Qazaqstan.tv » публикация №56713
🔴Алматыда мопед ұрлаған жасөспірімдер ұсталды Алматы қаласының Медеу ауданында полиция қызметкерлері мопед ұрлығына қатысы бар төрт кәмелетке толмаған жасөспірімді ұстаған. Қазіргі уақытта олардың кемінде 6 ұрлық дерегіне қатыстылығы дәлелденген. Іс бойынша заттай дәлелдемелер тәркіленіп алынып, аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. «Кәмелетке толмағандардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар балаларды тәрбиелеу және олардың мінез-құлқын бақылау бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдері де әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.





























