✔️ Иран мұнайы қайтадан әлемдік нарыққа шықты АҚШ әскери-теңіз күштерінің блокадасынан босатылған танкерлер халықаралық нарыққа қайта шыға бастады. Алғашқы екі кемеге 3,8 млн баррель мұнай тиелген. Тағы бір ирандық танкер 1 млн баррель энергетикалық шикізатты артып діттеген бағытына шықты.
Qazaqstan.tv — страница 32
Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 32. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
❓Зейнетақы жарнасын зейнетақы қорында қалдырған дұрыс па? Әлде сақтандыру компаниясына аударған тиімді ме? Зейнетақы аннуитеті деген не? Бұл сұрақтардың жауабын бүгін «Ақша әліппесінен» біле аласыз. ⏰20:25-те «Qazaqstan» телеарнасында!
📸 Қызыл кітапқа енген Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсіп қалды Түркістан сілеусіні - Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін жыртқыш аң. Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Түркістан сілеусінін бақылау мақсатында 2020 жылдан бері фототұзақтар орнатылып келеді. Қазіргі уақытта парк аумағында 70-80 бас сілеусін бар.
🏆 Англия Хорватиядан басым түсті 📌 Англия құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы матчында Хорватияны 4:2 есебімен жеңді. Бірінші таймда қос құрама тең ойнап (2:2), екінші таймда англиялықтар 2 гол соғып есепті еселеді. ⚽️ Кейн 12' (П) ⚽️ Батурина 36' ⚽️ Кейн 41' ⚽️ Муса 45+5' ⚽️ Беллингем 47' ⚽️ Рашфорд 85'
🏆 Англия мен Хорватия матчы қарсаңындағы студиялық бағдарлама ⚽️ L тобындағы тартысқа толы матчта кім ұпай ие болады? 🏴 Англия - Хоратия 🇭🇷 📺 Матчты «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
🏛Ұлттық музейге «ұлттық» мәртебе берілді ✍️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне «ұлттық» мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл шешім елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу ісіне берілген ерекше мәннің көрінісі. Жаңа мәртебе музейдің Орталық Азиядағы ең ірі музейлердің бірі әрі еліміздің жетекші мәдени-ағартушылық орталығы екенін айқындай түседі. «Ұлттық музейге берілген жаңа мәртебе еліміздегі музей ісінің одан әрі өркендеуіне, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жандануына, заманауи технологиялардың кеңінен енгізілуіне және Қазақстанның мәдени мұрасын ел ішінде де, халықаралық кеңістікте де кеңінен танытуға тың серпін береді деп сенемін», - деп жазды ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында. 📌Қазіргі таңда музей қорында 200 мыңнан астам жәдігер сақтаулы. Мұнда көрме залдары, ғылыми кітапхана, реставрация шеберханалары мен зертханалар жұмыс істейді. Жыл сайын музейге 600 мыңнан астам адам келеді. Сондай-ақ мұнда 400-ден астам маман еңбек етеді.
🇺🇿 Өзбекстандық жанкүйерлер Нью-Йорк көшелерінде Орталық Азия елдерінің туын желбіретті 🏆 Әлем чемпионатында алғаш рет бақ сынайтын Өзбекстан құрамасының жанкүйкерлері Колумбияға қарсы матч қарсаңында Азия елдерінің туын желбіретті. 🇺🇿 Өзбекстан - Колумбия 🇨🇴 📺 Ойынды «Qazsport» телеарнасынан көре аласыздар. 🎥 jahalife
🏆 FIFA WORLD CUP 2026 🇺🇿 Өзбекстан - Колумбия 🇨🇴 📺 Ойынды «Qazsport» телеарнасынан көре аласыздар.
✍️Депутат жатақхана орындарын бөлетін платформа құруды ұсынды Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау жатақхана орындарын бөлетін ұлттық цифрлық платформа құруды ұсынды. Депутаттың айтуынша, соңғы жылдары жаңа жатақханалар салынып жатыр. Мәселені шешу бағытында жұмыс жүргізілуде. ❗️Алайда түйткіл түбегейлі шешілмеген. Осыған байланысты ол студенттік тұрғын үйдің бірыңғай ұлттық цифрлық платформасын құруды ұсынды. Бұл жатақхана орындарын онлайн есепке алып, ақпараттың қолжетімділігін арттырады. Сондай-ақ депутаттық сауалда жатақхана салатын инвесторларға қосымша ынталандыру тетіктерін енгізу ұсынылды.
