бөлмеде жарылыс болды. Оқиға салдарынан үш адам жарақат алды. Оқиға Байқоңыр ауданындағы Ш. Жиенқұлова көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс 50 литрлік газ баллонынан газдың таралуы салдарынан болған. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29496

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Сөмкені адам деп қабылдаған: Алматылық жүргізуші камераның салған айыппұлымен келіспейді Жолаушының айтуынша, салонда адам болмаған, тек жеке заттары тұрған. Дегенмен оны камера адам деп көрген. Алайда полиция бұл пікірмен келіспейді. Ведомствоның мәліметінше, камерадағы толық бейнежазбада жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тақпағаны анықталған. Яғни, көлік жүргізушісінің қозғалыс кезінде ережені елемегені анықталған. Жол қозғалысы қағидаларын бұзу дерегі бойынша әкімшілік бап қолданылған. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29495

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Аргентина Англияны жеңіп, 2026 жылғы әлем чемпионатының финалына шықты Жартылай финалда Аргентина құрамасы Англияны 2:1 есебімен жеңіп, турнирдің шешуші кезеңіне жолдама алды. Финалда Аргентина бұған дейін Францияны 2:0 есебімен жеңген Испания құрамасымен кездеседі. Ал қола жүлде үшін Франция мен Англия құрамалары өзара сынға түседі. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29494

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте тортты жаруға мәжбүрледі (видео) Зейнеткерлер бұған дейін жалған инвестициялық жобаларға ақша салып, алаяқтарға алданып қалған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, дроппер ретінде әрекет еткен адамдар анықталып, жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ жәбірленушілердің ақшасын қайтару үшін сот тәртібімен тиісті шаралар қабылданып жатыр. Соған қарамастан алаяқтар зейнеткерлермен қайта байланысқа шыққан. Полицияның мәліметінше, алаяқтар "бұрын салған ақшаңызды қайтарып береміз" деген сылтаумен психологиялық қысым жасап, зейнеткерлерді торт пен петарда сатып алуға көндірген. Кейін олардың нұсқауын орындаған ерлі-зайыпты торттың ішіне салынған петарданы тұтатқан. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29493

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті Бір жыл ішінде орташа жалақы 11,5%-ға өскенімен, бірақ іс жүзінде инфляцияны ескергендегі нақты өсім жоқ. Ең жоғары жалақы алатын салалар: Ең жоғары орташа жалақы тау-кен өндіру саласында тіркелді – 1 020 632 теңге; • Қаржы саласы – 941 411 теңге; • IT саласы – 779 288 теңге; • Өнеркәсіп – 620 775 теңге; • Көлік саласы – 599 489 теңге. • Өңдеу өнеркәсібіндегі орташа жалақы – 508 854 теңге. Ең төмен жалақы төленетін салалар: • Ауыл шаруашылығында – 268 096 теңге; • Қонақүй және мейрамхана бизнесінде – 284 186 теңге; • Сумен жабдықтау және қалдықтарды басқару саласында – 307 956 теңге. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29492

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қонаев тұрғыны полицияны 19 мысығын өлтірді деп айыптады, полиция мұны жоққа шығарды Қонаев қаласының тұрғыны Нина полиция қызметкерлері өзін бөлімшеге алып кетіп, сол уақытта үйіндегі 19 мысықты өлтіргенін айтып шағымданды. Оның сөзінше, жануарларды аулау қызметі мысықтарды ешқандай құжатсыз алып кеткен. Әйел үйіне оралғанда үйдің іші бүлініп, қан іздері болғанын айтқан. Алайда полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды. Полицияның мәліметінше, көршілердің шағымынан кейін жүргізілген тексеру барысында әйелдің пәтерінде 27 мысық ұсталғаны анықталған. Мысықтардың көптігінен антисанитариялық жағдай қалыптасып, жағымсыз иіс шыққаны айтылды. Осыған байланысты әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 19 мысық жануарларды аулау және уақытша ұстау қызметіне тапсырылған. Ведомство мысықтардың өлтірілгені туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29491

