Life News Новостной агрегатор

Qazaqstan.tv — страница 37

Источник: Qazaqstan.tv · сбросить

Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 37. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.



Qazaqstan.tv » публикация №56571

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⚠️Алматы зообағында арыстанға тас лақтырған тұрғын жауапқа тартылады Алматы хайуанаттар бағында келушілердің бірі арыстанның назарын аудармақ болып, оған тас лақтырған. ❗️Зообақ әкімшілігі мұндай әрекеттерге қатаң тыйым салынатынын ескертті. Жануарларға зат лақтыруға, қоршауларды қағуға, оларды әдейі мазалауға немесе үркітуге болмайды. Себебі мұндай әрекеттер жануарлардың күйзелуіне себеп болып, денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Оқиғаға байланысты бейнебақылау камераларындағы жазбалар мен тиісті материалдар құқық қорғау органдарына жолданды. Қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданады. 📝Зообақ әкімшілігі келушілерді жануарларға құрметпен қарап, белгіленген ережелерді сақтауға шақырды.



Qazaqstan.tv » публикация №56569

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇨🇦 Мексика Әлем Чемпионатын жеңіспен бастады 🏆 Әлем біріншілігінің алғашқы ойынында алаң иелері Оңтүстік Африкамен кездесті. Мексикалықтар ОАР құрамасына жауапсыз 2 гол соғып жеңіске жетті. ⚽️ Киньонес 10' ⚽️ Хименес 68' 🔴 Ситхоле 50' 🔴 Зване 84' 🔴 Монтес 90+2'





Qazaqstan.tv » публикация №56564

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🎉Күллі әлем көз тіккен Әлем чемпионаты басталды Күллі әлем көз тіккен футболдан Әлем чемпионаты басталды. Ашылу рәсімі Мехикодағы әйгілі «Ацтека» стадионында өтіп жатыр. Шара барысында Шакира, Бурна Бой, Джей Бальвин сынды әлем жұлдыздары өнер көрсетеді. Биылғы турнирді үш ел қабылдап отыр. Әр мемлекет өз стадионында жеке ашылу шоуын ұйымдастырады. Жалпы додаға 48 құрама қатысып, 104 матч ойналады. Тартысты бәсеке «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі. 🎥Тікелей эфир: https://qazaqstan.tv/live


Qazaqstan.tv » публикация №56563

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🗓Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады? 6 шілдеде елімізде Астана күні аталып өтеді. Биыл бұл күн дүйсенбіге сәйкес келеді. 📌Соған байланысты бес күндік жұмыс аптасы бойынша қазақстандықтар 4, 5 және 6 шілде күндері (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) қатарынан демалады. Жұмыс аптасы сейсенбі күні басталады. Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 4 шілде - жұмыс күні. Олар 5 және 6 шілде күндері демалады. 📺@qazaqstantv


Qazaqstan.tv » публикация №56562

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✍️Алматы әуежайында құбыр құлауына байланысты әкімдік мәлімдеме жасады Алматы халықаралық әуежайы аумағында құрылыс жұмыстары барысында құбырлар құлаған. Оқиғаға байланысты қала әкімдігі жоспардан тыс тексеру жүргізілетінін хабарлады. Алдын ала дерек бойынша, оқиға 11 маусым күні әуежай аумағындағы құрылыс алаңында болған. «Қазіргі таңда Қала құрылысын бақылау басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтап, тиісті материалдарды жинақтап жатыр. Жиналған құжаттар кейін жоспардан тыс тексеруді тіркеу үшін прокуратура органдарына жолданады. Тексеру барысында құрылыс нормаларының сақталуы және құрылыс-монтаж жұмыстарының заң талаптарына сәйкестігі бағаланады», - делінген ақпаратта.


Qazaqstan.tv » публикация №56561

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🛩Жазғы демалысты қайда өткізген тиімді? Былтыр ел ішінде саяхаттап, қонақ үйлер мен демалыс орындарына тоқтаған отандастарымыздың қатары 10 млн адамға жеткен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1 млн-ға көп. 📍Ал курорттық аймақтарда 4 млн 800 мың адам демалған. Ең танымал бағыттар қатарында Бурабай, Алакөл және Қатонқарағай бар. Жаз мезгілінде ең көп сұранысқа ие бағыттар қандай? Толығырақ видеодан көріңіз.