🗓 13 шілдеде грант конкурсына өтініш қабылдау басталады Грант конкурсына құжаттар 13-20 шілде аралығында қабылданады. Бұл туралы Ұлттық Тестілеу орталығы хабарлады. Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн, виртуалды қабылдау комиссиялары немесе eGov порталы арқылы онлайн тапсыруға болады. 📌 Грант конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі: ✔️ Жеке куәлік; ✔️ ҰБТ сертификаты; ✔️ 3×4 көлеміндегі фото; ✔️ Орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом; ✔️ Жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар; ✔️ B167 «Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану» білім беру бағдарламасына түсушілер үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы.
🏆 FIFA WORLD CUP 2026 🇵🇹 Португалия - Конго ДР 🇨🇩 📺 Ойынды сағат 21:50-де «Qazsport» телеарнасынан көре аласыздар.
🤩 26.06.2026: Ерекше датада неше жұп неке қияды? 26 маусымға неке қиюға тіркелгісі келетіндер үшін өтініш қабылдау уақыты 11 маусымда аяқталды. 📌 Биыл ең көп өтініш түскен қалалар: Алматы қаласы - 830 Астана - 740 Шымкент - 141
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму саласындағы мақсаттар жөніндегі өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.
✅ Әскерге бармаған азаматтар әскери мамандық алып, әскери билет ала алады Бағдарламаға әскери қызметтен өтпеген 24-27 жас аралығындағы әскерге шақырылушылар, әскери қызметке жарамды және денсаулығына байланысты болмашы шектеулері бар әскерге шақырылушылар қабылданады. 📌 Өтініш eGov порталы арқылы қабылданады. Оқу барысында азаматтар логистика, автокөлік және сауытты техника жөндеу, автоэлектрика, дәнекерлеу, аспаздық және басқа да әскери-есептік мамандықтарды меңгереді. Сондай-ақ ұшқышсыз авиациялық жүйелер операторларын даярлау бағдарламасы енгізілген. ✔️ Оқуды аяқтағаннан кейін түлектерге «қатардағы жауынгер» атағы беріледі. Кейін мерзімді қызметтен босатылады.
🏆 FIFA WORLD CUP 2026 🇵🇹 Португалия - Конго ДР 🇨🇩 📺 Ойынды сағат 21:50-де «Qazsport» телеарнасынан көре аласыздар.
🔥 Астанада триатлон саябағында қасақана өрт қойғандар ұсталды Астанадағы саябақтардың бірінде газонға қасақана өрт қойған 4 жасөспірім ұсталды. Аталған факті бойынша бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар жасөспірімдердің ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Қазір өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Алматы облысында 65 адам тағамнан уланды Алматы облысында 65 адам тағамнан уланып, дәрігер көмегіне жүгінді. Олардың барлығы Боралдай кентіндегі «Алатау-4» базарында орналасқан Sushi Time дәмханасының өнімдерін тұтынған. Зардап шеккендердің 36-сы ауруханаға жатқызылса, 29 адам амбулаториялық ем алуда. Қазір барлық науқастың жағдайы тұрақты. Оқиғаға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық мамандар тексеру жұмыстарын бастаған. Тергеу аяқталып, оқиғаның нақты себептері анықталғанға дейін дәмхананың жұмысы уақытша тоқтатылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады Мемлекет басшысына Қордың биылғы бес айдағы жұмыс қорытындылары және орта мерзімді кезеңге арналған даму жоспары туралы есеп берілді. Ауқымды инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру жалғасуда. Биыл 3,3 триллион теңгеге 16 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Мойынты – Қызылжар, Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желілерінің құрылысы, Қашағандағы газ өңдеу зауыты, Алматы екінші жылу электр орталығын жаңғырту, гибридті электр станциясын салу және Каспий теңізінің табанына талшықты-оптикалық желі төсеу жобалары қолға алынған. Биыл қазан айында Қосшы қаласында NVIDIA B300 базасындағы жаңа суперкомпьютерді іске қосу жоспарланғанын мәлімдеді. Мемлекет басшысы қордың негізгі жұмыс бағыттары, соның ішінде басты инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыру бойынша бірқатар міндет жүктеді.
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттік төрағасының «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлықты іске асыруға арналған есебін тыңдады. Мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау нәтижелеріне айрықша назар аударылды. Қабылданған шаралар бір көзден сатып алу үлесін 39 пайыздан 24 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік беріп отыр. Кездесу соңында Президент Агенттік төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.
