⛸ Денис Тен - спорт тарихында ерекше із қалдырған тұлға Оның жарқын жолы талай жанға жігер сыйлайды. 🎥 Спортшының туған күніне орай бейнематериал ұсынамыз.
Qazaqstan.tv — страница 36
Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 36. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
❓Балабақшада балаларды видеоға түсіріп, желіге салу қаншалықты дұрыс? Мәжіліс депутаттары балабақша иелері бұдан бизнес жасамауы керек деп дабыл қағып отыр. Бұл цифрлық кеңістіктегі баланың қауіпсіздігіне қатер төндірмей ме? Ал олардың құқығы ше? Желіге контент жасау тәрбиешілерге артылған артық жүктеме емес пе? Толығырақ 📌жексенбі 20:00-де «Апта» бағдарламасында.
🔴Үндістанда әскери ұшақ апатқа ұшырады Үндістан әскери-әуе күштерінің Ан-32 әскери ұшағы Ассам штатындағы Джорхат авиабазасына қону кезінде апатқа ұшыраған. ✔️Ұшақ қонған кезде өртеніп кеткен. Ұшқыш, экипаж мүшелері мен борттағы жолаушылардың жай-күйі нақтыланып жатыр. Тергеу жұмыстары басталды.
❇️Маңғыстаулық полицейлер шетелдік велосаяхатшыға көмектесті Велосипедпен халықаралық саяхат жасап жүрген Венгрия Республикасының азаматы Ақтау қаласынан шыққаннан кейін жолда қиын жағдайға тап болып, өз бетінше қозғалысын жалғастыра алмаған. «Патрульдік полиция қызметкерлері шетелдік азаматтың қасына тоқтап, жағдайын сұрастырған. Оның көмекке мұқтаж екенін анықтаған соң, жолдан өтіп бара жатқан ГАЗель автокөлігін тоқтатып, велосаяхатшыны велосипедімен бірге көлікке отырғызып жіберді. Шетелдік азамат Ақтау қаласына қауіпсіз жетті», - делінген Polisia.kz хабарламасында.
🛴1 шілдеден бастап электрлі самокаттарға реттік нөмір беріледі Елімізде 1-шілдеден бастап жалға берілетін электрлі самокаттарға арнайы реттік нөмір енгізу міндеттеледі. Осылайша, шағын көлік құралдарын жалға беретін барлық компания самокаттарының есебін жүргізуі тиіс. Әр ұйымға арнайы әріптік белгі беріледі. 🖇Полицияның мәліметінше, жаңа нөмірлер арнайы жарық шағылыстыратын материалдан жасалады. Нөмірлер электр самокаттың артқы бөлігіне және бүйір жақтарына жапсырылады. Бұл ереже бұзғандарды бейнебақылау камералары арқылы оңай анықтауға мүмкіндік береді дейді мамандар. Мәселен, самокат жүргізушісі белгіленген жылдамдықтан асып кетсе, ол автоматты түрде тіркеу жүйелері арқылы анықталады. 📌Сондай-ақ 1-шілдеден бастап электр самокаттарды жалға беретін компаниялар өз самокаттарын сақтандыруға міндетті. Айта кетейік, жолдың шетімен қозғалу кезінде рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық - сағатына 25 шақырым.
😍Маңғыстаудағы ең көрікті орындар Толығырақ карусельде↗️
❇️«Ұлттық қор – балаларға»: 58 млн доллар игерілді Бүгінге дейін қатысушылар жалпы көлемі шамамен 58 миллион долларды игерген. Бағдарлама 2024 жылдың ақпан айында басталды. Әр балаға жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысынан үлес бөлінеді. Бағдарламаға басынан бері қатысып келе жатқан балалардың жинағы 370 доллардан асқан. 📌Айта кетейік, азаматтар өз шоттарын eGov порталы, eGov Mobile қосымшасы және банк сервистері арқылы тексере алады.
☀️Жел, аптап ыстық, жаңбыр: Демалыс күндері ауа райы қандай болады? «Қазгидрометтің» хабарлауынша, алдағы күндері Қазақстан аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 🔹13 және 15 маусымда Қостанай облысында, 15 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Сондай-ақ елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, ал 15 маусымда оңтүстік-батысында бұршақ жауып, дауылды жел соғуы ықтимал. 🔹14-15 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында және Жетісу облысында, 15 маусымда Атырау облысында +35...+38°С дейін қатты ыстық болады.
