🏆 Швейцария құрамасы 3 ұпайға ие болды 📌 Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі матчта Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді. ⚽️ Манзамби 74' ⚽️ Варгас 84' ⚽️ Манзамби 89' ⚽️ Махмич 90+4' ⚽️ Джака 90+7' (П)
Qazaqstan.tv — страница 31
Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 31. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
🇨🇭 Швейцария – Босния және Герцеговина 🇧🇦 Қай құрамаға жанкүйерсіз? Дәл қазір «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінде матч қарсаңындағы студиялық бағдарлама өтіп жатыр.
🔥 Негізгі құрам 🇨🇭 Швейцария – Босния және Герцеговина 🇧🇦 📺 Тікелей эфир: «Qazsport»
♨️Елімізде аптап ыстық болады Шілде айында температура +50 градусқа дейін көтеріледі. 📱Шілде айында бірыңғай QR жүйесі іске қосылады Жаңа заң жүйесі 19 шілдеден бастап күшіне енеді 🗺️Қазақстан әлемдік туризм рейтингінде 28 сатыға жоғарылады Осылайша Орталық Азиядағы ең перспективалы бағыттардың біріне айналды. Осы жылдың алғашқы үш айында еліміздегі қонақүйлер мен демалыс орындары 2 миллионға жуық туристке қызмет көрсеткен. 2️⃣Еліміз бойынша жалған нөмір таққан 500-ден аса көлік анықталды Жалпы саны 2,5 мыңға жуық темір тұлпар айып тұрағына жеткізілді. 🌊Ғалымдар Каспий теңізін бақылайтын цифрлық жоба дайындады Ол арнайы қалтқыға орнатылып, су температурасын және ластану деңгейін тұрақты өлшейді. Жиналған мәліметтер радиобайланыс арқылы бірден құрлықтағы мамандарға жіберіледі. 🪂Жетісуда параплан спортынан Әлем чемпионаты өтіп жатыр Әуе спортындағы ең беделді бәсекеге әлемнің 30-дан астам елінің үздіктері жиналған.
🏆 Чехия мен ОАР арасындағы матч тең аяқталды Әлем Чемпионатының топтық кезеңі аясында өткен матчта қос құрама 1:1 есебімен тең тарқасты. ⚽️ Садилек 6' ⚽️ Мокоэна 83' (П)
💸Зейнет жасын күтпей-ақ зейнетақы алуға болады Елде шамамен 13 млн-ға жуық зейнетақы шоты тіркелген. Оның 11 млн-нан астамы міндетті зейнетақы жарналары бойынша ашылған. 📌Отандастарымыз да қазір 2 таңдау бар. Біріншісі – зейнетақы жинағын қорда қалдырып, зейнет жасына жеткен соң ай сайын алып отыру. Екіншісі – жинақты сақтандыру компаниясына аударып, «зейнетақы аннуитетін» рәсімдеу. Бірақ аннуитетті рәсімдеу үшін ер азаматтың зейнетақы шотында 9 млн 100 мың, ал әйелдердің шотында 11 млн 900 мың теңге жиналған болуы шарт. ⤴️Толық ақпаратты вилеодан көріңіз.
💳Шілдеде бірыңғай QR жүйесі іске қосылады 📌Енді әр банктің бөлек QR-коды болмайды. Бірыңғай төлем жүйесі енгізіледі. Бұл халыққа ыңғайлы ма? Кәсіпкер үшін тиімділігі қандай? Жаңа жүйе қашан қосылады? Ұлттық банк төрағасының жауабы қандай? Толығырақ видеодан көріңіз.
✉️Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады 🇰🇿🇵🇰Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Шахбаз Шарифті АҚШ пен Иран арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумның қол қойылуына дәнекер болған дипломатиялық әрекетінің нәтижелі аяқталуымен құттықтады. Президент осы тарихи келісімге қол жеткізуге ықпал еткен Пәкістанның конструктивті рөлін жоғары бағалап, Шахбаз Шарифтің көреген көшбасшылығын және оның қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу қағидатын дәйекті түрде жақтайтынын атап өтті.
ChatGPT Қазақстанға 1,8 млрд теңге салық төледі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, бірқатар шетелдік интернет-компаниялар салық міндеттемелерін толық орындамаған. ChatGPT әзірлеушісі қосымша құн салығы бойынша 1,8 миллиард теңгені толық төлемеген. Компанияға қазақстандық салық органдарынан тиісті хабарлама жіберілгеннен кейін берешек толық өтелді. Сонымен қатар тағы 76 шетелдік интернет-платформа, оның ішінде AliExpress те салық міндеттемелерін орындаған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы Атырау, Жамбыл, Маңғыстау және Ұлытау облыстары әкімдерінің баяндамасын тыңдады 🔹Әкімдер Президентке өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштер мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы есеп берді. Сондай-ақ облыс жетекшілері Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады. 🔹Қасым-Жомарт Тоқаев Серік Шәпкеновке, Ербол Қарашөкеевке, Нұрдәулет Қилыбайға және Дастан Рыспековке аймақтарды дамытудың жаңа тәсілдері қажет екенін ескертті. 🔹Сонымен қатар облыстардың экономикалық әлеуетін арттыру және азаматтар мүддесіне қатысты әлеуметтік мәселелерді шешу үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды. 🔹Президент балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, балаларды оңалту орталықтарының, емханалар мен ауруханалардың құрылысын жеделдету міндетін жүктеді. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» қоғамдық-саяси акциясы аясында ауқымды жұмыс жүргізу аса маңызды екенін атап айтты. 🔹Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтармен ұдайы байланыста болып, туындаған түйткілдерді уақтылы шешу қажеттігіне айрықша назар аударды. Бұдан бөлек, өңір басшыларына экологиялық ахуалды бақылауда ұстау, криминогендік құбылыстармен, заңды қасақана бұзу әрекеттерімен батыл түрде күрес жүргізу жөнінде тапсырма берілді.
