Алматыда 18 жастағы қыздың үстіне ағаш құлап, ауыр халде жансақтау бөліміне түсті Қазір жақындары Селина Абитоваға қан керек екенін айтып, қазақстандықтардан көмек сұрап жатыр. Науқасқа IV (төртінші) оң қан тобы қажет. Бұл жағдай 27 маусым күні болған еді.…
Stan.kz — страница 5
Архив материалов источника Stan.kz, страница 5. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
Астана қаласында «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өтіп, оған 1000-нан астам делегат қатысты. Съезд барысында «Әділет» партиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына 186 кандидаттан тұратын ең ауқымды партиялық тізімді ұсынды. Сондай-ақ Съездің күн тәртібі аясында партияның Сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұдан бөлек, мүшелік партиялық жарналардың мөлшері бекітілді. Партия Төрағасы Айбек Дәдебай партияның Сайлауалды бағдарламасы алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындап қана қоймай, бүгінде қоғам үшін ең өзекті мәселелерді шешетін нақты тәсілдерін де көрсететінін алға тартты. «Біздің бағдарламаның басты ерекшелігі – оның мемлекеттік аппараттың емес, азаматтардың мүддесіне негізделуінде», – деді партия Төрағасы. t.me/stankznews
Анасын, жиенін және қонақтарды өлтірген ер адам жындыханаға жатқызылды 🥲 Сұмдық жағдай Астана маңындағы Жібек жолы ауылында болған. 2026 жылдың наурыз айында айыпталушы мен оның жиені арасында ұялы телефонның бұзылуына байланысты жанжал шыққан. Жиені полиция шақырғанымен, тәртіп сақшылары келгеннен кейін тараптар татуласып, анасы ұлына қатысты шара қолданбауды сұраған. Алайда полицейлер кеткен соң ер адам ашуға мініп, асүй балтасымен үйде болған адамдарға бірнеше рет соққы жасаған. Салдарынан оның анасы, жиені және қонаққа келген екі қарт адам оқиға орнында көз жұмды. Қаза тапқандардың үшеуі зейнеткер болған. Сот-психиатриялық сараптама айыпталушының параноидты шизофрения түріндегі созылмалы психикалық дертке шалдыққанын анықтады. Ол 2022 жылы да мәжбүрлі психиатриялық ем қабылдаған екен. t.me/stankznews
Жетісуда екі жасөспірімді өзен ағысы алып кете жаздады 😨 Жетісу облысының Жаркент қаласында нөсер жаңбырдың салдарынан Өсек өзеніндегі су деңгейі күрт көтерілді. Содан екі жасөспірім қауіпті жағдайда қалып, жағаға шыға алмаған. Кадрдан олардың көпірдің тіреу бағанына әрең жармасып тұрғанын көруге болады. t.me/stankznews
Маңғыстау облысында атыс болып, екі адам оқ жарақатын алды 😨 Оқиға 9 шілдеде Ақшұқыр ауылында болған. «Кісі өлтіруге оқталу, бұзақылық, сондай-ақ суық қаруды заңсыз алып жүру және өткізу белгілері бойынша қылмыстық істер қозғалды», - дейді облыс полициясы. Қазір төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр. t.me/stankznews
Түркияда жұмыс істеп жүрген 18 жастағы қазақстандық қыз жол апатынан қаза тапты 💔😓 Қайғылы оқиға 15 маусымда болған. Қыз өндірістік тәжірибеден өтіп, қонақүйлердің бірінде аниматор болып жұмыс істеген. Туыстарының айтуынша, оқиға болған түні оның іші қатты ауырып, танысы ауруханаға алып бара жатқан кезде жол апаты болған. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Анталиядағы Бас консулдық марқұмның отбасына қажетті консулдық көмек көрсетіп, құжаттарды рәсімдеуге және мәйітті елге жеткізуге жәрдемдескенін мәлімдеді. t.me/stankznews
Франция құрамасы Марокконы 2:0 есебімен жеңіп, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалисі атанды. Жеңімпаздар сапынан Килиан Мбаппе мен Усман Дембеле бір-бір голдан соқты. Бұл Мбаппенің турнирдегі сегізінші голы болды. Осылайша ол үздік сұрмергендер тізімінде Лионель Мессимен теңесті. 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалдық матчы 19 шілдеде АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласында өтеді t.me/stankznews
Тоқаев бірқатар елшіні тағайындады Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Бақыт Данабекұлы Батыршаев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Анель Бақытбекқызы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды; Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы, Непалдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Ақтөбе облысында қатты желден байланыс мұнарасы құлап, үш адам зардап шекті Қарауылкелді ауылында металл байланыс мұнарасы дүкен ғимаратына құлады. Үш адам жарақат алды, ал аудан орталығында электр қуатын және ұялы байланысты қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.
