Life News Новостной агрегатор

Qazaqstan.tv — страница 30

Источник: Qazaqstan.tv · сбросить

Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 30. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


Qazaqstan.tv » публикация №56867

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❗️Алматыда дәмхана өртенді Алматы қаласының Жетісу ауданындағы дәмханалардың бірінде өрт шықты. 📌Өртті сөндіру барысында құтқарушылар қауіпті аймақтан 5 газ және 2 оттегі баллонын алып шықты. Өрт толық сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 600 шаршы метрді құраған. Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.


Qazaqstan.tv » публикация №56866

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Президент бірқатар заңға қол қойды ▫️«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына; ▫️«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына; ▫️«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.


Qazaqstan.tv » публикация №56864

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇰🇿🇵🇱Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Сенатының Маршалын қабылдады 🟦Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Республикасы Сенатының Маршалы Малгожата Кидава-Блоньскамен кездесті. 🟦Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайту және қос елдің заң шығарушы органдары арасындағы байланысты кеңейту мәселелері талқыланды. – Әлемдегі экономикасы ірі елдердің жиырмалығына енетін Польшамен ықпалдастықты ілгерілетуге ерекше мән береміз. Мемлекеттеріміз арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған сәттен бері шынайы достық байланыстар қалыптасты. Парламентаралық диалог жоспарлы әрі табысты түрде дамып келеді, – деді Мемлекет басшысы. 🟦Әңгімелесу барысында тарихи тамырластыққа айрықша назар аударылды. Президент көрнекті поляк этнографы Адольф Янушкевичтің қазақ тарихын, тұрмысы мен мәдениетін зерттеуге зор үлес қосқанын атап өтті. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев орайлы сәтті пайдалана отырып, Польша Президенті Кароль Навроцкийге және Премьер-министр Дональд Тускке ыстық ықыласын жолдады. Сондай-ақ Малгожата Кидава-Блоньска қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына шынайы ризашылығын білдірді.



Qazaqstan.tv » публикация №56862

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🚆Алматыдағы LRT құрылысы: Момышұлы көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі Алматыда жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасының құрылыс жұмыстарының басталуына байланысты Момышұлы көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. «Атап айтқанда, Мөңке би көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы үшін жолдың ортадағы екі жолағы жабылады. Құрылыс жұмыстары кезеңінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ жұмыс істемейді, сондай-ақ бейнебақылау камералары бұл жолаққа шыққан көліктерді тіркемейді. Жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, аталған учаскеде көлік қозғалысының қиындауы мүмкін екенін ескеру ұсынылады», - делінген хабарламада. Жеңіл рельсті көліктің (LRT) бірінші кезеңінің бағыты Момышұлы көшесі – Төле би көшесі – Абылай хан даңғылы – «Алматы-2» теміржол вокзалы бағытымен өтеді. Депо Алатау ауданындағы Индустриялық аймақтың оңтүстік бөлігінде орналасады. 🛤️Жобаның бірінші кезеңінің жалпы ұзындығы 18,3 шақырымды құрайды.


Qazaqstan.tv » публикация №56861

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🍏 Әйгілі Апорт алмасы қайта жаңғырады Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2027 жылға дейін Апорт бақтарының аумағы қосымша 100 гектарға ұлғайтылып, жалпы көлемі 110 гектарға жетеді. Мамандар вирустық аурулардан таза көшеттерді өсіріп, сұрыптың бірегей қасиеттерін сақтауға мүмкіндік беретін технологияларды әзірледі. Қазір алдағы 100 гектар аумаққа отырғызылатын сапалы көшет материалдары дайындалып жатыр.


Qazaqstan.tv » публикация №56860

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Елімізде зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізілмек: Арнайы жұмыс тобы құрылды Елімізде зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізу мәселесі талқыланып жатыр. Осы мақсатта арнайы жұмыс тобы құрылды. Еңбек министрлігі мен сарапшылар болашақта зейнетақы төлемдерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бірнеше жаңа тетікті қарастырып жатыр. Соның ішінде 40 жыл еңбек өтілі бар азаматтарға зейнетке шығу уақытын икемді реттеу ұсынысы да бар.



Qazaqstan.tv » публикация №56858

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

😇 Димаш Құдайберген астаналық түлекке ерекше сыйлық жасады Биыл елордада 16 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасты. №83 мектеп-лицейінің 11-сынып түлегі, «Алтын белгі» иегері Максим Цой қызыл аттестат алып, оқуын үздік аяқтады. Бұған дейін соңғы қоңырау рәсімінде ұстазымен бірге би билеп, көпшіліктің ықыласына бөленген ерекше білім беру қажеттілігі бар түлекке қазақстандық әнші арнайы сыйлық жолдап, ноутбук тарту етті.


Qazaqstan.tv » публикация №56857

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇰🇿🇲🇪Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович Бірлескен мәлімдеме қабылдады ✍️ Сапар аясында туризм, БАҚ саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ екі елдің сауда-экономикалық палаталары арасында байланыс орнатуға бағытталған құжаттарға қол қойылды.