Қазақстанның қай өңірінде электромобиль көп? 1 маусымдағы дерекке сәйкес 32 479 электромобиль есепке алынған. Бұл тіркелген барлық көлік құралдарының жалпы санының 0,5%-ын құрайды. 📍 Электромобильдер ең көп тіркелген өңірлер: Алматы қаласы – 17 506; Астана қаласы – 3 235; Алматы облысы – 2 857; Шымкент қаласы – 1 042.
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді 🟦Табиғи газ өңдеу және өнеркәсіптік газ өндірісіне маманданған америкалық компания жетекшісімен кездесу барысында аталған саладағы ынтымақтастықты дамыту перспективасы қаралды. 🟦Мемлекет басшысының айтуынша, Құрама Штаттар – Қазақстанның ірі экономикалық серіктестерінің бірі және еліміз өзара тиімді байланысты кеңейтуге мүдделі. 🟦Эдуардо Менезес компанияның Қазақстан экономикасына инвестиция құю мүмкіндігін қарастыратынын жеткізді. Өйткені Air Products газ өңдеу мен газ химиясы, сондай-ақ көмірді терең өңдеу салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытады. 🟦Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев аталған бастаманы құптап, Қазақстан тарапы оған қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін растады. ➡️Air Products компаниясы АҚШ-тың ірі компанияларының қатарына кіреді. Көгілдір отын өңдеу, өнеркәсіптік газ (азот, сутегі, оттегі) өндірісі бойынша халықаралық көшбасшылардың бірі саналады.
Қазақстанда қатерлі ісікті анықтау көрсеткіші 30 пайызға артты Медицина саласында заманауи технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Қазақстанда медициналық диагностика жасау уақыты 4 есе қысқарды. Ал қатерлі ісікті анықтау көрсеткіші 30 пайызға артты. Елімізде медицина саласына жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізудің арқасында осындай нәтижелерге қол жеткізді. Кәсіби мерекелері қарсаңында медицина мамандарын құттықтаған Президент бұл өзгерістердің сала дамуына жаңа серпін беріп отырғанын айтты.
Президент Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Жоғарғы сот төрағаларымен кездесті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жоғарғы соттарының екінші конференциясына қатысу үшін арнайы келген Әзербайжан Республикасының Жоғарғы сот төрағасы Инам Керимовты, Қырғыз Республикасының Жоғарғы сот төрағасы Медербек Сатыевты, Түркия Республикасының Кассациялық сот төрағасы Омер Керкезді, Түркия Республикасының Мемлекеттік кеңес төрағасы Зеки Йигитті, Өзбекстан Республикасының Жоғарғы сот төрағасының бірінші орынбасары Алишер Усмановты қабылдады.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың медицина қызметкері күніне орай өткен салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзінен
📢 18-20 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Черногория Президенті Яков Милатович Қазақстанға ресми сапармен келеді 🇰🇿🇲🇪19 маусымда тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасын талқылайды.
⚜️ Президент бір топ медицина қызметкерін жоғары мемлекеттік наградамен марапаттады
Елімізде 1800-ден астам медициналық мекеме цифрлық форматқа көшірілді Президент Қазақстан озық технологияларды барлық салаға, соның ішінде медицинаға белсенді түрде енгізе бастағанын айтты. Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты төрт есеге қысқарып, қатерлі ісікті анықтау көрсеткіші 30%-ға артқанына тоқталды. «Жасанды интеллект дәрігерлерге күрделі клиникалық шешімдерді қабылдауға септігін тигізуде. Бүгінде еліміздегі 1800-ден астам медициналық мекеме цифрлық форматқа көшірілді. Ақпараттық жүйелерді өзара байланыстыру, яғни, интеграциялау арқылы әкімшілік жүктеме 40 пайызға дейін төмендеді», - деді Мемлекет басшысы медицина қызметкері күніне орай өткен салтанатты іс-шарада.
