Түркістан облысында 172 миллиард теңгеге тау-шаңғы шипажайы салынады Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында экотуризмді дамытуға арналған көшпелі кеңес өткізді. Кеңесте туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірқатар жобалар таныстырылды. Соның бірі – құны 172 миллиард теңге болатын KASKASU халықаралық тау-шаңғы кластерінің тұжырымдамасы. Бұл бастама Түркістан облысын Орталық Азиядағы жетекші тау туризмі орталықтарының біріне айналдыруды көздейді.
Qazaqstan.tv — страница 28
Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 28. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
🔹Еліміздегі республикалық маңызы бар жолдарда 250 сервис стансасы салынады Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Көлік министрлігі мен «Car Park Transformer» ЖШС арасында жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, жол бойындағы сервис стансаларын салуға шамамен 180 млрд теңге инвестиция тарту жөніндегі жобаны мақұлдады. ✅Жоба аясында халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар бойындағы қазіргі бар демалыс алаңдарында 2030 жылға дейін жол бойындағы 250 сервис стансасын салу жоспарланған. Оның ішінде алғашқы 50 нысан биыл салынып, пайдалануға беріледі. ✅Жаңа стансаларда санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, сауда және қызмет көрсету пункттері, электрлі көліктерге арналған қуаттау стансалары, күн энергиясын өндіретін қондырғылар болады. Сонымен қатар жаңа стансалар іргелес аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілген заманауи көпфункционалды кешен ретінде салынады. ✅Жобаны жүзеге асыру халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жол бойындағы қызмет көрсету нысандары желісін кеңейтуге, электромобильдер үшін заманауи инфрақұрылым құруға және көлік саласында экологиялық бағдарланған шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жол бойындағы сервис стансаларының құрылысы жақын маңдағы өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға серпін береді. Жоба аясында 2 мың жаңа жұмыс орны ашылады. 🖇Бүгінде елімізде халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар бойында 1 428 сервис нысаны жұмыс істейді.
👼 Елімізде 4 айда 1 926 егіз бен 54 үшем дүниеге келді Егіздер ең көп туылған өңірлер: 📌 Түркістан облысы - 263; 📌 Алматы қаласы - 245; 📌 Алматы облысы - 175; Ал үшемдер саны бойынша Түркістан облысы, Атырау облысы және Шымкент қаласы көш бастады. Әр өңірде 3 үшемнен, 9 нәресте дүниеге келген.
Таза Қазақстан - табиғат пен адамдардың үйлесімі #ТазаҚазақстан
Бас жүлдеге автокөлік: Астанада халықаралық қымыз байқауы өтеді 11-12 шілде күндері «Қазанат» ипподромында қымызға арналған «BaiQymyz-2026» халықаралық гастрофестивалі өтеді. Оған Қазақстанның барлық өңірінен, сондай-ақ Қырғызстан мен Ресейдің Саха Республикасынан 60-қа жуық қымыз өндіруші келеді. 📌 Іс-шараның басты ерекшелігі – жалпы жүлде қоры 45 миллион теңгені құрайтын халықаралық деңгейдегі «Ең үздік қымыз» байқауы өткізіледі. Жеңімпаздар «BaiQymyz-2026», «Ем қымыз» және «Халық таңдауы» аталымдары бойынша анықталады. Бас жүлде иегеріне автокөлік табысталады. Фестиваль бағдарламасында көкпар, аударыспақ, қыз қуу, бәйге, тазылар жарысы, шөген және басқа да ұлттық әрі заманауи спорт түрлерінен жарыстар, қазақстандық өнер жұлдыздарының концерті өтеді. ⚜️ Сондай-ақ фестиваль аясында қымыздың түрлерінен дәм тату, ұлттық жылқы тұқымдарының көрмесі, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, суретшілер туындыларының көрмесі мен аукционы ұйымдастырылады.
🔔 Алматыда 790 түлек «Алтын белгі» алды Алматыда мектеп түлектеріне аттестат тапсыру рәсімі аяқталды. Биыл қала мектептерінде 20 803 оқушы 11-сыныпты, 30 380 оқушы 9-сыныпты бітірді. Сонымен қатар 2 083 мектеп бітіруші мен 9-сыныпты аяқтаған 2168 оқушы «Үздік» аттестат алды.
🔸Щучинскіде «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жиыны басталды Бүгін Ақмола облысының Щучинск қаласында «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жиыны басталды. Оған еліміздің әр өңірінен және Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей мен Өзбекстан елдерінен барлығы 53 команда қатысады. ❓Жиынның алғашқы күні қалай өтіп жатыр? Биылғы бағдарламаның ерекшелігі неде? 🎞Толығырақ тілші Бибінұр Әмірханқызының бейнематериалында.
