Life News Новостной агрегатор

Qazaqstan.tv — страница 29

Источник: Qazaqstan.tv · сбросить

Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 29. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


Qazaqstan.tv » публикация №56919

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✅ Германия соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды 🇩🇪 Германия 2:1 Кот-д’Ивуар 🇨🇮 ⚽️ Голдар: Кессье 30', Ундав 68' 90+5' 🔹Е тобы 🇩🇪 Германия - 6 ұпай 🇨🇮 Кот-д’Ивуар - 3 ұпай 🇪🇨 Эквадор - 0 ұпай 🇨🇼 Кюрасао - 0 ұпай



Qazaqstan.tv » публикация №56917

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🧑🏻‍💻Қазақстандық жас математиктер Балқан олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті Румынияның Бузэу қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы жарыста оқушыларымыз әлемнің үздік командалары қатарынан көрінді. ✍️Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, беделді зияткерлік жарысқа 23 елден барлығы 138 оқушы қатысқан. Қазақстан құрамасының алты мүшесі де олимпиада жүлдегері атанып, екі алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды. 🇰🇿Ұлттық құрама командалық есепте 4-орынға ие болды.


Qazaqstan.tv » публикация №56916

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📈Цифрландыру: Қызмет көрсету сапасы артады Енді eGov, e-Otinish, Aitu мессенджері сынды цифрлық сервистер интернеттің теңгерімі нөл болса да, қолжетімді болады. ✍️Телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша Заң қабылданды. Құжат Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында әзірленген және Мемлекет басшысының үш жыл ішінде толыққанды цифрлық ел құру жөніндегі стратегиялық міндетін іске асыруға бағытталған. Сондай-ақ ұялы байланыс сигналының жұмысына кедергі келтіруі мүмкін репитерлер мен сигнал күшейткіштерін елге әкелуге шектеулер енгізіледі. Мұндай құрылғыларды импорттауға тек байланыс операторларына ғана рұқсат беріледі. ❗️Заң телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға да көңіл бөледі. Азаматтарды телефон алаяқтарынан қорғау үшін заңды тұлғалардан келетін қоңырауларды міндетті түрде таңбалау жүйесі енгізіледі. Бұл тұрғындарға ресми қоңырауларды алаяқтардың қоңырауларынан ажыратуға мүмкіндік береді.


Qazaqstan.tv » публикация №56912

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🏛Черногория президенті Ұлттық музейде болды Қазақстанға ресми сапары аясында Черногория Президенті Яков Милатович жұбайы Милена Милатовичпен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық музейін аралады. Экскурсия барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қонақтарға музейді таныстырды. Мәртебелі меймандарға Ұлттық музей экспозициялары көрсетілді. Олардың қатарында түркі халықтарының материалдық және рухани мұрасын танытатын Ұлы дала тас мүсіндері залы, бірегей археологиялық жәдігерлер сақталған Алтын залы және Есік қорғанынан табылған әлемге әйгілі «Алтын адам» экспозициясы бар. Экскурсия соңында Яков Милатович музейдің Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.


Qazaqstan.tv » публикация №56911

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

😍Дастан Сәтпаев кішкентай жанкүйерлерімен кездесті Жанкүйерлер футболшы Дастан Сәтпаевпен стадионда кездесуді армандаған. Алайда оның реті келмегендіктен, мұғалімдері арнайы кездесуді мектепте ұйымдастырды. Футболшымен жүздескен балақайлар армандарының орындалғанына қуанды. Видео: mako_batyrhanova


Qazaqstan.tv » публикация №56910

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❓АҚШ пен Иран келісімге келді ме? АҚШ пен Иран бейбітшілік туралы алдын ала келісімге ақыры қол қойды. Бірақ әлі түбегейлі бітім орнаған жоқ. Сонда меморандум шартында не көзделген? ⏰Осы және өзге де әлем жаңалықтарын бүгін 20:15-те «Әлем және біз» бағдарламасынан көріңіз.