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Астанада сұмдық жайт Әйел қонақүйде босанып, шақалақты кәрізге ағызып жіберген. туралы ақпаратты Threads желісінде tatarovna_ лақап атымен тіркелген қолданушы жариялаған. Оның айтуынша, өзі тұратын ауданда бірнеше жыл бұрын үйдің дәл іргесіне қонақүй салынған. Тұрғынның сөзінше, бұл көрші үй тұрғындарына көптеген қолайсыздық тудырып келеді. Нәресте 6 айлығында туған, қыз бала. Қазір полиция тергеу бастады. Сотқа дейінгі тергеу барысында осы қылмыстық құқықбұзушылықты жасауға қатысы бар тұлға анықталыпты. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29489

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Ресейлік режиссер Қазақстанды "Боратпен" салыстырып, жұртшылықты ашуландырды Ресейлік режиссер Илья Лучкинді жарнама түсіру үшін 7Days Kazakhstan бренді шақырған. Режиссер жеке парақшасында Қазақстанға сапары туралы видео жариялап, “Борат” фильмімен салыстырған. Видеода "Адамдар сиырмен емес, электрокарлармен жүретінін, ал бағалар Ресейден төмен екенін көргенде, аң-таң болдым”, – дейді. Желі қолданушылары мұны менмендік және қорлау деп санап, наразылық білдірді. Қазақстандықтар режиссер елге құрметсіздік көрсеткенін жазды. Ж аппай сыннан кейін Лучкин видеоны өшіріп, бұл оның Қазақстандағы алғашқы және соңғы жобасы екенін мәлімдеді. Сонымен қатар сторисіне сиырға мінген фотосын жариялаған. Желі қолданушылары мұны көпті мазақ ету деп қабылдады. Осы жайттан соң 7Days бренді режиссермен серіктестікті тоқтатқанын жазды.


Stan.kz » публикация №29488

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Ақтаулықтар Джеки Чанға ауыз су мәселесін айтып шағымданды 😳 Қала тұрғындары актердің әлеуметтік желідегі парақшасына пікір қалдырып, өңірдегі ауызсу тапшылығы туралы жазған. "Құрметті Джеки Чан! Ақтау қаласына қош келдіңіз! Сізді дана әрі құрметті актер ретінде білеміз. Бірақ біздің үйде әр жаз сайын ауызсу болмайды. Бұл мәселе жылдан-жылға қайталанып келеді. Бұл – Ақтау тұрғындары үшін үлкен проблема", – деп жазған тұрғындардың бірі. Бірі әлемдік жұлдыздың назарын аударуға тырысса, енді бірі өңір мәселелері талқыланатын ортақ чаттарда әкімнің былтыр берген уәдесін еске салған. Ануар Туляковтың айтуынша, өңірдегі су тапшылығының себебі судың жетіспеушілігі емес, су құбырларының тозуы. Осыған байланысты құбырларды толық жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29487

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қазақстанда шетел азаматтарына суррогат ана қызметін пайдалануға тыйым салынды ❗️ Тоқаев заңға қол қойды. Енді Қазақстанда суррогат ана қызметі тек Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ерлі-зайыптыларға ғана қолжетімді болады. Келісімшарт жасасу үшін болашақ ата-аналар өздерінің дене және психикалық саулығын растайтын медициналық-генетикалық қорытынды ұсынуға міндетті. Сонымен қатар құжат ерлі-зайыптылардың қаржылық міндеттемелерін нақтылайды. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29486

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Ыстамбұлдағы қазақстандықтың өлімінен кейін қылмыстық топ ұсталды Қазақстан ІІМ Грузия және Түркияның құқық қорғау органдарымен бірлесіп халықаралық операция өткізді. Операция Қазақстан азаматы Исмаиловтың өлімінен кейін басталған. Үш елдің құқық қорғау органдары екі күдіктіні ұстады. Күдіктілердің көздегені күдіктілердің көздегені - диаспоралық топтардың жекелеген өкілдерінің бизнесіне ықпал ету болған.


Stan.kz » публикация №29485

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қостанайлық полицейлердің жанашырлығына жұрт риза болды 😍❤️ останай мен Тобыл арасындағы тасжолда аққу балапандарымен жолдың арғы бетіне өтпек болған. Олардың жолды қауіпсіз кесіп өтуі үшін полиция қызметкерлері көлік қозғалысын уақытша тоқтатып, ерекше "жаяу жүргіншілерді" жолдан өткізіп жіберді. Оқиғаның куәгерінің айтуынша, жүргізушілер де бейжай қалмаған. Көліктердің бірі жолдың қарсы бетіне тоқтап, аққулардың қауіпсіз өтуіне жағдай жасап, оларды қорғап тұрған. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29484

