🤩Димаш Құдайберген жаңа челлендж бастады Димаш Құдайберген жаңа «AQERKE» әніне челлендж жариялады. Өнер иесі жанкүйерлерін ән үзіндісіне билеп, ерекше бейнеролик түсіруге шақырды. ⚡️Байқау шарты бойынша, ең көп қаралым жинаған видеоның авторы жеңімпаз атанып қана қоймай, әншінің келесі бейнебаянына түсу мүмкіндігіне ие болады. 🗓Челлендж 1 тамызға дейін жалғасады. Қатысушылар челленджге жеке де, би ұжымымен де қатыса алады. 📺@qazaqstantv
Qazaqstan.tv — страница 33
Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 33. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
😍 Аргентина жанкүйерлерінің қуанышы 📌 Месси бастаған Аргентина құрамасы қай кезеңге дейін барады?
🐐 Месси Аргентинаға жеңіс сыйлады 🇦🇷🆚🇩🇿 Әлем чемпионатының алғашқы ойынында Аргентина құрамасы Алжирмен кездесті. ⚽️⚽️⚽️ Матчта Лионель Месси хет-трик жасап, Аргентина жеңіске жетті. 📌 Бұл кездесу Лионель Месси үшін тарихи сәтпен аяқталды. Алжир қақпасын үш гол соққан ойыншы Әлем чемпионаттарындағы жалпы голдар санын 16-ға жеткізіп, германиялық аңыз Мирослав Клозенің рекордын қайталады.
🐱Алматы хайуанаттар бағына канадалық сілеусіндер әкелінді Алматы хайуанаттар бағы жаңа жануарлармен толықты. АҚШ-тан жануарлар алмасудың халықаралық бағдарламасы аясында канадалық сілеусіндердің жұбы жеткізілді. 📌Міндетті карантин мен ветеринарлық бақылаудан кейін сілеусіндер жаңа ортаға бейімделіп, келушілерге көрсетіле бастады. Еркек сілеусін 3 жаста, ал ұрғашысы 7 жаста. Мамандар сілеусіндердің жаңа ортаға толық бейімделіп, болашақта төл беруіне үміт артып отыр.
🔥 Негізгі құрам 🇦🇷 Аргентина - Алжир 🇩🇿 📺 Тікелей эфир: «Qazsport»
🇳🇴 Норвегия құрамасы Әлем Чемпионатын жеңіспен бастады 🏆 Топтық кезеңдегі Ирак құрамасына қарсы матчта викингтер 1:4 есебімен жеңіске жетті. ⚽️ Холанд 29' ⚽️ Хуссейн 39' ⚽️ Холанд 43' ⚽️ Эстигор 76' ⚽️ Торстведт 90+6' Эрлинг Холанд өзінің алғашқы Әлем Чемпионатында дубль авторы атанды.
🔥 Негізгі құрам 🇮🇶 Ирак – Норвегия 🇳🇴 📺 Тікелей эфир: «Qazsport»
🏆 Франция Сенегалдан басым түсті 🇫🇷 🇸🇳 Әлем Чемпионатының топтық кезеңінде Франция мен Сенегал арасындағы ойын 3:1 есебімен аяқталды. ⚽️ Мбаппе 66' ⚽️ Барколя 82' ⚽️ Мбайе 90+5' ⚽️ Мбаппе 90+6' ⚽️ Килиан Мбаппе кездесуде екі гол соғып, Франция ұлттық құрамасының тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды.
🇫🇷 Франция – Сенегал 🇸🇳 Қай құрамаға жанкүйерсіз? Дәл қазір «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінде матч қарсаңындағы студиялық бағдарлама өтіп жатыр.
🇪🇺 «Қайраттың» Чемпиондар Лигасындағы қарсыласы анықталды 🟡Алматылық ұжым Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Черногория чемпиондары «Сутьескамен» кездеседі. 🇪🇺 Сонымен қатар, Конференция Лигасының 1-іріктеу кезеңінде «Астана» «Динамо Ситимен» (Албания), ал семейлік «Елімай» Арменияның «Алашкерт» клубымен ойын өткізеді.
