Qazaqstan.tv — страница 34
Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 34. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
Ұландықтар Головкинді халықаралық бокс даңқы залына есімі жазылуымен құттықтады Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Геннадий Головкиннің тарихи жетістігіне орай патриоттық акция ұйымдастырды. Олар саптық алаңда «GGG» жазуын бейнеледі. 📌Шара Геннадий Головкиннің АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласында орналасқан Халықаралық бокс даңқы залына (IBHOF) қабылдануына орай ұйымдастырылды. 📺@qazaqstantv
❓Риэлторлардың қызметі заңмен қалай реттеледі? Эксклюзив келісімшарттың қандай қаупі бар? Басқа елдерде бұл жүйе қалай жұмыс істейді? ⏰Осы және өзге де сұрақтардың жауабын бүгін сағат 20:25-те «Ақша әліппесінен» көріңіз. 📺«Qazaqstan» телеарнасы қосулы болсын!
☀️Еліміздің бірқатар өңірінде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады Синоптиктердің болжамынша, 16-18 маусым аралығында Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде жел күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін. 📍16 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, ал 18 маусымда Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. 📍Сонымен қатар күндіз еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы +35...+40 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. 📍Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде де күн қатты ысиды. Мұнда ауа температурасы +35...+38 градусқа дейін жоғарылайды. Ал елдің қалған аумағында температуралық фон айтарлықтай өзгермейді. 📺@qazaqstantv
Қазақстанда алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды 📣Ішкі істер министрлігінде алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болғанын ескертті. Ведомствоның мәліметінше, соңғы уақытта қаскөйлер күштік құрылымдар мен құқық қорғау органдары басшыларының аты-жөні мен фотосуреттерін пайдаланып, жалған аккаунт ашу фактілері көбейген. 📱Олар мессенджер мен әлеуметтік желілер арқылы хабарласып, өздерін лауазымды тұлға, бұрынғы әріптес немесе таныс адам ретінде таныстырады. Алаяқтар түрлі сылтаумен шұғыл түрде қарызға ақша аударуды сұрайды. Осыған байланысты ІІМ азаматтарды ақша аударуды талап еткен хабарламаларға, тіпті ол таныс адамның атынан келсе де, бірден сенбеуге шақырады. ⚠️Сондай-ақ министрлік ешкімге SMS-код, банк картасының деректерін, құпиясөз бен өзге де жеке мәліметтерді бермеу керек екенін ескертті. Бұдан бөлек, күмәнді сілтемелерден өтпеуге және белгісіз қосымшаларды орнатпауға кеңес береді. 📌Егер осындай хабарлама келсе, ақпараттың рас-өтірігін міндетті түрде өзіңіз білетін телефон нөмірі немесе ресми байланыс арналары арқылы тексеру қажет. 📺@qazaqstantv
🔴Алматыда мопед ұрлаған жасөспірімдер ұсталды Алматы қаласының Медеу ауданында полиция қызметкерлері мопед ұрлығына қатысы бар төрт кәмелетке толмаған жасөспірімді ұстаған. Қазіргі уақытта олардың кемінде 6 ұрлық дерегіне қатыстылығы дәлелденген. Іс бойынша заттай дәлелдемелер тәркіленіп алынып, аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. «Кәмелетке толмағандардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар балаларды тәрбиелеу және олардың мінез-құлқын бақылау бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдері де әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.
🏆 Бельгия мен Египет тең тарқасты 🇧🇪 🇪🇬 FIFA World Cup 2026 турнирінің топтық кезеңінде Бельгия мен Египет құрамалары өзара жеңімпазды анықтай алмады. ⚽️ Тартысты өткен кездесуде қос команда да гол соғып, матч 1:1 есебімен аяқталды. Осылайша Бельгия мен Египет топтық кезеңдегі маңызды бір ұпайдан еншіледі. ⚽️ Ашур 19' ⚽️ Хани 66' (АГ)
🇧🇪Бельгия - Египет 🇪🇬 Қай құрамаға жанкүйерсіз? Дәл қазір «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінде матч қарсаңындағы студиялық бағдарлама өтіп жатыр.
📊Қазақстан экономикасы 5 айда 3,7 пайызға өсті Бұл туралы Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен экономиканың өсімін қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңесте айтылды. Ең үлкен өсім машина жасау саласында - 22,2 пайыз. 5 айда 81 мыңнан астам автокөлік құрастырылған. Өңдеу, химия, ауыл шаруашылығы салаларында да қарқын жоғары. Премьер-министр инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жаңа өндірістерді уақтылы іске қосу және қолда бар өсу резервтерін тиімді пайдалану жөніндегі жұмысты күшейту қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, жарты жылдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексінің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік органдары бірінші басшыларының дербес жауапкершілігін бекітті.