🇨🇦 Канада өз алаңындағы алғашқы матчта тең түсті FIFA World Cup 2026 турнирінің топтық кезеңінде Канада құрамасы Босния және Герцеговинамен 1:1 есебімен тең ойнады. Торонто қаласында өткен кездесуде қос команда бір-бір мәрте мергендік танытып, жеңімпазды анықтай алмады. Осылайша канадалықтар өз алаңындағы әлем чемпионатындағы алғашқы матчында бір ұпай еншіледі. ⚽️ Лукич 21' ⚽️ Кайл Ларин 78'
Матч басталды 🇨🇦 Канада 🆚 Босния және Герцеговина 🇧🇦 Бүгінгі матчтың есебін болжап көріңіз!
🔥 Негізгі құрам «Астана» командасының ойыншысы Иван Башич негізгі құрамда өнер көрсетеді. 🇨🇦 Канада 🆚 Босния және Герцеговина 🇧🇦 📺 Матчты 23:40-та «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көре аласыздар.
Канада. Футболдан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты «Торонто» стадионында өтіп жатқан рәсімді «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр. Спорттық шара аяқталысымен, В тобындағы матчтар басталады. Астана уақытымен сағат 23:40-та Канада құрамасы Босния және Герцеговинаға қарсы ойнайды. 🎥Тікелей эфир: https://qazaqstan.tv/live
🏆 Ертең 🏆 FIFA WORLD CUP 2026 🇺🇸 АҚШ - Парагвай 🇵🇾 📺 Матчты сағат таңғы 05:30-да «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көре аласыздар.
🔴Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды Алматыда 12 жастағы бала өзінен бір жас үлкен жеткіншектің қолынан қаза тапты. Қайғылы оқиға 10 маусым күні Түрксіб ауданындағы әскери қызметкерлер тұратын жатақханада болған. Бүгін марқұмды туыстары мен жақындары ақтық сапарға шығарып салды. Жақындарының айтуынша, оқушыға тоғыз мәрте пышақ сұғылған. Олар күдіктінің заң аясында тиісті жаза алуын талап етіп отыр. Себебі, 13 жастағы жеткіншек жасына байланысты ауыр жазаға тартылмайды деп алаңдайды. Қазір ол қамауға алынып, арнайы мекемеде отыр. 🖇Алдын ала мәліметке сәйкес, бір-бірін танитын екі жасөспірім арасында жанжал туындап, соңы жатақхана дәлізінде қайғылы жағдаймен аяқталған.
😍 Бүгін 🇨🇦🆚🇧🇦 Канада Босния және Герцеговина қарсы ойнайды. 📺 Матчты сағат 23:40-та «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көре аласыздар.
✉️Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді аталған елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады. – Қазақстан бауырлас Ресеймен стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқан достық әрі тату көршілік қарым-қатынасты жоғары бағалайды. Сіздің жуырда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарыңыз айрықша мәнге ие. Оның нәтижесі өзара тиімді ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтіп, ауқымды жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға тың серпін берді. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекетаралық байланыстар алдағы уақытта барлық салада қарқынды дами береді деп сенемін, – делінген жеделхатта. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің Ресей Федерациясының игілігі мен өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.
📊 2029 жылға дейін коммуналдық тарифтер кезең-кезеңімен өседі Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев мәлімдеді. 📉 Болжам бойынша: Жылумен жабдықтау тарифтері: 2026 жылы - 10%, 2027 жылы - 17%, 2029 жылы - 11% өседі. Жалпы өсім 2029 жылға қарай шамамен 65%-ды құрайды. Электрмен жабдықтау тарифтері: 2026 жылы - 11%, 2027 жылы - 14%, 2028 жылы - 15%, 2029 жылы - 16%. Жалпы өсім шамамен 70%-ға дейін жетуі мүмкін. 📌 Мамандар бұл шаралар энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және қызмет сапасын тұрақтандыру мақсатында жүргізіліп жатқанын атап өтті.
📚 Енді докторантура бітірген мамандар мектепте жұмыс істей алады Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов айтты. Енді докторантура түлектері мемлекеттік грантты тек ЖОО, ғылыми институт немесе мемлекеттік органдарда ғана емес, мектептер мен басқа да білім беру ұйымдарында жұмыс істеу арқылы өтей алады. 📌 Бұған дейін қолданыстағы талаптар бойынша PhD докторы грантты тек жоғары оқу орындарында, мемлекеттік органдарда немесе ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істеу арқылы өтеуге міндетті болатын. «Біз бұл кедергіні алып тастадық. Біздің авторлық түзетулеріміз заң болып бекітілді. Бұл шешім мектептерді мықты кадрлармен күшейтеді», - деп жазды депутат Threads парақшасында.
