🇰🇿🇺🇸 АҚШ тәуелсіздігіне – 250 жыл. Тоқаев Трампты құттықтады Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне орай Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдап, Қазақстанның АҚШ-пен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар АҚШ 250 жылдық мерейтойын әлемдегі рөліне қатысты күрделі сұрақтар аясында қарсы алып отыр. Сарапшылар соңғы онжылдықтарда Вашингтонның сыртқы саясатында әскери тәсілдердің күшейгенін, ал америкалықтардың өз ішінде демократия мен елдің халықаралық беделіне деген сенімнің әлсірегенін айтып келеді. 📌 Толығырақ СІЛТЕМЕДЕН оқи аласыз! t.me/stankznews
Stan.kz — страница 7
Архив материалов источника Stan.kz, страница 7. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
🌊 Өлім аузынан қалды Алтай ауданындағы Бұқтырма су қоймасында демалып жүрген 13 адам, оның ішінде 7 бала қатты жел мен биік толқынның кесірінен жағалауға қайта алмай қалған. Құтқарушылар жедел жетіп, барлығын қауіпсіз түрде жағаға эвакуациялады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек те қажет болмаған. t.me/stankznews
Сингапур моделі Қазақстанды құтқара ма? Сарапшылар зейнетақы реформасына күмән келтірді Қазақстан Сингапурдың зейнетақы моделіне көз тікті. Алайда Stan.kz тілдескен сарапшылар бұл жүйені сол күйінде көшіру елдегі төмен жалақы, еңбек нарығы және қазіргі зейнетақы жүйесінің проблемаларын шешпейтінін айтады. Тіпті кейбірі мұндай реформа жаңа тәуекелдерге жол ашуы мүмкін деп есептейді. Толығырақ СІЛТЕМЕДЕН оқи аласыз!
🇰🇿🌐 Жұма күні елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды 🔶 Криштиану Роналду Хорватияға қарсы матчта жаңа рекорд орнатты, ол әлем чемпионаттарында ең көп гол соққан (11) футболшы атанды, Португалия-Хорватия матчы 2-1 есебімен аяқталды, енді Португалия 1/8 финалда Испания құрамасымен кездеседі 🔶 Үш облыста таулы аудандардың тұрғындары көшкін мен сел жүру қаупі туралы ескерту алды 🔶 12,4 миллиард теңгеге жөнделген Үлкен Алматы өзені арнасындағы гранит плиталар селге шыдамай қирап қалған 🔶 Қаскелеңде бір топ жасөспірім ер адамды тепкінің астына алған, олардың ата-анасы жауапқа тартылды 🔶 Құрылтай депутаттығына үміткерлер мен олардың жұбайларының мүлкі туралы мәлімет жарияланады t.me/stankznews
🚨 Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді 4 шілде күні таңғы сағат 04:40-та Қазақстан аумағында жер сілкінісі болды. Тараз қаласында жерасты дүмпулері 2 балл деңгейінде сезілген. ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қираулар жоқ. t.me/stankznews
БҚО-да жол апатынан екі полиция қызметкері қаза тапты Батыс Қазақстан облысының Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол-көлік оқиғасынан көз жұмды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Қайғылы оқиға салдарынан полиция майоры Абзал Үмбетқалиев пен полицияның аға сержанты Нұрғали Әдиетов қаза болды. t.me/stankznews
Алматы хайуанаттар бағында соңғы 20 жылда алғаш рет әлемдегі ең ерекше жануарлардың бірі төлдеді Алматы хайуанаттар бағы әкімшілігінің мәліметінше, Арчи мен Белла есімді шайқағыш жанаттар дүниеге үш күшік әкелген. Бұл соңғы жиырма жылға жуық уақыт ішінде хайуанаттар бағында дүниеге келген алғашқы шайқағыш жанат төлдері. Күшіктер 27 сәуірде туған. Алғашқы айларда олар анасымен бірге ұяда болып, сыртқа шықпаған. Белла төлдерін ерекше қамқорлықпен бағып, оларға ешкімді жолатпаған.