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Футболдан әлем чемпионатының алғашқы финалисті анықталды 14 шілдеден 15 шілдеге қараған түні әлем чемпионатының жартылай финалында Испания құрамасы Францияны 2:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды Ал финалға екінші жолдаманы Англия мен Аргентина сарапқа салады. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29483

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Түркия соты Биньямин Нетаньяхуға халықаралық іздеу жариялады – БАҚ Басылымның мәліметінше, Стамбұлдың 11-қылмыстық сотында "Сумуд" ("Табандылық") жаһандық флотилиясының ұсталуына қатысты талап-арызды қараған судьялар алқасы Нетаньяхуды Интерполдың "қызыл хабарламасы" (Red Notice) арқылы халықаралық іздеуге жариялау жөнінде қаулы шығарған. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29482

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Шымкентте күннің ысығаны сонша, өрт сөндіру көліктері көшеде су шашып жүр Otyrar арнасының мәліметінше, ашық күннің астында небәрі 15 минут тұрған термометр алдымен 49 градусты көрсеткен. Алайда бірнеше секундтан кейін аптап ыстыққа шыдамай істен шыққан. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде қаладағы көше термометрі шамамен 66 градусқа дейін көтерілгені көрсетілген видеолар кеңінен таралып жатыр. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29481

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Сайранда келушілерді балағаттаймын деп әншілер істі болды Видеодан Сайранда ән айтып отырған екі азаматтың келушілерді балағаттап жатқанын көруге болады. Жанжалдың неден басталғаны белгісіз Полиция микрофонды ұстап, балағат сөздер айтқан әншілерді анықтап, үстінен ұсақ бұзақылық бабымен әкімшілік іс қозғаған. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29480

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 миллиард теңге бөлінді Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, саяси партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидат үшін ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын төлеуі тиіс.…


Stan.kz » публикация №29479

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 миллиард теңге бөлінді Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, саяси партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидат үшін ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын төлеуі тиіс. Биылғы ең төменгі жалақы 85 мың теңгені құрайтындықтан, бір кандидатқа шаққандағы жарна 1 миллион 275 мың теңге болады. Сонымен қатар заңнамада бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. 2023 жылғы 19 наурызда өткен Мәжіліс сайлауында сайлаушылардың 5 және одан көп пайыз дауысын алған партиялар Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауында бұл жарнаны төлемейді. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29478

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Блогер Әділетхан Молдахан 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды Сонымен қатар 5 жылға әлеуметтік желілерде ақпарат жариялауға тыйым салынды. Әділет Молдаханға Қылмыстық кодекстің 274-бабының 3-бөлігі “Көрінеу жалған ақпарат таратты “деген айып тағылған еді. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29477

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Ақтөбе облысында ер адам 15 жастағы көрші қызды зорлады деп айыпталды “Криминальный Казахстан” Telegram арнасының мәліметінше, жантүршігерлік жағдай 19 мамыр күні болған. Ол құрбысымен серуендеуге шығып, оның үйіне кірген. Үйде құрбысының ағасы болған. Жәбірленушінің жақындары қызды зорлаған сол жігіт деп отыр. “Қызды өлтіремін деп қорқытқандықтан жасөспірім болған жағдайды осы уақытқа дейін жасырып келген”, – дейді туыстары. Қыздың туыстарының айтуынша, күдікті – жасөспірімді бала кезінен білетін 22 жастағы көрші жігіт. Полиция күдіктіні тергеу изоляторына қамаған. Тергеу жүріп жатыр. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29475

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

💬 "Олар отбасылық өмірімізге араласты" Атырауда бүтін бір отбасыны өлтірді деген күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев неліктен қылмыс жасағанын айтты. Ол жары Ақбаян Мұқанғалиевамен 2016 жылы Атырау қаласында танысқан. Сосын сол жылдың мамыр айында ресми түрде некесін…


Stan.kz » публикация №29474

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қарбызды қай мерзімде жеу қауіпсіз? Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, қарбыз бен қауынды шілде айының соңы мен қыркүйек аралығында жеу керек. Осы кезеңде қарбыз бен қауын ешқандай қоспаларсыз, тыңайтқыштарсыз және түрлі өсу стимуляторларын қолданбай табиғи жолмен піседі екен. “Сондықтан әсіресе балаларға, әзірге оларды жеуге асықпаған жөн. Бұл – маман ретіндегі менің ұсынысым. Сонымен қатар елімізге шетелден әкелінетін барлық жеміс-көкөніс өнімдері түрлі зиянкестер мен аурулардың жоқтығына қатысты фитосанитариялық бақылаудан өтеді", – деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29473