🔴221 млн теңге табыс тапқан: Ақмола облысында заңсыз вейп саудасының жолы кесілді Ақмола облысында электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз өткізумен айналысқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. 🔹Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, қылмыстық топ өнімдерді әлеуметтік желілердегі интернет-дүкендер арқылы өткізіп, курьерлік қызметпен жеткізіп отырған. Қатысушылар заңсыз қызметін жасыру мақсатында конспирация шараларын қолданып, ақша қаражатын қабылдау және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дропперлердің қызметін пайдаланған. «Қылмыстық жолмен тапқан табыс көлемі 221 млн теңгеден асты. Сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі пәтер мен автокөлікке тыйым салынды. Ұйымдастырушы қамауға алынды», - делінген хабарламада. 📌Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
🟢ШҚО-да ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны 28-ге жетті Шығыс Қазақстан облысында алкоголь өнімдерін тұтынудан бас тартқан ауылдар саны 28-ге жеткен. ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, бұл бастамаға Тарбағатай ауданындағы Қамысты ауылының тұрғындары да қосылған. «Бүгінде ауылда 22 үй бар, онда 89 адам тұрады. Тұрғындар саны аз болғанымен, ауыл халқы қоғамдық өмірге белсенді араласып, жас ұрпақты тәрбиелеуге, отбасылық құндылықтарды сақтауға және қоғамдағы қолайлы ахуалды нығайтуға ерекше көңіл бөледі», - делінген хабарламада. ✔️«Алкогольсіз ауыл» бастамасына қосылу туралы шешімді тұрғындар ерікті түрде және бірауыздан қабылдаған.
🇪🇬 Египет Жаңа Зеландияны жеңіп, үш ұпайға ие болды 🏆 Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші турда Египет құрамасы Жаңа Зеландияны 2:1 есебімен жеңді. 📌 Осылайша, мысырлықтар турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін сақтап қалды. Ал Жаңа Зеландия құрамасы екінші турдан кейін ұпайсыз қалды. ⚽️ Серман 15' ⚽️ Зико 58' ⚽️ Салах 67' ⚽️ Хассан 82'
🔴Түлектер кортежі: Түркістан облысында жол ережелерін бұзғандар анықталды Тексеру нәтижесінде көлік жүргізушілерінің жол ережелерін бұзғаны белгілі болды. Атап айтқанда, жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамау, қауіпсіздік белдігін тақпау және маневр жасау талаптарын бұзу деректері тіркелді. 🔹Аталған фактілер бойынша жүргізушілерге әкімішілік шара қолданылып, көліктері айыптұрағына қойылды. 🔹Ал түлектер мен ата-аналарына заң талаптарын қатаң орындау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Айбын-2026» ашылу салтанатына 1 күн қалды Ертең Щучинск қаласында «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу салтанаты өтеді. Оған 14 пен 17 жас аралығындағы 53 команда қатысады. Олардың қатарында еліміздің әр өңірінен іріктелген құрамалар, әскери-патриоттық клуб мүшелері, әскери колледждер мен мамандандырылған лицейлер бар. Әрі Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан командалары қатыспақ. Биылғы бағдарламаға әскери-спорттық, зияткерлік және шығармашылық сайыстар енгізілді. Салтанатты ашылу рәсімін тікелей эфирде ҚР Қорғаныс министрлігінің YouTube арнасы көрсетеді. Жас сарбаздарға сәттілік!
🥊 Қазақстан құрамасы бокстан Әлем кубогын 5 алтын медальмен аяқтады 🇰🇿 Қазақстандық боксшылар Қытайдың Гуйян қаласында өткен әлем кубогының екінші кезеңіндегі жарысты аяқтады. 🔹Ел қоржынына түскен соңғы алтын жүлдені Айбек Оралбай иеленді. 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық боксшы Германия өкілі Никита Путиловтан басым түсті. 🥇Бұған дейін әлем кубогы кезеңінде Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін) және Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) чемпион атанды. 📌 Ал Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) жарысты қола медальмен аяқтады.
Медицина қызметкерлерінің жалақысын өсіруге 33 млрд теңге бөлінді «Медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңімен көтеріліп келеді. Тек биылдың өзінде бұл мақсатқа қазынадан 33 миллиард теңге бөлінді. Сондай-ақ шалғай ауылдарда еңбек ететін дәрігерлерге ерекше қолдау көрсетілуде. Оларға бір реттік көтерме төлемдер берілуде. Атап айтқанда, былтыр 530 маманға жалпы сомасы 4,5 миллиард теңге қаржы бөлінді», - деді Президент. «Ақорда» бағдарламасының толық нұсқасы «Qazaqstan TV» YouTube арнасында.
🇰🇿🇺🇿Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваның сапары Астана мен Ташкенттің стратегиялық серіктестігін ілгерілету тұрғысынан ерекше мәнге ие екенін атап өтті. ✔️Мемлекет басшысы 2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланғанына тоқталды. ✔️Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке жылы лебізін жолдады.
💪🏻 Бүгін - Әкелер күні Әкеңізді құттықтауды ұмытпаңыз.
