🎶Димаштың «AQERKE» әні Бельгия радиосының эфирінде шырқалды Димаш Құдайбергеннің орындауындағы жаңа «AQERKE» композициясы Бельгияның Льеж қаласындағы AFM Radio эфирінде шырқалған. «Бұл – Димаш шығармаларының Бельгия радиосынан алғаш рет қойылуы емес. Dears жанкүйерлерінің көпжылдық белсенді қолдауының арқасында Бельгияның түрлі радиостанцияларында әншінің 60-тан астам туындысы тыңдарманға жол тартқан. Сонымен қатар, бұған дейін AFM Radio эфирінде қазақстандық өнерпаздың шығармашылығына толықтай арналған екі сағаттық арнайы бағдарламалар да ұйымдастырылды», - делінген Dimashnews сайтында.
Qazaqstan.tv — страница 27
Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 27. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
Францияда аптап ыстықтан 18 адам қайтыс болды Оның үшеуі – қарт адам, екеуі - екі және төрт жасар бала. Тағы 13 тұрғын жексенбіден бері суға кеткен. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте елдің батысындағы Бордо қаласында ауа температурасы 42 градусқа жуықтаған. Meteo France қызметі қолайсыз ауа райы қалыптасқанын айтып, қауіптің күшейгенін ескертті.
«Айбын-2026»: Жастар шығармашылық байқауда бақ сынады «Айбын-2026» ХІІ Халықаралық әскери-патриоттық жиыны аясында «Айбын жұлдызы» байқауы өтті. Жастар шығармашылық байқауға қатысып, өнер көрсетті. Жиынға еліміздің өңірлерінен және Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей мен Қырғызстаннан келген командалар қатысып жатыр.
📈Елімізде ішкі саудада тұрақты өсім байқалады Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысына сәйкес Қазақстанның ішкі сауда саласында тұрақты өсім байқалған. «Сауда» саласының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,6% құрап отыр. Толығырақ карусельде↗️
❓Интернет алаяқтарының жаңа айласы қандай? Қаржы пирамидаларының жолы кесіліп жатқанымен, оған тіркелушілер саны азаймай отыр. Қаржы пирамидаларын жоюдың жолы бар ма? ⏰Бүгін 20:25-те «Ақша әліппесінен» көріңіз!
💼Бүгін - Мемлекеттік қызметші күні 2014 жылдан бері 23 маусымда еліміздің мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген мамандар кәсіби мерекесін атап өтеді. Осы салада қызмет атқарып жүрген барлық азаматтарды құттықтаймыз!
👮♂️Бүгін - Қазақстан полициясы күні Елімізде 23 маусым Полиция күні деп бекітілген. Бұл күн 2007 жылдан бері аталып өтеді. Азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіп сақшыларын кәсіби мерекемен құттықтаймыз!
🇳🇴 Норвегия үш ұпайды еншіледі 🏆 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінің 2-турында Норвегия Сенегалды 3:2 есебімен жеңіп, турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді. ⚽️ Голдар: Маркус Педерсен 43' Эрлинг Холанд 48', 58' Сенегал сапынан Исмаила Сарр дубль (53', 90+3') авторы атанды.
🇫🇷 Франция Иракты ойсырата жеңді 🏆 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінің 2-турында Франция құрамасы мен Ирак арасындағы матч 3:0 есебімен аяқталды. 📌 Матч барысында найзағай мен нөсер жаңбырға байланысты ойын екі сағатқа жуық уақытқа тоқтатылды, бірақ үзілістен кейін франциялықтар басымдығын толық дәлелдеді. ⚽️ Мбаппе 14' ⚽️ Мбаппе 54' ⚽️ Дембеле 66'
🔥 Месси командасына жеңіс сыйлады 🏆 Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Аргентина Аустрияны 2:0 есебімен жеңді. ⚽️ ⚽️ Лионель Месси дубль авторы атанды. 🇦🇷 Аргентина 2:0 Аустрия 🇦🇹 🔝 Осылайша Месси 16 гол соққан Мирослав Клозенің рекордын жаңартып, (18 гол) Әлем чемпионаты тарихындағы үздік сұрмерген атанды. ✅ Аргентина плей-офф кезеңіне жолдама алды. 🔹J тобы 🇦🇷 Аргентина – 6 ұпай 🇦🇹 Аустрия – 3 ұпай 🇯🇴 Иордания – 0 ұпай 🇩🇿 Алжир – 0 ұпай
🇰🇿🇪🇺Еуропа Одағы жетекшілерімен келіссөз алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес Президенті Антониу Коштамен бейресми кездесу өткізді.
