⚡️Алматыда оқу-жаттығу кезінде граната жарылды Жоспарлы оқу-жаттығу барысында жарық-дыбыстық граната мерзімінен бұрын іске қосылған. Оқиға болған аумақта бөлімше қызметкерлеріне дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады. «Әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпарат көздерінде тараған қызметкерлердің жаппай зардап шеккені және олардың ауыр халде екендігі туралы мәлімет шындыққа сәйкес келмейді. Азаматтарды тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырамыз», - делінген ақпаратта. Аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде.
Qazaqstan.tv — страница 39
Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 39. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
Алматыдағы «Көк базар» маңында жеңіл көлік 5 адамды қағып кетті Алматыда жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам зардап шекті. Оқиға Көк базар маңы – Зенков көшесінде болған. Жеңіл көлік жолдың жүру бөлігінде тұрған бес жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Одан кейін жүргізуші тоқтай алмай, жол жиегінде тұрған микроавтобусқа да барып соғылған. Соққы салдарынан микроавтобус тағы бір көлікпен соқтығысқан. Оқиға салдарынан бес адам жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілді. Қазір Полиция департаменті жол апатының себебін анықтап жатыр.
Петропавлда 3 жасар бала үйден шығып, адасып кеткен Петропавлда көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген 3 жасар бала аман-есен табылып, ата-анасына табысталды. 4 маусым күні №7 бағыттағы автобустың кондукторы көшеде жалғыз жүрген бүлдіршінді байқап, бірден «102» арнасына хабарлаған. Оқиға орнына келген ювеналдық полиция қызметкерлері баланы алып, оның ата-анасын анықтады. Осыдан кейін бала отбасына тапсырылды. Тексеру барысында анасының жұмыста болғаны, ал әкесінің екі кішкентай баласымен бірге ұйықтап жатқан кезде үш жасар баланың ерте оянып, үйден шығып кеткені белгілі болды. Оның көшеде жүрген уақыты шамамен екі сағатқа созылған. Аталған дерек бойынша баланың әкесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Петропавлда 3 жасар бала үйден шығып, адасып кеткен Петропавлда көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген 3 жасар бала аман-есен табылып, ата-анасына табысталды. 4 маусым күні №7 бағыттағы автобустың кондукторы көшеде жалғыз жүрген бүлдіршінді байқап, бірден «102» арнасына хабарлаған. Оқиға орнына келген ювеналдық полиция қызметкерлері баланы алып, оның ата-анасын анықтады. Осыдан кейін бала отбасына тапсырылды. Тексеру барысында анасының жұмыста болғаны, ал әкесінің екі кішкентай баласымен бірге ұйықтап жатқан кезде үш жасар баланың ерте оянып, үйден шығып кеткені белгілі болды. Оның көшеде жүрген уақыты шамамен екі сағатқа созылған. Аталған дерек бойынша баланың әкесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
🌟 Алжир аспаны қызыл түске боялды Алжирдің ең титулды клубтарының бірі – «MC Alger» ел чемпионатында 10-рет топ жарды. ⚽️ Команданың чемпиондық атағы алдын ала белгілі болғанымен, жанкүйерлер бұл жетістікті ерекше атап өтті. Алжир қаласында мыңдаған адам жиналып, алау жағып, әсерлі пиротехникалық шоу ұйымдастырды. 🎆 Қала көшелері қызыл түске боялып, мерекелік атмосфера әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. 🏆 Осылайша жанкүйерлер сүйікті клубының кезекті чемпиондығын ұмытылмас көрініске айналдырды.
🚔 Көшеде жағдайы нашарлаған қарияға полицейлер көмек көрсетті Астанада қызмет барысында патрульдік полиция қызметкерлері көшеде өзін жайсыз сезінген қарт кісіге дер кезінде көмек көрсетті. Тәртіп сақшылары көмек сұраған дауысты естіп, оқиға орнына бірден жеткен. Куәгердің айтуынша, қарияның жағдайы күрт нашарлап, тепе-теңдігін жоғалтып, құлай бастаған. Полицейлер азаматқа алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметінің оқиға орнына кедергісіз жетуін қамтамасыз етті. Қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ер адам медициналық мекемеге жеткізілді.
🎼 Бірге күй орындаған отбасы көпшіліктің ықыласына бөленді 😍 Әлеуметтік желіде түрлі музыкалық аспаптарда күй орындаған отбасының видеосы тарады. Бейнеролик қысқа уақыт ішінде көп қаралым жинаған. Желі қолданушылары орындаушылардың шеберлігіне жоғары баға беріп, ұлттық өнердің осындай әдемі насихатына ризашылық білдірді.
