Life News Новостной агрегатор

Stan.kz — страница 6

Источник: Stan.kz · сбросить

Архив материалов источника Stan.kz, страница 6. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


Stan.kz » публикация №29400

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Тағы бір тағайындау Президент әкімшілігіндегі шенеунік енді Қазақстан Халық кеңесі төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық кеңесі хатшылығының басшысы қызметін атқарады. Қанатбек Жайсаңбаев 1980 жылы Қызылордада дүниеге келген. Бұған дейін ол президент әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29399

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Асламбек Мерғалиев қайтадан Жоғарғы соттың төрағасы қызметіне келді Еске салайық, бұған дейін Әділет министрлігі жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін екі ай ішінде алты лауазымды тұлғаны қайта тағайындау қажет екенін түсіндірген еді. 📌Олардың қатарында: 📌Бас прокурор; 📌Ұлттық банк төрағасы; 📌Жоғарғы сот төрағасы; 📌Жоғары сот кеңесінің төрағасы; 📌Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы; 📌Адам құқықтары жөніндегі уәкіл бар. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29398

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

АҚШ Қазақстан терминалы салынып жатқан Бендер-Аббас портына соққы жасады АҚШ пен Иран арасындағы нәзік бітім бұзылды. Ормуз бұғазы арқылы өтіп бара жатқан үш коммерциялық кемеге жасалған шабуылдан кейін АҚШ әскері Ирандағы бірқатар нысанға, соның ішінде Қазақстан өз терминалын салып жатқан Бендер-Аббас портына қайтадан әуе соққыларын жасады. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29397

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Оралда күдікті шкафқа тығылған жерінен полицияға ұсталды Оралда 88 миллион теңгеден астам қайырымдылық қаржысын жымқырды деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды. Полиция келгенде ол қашып, шкафтың ішіне жасырынған. Алайда тәртіп сақшылары оны тауып, ұстады. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүріп жатыр. http://t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29396

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Бішкек әуежайында ұшақ апатты жағдайға ұшырады: Бортта 181 жолаушы болған Бішкектің «Манас» әуежайында Tez Jet әуе кемесінің артқы шассиі сынып, ұшақ сол жақ қанатына қарай қисайған. Бортта болған 181 жолаушының бірнешеуі жеңіл жарақат алған. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиға орнында құтқару қызметтері жұмыс істеуде. Әуежай уақытша жабылып, 14 рейс кешіктірілген. http://t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29395

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Тоқаев Берік Асыловты Бас прокурор қызметіне қайта тағайындады Ақорда мәліметінше, тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Берік Асылов бұл қызметті 2022 жылдың наурыз айынан бері атқарып келеді. Бұған дейін ол Бас прокурордың бірінші орынбасары, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарының прокуроры қызметтерінде болған. http://t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29394

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Павлодарда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті Шұғыл шақыртуға бара жатқан реанимобиль Академик Сәтбаев көшесінде жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Реанимобиль жарқылдауық шамдары мен дабыл белгісімен қозғалған. Зардап шеккен тұрғын ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр. http://t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29393

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⚡️ Әлемдік жетекші ақпараттық телеарналардың бірі – Euronews қазақ тілінде хабар тарата бастайды Тоқаев телеарна басшылығымен кездесіп, бұл қадамды Қазақстан мен халықаралық медианың өзара ынтымақтастығын нығайтатын маңызды бастама деп мәлімдеді. Өз кезегінде Педро Варгас Давид қазақ тілі Euronews медиажелісінде Орталық Азия халықтарының арасынан эфирге шығатын алғашқы тіл болатынын мәлімдеді. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29392

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қазақстанда жігіт 15 жастағы қыздың интимдік суреттерін таратып, бопсалаған Жетісу облысының полицейлері ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментімен және "Жаңа адамдар" жастар қозғалысымен бірлесіп, кәмелетке толмаған қыздың интимдік суреттерін заңсыз таратқан күдіктіні анықтады. Күдікті – Алакөл ауданының 22 жастағы тұрғыны. Тергеу мәліметінше, ол TikTok арқылы кәмелетке толмаған қызбен танысып, кейін онымен мессенджерде сөйлескен. Қыздың сеніміне кіргеннен кейін оған қысым көрсетіп, қорқытып, сондай-ақ 20 мың теңге беремін деп алдап, интимдік сипаттағы фото және видеоларын жіберуге көндірген. Кейін ол қыздан алған интимдік фото мен видеоларды мессенджердегі жабық арналарда таратып, одан ақша тапқан. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29391