Qazaqstan.tv » публикация №56905

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🤔Микроқаржы ұйымдары адамдардың жеке дерегіне қалай қол жеткізген? ❓Ел емге мұқтаж, дәрі дәрмек жетіспейді дейміз, онда денсаулық саласына бөлінген 124,8 млрд қаражат неге игерілмей қалған? Бүгін ⏰17:40-та «Қос палатаны» көріңіз.


Qazaqstan.tv » публикация №56904

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🍔«Balkhash tour fest»: Ең үлкен бургер дайындалып, рекорд орнатылды «Balkhash Tour Fest» фестивалінде жаңа рекорд тіркелді. Мұнда еліміздегі ең үлкен қазы бургері әзірленді. 🤩Ұйымдастырушылар 75 келі болады деп жоспарлаған бургері 86 келіден асты.


Qazaqstan.tv » публикация №56903

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❗️ Қазақстанда балаларға медициналық көмек көрсетудің гибридті моделін енгізу жоспарланып отыр Оған сәйкес, педиатрлар мен жалпы практикалық дәрігерлердің жұмысын ұштастыру ұсынылған. ❓Бұл қандай өзгеріс? Ол қаншалықты тиімді? Сарапшылардың пікірі қандай? 📺Толығырақ жексенбі 20:00-де «Апта» бағдарламасында.


Qazaqstan.tv » публикация №56902

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✈️«Balkhash tour fest»: Дрондар шоуы өтті Қарағанды облысындағы Балқаш көлінің жағасында «Balkhash Tour Fest» туристік фестивалі өтіп жатыр. Биыл төртінші рет ұйымдастырылған ауқымды шараға 70 мыңнан астам қонақ келеді деп күтілуде. 💫Жоба аясында кеше дрондар шоуы өтіп, үлкен концерттік шара ұйымдастырылған.



Qazaqstan.tv » публикация №56893

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

👩🏻‍🏫Ustaz Ulytau жобасына 85 мектеп қатысты Жезқазғанда Ustaz Ulytau педагогикалық трансформация орталығының бес жылдығына арналған жиын өткен. 🔹2021 жылдан бері «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның қолдауымен Ustaz Ulytau жобасы жүзеге асып келеді. Осы уақыт ішінде жоба компанияға қатысы бар өңірлердегі ең ірі білім беру бастамаларының біріне айналып, Ұлытау, Қарағанды және Жамбыл облыстарындағы 85 мектеп пен екі колледжді және екі қосымша білім беру ұйымын қамтыған. Жобаның негізгі мақсаты – тұрғылықты жеріне қарамастан оқушылардың сапалы білім алуына және педагогтердің кәсіби дамуына мүмкіндік беру. Осы мақсатта мектептерде заманауи білім беру әдістемелері енгізіліп, кәсіби бағдарлау бағдарламалары, STEM-тәсілдері мен ағылшын тілін оқытудың технологиялары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар педагогтер мен білім беру ұйымдарының басшыларына арналған біліктілікті арттыру бағдарламалары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. ✅Жоба жұмысының нәтижесінде бес жыл ішінде 43 оқушы, сондай-ақ ғылыми жоба байқауының жеңімпаздары мен олардың ғылыми жетекшілері Ұлыбританияда тілдік білім беру бағдарламасында білім алған. Сондай-ақ 22 педагог, үш кәсіби бағдар беруші маман және он мектеп директоры халықаралық тағылымдамадан өткен. ✅Жоба аясында өткізілетін Қаныш Сәтбаев атындағы химия олимпиадасы бірнеше жылдың ішінде республикалық сайыстан халықаралық деңгейдегі білім бәйгесіне айналды. 2025 жылы олимпиадаға Қазақстан мен Қырғызстанның және Ресей Федерациясының командалары қатысқан. ✅Тәжірибе алмасу және заманауи басқару тәсілдерін енгізу мақсатында мектеп директорларының клубы құрылды. Бүгінде ол 65 білім беру ұйымының басшысын біріктіріп отыр.