Qazaqstan.tv » публикация №56559

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті тыңдады. 2025 жылы шаһар экономикасына 859,5 миллиард теңге инвестиция құйылды, оның 72 пайызы жекеге тиесілі. Жалпы өсім – 7,5 пайыз. Қазіргі уақытта 200 орынға шақталған заманауи перинаталдық орталық салынуда. Сондай-ақ биыл 150 орындық оңалту орталығын пайдалануға беру жоспарланған. 📌35 мың жанкүйер сиятын заманауи стадион, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері мен боччаға арналған мамандандырылған кешен құрылыстары жүргізіліп жатыр.


Qazaqstan.tv » публикация №56558

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🎙Бүгінгі матчты жүргізетін комментаторлар QAZSPORT: 🔹Есей Жеңісұлы 🔹Сергей Райлян QAZAQSTAN: 🔸Әлімжан Асқарұлы 🔸Олжас Байбосынов 🇲🇽 Мексика - ОАР 🇿🇦 📺 Матчты 23:40-та «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.


Qazaqstan.tv » публикация №56557

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаевқа бала құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар туралы мәлімет берілді. ❗️Президент «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын сапалы жүзеге асыру мақсатында Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің, Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың күш-жігерін жұмылдыру маңызды екенін атап өтті.


Qazaqstan.tv » публикация №56556

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🚩Ойыншық автоматпен жүрген астаналық айыппұл арқалады Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында аялдама павильондарының бірінде түсірілген бейнежазбаны анықтады. Тексеру барысында қыз баланың қолындағы ойыншық автомат екені белгілі болып, сот шешімімен 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.


Qazaqstan.tv » публикация №56555

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қазақтың 100 әнін тоқтаусыз орындаған дәстүрлі әнші рекорд орнатты Семейлік дәстүрлі әнші Қайрат Қабышев бес жарым сағат бойы 100 әнді тоқтаусыз орындап, әлемдік рекорд орнатты. Бұған дейін тіркелмеген жетістік Азия мен Африка елдеріндегі рекордтарды есепке алатын халықаралық ұйым тарапынан ресми түрде тіркеліп, арнайы сертификат пен күміс төсбелгі табысталды.


Qazaqstan.tv » публикация №56554

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

СІМ қазақстандықтарға Иранға бармауға кеңес берді Сенат қабырғасында журналистер сұрағына жауап берген вице-министр Ержан Ашықбаев тағы бірнеше елге бару қауіпті екенін айтты. Оның сөзінше, дипломаттар жаһандағы ахуалды тұрақты түрде бақылап, зерделеп отырады. Геосаяси жағдайға байланысты жазғы маусымда Иранға бармаған дұрыс. Сонымен қатар эпид ахуал ушығып тұрған Африканың бірнеше еліне де бармау керегі айтылды. Қазір Конго мен Уганда елінде Эбола вирусының ошақтары тіркелген.


Qazaqstan.tv » публикация №56553

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📌 FIFA-2026: Футболдан Әлем чемпионаты көрсетілімінің презентациясы өтті Бүгін Астанадағы «Қазмедиа орталығында» «Қазақстан» телерадиокорпорациясы футболдан Әлем чемпионатының «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарындағы трансляциясына арналған таныстырылымын өткізді. Іс-шарада көрсетілімге дайындық барысы қорытындыланып, алдағы мундиаль аясында ұсынылатын студиялық жобалар, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар мен интерактивті байқаулар таныстырылды. Жиынға спорт саласының мамандары, журналистер мен комментаторлар қатысты. 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтетін чемпионат матчтары «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Бұдан бөлек, qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттары, «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы және «Birge.tv» платформасынан онлайн көруге болады. Айта кетейік, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2026 жылғы 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтетін футболдан Әлем чемпионатын Қазақстан аумағында көрсету құқығына ие болды.



Qazaqstan.tv » публикация №56551

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✍️Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.


Qazaqstan.tv » публикация №56550

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🌊 Суға батқан адамға алғашқы көмек қалай көрсетіледі? Мұндай жағдайда көпшілік не істерін білмей, абдырап қалуы мүмкін. Бірақ алғашқы минуттарда дұрыс әрекет жасау - адам өмірін сақтап қалатын ең маңызды қадам. ▶️ Толығырақ бейнематериалда.


Qazaqstan.tv » публикация №56549

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Маңғыстауда VI ғасырға тиесілі құмыра табылды Құнды тарихи олжа Қарақабақ қалашығында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстары кезінде анықталған. Ғалымдардың айтуынша, құмыраны жан-жақты зерттеу арқылы көне қала тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі, қолөнері мен мәдениеті туралы жаңа деректер алуға мүмкіндік бар. Айта кетейік, Түпқараған ауданы аумағындағы Қарақабақ қалашығы – Маңғыстаудағы ең маңызды археологиялық ескерткіштердің бірі. Зерттеулерге сүйенсек, ежелгі қала біздің заманымыздың I–VI ғасырларында болған.