Qazaqstan.tv » публикация №56856

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✈️ Алматыға Emirates SkyCargo компаниясының алғашқы жүк рейсі келді Бұл компанияның Орталық Азиядағы алғашқы бағыты. Жаңа апталық маршрут арқылы аптасына 100 тоннадан астам жүк тасымалданады. Бұл қазақстандық экспорттаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, халықаралық сауда байланыстарын кеңейтуге ықпал етеді. Сондай-ақ жоба Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы көлік-логистика ынтымақтастығын нығайтып, Алматы мен Дубай арасындағы жүк тасымалы әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.


Qazaqstan.tv » публикация №56855

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🔥 Эксклюзив: Черногория Президентінің кеңесшісі Ұлттық арнаға сұхбат берді Черногория Президентінің Қазақстанға сапары екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. «Аталған бағыттар Қазақстан мен Черногорияның іскер топтарының қатысуымен өтетін бизнес-форум аясында да қарастырылады. Черногория Президентімен бірге келген экономикалық делегация құрамында елдің жетекші туристік орталықтары мен даму институттарының өкілдері, соның ішінде «Porto Montenegro» және «Portonovi» компаниялары бар», - дейді Черногория Президентінің ішкі саясат және экономикалық даму жөніндегі кеңесшісі Небойша Вуксанович. Форум барысында Черногория тарапы өз елінің туристік әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыруды жоспарлап отыр. Толығырақ 21 мамыр сағат 17:40-та «Ақорда» бағдарламасынан көре аласыздар.


Qazaqstan.tv » публикация №56854

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇰🇿🇲🇪Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді ✔️Екі елдің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен жалғасқан келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасы талқыланды. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Подгорицада Қазақстан Бас консулдығының ашылуы Астананың екіжақты байланыстарды барынша кеңейтуге бейіл екенін көрсетеді. ✔️Осы орайда Президент елордамызда Черногорияның дипломатиялық миссиясын ашу, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды күшейту жөніндегі қарымта қадамдардың маңызын атап өтті. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория Ұлттық кітапханасы жанынан Абай орталығын ашуға ықпал еткені үшін Яков Милатовичке ризашылығын білдірді.


Qazaqstan.tv » публикация №56853

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🏖️ Balkhash Tour Fest 2026 фестивалі басталды Балқаш жағалауында ұйымдастырылып жатқан іс-шара мәдениет, спорт, туризм және инновация бағыттарын тоғыстырған ауқымды алаң. Фестиваль аясында халықаралық еріктілер экофорумы, спорттық жарыстар, шығармашылық байқаулар және интерактивті алаңдар ұйымдастырылған. Сондай-ақ 70 мыңнан астам қонақ келеді деп күтілуде. 📌 Толығырақ тілші Асылбек Данияр #Ақпараттың алдағы шығарылымында тарқатады.


Qazaqstan.tv » публикация №56852

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🚫 Нью-Йорктегі Times Square алаңында атыс болды Times Square маңында «Никс» командасының чемпионат парадынан кейін атыс болды. Салдарынан бір адам жарақат алды. Оқиға дүрбелең туғызып, адамдар жан-жаққа қашқан. Полицияның мәліметінше, күдікті оқиға орнында ұсталып, қару тәркіленді. Қазір оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр.


Qazaqstan.tv » публикация №56851

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇰🇿🇲🇪Қазақстан мен Черногория президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді 🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев: – Президент мырза, Қазақстанға ресми сапармен келгеніңізге өте қуаныштымын. Черногория мемлекеті басшысының алғашқы тарихи сапарына ерекше мән беріп отырмыз. Орайлы сәтті пайдалана отырып, еліңіздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуымен құттықтаймын. Осы жылдарда біз жақсы қарым-қатынас орнаттық. Өзара ынтымақтастығымыздың мазмұнын байыта түсу керек деп ойлаймын. Бұл экономикалық және іскерлік байланыстардың ауқымын арттыра түсуге ниетті екеніңізді көрсетеді. 🇲🇪Яков Милатович: – Құрметті Президент! Ең алдымен Қазақстанға шақырғаныңыз үшін алғыс айтамын. Өзіңіз атап өткендей, бұл – Черногория Президентінің Қазақстанға алғашқы ресми сапары. Бүгін біз екіжақты ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейте түсеміз деп сенемін. Екі елдің сауда палаталары бизнес форум өткізеді, бірқатар меморандумға қол қойылады. Черногория Қазақстан азаматтары үшін танымал бағыттардың бірі екенін білеміз.