🔥 Негізгі құрам 🇫🇷 Франция – Сенегал 🇸🇳 📺 Тікелей эфир: «Qazsport»
🚉Алматыда LRT мен SkyTrain салынады Қала әкімдігінің мәліметінше, жоба көлік кептелісін азайтып, экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған. 🚗Жыл басталғалы мас жүргізушілердің кесірінен 165 жол апаты болып, 8 адам ажал құшты Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ішімдік ішіп, рөлге отырған 9 мың жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылған. ❗️Drama RAT: Бас прокуратура алаяқтық жүйе туралы ескертті Шетелдік дереккөздерге сүйенсек, зиянды бағдарлама танымал сервистер, пайдалы қосымшалар мен құжаттар ретінде бүркемеленіп, мессенджерлер, SMS-хабарламалар және электрондық пошта арқылы таратылады. ❌ҰБТ өткізілген 5 апта ішінде талапкерлер 470-тен астам ереже бұзды Оның ішінде 300-ге жуық талапкер смартфон, смарт-көзілдірік, микроқұлаққап, шпаргалка сынды тыйым салынған заттарды алып өтуге әрекет жасағаны үшін тестілеуден шеттетілді. 🇺🇸🇺🇦Францияда өтіп жатқан «Үлкен жетілік» саммитінде Трамп пен Зеленский кездесті Осы жүздесуден кейін АҚШ президенті мәлімдеме жасап, Зеленскиймен жақсы келіссөз жүргізгенін айтып, Ресейді Украинамен бейбіт келісім жасауға шақырды. 🛜Елімізде жаздың соңына дейін жолаушылар пойыздары толық интернетке қосылады Қазір Астана – Алматы және Астана – Өскемен бағыттарындағы пойыздарда Starlink интернеті бар. 📵Ұлыбритания үкіметі 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салмақ Жаңа ережелер танымал платформаларды түгел қамтуы мүмкін. 🌟Талдықорғандық дәрігерлер алғаш рет жүрекке жасанды сол жақ қарынша құрылғысын орнатты 6 жылдан бері ауырған 46 жастағы ер адамның жүрегі үш есе ұлғайып кеткен. 🔴Қарақұрт шаққан 6 адам жансақтау бөлімінде жатыр Маңғыстауда қарақұрт көбейді. Соңғы бір айда улы жәндіктен 23 адам зардап шеккен. Олардың арасында балалар да бар.
🏆 FIFA WORLD CUP 2026 🇦🇷 Аргентина - Алжир 🇩🇿 📺 Ойынды ертең таңғы сағат 05:50-де «Qazsport» телеарнасынан көре аласыздар.
📑Риэлтор ұсынатын «эксклюзивті келісімшарт» деген не? Көп жағдайда агенттіктер клиенттерге «эксклюзивті келісімшарт» деп аталатын құжат ұсынады. Бұл құжатқа қол қойғаннан кейін үйді тек сол агенттік арқылы сатуға міндеттейді. ❗️Бірақ кейбір келісімшарттарда даулы тармақтар кездеседі. Сатып алушыны өзіңіз тауып, тіпті пәтерді туысыңыз алса да, агенттікке комиссия төлеуге міндетті боласыз. Ал егер риэлтор белгіленген мерзімде пәтерді сата алмаса, мүлдем айыппұл төлемейді. Себебі шартта оның жауапкершілігі қарастырылмаған. ⤴️Толығырақ видеодан көріңіз.
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады 🟦Президентке Қытай Халық Республикасында ұйымдастырылған Alatau City Roadshow қорытындысы туралы мәлімет берілді. 🟦Нәтижесінде жалпы сомасы 6,4 миллиард доллар болатын 30 келісім мен меморандумға қол қойылған. 🟦Бұдан бөлек, кездесуде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының орындалу барысы қарастырылды. 🟦Биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңартуға 1,1 триллион теңгеден астам қаржы бөлінеді. Мемлекет басшысы энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларына отандық тауар өндірушілерді кеңінен тарту қажеттігіне назар аударды. 📌еліміздегі, әсіресе, оңтүстік облыстардағы вегетация кезеңін айрықша бақылауды ұстауды тапсырды. 📌Алатау қаласын дамытуға арналған орнықты модель қалыптастырудың, дүние жүзінен капитал тартып, инновацияларды игеру үшін қолайлы орта құрудың маңызына тоқталды. Үкіметке Алатау қаласының инфрақұрылымына қажетті қаржы бөлу міндетін жүктеді.