🔥 Мәреге санаулы метр қалғанда Қазақстан құрамасы жеңісті жұлып алды Қытайдың Шаосин қаласында өтіп жатқан эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 4×400 метрлік аралас эстафетада алтын медаль иеленді. Құрама сапында Эльнор Мұхитдинов, Мария Шувалова, Андрей Соколов және Аделина Земс өнер көрсетті. Қазақстандық команда мәреге 3:16.75 нәтижесімен бірінші болып жетіп, Үндістан мен Қытай құрамасын басып озды.
📉 Қазақстан мен Ауғанстан тауар айналымын 3 млрд долларға дейін жеткізуді көздеп отыр Бұл туралы IV «Қазақстан - Ауғанстан» бизнес-форумында айтылды. Ауғанстан Орталық Азия мен Оңтүстік Азияны байланыстыратын маңызды транзиттік хаб саналады. Бұл бағыт Қазақстанға Парсы шығанағы елдері мен Пәкістан нарығына зат тасымалдауға мүмкіндік береді. ✔️ Толығырақ #Ақпаратта тілші Ернұр Медет тарқатады.
👩⚕️ Қазақтан шыққан алғашқы дәрігер әйел Аққағаз Досжанова – білім мен қайсарлықтың жарқын үлгісі Ол тек дәрігер ғана емес, мыңдаған жанға көмек көрсетіп, жетім балаларға қамқор болған жан. Медицина қызметкерлері күніне орай ұлт тарихында өшпес із қалдырған тұлғаның өмір жолына көз жүгіртеміз. 🎥 Толығырақ бейнематериалда.
📢 22-23 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштаның шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барады 🇰🇿🇪🇺Сапар аясында Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер жоспарланған. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды. 🇰🇿🇧🇪Сапар бағдарламасында Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесу қарастырылған. Сонымен қатар Мемлекет басшысы ірі еуропалық компаниялар жетекшілерінің қатысуымен өтетін «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйлеп, бірқатар кездесу өткізеді.
🔥 Назым Қызайбай Әлем кубогында алтын жеңіп алды Қытайдың Гуйян қаласында өткен бокстан Әлем кубогында үш дүркін Әлем чемпионы Назым Қызайбай алтын медаль иеленді. 🥊 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен боксшы финалда италиялық Сирине Чараабиді 4:1 есебімен жеңді.
🇯🇵 Жапония Тунисті ойсырата жеңді 🏆 Футболдан Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі матчта Жапония құрамасы Тунистке жауапсыз 4 гол соғып, жеңіске жетті. ⚽️ Камада 4' ⚽️ Уэда 31', 89' ⚽️ Ито 69' 📌 Жапония құрамасы F тобындағы турнирлік кестеде 4 ұпаймен екінші орында келеді.
🏆 Эквадор мен Кюрасао тең түсті ⚽️ Эквадор мен Кюрасао арасындағы 2026 жылғы Әлем чемпионатының Е тобы аясындағы матч 0:0 есебімен тең аяқталды. 📌 Кюрасао қақпашысы Элой Ром бірнеше тамаша сейв жасап, командасына тарихи ұпай сыйлады. Бұл Кюрасаоның Әлем чемпионаттарындағы алғашқы ұпайы болды.
❓Ішімдік ішіп, көлік жүргізіп, адам өліміне себеп болса, неге абайсызда жасалған қылмыс деп бағаланады? Мас күйде рөлге отырған адамға қандай жаза қарастырылған? Жаза мерзімінің теңгерімді болмауына не себеп? ❗️Ал шетелдерде мұндай қылмыс үшін жауапкершілік қандай? 📺 Осы және өзге де өзекті мәселелер бүгін 20:00-де «Апта» бағдарламасында.
👨🏻Бүгін Әкелер күні Елімізде маусымның үшінші жексенбісінде Әкелер күні аталып өтеді. ⏰«Qazaqstan» телеарнасының эфирінен бүгін 9:45-те «Әкелер мектебі» арнайы жобасы көрсетіледі.
🩺Бүгін Медицина қызметкерлері күні Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлері күні болып бекітілген. Сіздердің адал қызметтеріңіз – қоғамның амандығы мен болашағының кепілі. 💫Ақ халатты абзал жандарға ерен еңбегі үшін алғыс айта отырып, кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!
✅ Германия соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды 🇩🇪 Германия 2:1 Кот-д’Ивуар 🇨🇮 ⚽️ Голдар: Кессье 30', Ундав 68' 90+5' 🔹Е тобы 🇩🇪 Германия - 6 ұпай 🇨🇮 Кот-д’Ивуар - 3 ұпай 🇪🇨 Эквадор - 0 ұпай 🇨🇼 Кюрасао - 0 ұпай
🔥 Негізгі құрам 🇩🇪Германия – Кот-д’Ивуар 🇨🇮 ⏰ 00:50 📺 Тікелей эфир: «Qazsport», «Qazaqstan»
Архив Qazaqstan.tv — страница 28
Это 28-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.