⛸2027 жылы Астанада мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты өтеді Жарыс 2027 жылы 9-14 ақпан аралығында болады. ✏️Алматыға Нобель сыйлығының иегері Мо Ян келді Алматыда әлемге әйгілі жазушы, әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Мо Ян мен қазақ қаламгерлерінің шығармашылық кездесуі өтті. ✊«Айбын - 2026»: Жасөспірімдер спорттық жарыстарда бақтарын сынады 5 елдің мыңға жуық жасөспірімі спорттық жарыстарға қатысты. 👨⚖️Әл-Фарабидегі жол апаты: Александр Пак 10 жылға сотталды Сот үкіміне сәйкес, Пак жәбірленуші тарапқа 10 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді. 🚘Бас жүлдеге автокөлік: Астанада халықаралық қымыз байқауы өтеді 11-12 шілде күндері «Қазанат» ипподромында қымызға арналған «BaiQymyz-2026» халықаралық гастрофестивалі ұйымдастырылады. ☀️Елде апта бойы 42 градусқа дейін ыстық болады Қазгидрометтің мәліметінше, әсіресе, Алматы облысы, Қызылордада, Павлодарда ауа температурасы айтарлықтай көтеріледі.
🤝Қазақстан мен ЕО арасындағы тауар айналымы 45,1 млрд доллардан асты Қазақстан Еуропа Одағы елдеріне мұнай жеткізу көлемі жағынан алғашқы үштікке кіреді. Ал замануи технологияға аса қажет 34 металлдың 21-і елімізде бар. Демек қойнауы қазынаға толы Қазақстан қарт құрлықпен қарым-қатынасын ұзақ мерзімде нығайтуға мүдделі. Былтыр одақ елдерімен өзара тауар айналымы 45,1 млрд доллардан асты. Ендігі меже – логистикалық тізбекті әртараптандырып, тауар көлемін арттыру. Толығырақ тілші бейнематериалынан көріңіз.
Мемлекет басшысы Бельгияда тұратын отандастармен кездесті Брюссельге ресми сапармен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жатқан Қазақстан азаматтарымен кездесті. Президент шетелде білім алып, жұмыс істеп жүрген отандастарымызға қолдау білдірді. – Елімізге сіздер сияқты білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар қажет. Қай жерге барсам да жастарға қолдау білдіріп жүремін. Шын мәнінде, бұл жай айтыла салған сөз емес. Жастарға қолдау көрсету – мемлекеттің ұзақмерзімді саясатының бір бөлігі. Жастарымыз әлемнің әр түкпірінде білім алып, еңбек етуде. Мен Президент ретінде мұны қолдаймын. Себебі қай жерде жүрсеңіз де, қазақ болып қаласыз. Біз озық, дамыған, әділетті ел болуымыз керек. Осындай елдің негізін қалау үшін бәріміз бір ел, бір халық болып атсалысуымыз керек, – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жаңа Негізгі заңында білім мен ғылымды және инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде белгіленгенін айтты. Сонымен қатар жастарды бірнеше шет тілін меңгеруге шақырды. Кездесу соңында Президент Бельгияда тұратын студенттер мен Қазақстан азаматтарына табыс тіледі.
🔥 Негізгі құрам 🇦🇷 Аргентина – Аустрия 🇦🇹 📺 21:50-де «Qazsport» телеарнасы қосулы болсын.
📑Қазақстандық колледждерге құжат қабылдау қашан басталады? ⤴️Толық ақпарат карусельде.
🇰🇿🇧🇪Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды Қазақстан Президентінің келуіне орай Бельгия астанасының әуежайында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді. Қасым-Жомарт Тоқаевты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Ертең Еуропалық кеңестің штаб-пәтерінде Еуропа Одағының басшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөздер жүргізіледі. ✍️Сапар аясында бірқатар маңызды бірлескен құжатқа қол қойылады.