Қарағанды медицина университетіне Петр Моисеевич Поспеловтың есімі берілді «Қарағанды медициналық университетіне осы оқу орнының негізін қалаған әрі оны ұзақ жылдар бойы басқарған Петр Моисеевич Поспеловтың атын беру туралы Үкімет пен медициналық қоғамдастықтың бастамасын қолдаймын. Белгілі Қарағанды медицина мектебінің бастауында тұрған әйгілі тұлғаның 125 жылдығы қарсаңында мұндай шешімнің қабылдануы – тарихи әділеттілік», - деді Мемлекет басшысы.
Астана медицина университетіне «ұлттық» мәртебе берілді «Маңдайалды отандық жоғары мектептердің бірі ретінде танылған «Астана медицина университеті» цифрлық денсаулық сақтау мен биомедицинаны табысты дамытып келеді. Үкімет аталған оқу орнының айқын жетістіктерін ескеріп, ол ең жоғары – Ұлттық университет мәртебесін алуға әбден лайық деп санайды. Бұл ұсынысты қолдаймын», - деді Президент. Сонымен қатар астаналық университетке көрнекті ғалым, отандық тағамтану ғылымы мен профилактикалық медицинаның негізін салушы, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановтың есімі берілді.
Президент Үкіметке бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізу жөнінде тапсырма берді «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының бірінші кезеңі сәтті іске асырылды. Биыл 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары аяқталады. Елімізде пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен 14 мыңнан аса нысан әлі де қызмет көрсетіп тұр. Сондықтан Үкімет бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізіп, олардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуы қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Елімізде жеті жылда 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынды Бұл туралы Президент медицина қызметкері күніне орай өткен салтанатты іс-шарада айтты. Сондай-ақ мемлекет медицина саласын дамытуға әрдайым баса назар аударатынын атап өтті. «Былтыр еліміз бойынша азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады. Соңғы үш жылда ана өлімі 35 пайызға, ал сәби өлімі 24 пайызға қысқарды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі көрсеткіш. Кейінгі жеті жылда еліміз бойынша 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынды», - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ең алдымен баршаңызға медицина қызметкері күні құтты болсын! Өткен жылы біз ардақты кәсіп иелері – медицина мамандарын алғаш рет Ақордаға шақырып, құрмет көрсеттік. Биыл да игі дәстүрге сай өздеріңізді осы жерде көргеніме өте ризамын. Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деген тағылымды сөзге ерекше мән берген. Ұлт саулығы – еліміз үшін бәрінен қымбат құндылық. Сондықтан медицина саласын дамыту мемлекеттің стратегиялық міндеті саналады. Осы орайда, дәрігердің ел өміріндегі орны айрықша екені сөзсіз. Шын мәнінде, денсаулық сақтау саласында қоғам игілігі үшін адал қызмет етіп жүрген әр қызметкердің еңбегі ерен. Халқымыз сіздерді ең қадірлі мамандық иесі ретінде сыйлайды және құрметтейді. Түптеп келгенде, медицина мамандары еліміздің басты байлығы – азаматтарымыздың денсаулығын нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді. Мен Мемлекет басшысы ретінде осы салада табанды еңбек етіп жүрген барша қызметкерге шынайы ризашылығымды білдіремін».
Бүгін Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі.
📊 Қазақстан әлемдік туризм рейтингінде 28 сатыға көтерілді Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форум жариялайтын Travel & Tourism Development Index рейтингінде 2019 жылы 80-орында болса, 2021 жылы 66-орынға көтерілді. Ал 2024 жылдың қорытындысы бойынша 52-орынға тұрақтады. Нәтижесінде 5 жыл ішінде 28 сатыға көтерілген. 🏖️ Туристер ең көп барған өңірлер қатарында Алматы, Астана және Ақмола облысы көш бастап тұр. Биыл елдегі демалыс орындары шамамен 2 миллион туристке қызмет көрсетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға жоғары. Сарапшылардың пікірінше, бұл өсім Қазақстанда туризм саласының қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді.
⚖️ Алматы облысында заңсыз субсидия жымқырған кооператив басшылары сотталды Алматы облысында «Бағдаулет и ПК» АӨК және «Амантaу-2023» АӨК басшыларына қатысты субсидияларды жымқыру және жалған шот-фактуралар жазып беру фактілері бойынша сот үкімі шықты. 🔹 Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мәліметінше, кооператив басшылары агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында жалған мәліметтер ұсыну арқылы бюджеттен 251 млн теңгеден астам субсидияны заңсыз алған. Сондай-ақ «ComputerService» ЖК арқылы жалған электрондық шот-фактуралар жазып беру схемасы арқылы бюджетке төленбеген 416 млн теңгеден астам салық көлемі анықталды. Сот қылмыстық схемаға қатысқан 2 адамды 6 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған BMW автокөлігі тәркіленді.
✔️ Иран мұнайы қайтадан әлемдік нарыққа шықты АҚШ әскери-теңіз күштерінің блокадасынан босатылған танкерлер халықаралық нарыққа қайта шыға бастады. Алғашқы екі кемеге 3,8 млн баррель мұнай тиелген. Тағы бір ирандық танкер 1 млн баррель энергетикалық шикізатты артып діттеген бағытына шықты.
Архив Qazaqstan.tv — страница 31
Это 31-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.