🏆 Испания мен Кабо-Верде арасындағы матчта есеп ашылмады ⚽️ Кездесу барысында екі команда да гол соғатын бірнеше мүмкіндікке ие болғанымен, есеп ашылған жоқ. Нәтижесінде матч 0:0 есебімен аяқталды. 🗣 Осылайша Испания мен Кабо-Верде H тобындағы жарысты бір ұпайдан бастады.
Цифрлық теңге шілде айында күшіне енеді Қазақстанда цифрлық теңге шілде айында күшіне енеді. Бұл туралы еліміздің Қаржы вице-министрі айтты. Әсет Тұрысовтың сөзінше, цифрлық теңге ұлттық валютамыздың үшінші және жаңа нысаны ретінде ресми түрде бекітілген. Өткен жылы Ұлттық банкпен бірлесіп 20 пилоттық жоба іске қосылса, биыл цифрлық ақшамен жүзеге асырылатын 200-ге жуық жоба мақұлданып отыр. Цифрлық теңге тек мемлекеттік қаржыландыру саласында ғана жұмсалады әрі бюджеттік қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз етеді,-деді вице-министр. Мәселен, сандық ақша инфрақұрылымдық жобаларға, мемлекеттік сатып алуларға, салықтық әкімшілендіруге, сондай-ақ несиелендіру мен субсидиялауға қолданылады. Бүгінгі таңда айналымда 339 миллиард цифрлық теңге бар.
‼️Интернетте балағат сөз қолданғандарға 86 мың теңге айыппұл енгізілмек Енді әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларда балағат сөз жазғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің Мәжіліс депутаттарының сауалына жауабында жарияланды. 🗯Үкімет басшысының айтуынша, қазіргі уақытта интернет кеңістігіндегі тәртіпті реттеуге бағытталған түзетулер әзірленіп жатыр. Құжатта онлайн-платформаларда балағат сөз қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеу көзделіп отыр. Мұндай құқық бұзушылық үшін 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 86500 теңге көлемінде айыппұл салу, 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу қарастырылған.
📝Визаға құжаттарды мейілінше ерте және мұқият дайындаған жөн Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Шенген визасын рәсімдеу мерзімінің ұзақтығы мен визадан бас тарту жағдайларының жиілеуіне қатысты қазақстандықтардың шағымына жауап берді. ✍️Министрліктің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың сөзінше, мұндай келеңсіздіктерге туристік маусымның басталуы себеп. Визаға өтініш берушілер саны артқан. Тиісінше шетелдегі елшіліктердің консулдық бөлімдерінде жүктеме айтарлықтай көбейген. Сондай-ақ ресми өкіл Еуропаға баруды жоспарлап жүрген ел азаматтарына кеңес берді.
📉Автонесиеге сұраныс 11%-ға төмендеді 2026 жылдың алғашқы үш айында автонесиеге сұраныс айтарлықтай төмендеген. Яғни банктерге 1,2 млн өтінім түскен. Бұл былтырғы бірнші тоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 11 пайызға аз. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы аналитика орталығының мәліметінше, бұған жоғары пайыздық мөлшерлемелермен, несие беру талаптарының күшеюі және соңғы жылдары қарқынды өскен автонесие нарығының біртіндеп айқындала бастауы себеп болып отыр. «Өтінімдер санының азаюына байланысты жаңа автонесие беру көлемі 17,7%-ға төмендеп, 397,7 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бөлшек несие нарығындағы жалпы төмендеуден (-4,4%) айтарлықтай жоғары болып, автонесиелеу сегментіндегі баяулаудың анағұрлым айқын екенін көрсетеді. Сонымен қатар автонесиелердің екінші деңгейлі банктердің бөлшек несиелеу құрылымындағы үлесі де азайып, былтырғы 11,3%-дан 9,7%-ға дейін төмендеді», - делінген мәліметте. Нарықтағы негізгі өзгерістердің бірі – несиенің қымбаттауы. Бір жыл ішінде автонесиелер бойынша орташа мөлшерлеме 14,8%-дан 24,3%-ға дейін көтерілген. Бұған базалық мөлшерлеменің жоғары деңгейде болуы, банктердің қаржыландыру шығындарының артуы және автосалондардың жеңілдетілген бағдарламаларының азаюы әсер етіп отыр. Сондай-ақ банктер өтінімдерді мақұлдау көрсеткішін де төмендеткен. Десе де автонесие портфелі өсіп жатыр. Қазіргі уақытта қазақстандықтардың автонесие бойынша жиынтық қарызы 4,1 трлн теңгеге жеткен. Бұл Қазақстандағы барлық бөлшек несие портфелінің 16,3%-ын құрайды. Сонымен қатар қазақстандықтардың қымбат көліктерге де қызығушылығы артып келеді. Соңғы бір жылда 10 млн теңгеден жоғары автонесиелердің үлесі 32,3%-дан 37,1%-ға дейін жоғарылаған.
