Life News Новостной агрегатор

Qazaqstan.tv — страница 35

Источник: Qazaqstan.tv · сбросить

Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 35. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


Qazaqstan.tv » публикация №56679

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

😍Анталиядағы көне театрда Түркия құрамасының ойыны көрсетілді Түркияның Қаш қаласындағы 2000 жылдық тарихы бар көне театрға жүздеген футбол жанкүйері жиналып, Әлем чемпионаты аясында Түркия мен Аустралия құрамалары арасындағы ойынды үлкен экраннан тамашалады. Жанкүйерлер ұлттық құраманы Әлем чемпионатындағы 24 жылдан кейінгі алғашқы матчында қолдау үшін таңғы 7-де амфитеатрға жиналған. Матч 2:0 есебімен Аустралия құрамасының жеңісімен аяқталды. 📌Қазақстандық жанкүйерлер Әлем чемпионаты матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады. 📺@qazaqstantv


Qazaqstan.tv » публикация №56678

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Ақтөбелік оқушылар LEGO-дан Димаштың портретін жасады 3-4 сынып оқушыларының бастамасымен жүзеге асқан «Димаш Құдайберген» атты туынды мерекеге орай әзірленді. Жобаны жасауға 1 апта уақыт жұмсалып, 3000-ға жуық LEGO бөлшегі қолданылған. 🎥: @bakhytedigeev



Qazaqstan.tv » публикация №56667

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🏆 Нидерланд пен Жапония жеңімпазды анықтай алмады 🏆 FIFA World Cup 2026 турнирінің топтық кезеңіндегі Нидерланд пен Жапония құрамалары арасындағы кездесу 2:2 есебімен аяқталды. ⚽️ Осылайша екі құрама да топтық кезеңдегі маңызды бір ұпайға ие болды. ⚽️ Ван Дейк 50' ⚽️ Накамура 57' ⚽️ Саммервилл 64' ⚽️ Камада 89'



Qazaqstan.tv » публикация №56665

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇩🇪 Германия ірі есеппен жеңіске жетті 🏆 Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі матчта Германия құрамасы Кюрасаоны 7:1 есебімен ойсырата жеңді. Неміс футболшылары ойын тізгінін толық өз қолына алып, биылғы Әлем Чемпионатының топтық кезеңіндегі ең ірі есепті тіркеді. ⚽️ Нмеча 6' ⚽️ Комененсия 21' (1:1) ⚽️ Шлоттербек 38' ⚽️ Хаверц 45+4' (П) ⚽️ Мусиала 47' ⚽️ Браун 67' ⚽️ Ундав 78' ⚽️ Хаверц 88' (дубль)


Qazaqstan.tv » публикация №56664

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының бұрынғы төрағасы Ерлан Қошановқа аталған лауазымдағы абыройлы, нәтижелі әрі елге пайдалы еңбегі үшін алғыс айтты. Сонымен қатар ол партия мүшелерінің жуырда өткен съезде жаңадан құрылған «Әділет» партиясына қосылу жөнінде қабылдаған тарихи шешімдеріне ризашылығын білдірді. Президент елімізді жаңғырту, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпке негізделген Әділетті Қазақстанды құру ісіне AMANAT партиясының елеулі үлес қосқанын атап өтті. Мемлекет басшысы отаншыл партия мүшелерінің «Әділет» партиясының қатарында да ел игілігі жолындағы белсенді әрі жемісті қызметін абыроймен жалғастыра беретініне сенім білдірді.




Qazaqstan.tv » публикация №56661

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🥊 АҚШ-тың Канастота қаласында Халықаралық бокс даңқ залына қабылдау іс-шарасы өтіп жатыр Дәл осы жерде кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинді Әлемдік бокс даңқ залына енгізу рәсімі өтеді. ✔️ АҚШ-тағы меншікті тілші Темірлан Нұржанұлы «Ақпараттың» алдағы шығарылымдарында толығырақ тарқатады.


Qazaqstan.tv » публикация №56654

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Президент асыл тұқымды арғымақтарын көруге арнайы барды Бұл туралы Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Жуырда екі бие құлындап, Ақалтеке жылқыларының қатарына жаңа арғымақтар қосылған. Алдыңғы төлдің атын Ақниет деп қойдым. Ал кейінгі туған құлыншақты Бөрте деп атадым», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.


Qazaqstan.tv » публикация №56653

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📲 Балабақша тәрбиешілерінің блогер сияқты видео түсіруі артық жүктеме емес пе? ❓Ал балалардың құқығы ше? ❗️Сонымен қатар баспана нарығына қатысты қандай мәселелер бар? 📺Осы және өзге де өзекті мәселелер бүгін 20:00-де «Апта» бағдарламасында.