Биыл қылмыс 9%-ға төмендеді Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты. 2026 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша тіркелген қылмыс саны былтырғы кезеңмен салыстырғанда 9 пайызға төмендеген. Осы кезеңде өткен жылдары жасалған 1685 қылмыс ашылған. Жасырынып жүрген 574 қылмыскер, оның ішінде 89-ы шетелден табылды.
Петропавлда тәртіп сақшысы 2 баланы аман алып қалды Полиция подполковнигі Ержан Тамышев жұмыстан кейін үйіне бара жатып, бесінші қабаттағы терезе алдында ойнап отырған екі кішкентай баланы байқап қалған. Ол дереу пәтерге көтеріледі. Балалардың әкесі үйде ұйықтап жатқан, ал анасы дүкенге кеткен. Екеуі де мас күйде болғаны анықталды. Балалардың үлкені 4, кішісі 3 жаста. Олар бейімдеу орталығына орналастырылды. Отбасыға қатысты материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия қарауына жолданады.
😍 Астанада ерекше музей ашылды Мұнда алғашқы локомативтерден бастап, заманауи пойыздарды бір жерден көруге болады. Төрт залдан тұратын нысанда 250-ден астам жәдігер бар. Сондай-ақ экспонаттарды AR және VR көзілдіріктері арқылы көруге болады. 📍Айта кетейік, музей Нұрлы жол теміржол вокзалында орналасқан. 🎥Толығырақ видеодан көріңіз.
🔥 FIFA-2026: Өзбекстандық жанкүйерлер ерекше акция ұйымдастырды Өзбекстан құрамасының жанкүйерлері футболдан Әлем чемпионаты аясында өз елінің ғана емес, Орталық Азия мемлекеттерінің туларын көтеріп, қолдау білдірді. Бұл көрініс тарихи, тілдік және мәдени жақындығы бар халықтар арасындағы бауырластық пен өзара қолдаудың символы ретінде бағаланады.
📸 Катонқарағайда бірнеше жануар фототұзаққа түсіп қалды Былтыр Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің алыс айналымдарына жабайы жануарларды бақылау мақсатында фототұзақтар орнатылған. Биыл маусымда жүргізілген кезекті тексеру барысында фототұзақтарға қоңыр аю, құну, тау ешкілері және ақпан айында қасқырлар түскен.
🇰🇿Қазақстандық оқушылар Еуропалық физика олимпиадасында 4 медаль жеңіп алды Швецияның Гётеборг қаласында өткен Еуропалық физика олимпиадасында (EuPhO 2026) Қазақстан құрамасы 4 медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынына 3 күміс және 1 қола медаль түсті. Күміс жүлдені астаналық оқушылар Сейтқамит Арғын мен Сабыров Мерген, сондай-ақ Қостанай облысының оқушысы Әбдіқадыр Таир иеленді. Ал қола медаль Алматы қаласының оқушысы Жоламан Абылайханға бұйырды. 📌Биылғы олимпиадаға әлемнің 41 елінен 200-ден астам оқушы қатысты.
❗️Қазақстан мен ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан топ ұсталды ҚР Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Чехия полициясы бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында Қазақстан мен ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін заңсыз таратқан халықаралық арна жойылды. 💬Күдіктілер Қазақстан және көршілес мемлекеттер азаматтарының жеке деректері орналастырылған жабық интернет-ресурс құрған. 📌Олар жеке деректерді заңсыз анықтауға қатысты тапсырыстарды қабылдап, өңдеумен айналысқан. Түскен қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дроп-аккаунттар пайдаланылған. Қылмыстық схеманы ұйымдастырды деген күдікке ілінгендер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.
🤩Димаш Құдайберген жаңа челлендж бастады Димаш Құдайберген жаңа «AQERKE» әніне челлендж жариялады. Өнер иесі жанкүйерлерін ән үзіндісіне билеп, ерекше бейнеролик түсіруге шақырды. ⚡️Байқау шарты бойынша, ең көп қаралым жинаған видеоның авторы жеңімпаз атанып қана қоймай, әншінің келесі бейнебаянына түсу мүмкіндігіне ие болады. 🗓Челлендж 1 тамызға дейін жалғасады. Қатысушылар челленджге жеке де, би ұжымымен де қатыса алады. 📺@qazaqstantv
Архив Qazaqstan.tv — страница 32
Это 32-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.