Петропавлда ер адам түнде жалаңаш субұрқаққа түскен: Ол 15 тәулікке қамалды Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2 шілдеге қараған түні сағат 00:30 шамасында болған. Мас күйдегі ер адам қаланың басты алаңындағы субұрқақта жалаңаш күйде жуынып жүрген. Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өз сөзінде ол достарымен сыра ішкенін, ал не себепті субұрқақта жуынуды шешкенін есіне түсіре алмайтынын айтқан. Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. t.me/stankznews
Алматыдағы Сайран көлінде көпір уақытша жабылды Алматыда нөсер жауыннан кейін Сайран көліндегі су деңгейі көтеріліп, қалқымалы көпірге кіруге уақытша шектеу қойылды. Қала әкімдігі бұл шара тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қабылданғанын мәлімдеді. Әкімдік мәліметінше, су деңгейінің көтерілуіне толассыз жауған жаңбыр мен Үлкен Алматы өзенінен келетін су көлемінің артуы себеп болған. “Келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Сайран көліндегі қалқымалы көпірге кіру уақытша шектелді. Бұл – алдын алу шарасы. Шектеу жағдай тұрақталып, су деңгейі төмендегенге және көпірдің техникалық жай-күйі тексерілгенге дейін сақталады”, – деп хабарлады әкімдік. Қазір көл маңында жағалауды бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. t.me/stankznews
Биыл жаз мол сумен есте қалғысы келді-ау сірә… Маңғыстау облысы Бейнеу ауылын су басты. Жергілікті мәліметінше, 85 тұрғын үй ауласын жаңбыр суы басып қалған. Арнайы техника көмегімен 7 000 текше метрден астам су сыртқа шығарылды. Қазір су сору жұмысы жүріп жатыр. t.me/stankznews
Алматыда 18 жастағы қыздың үстіне ағаш құлап, ауыр халде жансақтау бөліміне түсті Қазір жақындары Селина Абитоваға қан керек екенін айтып, қазақстандықтардан көмек сұрап жатыр. Науқасқа IV (төртінші) оң қан тобы қажет. Бұл жағдай 27 маусым күні болған еді.…
Құрылтай сайлауына қатысатын партиялардың тізімі жарияланды Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына 7 партия қатысатынын мәлімдеді. Олар: 🔹 «Ақжол» 🔹 «Ауыл» 🔹 «Әділет» 🔹 Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 🔹«Байтақ» жасылдар партиясы 🔹 Қазақстан…
Алаяқтар 94 жастағы әжені тақырға отырғызды Оқиға Қарағандыда болған. 94 жастағы әженің үйіне өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырған екі әйел келген. Олар зейнеткерге ескі ақша купюраларын жаңасына ауыстыру жүріп жатқанын айтқан. Әйелдер кетіп қалған соң әже 1 миллион теңгесі жоғалғанын байқаған. Полиция күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар Алматы қаласының тұрғындары болып шықты. Қазір тергеу жүріп жатыр. t.me/stankznews
Бір топ жасөспірім ер адамды тепкілеп тастаған Бұл жағдай Алматы облысы Қаскелең қаласында болған. Желіде оқиға орнынан видео тарады. Кадрдан кішкентай балалардың жерде жатқан ер адамды тепкілеп жатқанын көруге болады. Ал оларды үлкен кісі ажыратып жүр. Куәгерлер оқиға орнына полиция шақырған. Жасөспірімдердің ата-анасы дұрыс тәрбие бермегені үшін жауапқа тартылды. Ал істің өзі Кәмелетке толмағандардың ісімен айналысатын комиссияға жолданған. Осылардың қолы бос секілді... 🤔 t.me/stankznews
12,4 миллиард теңгеге қайта жөнделген Үлкен Алматы өзені селге шыдамады Желіде Үлкен Алматы өзені арнасында түсірілген видео тарады. Кадрдан су толған арна мен гранит плиталардың жылжып, қирап жатқанын көруге болады. Өзенді былтыр “Павлодар өзен порты” АҚ бюджет қаражатына қайта жөндеген еді. Алматы әкімдігі мердігер компания ақауды өзі ретке келтіретінін айтты. t.me/stankznews
