Тоқаев Қатарға көңіл айту үшін барып, Әмірімен кездесті Қасым-Жомарт Тоқаев Дохада Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті. Президент Қатардың бұрынғы Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен еліне көңіл айтты. Ол шейх Хамадтың Қатардың дамуына және Қазақстан мен Қатар арасындағы байланыстардың нығаюына қосқан үлесін атап өтті. Кездесу барысында тараптар халықаралық ахуалды, соның ішінде Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады. Сондай-ақ Қатар Әмірін Қазақстанға сапармен келуге шақырды. t.me/stankznews
Stan.kz — страница 4
Архив материалов источника Stan.kz, страница 4. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер бостандыққа шыққан соң әйелді зорламақ болған Петропавлда 90-жылдары аса ауыр қылмыстары үшін сотталған Валерий Кричиневский бостандыққа шыққаннан кейін жаңа іске күдікке алынды. Тергеу мәліметінше, ол Петропавл маңындағы орманды жерде 54 жастағы әйелге шабуыл жасап, сексуалдық сипаттағы әрекет жасауға әрекеттенген. Жәбірленуші полицияға хабарласып, күдікті көп ұзамай ұсталған. Кричиневский бұған дейін әйелдерге шабуыл жасаған бірқатар қылмысы үшін 25 жылға сотталған. Оның ісінде 11 эпизод болған. Соңғы құрбаны — 7 жастағы қызды 13 рет пышақтаған. Қазір күдікті екі айға қамауға алынды. Егер кінәсі дәлелденсе, оған 5 жылдан 8 жылға дейін жаза тағайындалуы мүмкін. t.me/stankznews
Ақтөбелік тұрғын Pinduoduo-дан алған 1000 теңгелік зат үшін сотталды Ер адам қытайлық маркетплейстен 1000 теңгеге кастет сатып алған. Сот мәліметінше, азамат Pinduoduo арқылы тапсырыс берген затын өзімен бірге алып жүрген. Кейін оны полиция қызметкерлері көшеде тоқтатып, тексеру барысында кастетті анықтаған. Сараптама бұл затты заң бойынша суық қару деп таныды. Сот ер адамға 40 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады. t.me/stankznews
Семейде көпірде жолға жатып фотоға түскен әйелге айыппұл салынды Әлеуметтік желі үшін қауіпті фотосессия жасаған 35 жастағы әйел полиция назарына ілікті. Ақтөбе облысының тұрғыны Семейдегі көлік көпірінің жол бөлігіне жатып, фото және видео түсірген. Сол сәтте жанынан көліктер өтіп жатқан. Қауіпті әрекеті түсірілген видео желіде тарап, қолданушылардың сынына ұшырады. Полиция әйелге 8 650 теңге айыппұл салып, қазақстандықтарға мұндай әрекетке бармауды ескертті. t.me/stankznews
Нұрай Серікбайдың ісі: Адвокат соттың тікелей эфирде көрсетілуін талап етті Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Марқұмның туыстары сот процесінің барынша ашық өтуін сұрап, сот отырыстарын тікелей эфирде көрсетуді талап етпек. Жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаровтың айтуынша, бұл талап істі толық әрі объективті қарауға мүмкіндік беру үшін қойылып отыр. t.me/stankznews
Астанада ер адам аялдамасынан өтіп кеткені үшін автобус терезесін сындырып тастады 😲 Жанжал автобустың белгіленген аялдамада тоқтамай, өтіп кетуінен туындаған. 44 жастағы жолаушы жүргізушімен жанжалдасып, содан кейін жүргізуші салонын жолаушылар салонынан бөліп тұрған терезені сындырған. Ер адамға ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды. Сот оны 20 тәулікке қамауға алып, келтірілген залалды өтеуді міндеттеді. t.me/stankznews
Қазақстанның шығысында сілеусіндер фототұзаққа түсіп қалды Сілеусіндер суатқа келген. Кадрларды «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары жариялады.