🇫🇷 🆚 🇸🇳 Бүгін Килиан Мбаппе бастаған Франция Сенегалға қарсы ойнайды 📺 Тартысты кездесуді сағат 23:50-де «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналарынан тікелей эфирде көре аласыздар.
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді 🟦Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Үкімет мүшелері ғарыш саласының қазіргі жай-күйі, іске асырылып жатқан жобалар және даму перспективасы туралы баяндады. 🟦Мемлекет басшысы саланың стратегиялық мәнін атап өтіп, спутниктік байланыс пен ғарыш инфрақұрылымының орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. 🟦Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев экономика мен мемлекеттік басқарудың игілігі үшін спутниктік жүйелерді дамытуға, ғарыш инфрақұрылымын жетілдіруге, сондай-ақ ғарыш деректеріне негізделген қолданбалы шешімдерді енгізуге бағытталған негізгі жобаларды жүзеге асыру жөнінде мәлімет берді. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаһандық ғарыш секторы түбегейлі өзгерді. Бұл сала тек ірі державалардың «жабық клубына» тиесілі болған дәуір артта қалды. Бүгінде жеке компаниялар байланыс, хабар тарату, навигация, ғарыш мониторингі, ғылыми зерттеулер және интернетпен қамтамасыз ету секілді қолданбалы бағыттарды белсенді түрде дамытып келеді. 🟦Бұдан бөлек, ғарышты игеру ғылымын ілгерілету мәселелері қаралды. Әсіресе, ғылыми зерттеулерге, соның ішінде астрофизикаға қолдау көрсету қажеттігі атап өтілді. Ұлттық технологиялық және инженерлік әлеуетті нығайтудың маңызды кезеңі саналған «Бәйтерек» жобасын іске асыру барысы оң бағаланды. 🟦Сондай-ақ Мемлекет басшысы халықаралық ынтымақтастық перспективасына тоқталып, Ресей Федерациясымен және басқа да шетелдік серіктестермен стратегиялық ықпалдастықты дамыту қажет екенін айтты. Байқоңыр қаласы мен оған жақын аудандарда тұратын азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға мән берілді. 🟦Президент Үкіметке ғарыш саласын жаңғыртуды және оның әлеуетін мемлекет мүддесіне тиімді пайдалануды көздейтін бірқатар нақты тапсырма берді.
🎙Димаш 12 800 жанкүйерімен бірге ән шырқады Ақтөбедегі Орталық стадионда Димаш Құдайбергеннің 12 800 жас жанкүйері «Ақерке» әнін бірге орындады. «Туған жеріме келіп, жүздеріңізді көргеніме қуаныштымын. Сағынып қалыппын. Әлемге көрсетуге лайықты бейнебаян түсіріледі деп сенемін», - деді әнші. Видео: Kazinform
Алматыдағы «Медеу» маңындағы автотұрақ уақытша жабылады Алматыдағы «Медеу» мұз айдынының аумағындағы автотұрақ бүгіннен бастап уақытша жабылады. Шектеу жыл соңына дейін жалғасады. Бұл туралы қалалық құрылыс басқармасының өкілдері хабарлады. Қазір кешен аумағында құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Осыған байланысты қауіпсіздік мақсатында уақытша шектеулер кезең-кезеңімен енгізілуі мүмкін. Теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікте орналасқан «Медеу» – әлемдегі ең биік таулы спорт кешендерінің бірі. Нысанды жаңғырту жұмыстары 2024 жылдың қазан айында басталған. Жоба аясында инженерлік инфрақұрылым жаңартылып, келушілер үшін қолайлы жағдай жасалады. Қайта жаңғырту жұмыстарын 2027 жылдың төртінші тоқсанына дейін аяқтау жоспарланған. Мамандар тұрғындар мен қала қонақтарына сапарларын алдын ала жоспарлап, қоғамдық көлік немесе балама бағыттарды пайдалануға кеңес береді.
