⭕️Алматыда түнде автотұрақта дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды Алматыдағы сауда орталықтарының бірінің автотұрағында жүргізуші автокөлікпен қауіпті дрифт жасап, қатты шу шығарып, тұрғындардың тыныштығын бұзған. Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтамай, жол жабынын зақымдаған. ⚠️Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қамауға алынды.
Qazaqstan.tv — страница 38
Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 38. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
❓Сәкен Сейфуллиннің костюмі қазіргі сән үлгілерімен ұқсас екенін білесіз бе? Еуропалық стильдегі бұл костюмді Алаш ардақтысы Мәскеу қаласынан сатып алған. Ал ең қызығы дәл осындай классикалық киімді әлемдік брендтерден де кездестіресіз. 🤔Сонымен бұл қандай костюм? Ал мұражайда қайраткер тұлғаның тағы қандай жәдігерлері сақталған? 🎥Толығырақ видеодан көріңіз.
🤯«Отбасы банктен» ипотека алу қымбаттай ма? Жылдық бірыңғай мөлшерлеме 7,5 проценттен 8,5 процентке дейін өсті. Бұл тұрғын үй нарығына әсер ете ме? «Отбасы банк» өкілі жауап берді.
Президент бірқатар заңға қол қойды ▫️«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына; ▫️«Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тараптың (үшінші тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына; ▫️«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
✉️Мемлекет басшысы Канада Генерал-губернаторы Луиза Арбурға құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇨🇦Президент Канаданың жаңа Генерал-губернаторы Луиза Арбурды лауазымына ресми түрде кірісуімен құттықтап, оның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Канада халқына бақ-береке тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан Канадамен сан қырлы серіктестікті нығайтуға бейіл әрі қос халықтың мүддесі үшін тығыз ықпалдастыққа әзір.
🚘Күн ыстықта қандай заттарды көлікте қалдыруға болмайды? Күн астында тұрған көліктің іші сыртқы ауа температурасынан әлдеқайда жылдам қызады. Мысалы, күн 30–35°C ыстық болған кезде көлік салонындағы температура 30–60 минут ішінде 50–70°C-қа дейін көтерілуі мүмкін. Мұндайда кейбір заттар бүлініп, жарылу немесе өрт қаупін тудыруы мүмкін. Көлікте қалдыруға болмайтын заттардың тізімін жасадық.
📌Биыл 12 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат еңбекке тартылған Бұл туралы Президент қабылдауында болған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді. Мемлекет басшысы ведомствоның 2025 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен биыл бес айдағы нәтижелері туралы есебін тыңдады. 2025 жылы зейнетақы, базалық жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерге 5,9 триллион теңге жұмсалды. Биылғы бес айда бұл көрсеткіш 2,7 триллион теңгені құрады. Биыл 12 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат еңбекке тартылған. Жыл соңына дейін мүгедектікті белгілеуге арналған цифрлық талдау тетігін енгізу жоспарланып отыр. Ал ел көлемінде 201 мыңға жуық азамат, соның ішінде 74,9 мың жас жұмыспен қамтылды.
📲 115 мың адам мобильді аударымдар лимитінен асып кеткен Қазақстанда мобильді аударымдар бойынша белгіленген лимиттен 115 мың азамат асып кеткен. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді. Министрліктің 10 банкпен бірлесіп жүргізген талдауы нәтижесінде аталған азаматтардың ай сайын жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асатын 100-ден астам аударым жасағаны анықталды. Олардың аударымдарының жалпы көлемі 1 триллион теңгені құрады. Сондай-ақ мобильді аударымдар алған 7800 шетелдік азаматқа қатысты бақылау шаралары күшейтілді.