Астанада 14 шілдеде ең ыстық күн болады деп болжанып отыр «Қазгидромет» мәліметінше, 14 шілде күні Астанада ауа температурасы күндіз +37…+39 градусқа дейін көтеріледі. Көпжылдық бақылау деректеріне сәйкес, осы күнге тіркелген абсолютті ең жоғары температура +35,3 градус болған. Бұл көрсеткіш 1992 жылы тіркелген. t.me/stankznews
⚡Қазақстанда несие беру талабы қатаңдатылмайтын болды Ұлттық банк қарыз алушының жылдық табысының сегіз есесінен аспау туралы жаңа коэффициентін енгізбей қойды. Төлемдерді кешіктіргендерге қарыз ауыртпалығының арақатынасын төмендету жоспары да алып тасталды. Өзгерістер ипотекаға әсер етеді. 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеменің ең жоғары мөлшері бастапқы жарна сомасына байланысты болады. 30% немесе одан жоғары бастапқы жарналар үшін мөлшерлеме 20%-ға дейін, ал аз бастапқы жарналар үшін 25%-ға дейін артады. Сондықтан несие беру ережелерін қатаңдату болмайды, бірақ ипотека шарттарына байланысты сараланады. t.me/stankznews
Қазақстандық оқушылар физикадан халықаралық жарыста бес алтын медаль жеңіп алды Биылғы олимпиадаға әлемнің 85 елінен 381 оқушы қатысты. Қатысушылар күрделі теориялық және эксперименттік тапсырмаларды орындап, білімдері мен ғылыми даярлықтарын сынға салды. Қазақстандық жас физиктер жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бес алтын медаль иеленді. Бұл – Қазақстанның IPhO олимпиадасына қатысу тарихындағы ең үздік нәтиже. Алтын медаль иегерлері: Нұргүл Егенбергенова – Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы; Әмірбек Азатбеков – Астана қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы; Ілияс Қазымбек – Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 12-сынып оқушысы; Роман Черемнов – Алматы қаласындағы "Мирас" халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы; Дамир Құрман – Астана қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы. t.me/stankznews
Қазақстанда алғаш рет "Құрметті донор" төсбелгісі тағайындалды "Құрметті донор" төсбелгісін алғаш болып 481 қазақстандық алады. Олар – белгіленген талаптарға толық сай келетін, тұрақты түрде қан тапсырып жүрген донорлар. Үкімет қаулысына сәйкес, бұл ведомстволық төсбелгі Қазақстан азаматтарына, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға өтеусіз донорлық жасағаны үшін беріледі. Ол үшін: 📌Қанды және (немесе) тромбоцитті кемінде 40 рет; 📌Қан плазмасын кемінде 70 рет тапсыру қажет. t.me/stankznews
Air Astana БАӘ-ге жоспарланған жақын күндердегі рейстерді тоқтатты Компанияның мәліметінше, 13 және 14 шілдеге жоспарланған KC897/898 Алматы – Дубай – Алматы рейстері, сондай-ақ 14 шілдеге белгіленген KC205/206 Астана – Дубай – Астана рейстері тоқтатылды. "Жолаушылар билеттердің толық құнын сатып алған жері арқылы қайтара алады немесе 12-18 шілдеге жоспарланған рейстерді 31 шілдені қоса алғандағы күндерге тегін ауыстыра алады. Рейстер кестесіндегі кейінгі өзгерістер туралы қосымша хабарланады", – делінген хабарламада. t.me/stankznews
Бангкокте бар өртеніп, 27 адам қаза тапты Билік өкілдерінің мәліметінше, қаза тапқандардың басым бөлігі түтінге уланып қалған. Сондай-ақ 60-тан астам адам зардап шеккен. Олардың шамамен 20-сының жағдайы ауыр екені хабарланды. Бұл туралы Thai Rath TV телеарнасы мәлімдеді. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілгені айтылған бейнежазбалар таралып жатыр. t.me/stankznews
Әйелін сабады деп айыпталған боксшы отбасылық жанжал болағанын жасырмады Ерлі-зайыптылар болған жағдайды талқылап, отбасын сақтап қалу туралы шешім қабылдаған. "Екеуіміз де қорытынды жасап, сөйлестік және отбасымызды сақтап қалу туралы ортақ шешімге келдік. Біздің шешіміміз бен жеке өмірімізге деген құқығымызды құрметтеулеріңізді сұраймыз", – деді Жүсіпов. Боксшының жұбайы қылмыстық істі тоқтату туралы шешімді өз еркімен қабылдаған. "Ешқандай қысым болған жоқ. Пабликтерден, блогерлерден және БАҚ өкілдерінен отбасымыз туралы ақпарат таратуды тоқтатып, жарияланымдарды өшіруді сұраймыз", – деді спортшының жұбайы. t.me/stankznews