‼️Үш облыс тұрғындарына ескерту Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстары тұрғындарына сел мен көшкін қаупіне байланысты ескерту жасалды. Аталған өңірлерде 3–5 шілде аралығында жаңбыр салдарынан өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін дейді. Төтеншеліктер қауіпсіздік шараларын сақтап, мүмкіндігінше таулы аймақтарға бармауды сұрады. t.me/stankznews
Отшашу атып, жұрттың мазасын алған қыз айыппұл арқалады Бұл жағдай Астанада болған. 27 жастағы қыз әпкесінің туған күнін ерекше атап өтпек болып, тұрғын үй ауласындағы автотұрақта отшашу атқан. Тұрғындар қатты жарылыс даусынан шошып, полицияға хабарласқан. Полиция қызды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. t.me/stankznews
⚽️ Криштиану Роналду Хорватияға қарсы матчта жаңа рекорд орнатты Ол матчтың үздік ойыншысы атанды. Кездесудің 68-минутында пенальтиден гол соғып, 81-минутта алаңнан ауыстырылды. Роналдудың жаңа рекорды: 🔶 Әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде гол соққан егде жастағы футболшы – 41 жас. Жаңа рекордтары: 🔶 Ұлттық құрама сапында ең көп матч өткізген футболшы – 232 ойын; 🔶 Ұлттық құрамалар деңгейіндегі ең үздік сұрмерген – 146 гол; 🔶 Португалия тарихындағы әлем чемпионаттарында ең көп гол соққан футболшы – 11 гол. Португалия-Хорватия матчы 2-1 есебімен аяқталды. Осылайша 1/8 финалға Португалия құрамасы өтті. Команда Испания құрамасымен кездеседі. t.me/stankznews
🇰🇿🌐 Бейсенбі күні елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды 🔶 Алматыда тауға шыққан ұлыбританиялық турист селден әрең-әрең аман қалды 🔶 40 жыл атпен ауыл кезіп адам емдеген қазақ дәрігері Қытайдың ең жоғары марапатына ие болды 🔶 Мемлекет басшысы Тоқаев "Қазақстан Халық Кеңесіне" қатысты Жарлыққа қол қойды 🔶 Түркістанда полицей қызметтік міндетін орындау кезінде жол апатына түсіп, қаза тапты, ол жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған адамды ұстамақ болған 🔶 Астанада LRT рельсінде өрт шықты, төтеншеліктер оны дереу сөндірді 🔶 Атырауда ер адам 12 жастағы қызының көзінше мұғалім әйелін қызғаныштан пышақтап өлтірген t.me/stankznews
Резонансты жол-көлік оқиғасына қатысты ақпарат жариялаған заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан сотта өз кінәсін толық мойындады Оған көрінеу жалған ақпарат таратты деген айып тағылған. Сот отырысында заңгер өзіне тағылған айыппен келісетінін мәлімдеді. Қорғаушы…
🚨 Алматыда балаға шабуыл жасаған ер адам ұсталды Оқиға балалар алаңында болған. Ер адам балаларға жақындап, олардың бірін итеріп жіберген. Соның салдарынан бала дене жарақатын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылға балалар арасындағы ойын кезінде туындаған жанжал себеп болған. “Дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады полиция. t.me/stankznews
✈️ ⛈ Air Astana ұшағы Астана мен Қарағандыға қона алмай Алматыға қайта оралды Алматыдан Астанаға бағыт алған Air Astana әуе компаниясының ұшағы елордаға да, Қарағандыдағы қосалқы әуежайға да қона алмай, Алматыға қайта оралды. Әуе компаниясының мәліметінше, Астана мен Қарағандыда қолайсыз ауа райына байланысты ұшақты қабылдау мүмкін болмаған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ұшу барысында ұшақ қатты шайқалып, кейбір жолаушылардың қан қысымы көтерілген. Ал балалар қорыққанынан жылаған. Air Astana мәліметіне сәйкес, КС 641 рейсі жақын уақытта қайта ұшады деп жоспарланып отыр. t.me/stankznews