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қазақстанда шетелдік көліктердің кіруіне шектеу енгізілді Бұл жанармайдың сыртқа шығарылуының алдын алу үшін жасалған. Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев қазір басты назар жанармайды заңсыз шетелге шығаруға пайдаланылатын қосымша жанармай багы орнатылған көліктерді анықтауға аударылған. Бұл жұмыстарды Ішкі істер министрлігі, Қаржылық мониторинг агенттігі, Шекара қызметі және кеден органдары бірлесіп жүргізіп жатыр. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29390

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⚡Жаңа құқықтық жүйеге сәйкес Тоқаев екінші рет сайлауға түсе алады Конституциялық сот президенттің сайлауға қатысуға қатысты Конституцияның кейбір баптары мен тармақтарына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін қарады. Соттың түсіндіруінше, 1995 жылғы Конституцияға сәйкес аталған конституциялық нормаларда көрсетілген лауазымдарды атқарып отырған тұлғалар 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті лауазымдарға сайлана немесе тағайындала алады. Сонымен қатар, Конституциялық сот бұл конституциялық нормаларда көзделген шектеулерді қолдану мақсатында мұндай тұлғалардың 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті лауазымдарға сайлануы немесе тағайындалуы олардың осы қызметке алғаш рет сайлануы немесе тағайындалуы ретінде қарастырылатынын атап өтті. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29389

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

ХАМАС Газа секторын басқарудан бас тартып, үкіметті таратты Ұйым 2006 жылғы парламенттік сайлауда жеңіске жеткеннен кейін, 2007 жылы қарсыласы – ФАТХ қозғалысынан билікті күшпен тартып алып, содан бері Газа секторын бақылауда ұстап келген. Алайда ХАМАС-ты қарусыздандыру мәселесі әлі шешілген жоқ. Қозғалыс қаруын тапсырар алдында палестиналық әкімшілік құрылуын талап етіп отыр. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29388

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Роналду әлем чемпионатындағы жеңілістен соң көзіне жас алды 1/8 кезеңде Португалия Испанияға 1:0 есебімен есе жіберді. Ойыннан кейін Криштиану Роналду көз жасына ерік берді. Бұл оның соңғы әлем чемпионаты болуы мүмкін. Роналду турнирдің бес ойынында 90 минут ойнап, үш гол соқты – екеуі Өзбекстанға, біреуі Хорватияға қарсы.


Stan.kz » публикация №29387

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Алматы өмір сүру құны бойынша Қазақстандағы ең қымбат қала деп танылды Зерттеуге әлемнің 547 қаласы, соның ішінде Алматы мен Астана да енген. Рейтинг азық-түлік, кафе мен мейрамханадағы тамақтану, көлік, коммуналдық қызметтер және басқа да күнделікті шығындар негізінде жасалған. Қазақстан қалаларының ішінде Алматы ең жоғары орынға көтеріліп, 409-орынға жайғасты. Оңтүстік мегаполис рейтингте Куала-Лумпур мен Тбилиси қалаларының арасында орналасқан. Ал Астана 469-орынға тұрақтады. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29386

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Алматыда ұлы өгей әкесін өлтірді деген күдікке ілінді Алматыда түнгі отбасылық жанжал қайғылы аяқталды. Тергеу мәліметінше, 34 жастағы ер адам 59 жастағы өгей әкесін асүй пышағымен бірнеше рет жарақаттаған. Ер адам көп қан жоғалтып, көз жұмды. Күдікті оқиға орнында ұсталды. Полицияның алдын ала болжамынша, жанжал анасына қатысты келіспеушіліктен туындаған. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. http://t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29385

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Есімі Астана деп аталатын қазақстандықтарды білесіз бе? Қазақстанда Астана есімді 26 адамның тұратыны белгілі болды. Бұл деректі Ұлттық статистика бюросы Астана күніне орай жариялады. Ресми мәліметке сай, 2026 жылдың 1 маусымында елорда халқы 1 674 699 адамға жеткен. Оның ішінде 884 мыңы – әйелдер, 790 мыңы – ерлер. Биылдың алғашқы бес айында Астанада 3469 неке қиылған. Қала тұрғындарының орташа жасы – 30,9 жас. http://t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29384

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады Тоқаев Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың заманауи қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы рөлін атап өтті. Сонымен қатар елдің экономикалық дамуы мен халықаралық беделін нығайтуда қосқан үлесін де айтты. Сонымен қатар Тоқаев елорданы Сарыарқаға көшіру туралы шешімнің Қазақстанның дамуына тың серпін бергенін жеткізді. Сөз соңында Тоқаев Назарбаевқа зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тіледі. http://t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29382