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Шетелдіктерге жер сатуға қойылған мораторий 2032 жылға дейін ұзартылды Еске салайық, шетел азаматтары мен шетелдік заңды тұлғалардың жерді жалға алуы және иеленуіне қатысты норма 2015 жылы қабылданып, 2016 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енуі тиіс болған. Алайда 2016 жылғы жер митингілерінен кейін сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл нормаға 2016 жылдың соңына дейін мораторий енгізген еді. Кейін бұл мораторийдің мерзімі алдымен 2021 жылға дейін, кейін 2026 жылдың соңына дейін ұзартылды. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29472

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қазақстанда криптовалюта үшін табыс салығын алып тастау ұсынылды Мұндай ұсыныс үкіметте Салық кодексіне енгізілетін өзгерістерді талқылау кезінде айтылды. Әзірге салықты үш жылға алу мәселесі көтерілген. Алайда бұл жеңілдік барлық мәмілеге бірдей қолданылмайды. Ол тек Қазақстандағы цифрлық активтер қызметін көрсететін лицензияланған провайдерлер арқылы жасалған операцияларға ғана қатысты болады. Егер түзетулер қабылданса, бұл салықтық жеңілдік 2026 жылғы 1 қаңтардан 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін күшінде болады. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29470

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

"Челси" ойыншылардың жаттығуынан тағы бірнеше фото жариялады Суреттен Дастан Сатпаевты да байқауға болады. Ол Коул Палмер, Ромео Лавией, Лиам Делап, Весле Фофан и Жуан Педро секілді футбол жұлдыздарымен бірге жаттығып жүр. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29469

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Алматыда 10-қабаттан құлаған қыз ғайыптан аман қалды Оқыс оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда қыздың алдымен кіреберістің қалқасына, кейін жерге құлағанын көруге болады. Қызды райынан қайтаруға тырысқан әйелдің айтуынша, түнде әйел адамның айғайлаған дауысын естіп, сыртқа шыққан. Сол кезде бейтаныс бойжеткен 10-қабаттың балконында тұрған, ал жанындағы жігіт көмек сұрап жүгіріп жүрген. Куәгерлердің сөзінше, қыз бен жігіт болып жүріп жүрген жұптың арасында қатты жанжал болған. Артынша қыз балконнан құлап кеткен. Соған қарамастан, ол аман қалды. Дәрігерлер оның көптеген жарақат алғанын айтты. Бүгін бойжеткен есін жиған. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29467

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Тоқаев Қатарға көңіл айту үшін барып, Әмірімен кездесті Қасым-Жомарт Тоқаев Дохада Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті. Президент Қатардың бұрынғы Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен еліне көңіл айтты. Ол шейх Хамадтың Қатардың дамуына және Қазақстан мен Қатар арасындағы байланыстардың нығаюына қосқан үлесін атап өтті. Кездесу барысында тараптар халықаралық ахуалды, соның ішінде Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады. Сондай-ақ Қатар Әмірін Қазақстанға сапармен келуге шақырды. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29466

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер бостандыққа шыққан соң әйелді зорламақ болған Петропавлда 90-жылдары аса ауыр қылмыстары үшін сотталған Валерий Кричиневский бостандыққа шыққаннан кейін жаңа іске күдікке алынды. Тергеу мәліметінше, ол Петропавл маңындағы орманды жерде 54 жастағы әйелге шабуыл жасап, сексуалдық сипаттағы әрекет жасауға әрекеттенген. Жәбірленуші полицияға хабарласып, күдікті көп ұзамай ұсталған. Кричиневский бұған дейін әйелдерге шабуыл жасаған бірқатар қылмысы үшін 25 жылға сотталған. Оның ісінде 11 эпизод болған. Соңғы құрбаны — 7 жастағы қызды 13 рет пышақтаған. Қазір күдікті екі айға қамауға алынды. Егер кінәсі дәлелденсе, оған 5 жылдан 8 жылға дейін жаза тағайындалуы мүмкін. t.me/stankznews


Архив Stan.kz — страница 3

Это 3-я страница архива публикаций источника Stan.kz. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.