"Kizdar Net" сайтының ұйымдастырушылары ұсталды Тергеу мәліметінше, елімзідің екі азаматы аталған сайт арқылы 2 миллиард теңгеден астам заңсыз табыс тапқан. Сайт 2011 жылдан бастап ақылы интимдік қызметтерді ұйымдастыру және олардың жарнамасын орналастыру…
Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды Астанада сот боксшы Данияр Елеусіновке қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 3-бөлігі («мас күйінде көлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасына себеп болу») бойынша…
Атыраудағы сотта күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев әйелінің бауырлары Наурыз мен Мейрамгүлді қалай өлтіргенін айтып берді Айыпталушының айтуынша, Наурыз бірден көз жұмбаған, күдікті шамамен 15 минут аулада отырып, күткен. Кейін ол қайтадан үйге кіріп, Наурыздың…
Астана-Павлодар тас жолында апат салдарынан 21 жастағы студент екі аяғынан айырылды: Көлікті Арыс әкімінің ұлы жүргізген Апат 29 мамырда болған. Hyundai Tucson жолдағы қоршауға соғылып, салдарынан темір қоршау көліктің ішіне кіріп кеткен. Апаттан үш адам зардап шекті. Солардың бірі Талғат Емел екі аяғынан айырылды. Әкімді көлікті ұлы тізгіндегенін растады. Сондай-ақ ұлының кәмелет жасына толғанын, өз әрекетіне жауап беретінін айтты. t.me/stankznews
Ақтауда кафеде ер адамның бетіне оқ атқан Оқиға 8 шілдеге қараған түні шамамен сағат 01:00-де болған. Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталды. Зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсетілді. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның өзге мән-жайы мен қатысушылардың әрекетіне қандай құқықтық баға берілетіні әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. t.me/stankznews
Әлеуметтік желіде Данияр Елеусиновтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады Астана полициясы жол-көлік оқиғасы болғанын растағанымен, жүргізушінің аты-жөнін атаған жоқ. Полицияның мәліметінше, Toyota Land Cruiser жүргізушісі бірнеше көлікпен соқтығысып, оқиға…
Прокурор Сұлтан Сәрсемәлиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады Атырау облысында төрт адамның қазасына қатысты резонансты іс аяқталуға жақын. Мемлекеттік айыптаушы айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевке ең қатаң жаза өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Айта кетейік, Сәрсемәлиевке тек адам өлтірді деген айып тағылған жоқ. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол екі немесе одан да көп адамды аса қатыгездікпен, пайдакүнемдік ниетпен және өзге де ауырлататын мән-жайлармен өлтірді деп айыпталған. Бұдан бөлек, оған қатысты өзге де айыптар бар. Мемлекеттік айыптаушы: 📌аса ірі көлемдегі ұрлық үшін – 6 жыл, 📌алаяқтық үшін – 6 жыл, 📌мал ұрлығы үшін – 4 жыл, 📌құжаттарды заңсыз алып қою, жою және жасыру фактісі үшін – 60 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындауды сұрады. t.me/stankznews
Алакөлде ер адамды жағада жыныстық қатынасқа түскені үшін ұрып тастаған «Алакөл жағасында ер адам мен әйел демалушылардың көзінше әдепсіз әрекетке барған. Оларды байқаған жастар кейін ер адамды ұрып-соққан. Видеоны нақты қашан түсіргені әзірге белгісіз», – делінген жарияланған видеоның сипаттамасында. Абай облысы полиция департаменті бұл оқиғаның 2023 жылы болғанын хабарлады. «Жанжалға қатысқан барлық азаматтардың жеке басы анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша тараптардың бір-біріне ешқандай шағымы жоқ, сондай-ақ жазбаша арыз беруден бас тартты», – деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі. t.me/stankznews