Тоқаев Қазақстанда жаңа форматтағы мектептердің ашылатынын мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында Қазақстанда жасанды интеллектіні білім беру мен мемлекеттік басқаруға кеңінен енгізу жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Alem.ai орталығы базасында жаңа буынға арналған TUMO және Tomorrow School мектептері ашылды. Сонымен қатар халықаралық серіктестермен бірлесіп ЖИ зертханалары құрылды. Мемлекет басшысы қол қойған жаңа Жарлыққа сәйкес, жасанды интеллект орта білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды құралына айналады. Ол мұғалімдерді алмастырмай, олардың жұмысын тиімді етуге бағытталады. Сондай-ақ қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасы алшақтығын азайтуға арналған пилоттық жоба іске қосылды. Бұдан бөлек, Қазақстанда өңірдегі алғашқы мамандандырылған жасанды интеллект университеті құрылып жатыр. t.me/stankznews
Әйелін қызының көзінше пышақтап өлтірген Қайғылы жағдай 16 наурызда Атыраудағы Нұрсая шағын ауданында болған. Отбасылық жанжалдан соң 58 жастағы әйел қызының қасында ұйықтап жатқан. Ал түнде ер адам ас үйден пышақ алып, бөлмеге кірген. Сосын ұйықтап жатқан жұбайын ұрып-соққан. Қыз анасының айғайынан оянып, әкесіне тоқтауды өтінген. Десе де ер адам әйелін 11 рет пышақтаған. Әйел сол жерде көз жұмған. Нәтижесінде ер адам жастағы ер адам 15 жылға сотталды. Ал 12 жастағы қызы қамқоршылық органдарына берілді. t.me/stankznews
Венесуэлада қаза тапқандар саны 2300-ге жуықтады Елде жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды. 2 295 адам қаза тауып, 11 267 адам жарақат алған. Тағы 12 841 тұрғын баспанасыз қалған. Құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Құрбандар саны артуы мүмкін. Қазір марқұмдардың денесі көшеде жатыр екен. Жүрегі әлсіздерге видеоны көруге тыйым салынады‼️ t.me/stankznews
"Әжетхана іші лас, нәжіс еденге ағып жатыр" Бұл Қостанай облысы “Светофор” балалар лагерінде болып жатқан жағдай. Желіде оқиға орнынан видео тарады. Кадрдан лас әжетхананы, еденге төгілген нәжіс пен санитарлық талаптардың өрескел бұзылғанын көруге болады. Мұны демалуға барған балалардың бірі түсіріп, ата-анасына жолдаған. Ал білім басқармасы лагерге тексеріс жүргізілгенін мәлімдеді. Директорға заңбұзушылықтарды жою бойынша тапсырма берілген. ‼️🤭 Дәл қазір тамақтанып отырсаңыз бұл видеоны көрмеңіз t.me/stankznews
Көпір, жолдар мен киіз үйлерді су басты Нөсер жауын салдарынан Түрген өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, Түрген-Ассы автожолының 25-шақырымын су басқан. Оған қоса Түрген өзенінің 6-9-шақырым аралығында орналасқан алты киіз үй мен "Түргенсай" демалыс аймағының…
Ашылғанына бір апта да өтпеген LRT станциясында төбеден су тамшылаған 😨 Threads желісінде жаңа LRT станциясының төбесінен су тамшылап тұрғаны көрінетін видео жарияланды. Жазба авторы видеоны: "Бір апта да өтпеді" деп жазған. Желі қолданушыларының кейбірі…
💔🕊️ Жантүршігерлік апаттан полицей қаза тапты Қайғылы жағдай Түркістанда болған. Салдарынан патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Бауыржан Қонысбеков мерт болды. Желіде тараған видеодан соқтығыстың қатты болғаны байқалады. Салдарынан екі полиция көлігі зақымданған. Олардың бірінің алдыңғы бөлігі толықтай жарамсыз күйге түскен. Плицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан. Әзірге жол апатының нақты қалай болғаны және кімнің кінәлі екені белгісіз. t.me/stankznews
‼️ Ресей Киевке түнде шабуыл жасап 13 адам көз жұмды 90-ға жуық адам жарақат алған. Қалада 20 тұрғын үйге соққы жасалып, 100 тұрғын үй зақымданған. Ең көп зардап шеккен нысан – Дарницкий ауданында. Зымыран соққысынан тұрғын үйдің бір бөлігі қираған. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Олар үйінді астында қалған адамдарды іздеуде. 3 шілде Киевте аза тұту күні жарияланды. t.me/stankznews
Архив Stan.kz — страница 7
Это 7-я страница архива публикаций источника Stan.kz. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.