Qazaqstan.tv » публикация №56642

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🔺 Каспийде ағыс алып кеткен екі адам құтқарылды Ақтауда Каспий теңізіне сапбордпен шыққан екі ер адамды күшті ағыс теңізге қарай алып кеткен. Құтқарушылар оларды қайықпен жағаға жеткізді. Медициналық көмек қажет болмаған.



Qazaqstan.tv » публикация №56631

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🎥 Димаш Құдайберген туған жерінде бейнебаян түсіреді Өнер иесі Ақтөбеде жаңа бейнебаян түсіруге дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Түсірілім алдағы күндері басталады. Сапар аясында Димаш өзі білім алған М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясы мен музыкант ретінде қалыптасуына негіз болған Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжіне барып, ұстаздарымен кездесті. «Бүгін №32 мектеп-гимназиясына барып, мені тәрбиелеген ұстаздарыммен қауыштым. Уақыт өтеді, адам өседі, бірақ ұстазға деген құрмет пен мектепке деген сағыныш ешқашан өзгермейді», - деп жазды әнші желідегі парақшасында.


Qazaqstan.tv » публикация №56630

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📌 Барлық өңірде «Әділет» партиясының филиалы ашылады «Әділет» партиясының II Съезінде партияның өңірлік филиалдарын Қазақстанның барлық облысы мен республикалық маңызы бар қалаларында құру туралы шешім қабылданып, партия филиалы туралы ереже бекітілді. Партия өкілдерінің айтуынша, өңірлік құрылымдар аумақтық қағидат бойынша жұмыс істеп, азаматтармен тікелей байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Дауыс беру қорытындысы бойынша делегаттар партия филиалдарын құру туралы шешімді және «Әділет» партиясы филиалы туралы ережені бірауыздан қолдады.


Qazaqstan.tv » публикация №56629

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Астанада «Әділет» партиясының II Съезі басталды Съезд барысында «AMANAT» партиясының «Әділет» партиясына қосылу мәселесі қаралады. Сондай-ақ партияның алдағы даму бағыты, өңірлік филиалдарды құру және ұйымдық құрылымды күшейту мәселелері талқылануда. @qazaqstantv


Qazaqstan.tv » публикация №56628

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📲 Балабақша тәрбиешілерінің блогер ретінде видео түсіруі қаншалықты дұрыс? Ал бұл балалардың құқығын бұзу болып саналмай ма? ❓Жалпы контент жасау тәрбиешілерге артылған артық жүктеме емес пе? Олардың міндеті балаға тәрбие беру ме, әлде толассыз видео түсіру ме? 📺Осы және өзге де өзекті мәселелер бүгін 20:00-де «Апта» бағдарламасында.


Qazaqstan.tv » публикация №56627

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✉️ Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇺🇸Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Президентін туған күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы жеделхатта еліміз Құрама Штаттармен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін атап өтті. Сонымен қатар жоғары деңгейдегі саяси диалогқа және екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың даму қарқынына тоқталды. Президент Қазақстанның бейбітшілікті сақтау, өзара түсіністік пен орнықты даму бастамаларын ілгерілету бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға әзірлігін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа бақ-береке және АҚШ халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.


Qazaqstan.tv » публикация №56626

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Бүгін Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні Қазақстанда маусым айының әр екінші жексенбісінде Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді. 💫Сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!


Qazaqstan.tv » публикация №56625

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🤝 Швейцария мен Қатар тең нәтижеге қол жеткізді 🏆 Әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында Швейцария мен Қатар құрамалары 1:1 есебімен тең түсті. Осылайша, қос құрама да турнирдегі алғашқы ұпайларына ие болды. ⚽️ Эмболо 17' (П) ⚽️Хухи 90+5' В тобындағы барлық қатысушы елдердің еншісінде 1 ұпайдан бар.



Qazaqstan.tv » публикация №56623

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Таиландта 15 күндік аза тұту жарияланды Таиландта корольдің үлкен қызының қазасына байланысты 15 күндік аза тұту жарияланды. Ел аумағында үкіметтік ғимараттар, мемлекеттік мекемелер мен оқу орындарында мемлекеттік ту төмен түсірілді. 47 жастағы ханшайым Баджракитиябха үш жыл бойы комада жатқан еді.