🇰🇿🇺🇸Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-америка ынтымақтастығының жоғары деңгейін атап өтіп, Америка Құрама Штаттарымен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады. – Біз өзекті мәселелерді кеңінен талқылауға мүмкіндік туғанын оң бағалаймыз. Әсіресе, аса маңызды минералдар бойынша C5+1 диалогына қатысуыңызды құптаймыз. Бұл Құрама Штаттардың Қазақстанмен және бүкіл Орталық Азиямен ынтымақтастыққа стратегиялық тұрғыдан мән беретінін көрсетеді. Сондай-ақ Сіздің екіжақты байланыстарды дамытуға қосқан үлесіңізді атап өткім келеді. Қазақстан Америка Құрама Штаттарымен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі арттыруға мүдделі. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Сіз арқылы АҚШ Президенті Дональд Трампқа ыстық ықыласым мен ізгі тілегімді жолдаймын. Жыл соңына қарай біз кездесеміз деп ойлаймын. Сонымен бірге Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.
🔸 Колледж оқытушыларының жалақысы өсуі мүмкін Мәжіліс депутаты Болат Керімбек Оқу-ағарту министріне білім беру жүйесін одан әрі дамыту бағытында қандай жоспарлар көзделіп отырғаны туралы сұрақ қойды. «Бүгінде елімізде 763 колледж жұмыс істейді. Колледж студенттерінің 61%-ын 9-сыныптан кейін оқуға түскендер құрайды. Осыған байланысты колледждерде жалпы білім беретін педагогтердің жалақысын көтеру мәселесі қаралып жатыр. Қазір бұл бағытта Оқу-ағарту министрлігі мен Қаржы министрлігі бірлесіп жұмыс жүргізуде», - деді Жұлдыз Сүлейменова.
🔺 Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты Оқиға «Ақтөбе - Астрахань» тас жолының Байғанин ауданы аумағында болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, DAF жүк көлігі мен Toyota Camry маркалы екі жеңіл автокөлік соқтығысқан. Соққы салдарынан көліктердің бірі өртеніп кеткен. Екі адам оқиға орнында көз жұмса, тағы бірі медициналық мекемеде қайтыс болды. Қазір жол-көлік оқиғасының себебі анықталып жатыр.
Қызылорда – Жезқазған автожолының құрылысы биыл аяқталады Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерболат Сатыбалды Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа Қызылорда – Жезқазған автожолының Жезқазған бағыты бойынша құрылысының аяқталу мерзіміне қатысты сұрақ қойды. «Қарағанды – Жезқазған бағыты бойынша да жаңа жолдың құрылысы басталып, 2 жыл ішінде пайдалануға беріледі. Сонымен қатар Сексеуіл – Бейнеу, Сарыағаш – Қызылорда және Жаңаөзен – Түрікменстан бағыттарында жаңа жол құрылыстары жүріп жатыр, олардың бір бөлігі биыл аяқталады», - деді Нұрлыбек Нәлібаев.
📵 Астанада жол ережесін бұзған жүргізуші 15 тәулікке қамалды Елордада әлеуметтік желі үшін жол ережесін өрескел бұзған 20 жастағы жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Toyota көлігінің жүргізушісі Қошқарбаев көшесіндегі көпірде қауіпті әрекет жасаған сәтін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.
🛰️ «Artemis III»: Жаңа Ай миссиясының экипаж құрамы белгілі болды АҚШ-тың ғарыш агенттігі NASA Айға қону жүйелерін сынақтан өткізуге арналған «Artemis III» миссиясына қатысатын ғарышкерлер құрамын таныстырды. 👨🚀 Алдағы жылы Рэнди Бресник, Лука Пармитано, Фрэнк Рубио және Андре Дуглас Жердің төмен орбитасына ұшып, SpaceX және Blue Origin компаниялары әзірлеген қону модульдерінің жүйелерін сынайды. Резервтік экипаж мүшесі болып Боб Хайнс тағайындалды.
Былтыр Қазақстанға 15,7 млн шетелдік турист келді 2025 жылдың қорытындысы бойынша қонақүйлер мен орналастыру орындары 10 миллионнан астам қонақты қабылдады. Оның ішінде 8,7 миллион адам – ішкі туристер. Шетелден келген туристер саны 11,1 миллионға жетті. Жалпы алғанда, бір жыл ішінде Қазақстанға 15,7 млн шетел азаматы келген. Қазақстанда туризм саласының экономикалық көрсеткіштері айтарлықтай өсті. Орналастыру орындарының жиынтық табысы 350,6 млрд теңгені құрады. Ал туризмге тартылған инвестиция көлемі 1,3 трлн теңгеден асты.