Qazaqstan.tv » публикация №56892

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🐅Жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және тұрақты пайдалану мәселелері бойынша заңға қол қойылды ✍️Мемлекет басшысы заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы, сондай-ақ кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Заңда көзделген түзетулер жануарлар дүниесін басқарудың заманауи ғылыми негізделген тәсілдерін енгізуге, саланы цифрландыруды дамытуға, жануарлар ресурстарын қорғау және молықтыру тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. ✔️Құжат аясында жануарлар ресурстарын басқарудың бейімделмелі моделіне көшу, аңшылық шаруашылығында жануарларды өсіруді дамыту, жануарларды есепке алу бойынша есептілікті цифрландыру, электр беру желілерін құстарды қорғау құрылғыларымен міндетті түрде жабдықтау, сондай-ақ әуесқойлық аң аулау кезінде жылу бейнелеуіштерді, түнгі көру құрылғыларын және ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалануға тыйым салу қарастырылған. ✔️Сондай-ақ, Заң жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейтуді көздейді. Атап айтқанда, айыппұл мөлшері, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамауға алу, бас бостандығын шектеу және айыру мерзімдері, сондай-ақ белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айыру мерзімдері ұлғайтылады.


Qazaqstan.tv » публикация №56891

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⭕️Астанада тұрғын үй кешенінде өрт шығып, 14 адам құтқарылды Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өткен түнде Сарайшық ауданында А-91 көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үй кешендерінің бірінде жиһаз бен тұрмыстық заттар өртенген. Өрттің аумағы 10 шаршы метрді құраған. 🔸Ғимараттан 110 адам өздігінен сыртқа шыққан. Құтқару жұмыстары кезінде ТЖМ қызметкерлері газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны құтқару қалпақтарының көмегімен 14 адамды құтқарған. Оның ішінде 5-уі – бала. 🟢Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.


Qazaqstan.tv » публикация №56890

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇵🇾 Парагвай минималды есеппен жеңіске жетті 🏆 Әлем Чемпионатының топтық кезеңінде Түркия мен Парагвай арасындағы матч 0:1 есебімен аяқталды. Жарыстың 2-минутында Парагвай құрамасының ойыншысы Галарса есеп ашты. Кездесудің қалған уақытында есеп өзгеріссіз қалып, Парагвай 3 ұпайға ие болды.



Qazaqstan.tv » публикация №56880

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🌡Аптап ыстық, жаңбыр және найзағай: Демалыс күндері ауа райы қандай болады? «Қазгидрометтің» мәліметінше, алдағы демалыс күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейіп, екпіні артады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. 21–22 маусым күндері еліміздің батысында қатты жаңбыр күтілуде. ✅Ауа температурасы 30–38 градусқа дейін жоғарылайды. 21–22 маусымда республиканың солтүстік-батысында және орталығында аптап ыстық болады, ауа температурасы 40–41 градусқа дейін жетеді. ✅Тек батыс өңірлерде ыстықтың беті қайтып, ауа температурасы 22–33 градус шамасында болады.



Qazaqstan.tv » публикация №56877

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇧🇷 Бразилия жеңіске жетті 🏆 Әлем Чемпионатының топтық кезеңінде Бразилия Гаити құрамасына жауапсыз 3 гол соғып, ұпай еншііледі. ⚽️ Кунья 24’ ⚽️ Кунья 36’ ⚽️ Винисиус 45+3’ 🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿🇧🇷 Бразилия топтық кезеңдегі соңғы ойынды 25 маусым күні Шотландия құрамасына қарсы өткізеді.