Qazaqstan.tv » публикация №56622

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🏛«Нұрлы жол» вокзалында мұражай ашылды Бүгін Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында мұражай ашылды. Енді пойызын күткен жолаушылар уақытын тиімді пайдалана алады. 🔹Музейдің жалпы ауданы 3200 шаршы метр. Төрт залдан тұрады. «Түрксіб және Мұхамеджан Тынышбаев», «Локомотивтердің эволюциясы», «Кәсіптер мен инновациялар», «Қазақстан темір жолдарының тарихы» деп аталады. Ерекшелігі - бұл жерде келушілер интерактивті экрандарды пайдаланып, виртуалды технологиялардың көмегімен теміржол әлеміне тереңірек саяхат жасай алады. 😍Сонымен қатар локомотивке отырып, өзін нағыз машинист ретінде сезінуге мүмкіндік бар. Мұражайдағы ең ерекше орындардың бірі - вагон ішіндегі дәмхана. Мұнда өзіңізді жол үстінде келе жатқан пойыздың жолаушысы ретінде сезінесіз. Терезе орнындағы экрандардан қазақ даласының көріністері көрсетіледі. Сыртқа көз салсаңыз, пойыз жүйткіп келе жатқандай әсер қалдырады.


Qazaqstan.tv » публикация №56621

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🪪Оқушылар мен жеңілдік иелері LRT картасын қалай алады? CTS LRT оқушылар және жеңілдік санатындағы көлік картасын қалай рәсімдеуге болатынын мәлімдеді. 💸Атаулы картаны LRT-ның барлық стансаларынан бірден алуға болады. Сондай-ақ Transcard.kz сайты арқылы өтінім беріп, орталық кассадан алуға мүмкіндік бар. Картаны рәсімдеу құны – 1200 теңге. 🔹Атаулы көлік картасы елорданың білім беру ұйымдарында оқитын 7-18 жас аралығындағы оқушыларға, сондай-ақ Астана қаласында тіркелген және жеңілдік санатына жататын азаматтарға рәсімделеді. Картаны алу үшін туу туралы куәлік немесе жеке куәлік, оқу орнынан анықтама не жеңілдікті растайтын құжат және 3×4 көлеміндегі фотосурет қажет.


Qazaqstan.tv » публикация №56620

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❓Таяу Шығыстағы шиеленіс: Трамп Тегеранды келіссөзге мәжбүрлей ала ма? Қытай төрағасы араға жеті жыл салып Солтүстік Кореяға сапарлады. Си Цзиньпин Ким Чен Ынге нені дәлелдегісі келді? Пашинянның партиясы тартысты сайлауда көптің қолдауына ие болды. Енді Ереван Еуропаға жақындай ма? ⏰Әлем жаңалықтарын бүгін 20:15-те «Әлем және біз» бағдарламасынан көріңіз.


Qazaqstan.tv » публикация №56619

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

💳Астанада туристерге арналған арнайы көлік картасы енгізілді Елорда қонақтарына қоғамдық көлікті пайдалану бұрынғыдан да жеңілдей түсті. Астана халықаралық әуежайында қала ішінде қатынауға арналған туристік көлік карталары қолжетімді болды. Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, жоба Visit Astana, City Transportation Systems (CTS) және Avtobys электронды жолақы төлеу жүйесін дамытып отырған Innoforce IT-холдингі бірлесіп жүзеге асырылған. Туристік карта қала қонақтарына қосымша мобильді қосымшаларды орнатпай-ақ және цифрлық сервистерге тіркелмей-ақ қоғамдық көлікті (қалалық автобустарды) ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді. Картаны әуежайдан сатып алып, бірден қала бойынша серуендей беруге болады. «Туристердің қолайлылығы үшін 5, 10 және 15 сапарға арналған карталар ұсынылады. Бұл әрбір қонаққа қалаға келген уақытына қарай өзіне қолайлы нұсқаны таңдауға мүмкіндік береді. Қызғылт сары карта 5 сапарға есептелген, бағасы – 1 550 теңге. Көгілдір карта 10 сапарға арналған, құны – 2 110 теңге. Ал көк түсті


Qazaqstan.tv » публикация №56618

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❓Жоспар жүзеге асып, бюджет игерілсе де, нәтиже неге жоқ? ❓Миллиардтар айналып жатқан қорлар бар, олардың тиімділігі қандай? 📌Осы және өзге де маңызды мәселелер жайында бүгін 🕰17:40-та «Қос палата» бағдарламасынан көріңіз.



Qazaqstan.tv » публикация №56616

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📨 Мемлекет басшысы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльздің туған күніне байланысты құттықтау хатын жолдады 🇰🇿🇬🇧Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-британ қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенін атап өтіп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді. Президент Корольдің Біріккен Корольдіктің игілігі жолындағы жоғары мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Ұлыбритания халқына бақ-береке тіледі.


Архив Qazaqstan.tv — страница 35

Это 35-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.