💊 Антибиотиктерді рецептсіз сатуға бақылау күшейтіледі Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қолданыстағы шектеулерге қарамастан, кейбір дәріханалар мен онлайн платформаларда антибиотиктер дәрігердің рецептісіз сатылып келеді. Ведомство антибиотиктерді бақылаусыз қолдану микроорганизмдердің дәріге төзімділігін күшейтетінін ескертті. ДДСҰ дерегіне сәйкес, жыл сайын мұндай инфекциялардан әлемде шамамен 700 мың адам қайтыс болады. Сарапшылардың болжамынша, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 40 миллион адамға жетуі мүмкін.
❗️Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам қате анықталды ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мектеп оқулықтарында 700-ден астам ескерту мен қате табылғанын мәлімдеді. Олардың қатарында фактілік, стильдік және техникалық қателер, сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес келмейтін материалдар бар. 📚 Кейбір оқулықтар 9 жылдан бері жаңартылмаған. 📌 Осыған байланысты министрлік оқулықтарды кезең-кезеңімен жаңартуды жоспарлап отыр: 2026 жылғы 30 тамызға дейін - 3 және 7-сынып; 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін - 4 және 9-сынып; 2027 жылғы 1 сәуірге дейін - 8-сынып оқулықтары жаңартылады.
📺«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Алматы қаласында жарнама саласындағы серіктестермен іскерлік кездесу өткізді Іс-шара барысында Корпорация жанынан құрылған заманауи медиакешеннің таныстырылымы ұйымдастырылып, серіктестерге медиа нарыққа ұсынылатын жаңа мүмкіндіктер мен тиімді құралдар туралы жан-жақты ақпарат берілді. Бұдан бөлек, International Media Service компаниясымен бірлескен жұмыс аясында Корпорацияға қарасты теле және радиоарналарында жарнама орналастыру тетіктері, тиімді ұсыныстар мен әріптестікті дамыту бағыттары қарастырылды. Іскерлік кездесуге отандық жарнама нарығындағы компания өкілдері мен осы саладағы жетекші мамандар қатысты.
Мемлекет басшысы Португалия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇵🇹Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Жозе Мартинш Сегуру мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады. Президент айтулы мейрам қарсаңында Португалияның 2027-2028 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануын аталған елдің жаһандық бейбітшілік және қауіпсіздікті нығайту жолындағы маңызды рөліне көрсетілген зор құрмет пен жоғары халықаралық сенімінің көрінісі деп атап өткен. Мемлекет басшысы сан қырлы байланыс халықтарымыздың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Португалия Президентінің жауапты қызметіне толайым табыс, ал халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.
🩺 Атыраулық дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған науқасты аман алып қалды Жүрек тұсындағы қатты ауырсынуға байланысты жедел жәрдем шақырған 1967 жылы туған ер адамның жүрегі ауруханаға жеткізу кезінде бірнеше рет тоқтап қалған. Кардиологиялық орталық дәрігерлері науқастан ST сегментінің көтерілуімен жүретін жедел коронарлық синдром мен кардиогендік шокты анықтады. Мамандар жоғары технологиялық стенттеу операциясын жасап, қан айналымын қалпына келтірді. Қазір науқастың жағдайы тұрақты.
🗣Қазақстанда халықаралық деңгейдегі 24 қонақ үй салынады Қазақстанның 11 өңірінде халықаралық деңгейдегі 24 қонақ үй салу жоспарланып отыр. Жобалар жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылып, мемлекет тарапынан жеңілдетілген несиелеу және инвестициялық преференциялар арқылы қолдау көрсетіледі. Жоспарланған нысандар қатарында Қонаевтағы Hilton және Marriott, Павлодардағы Novotel, Қостанайдағы Courtyard by Marriott, Қызылордадағы Rixos, сондай-ақ Алматыдағы Hilton Garden Inn, Hilton Park Almaty және Radisson Blu қонақ үйлері бар. Шымкентте де жаңа Hilton қонақ үйін ашу көзделген. Сарапшылардың пікірінше, халықаралық брендтердің келуі қызмет көрсету сапасын арттырып, бәсекелестікті күшейтеді және Қазақстанның туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.