Елена Рыбакина әлемдегі ең көп табыс тапқан теннисшілердің ондығына енді Sportico басылымы жасаған рейтингке сәйкес, қазақстандық теннисші 2026 жылы 16,3 миллион АҚШ доллары көлемінде табыс тапқан. Оның 11,3 миллион доллары турнирлердегі жүлде қорынан, ал 5 миллион доллары демеушілік келісімшарттардан түскен. Рейтингтің көшін 62,9 миллион доллармен Карлос Алькарас бастады. Екінші орында 59 миллион доллармен Янник Синнер, ал үшінші сатыда 40,3 миллион доллармен Коко Гауфф тұр. t.me/stankznews
Әлеуметтік желіде Данияр Елеусиновтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады Астана полициясы жол-көлік оқиғасы болғанын растағанымен, жүргізушінің аты-жөнін атаған жоқ. Полицияның мәліметінше, Toyota Land Cruiser жүргізушісі бірнеше көлікпен соқтығысып, оқиға орнынан кетіп қалған. Көлік Достық көшесінде тоқтатылған. Рөлде алкогольдік масаңдық белгілері бар 35 жастағы ер адам болған. Зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ полиция заң алдындағы жауапкершілік адамның танымалдығына немесе қызметіне қарамастан бірдей екенін мәлімдеді. Айта кетейік, Данияр Елеусинов 2016 жылы Рио Олимпиадасының чемпионы атанған. Биыл 13 наурызда ол 35 жасқа толды. http://t.me/stankznews
Матч кезінде футболшыға найзағай түсті Қайғылы оқиға "Rembau Indian Veteran" және "Tanjung Minyak" командалары арасындағы жолдастық матч кезінде болған. Ойын басталғаннан кейін 10 минут өткенде аздап жаңбыр жауып, артынша қатты күн күркіреген. Сол сәтте алаңда үш адам құлады, олардың арасында Р. Танеш те болған. Зардап шеккен футболшыны Алор-Гаджа ауруханасына қарапайым көлікпен жеткізген. Дәрігерлер спортшыны аман алып қалу үшін барын салған, алайда ол жедел жәрдем бөлімінде қайтыс болды. Матч төрешісі жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Тағы бір зардап шеккен адам медициналық көмектен бас тартты. Себебі жағдайы қанағаттанарлық күйде болған. http://t.me/stankznews
АҚШ Қазақстан терминалы салынып жатқан Бендер-Аббас портына соққы жасады АҚШ пен Иран арасындағы нәзік бітім бұзылды. Ормуз бұғазы арқылы өтіп бара жатқан үш коммерциялық кемеге жасалған шабуылдан кейін АҚШ әскері Ирандағы бірқатар нысанға, соның ішінде Қазақстан…
Ауыл шаруашылығы министрінің ұлы Ақмола облысында аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалды 30 жастағы Айсұлтан Сейпелов мемлекеттік қызметке келгенге дейін алты жыл бойы анасы ресми түрде басқаратын отбасылық шаруа қожалығында басқарушы директор қызметін атқарған. Жас шенеуніктің қызметтік мансабы қысқа уақыт ішінде тез өсті. 2026 жылдың маусым айында ол Ақмола облысы әкімдігіне агроөнеркәсіптік кешен бағдарламалары бойынша бас маман болып жұмысқа орналасса, арада бір ай өткен соң Шортанды ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Шортанды ауданы әкімдігі әкімінің орынбасары лауазымына конкурс өткізілген кезде үміткердің Ауыл шаруашылығы министрінің ұлы екенін білмеген. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, барлық конкурс рәсімі заң талаптарына толық сәйкес өткен.