🇰🇿 2027 жылы Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты өтеді ⛸ Халықаралық конькишілер одағы (ISU) Астананы 2027 жылы мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын өткізетін қала ретінде таңдады. 🔹 Жарыс 2027 жылы 9-14 ақпан аралығында өтеді. Бұл турнирге Азия, Америка, Африка және Мұхит аймағының үздік мәнерлеп сырғанаушылары жиналады. 🔹 ISU бұл шешімді Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау спортына деген қызығушылықтың артуымен байланыстырады. Бұған 2026 жылдың ақпан айында Милан мен Кортина-д’Ампеццода өткен қысқы Олимпиада ойындарында Михаил Шайдоровтың ерлер арасындағы жекелей сында тарихи алтын медаль жеңіп алуы үлкен әсер етті. Оның жетістігі елде бұл спорт түріне деген қызығушылықты бұрын-соңды болмаған деңгейге көтеріп, жаңа буын спортшылар мен жанкүйерлерге шабыт сыйлаған. 📌 Төрт құрлық чемпионаты Қазақстан үшін мәнерлеп сырғанаудан ең ірі турнир болмақ.
✉️Мемлекет басшысы Қатар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады 🇰🇿🇶🇦 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рас-Лаффан өнеркәсіптік орталығында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның жарақат алуына және із-түзсіз жоғалуына байланысты Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айтты. «Осындай қиын сәтте Қатарға тілектеспіз және адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарына қолдау білдіреміз. Қазақстан қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын», - делінген жеделхатта.
Ақтөбе облысында жүзден астам адам тамақтан уланды Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында жүзден астам адам астан уланып, ауруханаға жатқызылды. Олардың барлығы бір мейрамханада әр түрлі уақытта тамақтанған. Ішек инфекциясының тіркелуіне байланысты қазір эпидемиологиялық тексеру жүріп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, науқастар емдеу мекемелеріне 19 маусымнан бастап көмекке жүгіне бастаған. Осы уақытқа дейін 102 тұрғын ауруханаға жатқызылды. Науқастардың жағдайы қалыпты. Мейрамхана жұмысын уақытша тоқтатты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барады Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштаның шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барады. Сапар аясында Еуропалық кеңес Президенті Антониу Кошта және Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер жоспарланған. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды. Соныман қатар Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесу қарастырылған. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы ірі еуропалық компаниялар жетекшілерінің қатысуымен өтетін «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйлеп, бірқатар кездесу өткізеді. Толығырақ 20:00-де «Ақпаратта».
Әл-Фарабидегі жол апаты: Жүргізуші 10 жылға сотталды Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апатына қатысты сот үкімі жарияланды. Сот шешімімен кінәлі 10 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды. Толығырақ 20:00-де «Ақпаратта».
🐋 Аланияда кит видеоға түсіп қалды Түркияның Анталия қаласына қарасты Алания жағалауында кит көзге түсті. Жерорта теңізінде қайықпен жүзіп жүрген ресейлік балықшы Руслан Чернышев китті видеоға түсіріп алған. Кадрда кит су бетіне бірнеше рет шығып, кейін ғайып болды.
✍️ Нобель сыйлығының иегері Мо Ян Алматыда Әлемге әйгілі жазушының айтуынша, Қытай аумағында этникалық қазақтар қоныстанғандықтан, екі халықтың мәдениетінде ортақ тұстар мен ұқсастықтар аз емес. Мо Ян тағы қандай ойларымен бөлісті? 📺 Толығырақ «Ақпараттан» көріңіз.
✈️Елімізде дрондарды басқаруға арналған оқу-зертханасы ашылды Елімізде дрондарды басқаруға арналған арнайы оқу-зертханасы ашылды. Онда полиция қызметкерлері теориялық білім алып, симуляторлар мен компьютерлік бағдарламалар арқылы тәжірибелік дайындықтан өтеді. Беспилоттық ұшу аппараттары құқық қорғау органдарының қызметінде кеңінен қолданылмақ. ✅Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, дрондар таулы аймақтар, дала және қолжетімділігі қиын аумақтарды зерттеуде тиімділігін көрсетіп отыр. Бұл жоғалған адамдарды іздеу және іздеуде жүрген тұлғаларды бақылау жұмыстарын жеңілдетеді.
Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, ғимараттардың шатыры қирады Ақтөбеде ағаштар құлап, ғимараттардың шатыры ұшты. Кеше түс мезгілінде алай-дүлей дауыл көтеріліп, жарты сағаттың ішінде шаһарды шаңға көмген. Қаладағы қазіргі жағдай қалай? Видеодан көріңіз.
Архив Qazaqstan.tv — страница 27
Это 27-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.