🎲 Қызықты бір нұсқа таптым — жаңа казинода бірден шешіп алуға болатын $2000 бонус береді. Бұл жарнама емес, тек өзімде шынымен жұмыс істеген нәрсемен бөлісіп отырмын: 1️⃣ [сілтеме] 2️⃣ Тіркеліп, тексерістен өтесіз ✅ 3️⃣ Бонус бірден шешіп алуға қолжетімді 💸
📍Алматы облысында қайда баруға болады? Алматы облысына саяхаттауды жоспарласаңыз, өңірдегі танымал туристік орындармен танысып шығыңыз. Толығырақ карусельде ➡️
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс даңқы залына ресми түрде жазылуымен құттықтады Президент атап өткендей, бұл тарихи уақиға аты аңызға айналған отандасымыздың жаһандық спорттағы қолтаңбасы айрықша маңызға ие екенін айғақтайды. Сондай-ақ Қазақстанның әлемдік аренадағы шынайы келбеті мен беделін қалыптастыруға қосқан елеулі үлесін көрсетеді. Мемлекет басшысының пікірінше, Геннадий Головкин – еліміздің мақтанышы әрі халықаралық спорт қоғамдастығындағы елшісі. «Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзіндегі ең үздік боксшылардың бірінен үлгі алған жас спортшыларымыз жігерленіп, биік белестерді бағындыра беретініне сенім білдірді,-деп жазды Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады 🟦Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының жыл басынан бері атқарған қызметінің қорытындысы, әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау және әскери қызметтің беделін арттыру жұмыстары жөніндегі баяндаманы тыңдады. 🟦Өскелең ұрпақты тәрбиелеу, атап айтқанда, 21-27 маусым аралығында Бурабайда «Айбын – 2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын өткізуге дайындық мәселелеріне назар аударылды. 📌Мемлекет басшысы Қарулы күштердің жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіруге, армияны цифрлық тұрғыдан трансформациялауға және елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.
Жапония жанкүйерлері Әлем чемпионатындағы тарихи нәтижені атап өтті Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Нидерланд пен Жапония кездесті. Матч 2:2 есебімен тең аяқталды. Сәтті нәтиже көрсеткен жапон құрамасының ойыны жанкүйерлерге ерекше эмоция сыйлады.
Ақтау – Қызылорда бағытында тікелей әуе рейсі ашылады Биыл 20 маусымнан бастап Ақтау мен Қызылорда қалалары арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады. Рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Ақтау қаласынан ұшу уақыты – 14:30, Қызылорда қаласына келу уақыты – 16:00. Кері бағыттағы рейс Қызылордадан 17:00-де ұшып, Ақтауға 18:50-де қонады. Әуе билеттері сатылымға шықты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары мен Иран Ислам Республикасы қол жеткізген келісімді құптады Халықаралық ахуал күрделі қазіргі кезеңде аймақ және әлемдік қоғамдастық үшін мұндай келісімнің маңызы зор. Біз тараптардың саяси ерік-жігерін жоғары бағалаймыз. Бұл өзара сенімді қалпына келтіріп, екі жаққа да тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Сын сәтте батыл әрекет етіп, стратегиялық көрегендік танытқан АҚШ Президенті Дональд Трамптың көшбасшылығын ерекше атап өтеміз. Сонымен қатар Иран Ислам Республикасы жетекшілігінің конструктивті ұстанымын қуаттаймыз. Қазақстан осы бейбіт келісімге қол қою Таяу Шығыста және одан тысқары жерлерде бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік негізін қалайтынына сенім артады, – деп жазды Мемлекет басшысы X парақшасында.