Миллиард теңге жымқырып, үш жылға сотталған Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты 2025 жылы мамыр айында үш жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты. Қымыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, сот шешімі негізінде Қожағапановтың өтелмеген бас бостандығынан айыру жазасының бір бөлігі айыппұл төлеу жазасына ауыстырылған. t.me/stankznews
Ақмола облысында 8 және 12 жастағы екі қыз көлікпен бірге суға батып кетті Алдын ала мәлімет бойынша, 11 шілде күні отбасы Қызылжар ауылының маңындағы жасанды су айдынының жағасында демалған. Таңертең суға шомылып шыққаннан кейін әпкелі-сіңлі қыздар киім ауыстыру үшін жағалауда тұрған көлікке отырған. Кенеттен көлік қозғалып, суға сырғып кеткен. Көп ұзамай көлік суға батып кеткен. Әкесі қыздарын құтқаруға тырысқан. Алайда көліктің есігін аша алмаған, терезесін де сындыра алмаған. Қыздардың денесін құтқарушылар алып шықты. Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. t.me/stankznews
SPA-да аяғына шам құлаған қазақстандықты қызметкерлер "алаяқ" деп айыптады Алматы тұрғыны саунада демалып жатқанда аяғына ағаштан жасалған шам құлаған. Жедел жәрдем келіп, көмек көрсетіп, орталыққа шағымы бар-жоғын сұраған. Алайда ауырсыну басылар деген үмітпен арыздан бас тартқан. Кейін орталықтан ем-шара ұйымдастырып, дәрі-дәрмек сұрағанда қызметкерлер қызметтік тексеруді сылтау етіп жәбірленушіні ем-доммен қамтамасы етпеген. Тіпті, өзара әңгімеден соң оны "алаяқ" деп айыптаған. Жәбірленуші орталықтан ақшалай өтемақы сұрамаған. Ол адамдарға оқыс жағдай кезінде міндетті түрде 102 қызметін шақыру керегін ескертті. t.me/stankznews
Таяу Шығыстағы жағдай ушыққандықтан Астанадан Дубайға бағыт алған ұшақ әуежайға кері қайтты Air Astana әуе компаниясы рейстерге өзгерістер енгізді. KC205 Астана-Дубай рейсі бүгін Астанадан сағат 07:10-да ұшып шықты. Алайда әуеге көтерілгеннен кейін ұшақ әуежайға қайта оралады. Компания жолаушыларға билеттердің толық құны сатып алынған жері бойынша қайтарылатынын хабарлады. Жолаушыларға рейстердің мәртебесін тексеріп отыру ұсынылды. t.me/stankznews
АҚШ пен Иран бір-бірінің нысандарына қайта соққы жасап жатыр CENTCOM Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Ормуз бұғазын жапқаннан кейін Иран аумағындағы нысандарға соққы жасалғанын мәлімдеді. "Бұл соққылардың мақсаты – Иранның Ормуз бұғазы арқылы жүретін азаматтық және жүк кемелеріне шабуыл жасау мүмкіндігін азайту. Әскери операция АҚШ президенті әрі Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының бұйрығымен жүргізіліп жатыр", - деп жазды CENTCOM. Axios басылымының мәліметінше, АҚШ Иранның радиолокациялық жүйелеріне, зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының қоймаларына, сондай-ақ зымыран ұшыру қондырғыларына соққы жасап жатыр. t.me/stankznews
🤨 Аша Матай Қазақстан халық партиясының атынан Құрылтайға депутат болып ұсынылды Журналистер одан қандай заңдарды оқығанын сұрап еді, бірақ ол бұл сұраққа жауап бере алмады. Желі қолданушылары "әншілер қалып еді" деп, саясаткерлердің орнына танымал медиа…
Қайрат Нұртас қыз зорлады деген ақпарат тарады: Полиция жағдайға пікір білдірді 20 жастағы қыз Қайрат Нұртас оны Астанадағы Ritz-Carlton қонақ үйінде зорлады деп айыптап, арыз жазды. Алайда полиция зорлау фактісі расталмағанын айтты. "10 шілдеде 102 арнасына 2006 жылғы қыздан қаладағы қонақ үйде ер адамның заңсыз әрекеттері туралы хабарлама түсті. Бұл хабарлама белгіленген заңды рәсімдерге сәйкес тексерілді. Қонақ үйдің екі клиенті арасында жеке дау туындағаны алдын ала анықталды, мәселе шешілді", – деп мәлімдеді Астана полиция департаменті. Қыз кейін арызын қайтарып алған көрінеді. t.me/stankznews