Qazaqstan.tv » публикация №56876

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇲🇦 Марокко 3 ұпайға ие болды 🏆 Әлем Чемпионатының топтық кезеңдегі 2-турда Шотландия құрамасы мен Марокка арасындағы матч 0:1 есебімен аяқталды. 2 минутта Марокка құрамасынан Исмаэль Саибаридың соққан голы командасына жеңіс алып келді. ⚽️ Сайбари 2’



Qazaqstan.tv » публикация №56874

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✅ АҚШ плей-офф кезеңіне жолдама алды ⚽️ ӘЧ-2026: Турнир қожайындары 2-турда Аустралиямен ойнады. ⚽️ Бірінші таймда екі гол соққан АҚШ жеңіске жетті. 🇺🇸 АҚШ 2:0 Аустралия 🇦🇺 🔹D тобы 🇺🇸 АҚШ - 6 🇦🇺 Аустралия - 3 🇹🇷 Түркия - 0 🇵🇾 Парагвай - 0





Qazaqstan.tv » публикация №56870

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📣Аптадағы маңызды жаңалықтарға шолу 🥊Қазақстанның даңқты боксшысы Геннадий Головкиннің есімі ресми түрде Халықаралық бокс Даңқ залына енді Шенген аймағына кіру ережелері өзгерді 🎬Бозжырада Джеки Чанның жаңа фильмі түсіріліп жатыр ⚽️FIFA-2026: Өзбекстандық жанкүйерлер ерекше акция ұйымдастырды 🇰🇿Қазақстан әлемдегі бейбіт 50 елдің қатарына енді 💳Елімізде бірыңғай QR-код жүйесі енгізіледі 🛴1 шілдеден бастап электросамокаттарға қойылатын талап күшейеді Толығырақ аудиодан тыңдаңыз ▶️


Qazaqstan.tv » публикация №56869

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✈️Қазақстандықтар үшін Вьетнамға кіру тәртібі өзгерді Саяхаттауды жоспарлап жүргендер үшін ақпарат. Енді Вьетнамға ұшар алдында қазақстандықтар шекаралық бақылауда ұзын-сонар кезек күтпейді. Туристік ел Immigration Department деп аталатын сайтты іске қосты. ✍️Сол арқылы мәліметтеріңізді үш күн бұрын онлайн жүктеуге болады. Қазірдің өзінде Хошимин және Таншоннят қалаларына құжаттарды алдын ала рәсімдей аласыз. Алдағы уақытта жүйеге қазақстандықтар көп демалатын Ханой, Дананг, Камрань және Фукуок та енгізіледі.


Qazaqstan.tv » публикация №56868

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❗️Балалар қауіпсіздігі: Терезеден құлаған балалардың көбі 5 жасқа толмаған Терезеден құлаған балалардың көбі – 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндер. Осылай деген дәрігерлер ата -аналарға үндеу жасады. Бұл жаста бала қауіп-қатерді толық түсінбейді, сондықтан жазатайым жағдайларға жиі ұшырайды дейді. Масаға қарсы торларды балалар сенімді немесе қорғаныш ретінде қабылдауы мүмкін екенін ескертеді. Өкінішке қарай биіктен құлаған бала көбіне ауыр жарақат алады. Олардың қатарында аяқ-қол, омыртқа, қабырға және бас сүйек сынықтары, сондай-ақ ми мен ішкі ағзалардың зақымдануы кездеседі. 🪟Мамандардың сөзінше, 2-3 қабаттан құлаудың өзі бала өміріне аса қауіпті. Жарақаттың ауырлығы тек биікке ғана емес, баланың қалай құлағанына және қандай ағзалары зақымданғанына да байланысты. 🚑Дәрігерлер келгенге дейін баланы орнынан қозғамаған дұрыс дейді мамандар. Егер қан кетсе, оны таңғышпен тоқтатуға тырысып, бірден 103 қызметін шақырту керектігін ескертеді. Сондай-ақ бөбектерді жасөспірімдердің қарауына қалдырмауға шақырады.


Архив Qazaqstan.tv — страница 29

Это 29-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.