📌 Шетел азаматтары үшін Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кіру құны қымбаттады Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының әкімшілігі хабарлады. Жаңа тариф бағаларын Мәдениет және ақпарат министрлігі бекіткен. 🗓 10 маусымнан бастап келесі өзгерістер күшіне енді: Алыс шетел - 5 000 теңге Жақын шетел - 2 000 теңге 📌 Баға өзгерісі тек шетел азаматтарына қатысты, ал қазақстандықтар үшін бұрынғы баға сақталған.
🇰🇿🇰🇬Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевті қабылдады ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Марлен Маматалиевке ілтипат білдіріп, оның Қазақстанға алғашқы ресми сапары екіжақты қарым-қатынасты нығайту тұрғысынан айрықша мәнге ие екенін атап өтті. – Елімізге арнайы келгеніңізге қуаныштымыз. Сапарыңыз өте маңызды. Бұл екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін береді деп сенемін. Елдеріміз арасында ешқандай түйткіл немесе түсініспеушілік жоқ. «Қазақ-қырғыз – бір туған» деген сөз бар. Бір кеңістікте бауырлас, тату болып, арамыздағы қарым-қатынасты нығайта береміз. Қырғыз Республикасының экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді. Біз бұл оң үрдісті қолдаймыз. Қырғыз Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Мұны Қырғызстан мен Орталық Азия елдері үшін тарихи оқиға деп айтуға болады. Осыған орай Президент Садыр Нургожоевич Жапаровқа құттықтау хат жолдадым, – деді Президент. Кездесу барысында парламентаралық байланыстарды дамыту және жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтарды заңнамалық тұрғыдан тиімді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Екі елде жүргізіліп жатқан жүйелі әлеуметтік-экономикалық реформалар жөнінде мазмұнды әрі егжей-тегжейлі әңгіме өрбіді. Президент пен Жогорку Кенеш Төрағасы Қазақстан мен Қырғызстанның стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынасын жан-жақты дамытуға бейіл екенін растады.
Павлодар облысында үшінші қабаттан құлаған бүлдіршін көз жұмды Павлодардың іргесіндегі Ақсу қаласында үшінші қабаттағы пәтер терезесінен құлап кеткен үш жастағы бала қайтыс болды. Ол кеше Павлодар облыстық ауруханасына жеткізілген. Полиция ата-анасы балаға салғырт қарады деген баппен тергеу жүргізіп жатыр.
Трамп Иранға соққы беруден бас тартқанын мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға соққы беру райынан қайтты. Ақ үй басшысы мұны Тегеранмен арадағы келіссөздерде ілгерілеу бар екенімен түсіндірді. Бұған қоса Трамп апта соңында бейбіт келісімге қол қойылуы мүмкін екенін меңзеп, оның уақыты мен орны таяуда мәлім болады деді. Бірнеше сағаттан кейін Иран тарабы Тегеран мәмілеге қатысты ақырғы шешімге келген жоқ деп мәлімдеді. Мұны елдің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багаи жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл мәселені сәйкес органдар қарастырып жатыр.
🛴Самокат теберде қандай ережелерді есте сақтау керек? Самокат теберде тек арнайы белгіленген жолмен жүрген жөн. Ал жолдан өтерде самокаттан түсіп, көліктердің тоқтағанына көз жеткізу қажет. Сондай-ақ екі адам бірге мінуіне болмайды. ❗️Жол ережелерін есте сақта!
🚩 Шетелдіктерге заңсыз ЖСН рәсімдеген қылмыстық схема анықталды Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2024–2025 жылдары шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ ЖСН алуға көмектескен қылмыстық схема жұмыс істеген. 🔹 Заңсыз әрекетке «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Астана қаласындағы филиалының қызметкерлері қатысқаны анықталды. Олар ақпараттық жүйеге жалған мәліметтер енгізіп, құжаттарды заңсыз рәсімдеген. Қазір қылмыстық іс сотқа жолданды.
✈️ Армения мен Өзбекстан Қазақстанға тікелей рейстер ашады 12 маусымнан бастап Арменияның FlyOne Armenia әуе компаниясы Қазақстанға рейстер ашады. Рейс Ереван–Алматы бағыты бойынша аптасына 2 рет орындалады. Сондай-ақ 13 маусымнан бастап Өзбекстандық «My Freighter» әуе компаниясы Ташкент – Қостанай жаңа әуе бағытын ашуды жоспарлап отыр. Рейс аптасына 1 рет - сенбі күндері орындалады.
Архив Qazaqstan.tv — страница 36
Это 36-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.