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қазақстандық туристер балаларымен бірге Қырғызстан тау шатқалында үшінші күн қалып қойды Чаткал алқабында тасқын су көпірлерді қиратып, Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан келген туристердің жолын жапқан. Туристердің арасында балалар да бар. Олардың айтуынша, көпірлер қалпына келтірілгенше эвакуация болмайды. Қазір адамдар шатырларда тұрып жатыр, ал азық-түлікті Қырғызстанның ТЖМ қызметкерлері, жергілікті тұрғындар мен малшылар өзен арқылы жеткізуде. Қазір олар көпірлердің қалпына келуін күтіп отыр. http://t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29381

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Астанада селфи қайғылы жағдайға айнала жаздады Астанада «Атырау» көпірінде селфи жасамақ болған 29 жастағы ер адам Есілге құлап кетті. Алкогольдік мас күйде болған азаматты дер кезінде қайық экипажы мен ТЖМ құтқарушылары жағаға шығарып, аман алып қалды. Оқиға патрульдеу кезінде болған. Ер адам тайып кетіп суға құлаған. http://t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29380

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады Ол елорданы егемен Қазақстанның жүрегі әрі Тәуелсіздіктің символы деп атады. “Астана – жарқын болашаққа ұмтылған ұлтымыздың жасампаз күш-қуатының қайнары. Халқымыздың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды шешімдер осы қалада қабылданады», – деді мемлекет басшысы. Президенттің айтуынша, бүгінде Астана «ақылды қала» мәртебесіне ие болып, заманауи басқару жүйелері енгізілген. Тоқаев сондай-ақ Астана күні қарсаңында Халық Конституциясының заңды күшіне енгенін атап өтті. http://t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29378

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Футболға арналған әлемдегі ең ірі Instagram-пабликтердің бірі - 433 "Ордабасының" жеңісті тойлау сәтінің видеосын жариялады. Парақшаның 78,5 миллионнан астам оқырманы бар. Жақында дәл осындай мерекелеу үлгісін Норвегия құрамасы әлем чемпионатында көрсеткен еді. Бейнеде ерекше көзге түскен – клубтың жаңа ойыншысы, норвегиялық шабуылшы Бьорн Йонсен. Ол «Ордабасы» сапына шамамен бір ай бұрын ғана қосылған. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29377

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Түркия ЛГБТ өкілдері бар круиздік лайнерді өз порттарына кіргізбей қойды Түркия бортында ЛГБТ қауымдастығының өкілдері бар Scarlet Lady круиздік лайнерінің ел порттарына кіруіне тыйым салды, деп жазады Die Zeit басылымы. Айдын провинциясы губернаторының кеңсесі ұйымдастырушыларға 7 шілдеге жоспарланған кеменің Кушадасы портына келуіне мүлдем рұқсат берілмейтінін ресми түрде хабарлаған. Билік бұл шешімді лайнер сапарының елдің «қоғамдық дәстүрлері» мен «моральдық құндылықтарына» сәйкес келмейтінімен түсіндірді. Бұл шешімнің алдында Түркияның билікті қолдайтын бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары аталған рейс үшін ел порттарын жабуды талап етіп, қатаң сын айтқан болатын. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29376

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Футболдан әлем чемпионатында ширек финалға шыққан алғашқы жұп анықталды Марокко құрамасы ширек финалға алғаш болып жолдама алды. "Атлас арыстандары" Канаданы 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Ал Франция Парагвай құрамасынан 1:0 есебімен басым түсті. Алдағы уақытта АҚШ пен Бельгия, Португалия мен Испания, Бразилия мен Норвегия, Мексика мен Англия, Швейцария мен Колумбия, Аргентина мен Египет өзара ширек финалға кім шығатынын анықтайды. t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29375

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Назарбаевтың бастамасымен салынған елдегі бас мешітке "Нұрсұлтан мешіті" атауы берілді Діни басқармада республикалық Бас мешіт елорданың ғана емес, барша Қазақстан мұсылман жамағатының ортақ рухани ордасы екенін атап өтті. “Мешіт халық бірлігін нығайтуға, бейбітшілік пен келісімді дәріптеуге, ізгілік пен мейірімділік құндылықтарын насихаттауға, сондай-ақ имандылық пен адамгершілікке негізделген игі бастамаларды қолдауға қызмет етіп келеді. Жаңа атаумен республикалық Бас мешіт алдағы уақытта да халқымыздың рухани өміріне қызмет етіп, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға, дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтауға және игі бастамаларды дамытуға үлес қоса береді”, – делінген хабарламада. Еске салайық, аталған мешіт экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған еді. Нысан 2022 жылдың тамызында қолданысқа берілді. Сыйымдылығы 30 000 адамға дейін. http://t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29374