Мемлекет басшысы АҚШ Қаржы корпорациясының халықаралық даму жөніндегі атқарушы директоры Бен Блэкті қабылдады ✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мейманға ілтипат танытып, бұл сапар Вашингтонда қол жеткізілген келісімдердің жалғасы, сондай-ақ АҚШ-пен сан қырлы ынтымақтастықты тереңдету жолындағы маңызды қадам саналатынын атап өтті. ✔️Мемлекет басшысының айтуынша, Ақ үй әкімшілігіне Дональд Трамп келгеннен бастап Вашингтон Астанамен және Орталық Азия аймағымен ықпалдастықты айтарлықтай жандандыра түскен. ✔️Мемлекет басшысы Қазақстан тарапы бірлескен инвестициялық жобаларды қолға алуға дайын екенін растады. ✔️Кездесуде аса маңызды минералдар, өзара көлік байланысы, агроөнеркәсіп кешені, цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. ✔️Сонымен бірге Қазақстанда АҚШ Қаржы корпорациясының халықаралық даму жөніндегі тұрақты өкілдігін ашу мәселесі қаралды.
🎥 Бозжырада Джеки Чан фильмінің түсірілімі басталды Маңғыстау облысында әлемге әйгілі актер Джеки Чанның қатысуымен түсірілетін «Доспехи Бога 4: Ультиматум» халықаралық киножобасының түсірілімі басталды. Фильмнің негізгі локацияларының бірі ретінде Бозжыра шатқалы таңдалған. Мамандардың айтуынша, бұл Маңғыстаудың туристік әлеуетін халықаралық деңгейде танытып, ішкі туризмді дамытуға серпін береді. 📌 Түсірілім жұмыстары биыл аяқталып, фильм 2027 жылдың ақпан айында прокатқа шығады деп жоспарланып отыр.
Алматыда ер адамның сөмкесінен граната табылды Алматыда полицейлер күдік тудырған ер адамды ұстады. Оның сөмкесінен пышақ пен гранатаға ұқсас зат табылды. Оқиға орнына жедел тергеу тобы мен саперлер шақырылды. Тексеру барысында гранатаның оқу-жаттығу құралы екені және ешқандай қауіп төндірмейтіні анықталды. «Заттарды ол бұрын тауып алған, ал пышақты тұрмыстық қажеттілік үшін өзімен бірге алып жүрген. Бұл ақпарат қазіргі уақытта тексерілуде», - делінген ақпаратта. Сонымен қатар ер адамның бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Алматы полициясы азаматтарды қауіп төндіруі мүмкін заттарды алып жүрмеуге шақырды. Сондай-ақ қару-жараққа немесе оқ-дәріге ұқсас заттарды тапқан жағдайда дереу «102» нөміріне хабарлау керек.
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енді Салтанатты рәсім Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласында өтті. Елді мекендегі дәстүрлі мерекелік шаралар бірнеше күнге созылды. Оның аясында жанкүйерлермен кездесулер, қолтаңба сессиялары және чемпиондардың шеруі ұйымдастырылды. Мұндай мәртебе кәсіби бокста жоғары нәтижеге қол жеткізген және спорт тарихында із қалдырған тұлғаларға берілетін мәртебе саналады.
🔥 Қытайлық балалар Рубик текшесін 8,5 секундта жинап, әлемдік рекорд орнатты Жоғары жылдамдықтың арқасында олар текшені жұптық жинаудан Гиннестің рекордтар кітабына енді. @qazaqstantv
❗️Алаяқтар хабарласып жүрген нөмір сіздің атыңызға тіркелген болуы мүмкін 📨Қазір қаскөйлер түрлі айлаға көшкен. Біреудің атынан аккаунт ашып, достарына хабарлама жазады. Тіпті кейде «ақша салып жіберші», «нөмір керек болып тұр» деген өтініштер айтып, сенімге кіреді. 📲Алаяқтар жасөспірімдерге ақша ұсынып, SIM-карта аштыруы немесе әлеуметтік желідегі аккаунттарын сатып алуы мүмкін. Кейін сол аккаунт арқылы заңсыз әрекеттер жасайды. ❓Ал бұл үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін білесіз бе? 🎥Толығырақ видеодан көріңіз.
✉️Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇨🇳Президент хатта ҚХР Төрағасының Қазақстан мен Қытай арасындағы мызғымас достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген мәңгі жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға зор үлес қосқанын атап өткен. Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының қазіргі «алтын отызжылдық» кезеңінде екіжақты ынтымақтастық жоғары қарқынын сақтай отырып, одан әрі нығая түсетініне және ықпалдастықтың жаңа бағыттарын қамтитынына сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Қытай халқына бақ-береке тіледі.
Архив Qazaqstan.tv — страница 34
Это 34-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.