Qazaqstan.tv » публикация №56846

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Жаз келісімен отбасымызбен, достарымызбен табиғат аясына шығып, таза ауада демалғанды жақсы көреміз. Бірақ демалыс қызықты әрі қауіпсіз өтуі үшін қарапайым ережелерді ұмытпаған жөн. Жаққан отты сөндірмей кету, қоқысты шашып тастау, қарапайым ережелерге мән бермеу табиғатқа да, адамға да қауіп төндіреді. 🌿 Табиғатқа шыққанда нені ескерген жөн? Қарапайым ережелер карусельде. ➡️



Qazaqstan.tv » публикация №56844

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🔋 Биыл 13,1 млн адам табиғи газбен қамтылды Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаевтың мәліметінше, биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдегі газдандыру деңгейі 64,2%-ға жетті. Өткен жылы 94 елді мекенге газ тартылып, 82 газбен жабдықтау жобасының құрылысы аяқталды. 📍Газдандыру деңгейі еліміздің батыс өңірлерінде, Жамбыл облысында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында 90%-дан асады. Алматы, Қызылорда, Түркістан, Қостанай және Жетісу облыстарында 60-90% аралығында. Ал Қарағанды, Ақмола және Ұлытау облыстарында бұл көрсеткіш 60%-дан төмен. ✔️ Биыл республикалық бюджеттен газ тасымалдау жүйесін дамытуға 27,3 млрд теңге бөлінді. Соның нәтижесінде газдандыру деңгейін 64,3%-ға дейін жеткізу және қосымша 32 мың адамды табиғи газбен қамту жоспарланып отыр.


Qazaqstan.tv » публикация №56843

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇰🇿🇲🇪Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Черногория Президентін қарсы алу рәсімі өтті Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.


Qazaqstan.tv » публикация №56842

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Парижде аптап ыстық Парижде ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, туристер мен жергілікті тұрғындар көлеңкелі жерлерден пана іздеп, су жағаларына көптеп барып жатыр. Елдің ұлттық метеорологиялық қызметінің хабарлауынша, Францияның кейбір аудандарында апта соңында сынап бағанасы 40 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін.


Qazaqstan.tv » публикация №56841

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🗓 13 шілдеде грант конкурсына өтініш қабылдау басталады Грант конкурсына құжаттар 13-20 шілде аралығында қабылданады. Бұл туралы Ұлттық Тестілеу орталығы хабарлады. Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн, виртуалды қабылдау…


Qazaqstan.tv » публикация №56840

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📲 БАӘ-де 15 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынды Біріккен Араб Әмірліктерінде 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде аккаунт ашуына, контент жариялауына және пікір қалдыруына заңмен тыйым салынды. Мұндай шешімді елдің министрлер кабинеті қабылдады.


Qazaqstan.tv » публикация №56839

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🐾 Атырауда Қызыл кітапқа енген жабайы жануар видеоға түсіп қалды Видеода Қазақстанда сирек кездесетін сусар тұқымдасына жататын шұбар күзен. Мамандардың айтуынша, бұл жыртқыш негізінен дала және шөлейт аймақтарды мекендейді. Сондықтан оны қала аумағында кездестіру өте сирек жағдай.


Qazaqstan.tv » публикация №56836

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

«Алтын Емел» паркінің аумағында дала қыранының балапаны фототұзаққа түсті Мамандар Қазақстанның Қызыл кітабына енген дала қыранының екі ұясын анықтаған. Олар мұнда фототұзақтар орнатып, географиялық координаттарын белгілеп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.



Qazaqstan.tv » публикация №56834

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🔋Пауэрбанкті қауіпсіз пайдалану ережелерін білесіз бе? Қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы сіз құрылғының ұзақ әрі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етіп қана қоймай, өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігін де қорғайсыз.


Qazaqstan.tv » публикация №56833

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🌐Әлем жаңалықтарына шолу 📝АҚШ пен Иран президенттері атысты тоқтату туралы келісімге қол қойды Бұл меморандумға сәйкес, тараптар алдағы 60 күнде барлық майданда, соның ішінде Ливанда да атысты доғарып, Тегеран санкциялардан босатылып, Ислам Республикасын қалпына келтіру қоры құрылуы керек. 💵Мұнай бағасы 77 долларға дейін арзандады Бүгін көмірсутегінің Brent маркасының баррелі 2 пайыз құн жоғалтып, 77 доллар 96 центке сатылды. Ал америкалық мұнайдың бағасы 74 долларға дейін түсіп кеткен. 💬Брюссельде НАТО елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті Онда Пентагон басшысы Пит Хегсет сөз сөйлеп, Американың Еуропада орналасқан әскерлері мәселесі қайта қаралатынын жариялады. ⏺Ливанда наурыздың басынан бері соғыстан 247 бала қаза тапқан Бұл туралы ЮНИСЕФ ұйымы мәлімдеді. ЮНИСЕФ дерегінше, тағы жүздеген мың бала көшіп-қонудан зардап шегіп, түрлі қауіптерге душар болып, негізгі қызмет түрлеріне қол жеткізе алмай отыр.


Qazaqstan.tv » публикация №56832

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🏆 Швейцария құрамасы 3 ұпайға ие болды 📌 Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі матчта Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді. ⚽️ Манзамби 74' ⚽️ Варгас 84' ⚽️ Манзамби 89' ⚽️ Махмич 90+4' ⚽️ Джака 90+7' (П)



Архив Qazaqstan.tv — страница 30

Это 30-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.