15 жастағы қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан әлемдік рекорд орнатты😍👍🏻 Нұржан Жұмабай Колумбияда өткен әлем чемпионатында 88 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Ол жалпы есепте 348 келі көтерді. Ол жұлқа көтеруде 155 келі, серпе көтеруде 193 келі көтерді. Жұмабай серпе көтеруде өз жасындағы спортшылар арасында 193 келі көтеріп, әлемдік рекорд орнатты. t.me/stankznews
Қостанайда пойыз вагонында селфи жасамақ болған жасөспірім ауыр жарақат алды 25 маусым шамамен сағат 21:00-де Оңтүстік теміржол паркінде бала фотоға түсу үшін сымның астындағы пойыз вагонына шығып кеткен. Салдарынан тоққа түсіп, денесінің 60%-ы үшінші дәрежелі күйік шогын алды. Мұрны мен тілінде көгерген жаралар болған. Сот қамқоршысын кәмелетке толмағанды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оған 43 250 теңге айыппұл салынды. t.me/stankznews
Бүгін аптап ыстық 💦‼️ Синоптиктер үйде болуды ұсынады. Қажет болмаса, сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін сыртқа шықпаған жөн. Қазақстанның көп бөлігінде температура нормадан жоғары болады деп. Кейбір аймақтарда сынап бағанасы 45 градусқа дейін көтеріледі. Сондықтан сарапшылар ашық түсті киім киюге, мүмкіндігінше көлеңкеде, кондиционері бар бөлмелерде болуға және күнделікті ұсынылған мөлшерде су ішуге кеңес береді. t.me/stankznews
Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1430 адамға жетті Бұл туралы елдің Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес мәлімдеді. Тағы 3238 адам жарақат алған. Табиғи апаттың салдары 3142 отбасыға әсер еткен. Қазір іздеу-құтқару жұмыстары…
Қазақстанда бір күнде 5 орман өрті болды 10 шілде Қостанай облысында бір өрт, Павлодар облысында бір өрт, ал Катонқарағай мемлекеттік ұлттық саябағында, Семей орманы мемлекеттік орман шаруашылығы саябағында және Жасыл аймақ мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында бір өрт тіркелді. Барлығы дер кезінде өшірілді. Мамандар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. t.me/stankznews
Степногорскіде полицейлер сегізінші қабаттың балконында тұрған ер адамды құтқарып қалды Куәгерлер сегізінші қабаттың балконының ернеуінде тұрған ер адам туралы хабарлаған. Оқиға орнына үш минут ішінде жеткен патрульдік полиция қызметкерлері онымен сөйлесіп, жағдайды тұрақтандырған. Осы сәтті пайдаланған тәртіп сақшылары ер адамды қауіпсіз жерге шығарып, кейін дәрігерлерге тапсырған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға отбасылық жанжал себеп болған. http://t.me/stankznews
Тоқаев Трамппен сөйлесіп, Қазақстанға шақырды 🇰🇿🇺🇸 Тоқаев Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, АҚШ-тың 250 жылдығымен құттықтады. Әңгімеде ядролық қауіпсіздік, екіжақты ынтымақтастық және МАГАТЭ-мен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Келіссөз соңында Қазақстан президенті Дональд Трампты өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. http://t.me/stankznews
Алматыда 18 жастағы қыздың үстіне ағаш құлап, ауыр халде жансақтау бөліміне түсті Қазір жақындары Селина Абитоваға қан керек екенін айтып, қазақстандықтардан көмек сұрап жатыр. Науқасқа IV (төртінші) оң қан тобы қажет. Бұл жағдай 27 маусым күні болған еді.…
Астана қаласында «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өтіп, оған 1000-нан астам делегат қатысты. Съезд барысында «Әділет» партиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына 186 кандидаттан тұратын ең ауқымды партиялық тізімді ұсынды. Сондай-ақ Съездің күн тәртібі аясында партияның Сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұдан бөлек, мүшелік партиялық жарналардың мөлшері бекітілді. Партия Төрағасы Айбек Дәдебай партияның Сайлауалды бағдарламасы алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындап қана қоймай, бүгінде қоғам үшін ең өзекті мәселелерді шешетін нақты тәсілдерін де көрсететінін алға тартты. «Біздің бағдарламаның басты ерекшелігі – оның мемлекеттік аппараттың емес, азаматтардың мүддесіне негізделуінде», – деді партия Төрағасы. t.me/stankznews
Архив Stan.kz — страница 4
Это 4-я страница архива публикаций источника Stan.kz. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.