Атырауда мұнай компаниясына 27,5 млн теңге айыппұл салынды Атырау облысында экологиялық талаптарды бұзған «Светланд-Ойл» ЖШС-не 27,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Тексеру барысында компанияның рұқсатсыз шығарындылар мен төгінділерге жол бергені, экологиялық құжаттарды рәсімдемей нысандар пайдаланғаны анықталды. Сондай-ақ жердің мұнай өнімдерімен ластануы және қалдықтарды есепке алу талаптарының сақталмағаны тіркелді. Осыған байланысты компанияға айыппұл салынып, рұқсатсыз шығарындыларды тоқтату үшін сотқа талап-арыз жолданды.
Раяна, Айлана және Аяна: Алматыда үшем үйге шығарылды Алматыдағы №2 қалалық перинаталдық орталықта дүниеге келген үшем бір айлық емнен кейін үйге шығарылды. Раяна, Айлана және Аяна 7 мамыр күні жүктіліктің 35-аптасында дүниеге келген. Сәбилердің туған кездегі салмағы 1690, 1390 және 1660 грамм болған. Жағдайы ауыр болған нәрестелер жансақтау бөлімінде ем қабылдады. Кейін дәрігерлердің бақылауымен емін жалғастырды. 📌Мамандардың айтуынша, бір айлық ем мен күтімнің нәтижесінде сәбилердің жағдайы жақсарып, үйге шығарылған.
🚆Бурабай бағыты бойынша қандай пойыздар қатынайды? Жазғы демалыс маусымында Ұлттық тасымалдаушы Бурабай курорты бағыты бойынша 144 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. Бурабай курорты станциясында түрлі санаттағы 10 жолаушылар пойызы аялдайды.
😨Түркістанда бір жастағы бала даладағы әжетханаға түсіп кетті Түркістан облысының Темірлан ауылында 1 жастағы бала жеке үйдің ауласындағы дала әжетханасына құлап кеткен. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел түрде жіберілді. ⚠️Құтқарушылар баланы абайлап шығарып алып, жедел жәрдем мамандарына тапсырды. Министрлік ата-аналар мен ересектерді балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.
⚠️Филиппиндегі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 37-ге жетті Филиппин аралдарында қуаты 7,8 балдық зілзала құрбандарының саны 35-ке жетті. Алапат жер сілкінісінен зардап шеккен Минданао аралында іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр. Осы дүмпуден кейін Филиппинде, Австралияда, Индонезияда, Жапонияда жарияланған цунами қаупі туралы ескерту бірнеше сағаттан кейін доғарылды. Табиғи апаттан Филиппинде 134 адам жараланып, 10 мыңдай отбасы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Тағы 12 тұрғын хабар-ошарсыз кеткен.
🚨Астанада жол апаты болып, екі адам қаза тапты Бүгін Астана қаласындағы көпірлердің бірінде жол апаты болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota автокөлігінің жүргізушісі Сарайшық көшесімен келе жатып, көпір үстінде тізгінге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып…
❓Депозит мерзімі аяқталғанда нені ескеру керек? Депозиттегі қаражат өздігінен көбейе бермейді. Депозит ашқан кезде әр салымшы келісімшартқа қол қояды. Онда салымның нақты мерзімі көрсетіледі. 🔹Көпшілік мерзімі аяқталған соң қайта рәсімдеумен айналыспау үшін автопролонгация қызметін қосады. Бұл жағдайда депозит мерзімі автоматты түрде ұзартылады. Жаңа келісімшарт жасалмағандықтан, банк депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендетуі мүмкін. Бірақ мұны салымшылар байқай бермейді, ал банк арнайы хабарлай бермеуі мүмкін. Осылайша клиент қосымша табысынан қағылады. 📌Толығырақ видеодан көріңіз.
Архив Qazaqstan.tv — страница 38
Это 38-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.