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

17 жастағы қазақстандық халықаралық гроссмейстер атанды Шығыс Қазақстан облысының 17 жастағы шахматшысы Алдияр Ансат халықаралық гроссмейстер атағын алды. Бұл үшін ол Aktobe Open турнирінде рейтингін 2500 ұпайдан асырып, барлық нормативті толық орындады. Алдияр Ансат – Қазақстанның талантты жас шахматшыларының бірі. Ол алты жасында елдегі ең жас спорт шеберлігіне кандидат атанса, 11 жасында ең жас FIDE шебері, 13 жасында халықаралық шебер, ал 15 жасында Қазақстан Республикасының ең жас еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды. http://t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29373

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🥊 Әлем чемпионы тұрмыстық зорлық күдігіне ілінді Бокстан әлем және Азия чемпионы Теміртас Жүсіповтің жұбайы ауыр халде ауруханаға түсті. Әйелдің сіңлісі спортшыны ұзақ жылдар бойы әпкесіне күш көрсетіп келген деп айыптап, соңғы соққыдан кейін оның ес-түссіз, ми ісінуі мен ауыр жарақаттармен жеткізілгенін мәлімдеді. Полиция қылмыстық іс қозғалғанын растады. Тергеу жүріп жатыр. Әзірге Теміртас Жүсіпов тарапынан бұл айыптауларға қатысты ресми пікір жарияланған жоқ. http://t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29372

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🎬 Кассада өтпеді, бірақ Меланияға 5 млрд теңгеден астам табыс әкелді. Amazon түсірген «Melania» деректі фильмі күткен табысқа жете алмағанымен, Мелания Трамп одан 10,71 млн доллар (5,08 млрд теңге) лицензиялық сыйақы алған. Ал жарияланған қаржылық декларацияға сәйкес, Трамптар отбасының криптовалюталық жобалары бір жылдың ішінде 1 млрд доллардан астам (474 млрд теңгеден астам) табыс тапқан. http://t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29368

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❗️Министр Жұлдыз Сүлейменованың үстінен Президентке ұжымдық арыз жолданды Өздерін Оқу-ағарту министрлігінің қазіргі және бұрынғы қызметкерлері деп таныстырған авторлар Президенттен министрді қызметінен босатуды сұраған. Арызда министрлікте психологиялық қысым, жаппай кадрлық ауыс-түйіс, жұмыстан шығару қаупі, буллинг, демалыс күндері жұмысқа мәжбүрлеу, кадрлық тағайындаулар мен марапаттардың әділдігіне қатысты күмән келтірілген. Құжатта ондаған бұрынғы басшының жұмыстан босатылғаны, бірқатар қазіргі қызметкердің тәртіптік жаза алып, жұмыстан шығарылу алдында тұрғаны жазылған. Сондай-ақ арыз авторлары уәкілетті органдарға сенбейтінін айтып, Президенттен тәуелсіз тексеру жүргізуді, қызметкерлерді қысымнан қорғауды және Жұлдыз Сүлейменованы қызметінен босату мәселесін қарауды сұраған. ⚠️ Айта кетейік, бұл арыз авторларының мәлімдемесі. Оқу-ағарту министрлігі әзірге құжатқа қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Дереккөз: Democrat.kz сайтынан


Stan.kz » публикация №29367

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🌊 Қапшағайда қыз бен жігіт суға батып қаза тапты Қайғылы оқиға Қонаевтағы Қапшағай су қоймасында болды. Арнайы жабдықталмаған жерде шомылған 2006 жылы туған бойжеткеннің денесін демалушылар судан шығарып алған. Ал 2004 жылы туған жігіттің денесі тәулікке жуық іздеуден кейін табылды. ⚠️ ТЖМ азаматтарды тек рұқсат етілген жағажайларда ғана шомылып, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. http://t.me/stankznews


Stan.kz » публикация №29366

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇰🇿🇺🇸 АҚШ тәуелсіздігіне – 250 жыл. Тоқаев Трампты құттықтады Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне орай Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдап, Қазақстанның АҚШ-пен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар АҚШ 250 жылдық мерейтойын әлемдегі рөліне қатысты күрделі сұрақтар аясында қарсы алып отыр. Сарапшылар соңғы онжылдықтарда Вашингтонның сыртқы саясатында әскери тәсілдердің күшейгенін, ал америкалықтардың өз ішінде демократия мен елдің халықаралық беделіне деген сенімнің әлсірегенін айтып келеді. 📌 Толығырақ СІЛТЕМЕДЕН оқи аласыз! t.me/stankznews


Архив Stan.kz — страница 6

Это 6-я страница архива публикаций источника Stan.kz. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.