Қазақстандық мұнайшылар орташа 1,2 миллион теңге жалақы алады💰 Мұнай-газ саласында шамамен 65 мың адам еңбек етеді. Көмірсутектерді барлау және өндіру саласы елдегі ең жоғары жалақы төленетін салалардың бірі саналады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұнай-газ саласына кадр даярлауға 18,7 миллиард теңге бөлініпті. t.me/stankznews
Тергеушіні 2000 долларға сатып алмақ болған 😳 Ұлытау облысының тұрғыны алаяқтыққа қатысты қылмыстық іс бойынша өзіне тиімді шешім шығару үшін тергеушіге 2000 АҚШ доллары көлемінде пара ұсынған. Алайда тергеуші бұл әрекет туралы бірден ішкі қауіпсіздік басқармасына хабарлаған. Сөйтіп күдікті ақшаны беру кезінде ұсталып қалды. Қазір енді оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. t.me/stankznews
Instagram мен "ВКонтакте" Қазақстанда балалар үшін қауіпті контент тарататын әлеуметтік желілер болып танылды Заңсыз немесе қауіпті контент ең көп Instagram платформасында анықталған. ВКонтакте – 8 503; YouTube – 3 340; Telegram – 3 018; TikTok – 2 820 құқық бұзушылықпен тіркелген. Ал жалпы жыл басынан бері 27 631 құқық бұзушылық анықталған. t.me/stankznews
💰 Қазақстанда кімдердің табысы өседі? Қазақстанда мұрағат және ветеринария саласы қызметкерлеріне еңбек жағдайына байланысты жаңа үстемақылар төлене бастады. Негізгі өзгерістер: ▪️ Енді ветеринария және мұрағат ісі саласының мамандары заңнамада көзделген үстемақыларды ресми түрде алуға құқылы. ▪️ Ауылдық жерде жұмыс істейтін мамандарға жергілікті мәслихат шешімімен лауазымдық жалақысына кемінде 25% үстемақы беріледі; ▪️ 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлерге жаңа арттыру коэффициенті енгізіліп, олардың лауазымдық жалақысы 1,75 есеге дейін өседі. t.me/stankznews
🤨 Аша Матай Қазақстан халық партиясының атынан Құрылтайға депутат болып ұсынылды Журналистер одан қандай заңдарды оқығанын сұрап еді, бірақ ол бұл сұраққа жауап бере алмады. Желі қолданушылары "әншілер қалып еді" деп, саясаткерлердің орнына танымал медиа тұлғаның болғанын сынға алды.
АҚШ бітімге қарамастан Иранға қайта соққы жасап, мұнайға қатысты санкцияларды күшейтті Вашингтон бұл операцияны Ормуз бұғазындағы шабуылдарға жауап деп атады. АҚШ әскері Иранның әуе қорғанысы жүйесіне, басқару бекеттеріне, жағалаудағы радиолокациялық стансаларға және зымыран кешендеріне тиесілі шамамен 80 нысанаға соққы жасағанын мәлімдеді. t.me/stankznews
Тағы бір тағайындау Президент әкімшілігіндегі шенеунік енді Қазақстан Халық кеңесі төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық кеңесі хатшылығының басшысы қызметін атқарады. Қанатбек Жайсаңбаев 1980 жылы Қызылордада дүниеге келген. Бұған дейін ол президент әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. t.me/stankznews
Архив Stan.kz — страница 5
Это 5-я страница архива публикаций источника Stan.kz. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.