Qazaqstan.tv » публикация №56548

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📌 Банкроттықты рәсімдеу процесі жеңілдетілді Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, бұл бағытта жаңа цифрлық шешімдер белсенді қолданылып келеді. Былтыр рәсім әкімшілері оңалту және банкроттық рәсімдерінің барысы туралы 3 мыңнан астам өзекті мәлімет жариялаған. Сондай-ақ жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерін жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Qoldau жүйесі арқылы кредиторлар мемлекеттік кірістер органдарының шешімдерімен келіспеген жағдайда шағымдарын электронды форматта жолдай алады. @qazaqstantv


Qazaqstan.tv » публикация №56547

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🔥 Атыраулық өрт сөндіруші 7 вагонды сүйреп, рекорд орнатты Құрманғазы ауданындағы №7 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ерсейіт Бралин салмағы 165,2 тоннаны құрайтын 7 теміржол вагонын 9,75 метр қашықтыққа дейін сүйреп, рекорд орнатты. ✔️ Спортшының жетістігі жетістігі ресми түрде тіркеліп, КИнЭС-2026 Қазақстан рекордтар кітабының кейіпкері атағы берілді. Ерсейіт бұған дейін де ауыр салмақты вагон сүйреуден рекорд орнатқан. 2024 жылы ол 94 тонналық вагонды сүйреп, Батыс өңіріндегі рекордты жаңартқан.


Qazaqstan.tv » публикация №56546

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🥚 Алматыда ветеринариялық талапқа сай емес 13 мыңнан астам жұмыртқа анықталды Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы жүргізген рейд барысында «Барыс-IV» базарынан ветеринариялық құжаттары жоқ, таңбаланбаған және арнайы қаптамасыз сатылған 13 680 дана жұмыртқа анықталды. Заңбұзушылыққа жол берген тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, жалпы сомасы 1,3 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Тәркіленген өнім санитариялық талаптарға сәйкес жойылды.


Qazaqstan.tv » публикация №56545

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🛫Саяхатқа ақша жинадыңыз ба? Жазғы демалысты қайда өткізген тиімді? Алакөлде демалу үшін қанша қаражат қажет? 📌Бүгін «Ақша әліппесі» бағдарламасында еліміздегі ең танымал туристік бағыттар мен демалыс шығындары туралы айтылады. ⏰Сағат 20:25-те «Qazaqstan» телеарнасында.


Qazaqstan.tv » публикация №56544

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🏚Қазақстанда баспана сатып алу көрсеткіші төмендеді Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мамырда 30 мыңнан астам жылжымайтын мүлік сатылған. Бұл 2026 жылғы сәуірмен салыстырғанда 13,5%-ға аз. Ал былтырғы мамырмен салыстырғанда 10,5% азайды. Ол кезде 33 986 болған. ▪️Мәмілелер саны бойынша Астана – 5 122 (16,8%) және Алматы – 4 925 (16,2%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы – 2 630 (8,6%) көш бастап тұр. Ұлытау облысында ең аз көрсеткіш тіркелді – 261 мәміле (0,9%). 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы сауда 2025 жылғы қаңтар-мамыр айымен салыстырғанда 5,8% төмендеді.


Qazaqstan.tv » публикация №56543

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✅ Қазақстан ТМД елдері ішінде қоныс аударуға ең қолайлы мемлекет атанды Бұл туралы америкалық Remitly компаниясы дайындаған Immigration Index 2026 халықаралық рейтингінде айтылды. Зерттеу қауіпсіздік, денсаулық сақтау, білім беру сапасы, жұмыс мүмкіндігі, тұрғын үйдің қолжетімділігі және өмір сүру деңгейі сияқты негізгі көрсеткіштер бойынша жүргізілген. Рейтинг нәтижесіне сәйкес, Қазақстан ТМД елдері арасында көш бастап тұр.


Qazaqstan.tv » публикация №56542

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

💥Біз дайынбыз! ⚽️АҚШ, Канада және Мексика - 3 мемлекет, 16 қала, 48 құрама, 104 матч. 📺Төрт жылда бір өтетін футбол мерекесі қайта оралды. Бүкіл әлем асыға күтетін басты дода «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі. 🗓Футбол тарихындағы ең ауқымды чемпионатты 11 маусым мен 19 шілде аралығында біздің арналардан тамашалай аласыздар.


Архив Qazaqstan.tv — страница 37

Это 37-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.