Елімізде жолаушылар пойыздары толығымен интернетке қосылады Жаздың соңына дейін жолаушылар пойыздары толық интернетке қосылады. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте мәлім болды. Қазір Астана – Алматы және Астана – Өскемен бағыттарындағы пойыздарда Starlink интернеті бар. «Қазақстан Темір Жолы» басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов мәлім еткендей, Алматы – Павлодар, Павлодар – Түркістан және Нұрлы жол-Атырау құрамдарында терминалдар орнатылып жатыр.
🔥 Павлодарда пауэрбанк жарылып, блогер қыз күйік алды 📱 Қыздың айтуынша, жаттығу кезінде сөмкесінен түтін шыға бастаған. Көп ұзамай ішіндегі пауэрбанк жарылып, өрт тұтанған. Блогер алғашқы сәтте қауіпті байқамай қалғанын айтады. Оқиға салдарынан ол күйік алып, ауруханаға жеткізілген. ⚠️ Мамандар қуаттағыш құрылғыларды күннің астында қалдырмауға, соққыдан қорғауға және сапасыз өнімдерді пайдаланбауға кеңес береді. 📸: @dilyara_k11
🚗 Үй ауласында көлік қою: ІІМ желіде таралған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді Әлеуметтік желілерде 1 шілдеден бастап тұрғын үйлердің ауласында көлік қоюға тыйым салынатыны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі ресми түсініктеме берді. Ведомство көлік құралдарын тоқтату және тұраққа қою талаптары өзгермегенін мәлімдеді. «Көлік құралдарын гүлзар, көгал, балалар және спорт алаңдарына қоюға және тоқтауға тыйым салатын қолданыстағы нормалар күшінде екенін еске саламыз», – делінген хабарламада.
🚆 Елімізде жаңартылған 30 теміржол вокзалы 1 шілдеге дейін пайдалануға беріледі 🏗Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты. Министрдің айтуынша, жобаға еліміздің барлық өңіріндегі 124 вокзал енгізілген. Қазіргі уақытта 36 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталған. Жергілікті атқарушы органдар вокзал маңындағы аумақтарды абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.
😍 Кабо-Верде жанкүйерлерінің қуанышы 🇨🇻 Бұл құрама өз тарихында алғаш рет Әлем чемпионатына жолдама алып, бірінші матчта Еуропа чемпионы Испаниямен тең түсті. 📌 Тарихи нәтиже көрсеткен Кабо-Верде құрамасының ойыны жанкүйерлерге ерекше эмоция сыйлады.
Қызылордада екі аяғынан айырылған аттракцион қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр Қызылорда демалыс паркіндегі аттракционда 18 жастағы бозбала екі аяғынан айырылды. Ауыр жарақат алған ол қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккен азамат демалыс орнының қызметкері болып шықты. Аттракцион жас жігіттің аяғын кескілеп тастаған. Ойын-сауық орны жеке кәсіпкерге тиесілі. Қазір полиция тарапынан еңбек қауіпсіздігі қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
🚙Алматыда роботакси таныстырылды Алматыда Yandex Qazaqstan компаниясының роботаксиі таныстырылды. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Алғашқы кезеңде роботакси пилоттық режимде іске қосылып, шектеулі аумақта сынақтан өткізіледі. Бұл тәсіл технологияны қаланың нақты жол жағдайларына бейімдеуге мүмкіндік береді. 🌟Компания өкілдерінің мәліметінше, сервисте диспетчерлермен тәулік бойы байланыс орнатылып, барлық сапар сақтандырылады. Пилотсыз көлікті басқару жүйесі жасанды интеллект технологиялары, жол қозғалысын үздіксіз бақылау және қауіпсіздік алгоритмдеріне негізделген. 🗺Жоба сәтті жүзеге асып, жүйенің сенімділігі дәлелденген жағдайда роботакси қызметінің ауқымы кеңейтіледі. 📺@qazaqstantv
Архив Qazaqstan.tv — страница 33
Это 33-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.