577,5 миллиард теңге: «Аягөз – Бақты» теміржол желісінің құрылысы жүргізіліп жатыр Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады. Өткен жылы өңірлік жалпы өнім көлемі 3,9 триллион теңгеге жеткен. Биыл қаңтар-сәуір айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,8 пайызды құрады. Былтырдан бастап жалпы инвестициялық пулға кіретін жобалар саны 29-дан 112-ге дейін ұлғайды. Тартылатын инвестиция көлемі 2,2 триллион теңгеден 4,4 триллион теңгеге дейін артты. Ірі инвестициялық жобалар қатарында құны 577,5 миллиард теңге болатын «Аягөз – Бақты» теміржол желісінің құрылысы жүргізілуде. Семей қаласында жоспарланған аймақта жалпы құны 400 миллиард теңгені құрайтын өндірістік жобаларды іске асыру және 2500 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Мемлекет басшысы өңірге инвестиция тарту жұмыстарын күшейту, экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, «Абайға құрмет» акциясын лайықты деңгейде жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Қазақстанға 105 елдің азаматтары электронды виза арқылы кіре алады Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты. «Қазіргі таңда 105 елдің азаматтары елшіліктерге жүгінбей-ақ электрондық виза арқылы Қазақстанға кіре алады. Сонымен қатар IT-мамандарға арналған Digital Nomad Visa және туристерге арналған Neo Nomad Visa беру де ұйымдастырылған. Қабылдаушы тарап шетелдік азаматтың келуі туралы хабарламаны онлайн форматта жолдайды», - деді Ержан Сәденов. Туристерге ыңғайлы болу үшін әуежайлар мен ірі шекара бекеттерінде QR-коды бар арнайы туристік карталар таратылады. Онда елде болу ережелері, шұғыл қызметтер мен байланыс операторлары туралы ақпарат қамтылған. Бұдан бөлек, көші-қон қызметтерін жеңілдету үшін QazETA мобильді қосымшасы әзірленіп жатыр.
📌 Атырау облысында 300 мың долларды шетелге заңсыз әкетпек болған азамат ұсталды ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, «Құрманғазы» өткізу пунктінде тексеруден өту кезінде қазақстандық азаматтың жеке жүгінен 299,6 мың доллар табылған. Сондай-ақ Жамбыл облысы шекарасында да жасырын түрде 102,5 млн рубль өткізбек болған 6 шетелдік ұсталды. Жыл басынан бері 6,9 млрд теңге мөлшерінде декларацияланбаған валютаны әкетудің 700-ге жуық әрекеті тоқтатылған. Айта кетейік, 10 мың доллардан аспайтын қолма-қол ақшаны республикадан тыс жерге әкетуге тыйым салынады.
Еліміздегі ұлттық парктерге келген туристер саны 3,7 млн-ға жетті Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев еліміздің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарына ел азаматтары мен шетелдік туристер тарапынан қызығушылық артып келе жатқанын айтты. Оның мәліметінше, 2024 жылы ұлттық парктерге 2,8 млн адам барған болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 3,7 млн адамға жетті. Айта кетейік, ұлттық парктер аумағында 179 туристік маршрут пен 42 экологиялық соқпақ жұмыс істейді.
Шетелдік туристер үшін Байқоңырға кіруге рұқсат беру тәртібі жеңілдетілді Үкімет Байқоңыр кешенінде туризмді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітті. Енді мұнда туристерге кіруге рұқсат беру үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу мерзімі 10 күнге дейін қысқартылды. Бұл ғарыш аппараттарының ұшырылымдарын тамашалауға келетін қонақтар санының артуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қазақстанның қарамағына берілген бірқатар нысандардың туристік әлеуеті пайдаланылмақ. Олардың қатарында Гагарин ұшу алаңы, монтаждау-жанармай құю кешені және динамикалық сынақтар стенді бар.
Қазақстанға 80 мыңнан астам шетелдік азамат ем алуға келген Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Қазақстан жоғары деңгейдегі медициналық көмекті қолжетімді бағамен ұсынады. Бүгінде елімізде сапа мен қауіпсіздікке қойылатын халықаралық талаптарға сәйкес келетін медициналық мекемелер табысты жұмыс істеп жатыр», - деп жазылған министрлік хабарламасында. Айта кетейік, еліміздегі 10 медициналық ұйым халықаралық JCI аккредитациясына ие.
🏆 Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада жүлдегер атанды Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен математика және информатика пәндерінен әл-Хорезми халықаралық олимпиадасында қазақстандық оқушылар үздік нәтиже көрсетті. 🌍 Әлемнің 10 елінен жиналған дарынды оқушылар бақ сынаған білім додасында Қазақстан құрамасының барлық 8 мүшесі жүлдегер атанды. 🥇🥈🥉 Нәтижесінде ұлттық құрама: • 4 алтын; • 3 күміс; • 1 қола медаль жеңіп алды. 📌 Осылайша Қазақстан құрамасы 100 пайыздық нәтиже көрсетті
Бас прокуратура: Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды Алаяқтар өзін мессенджердің ресми қолдау қызметі ретінде таныстырып, аккаунтты жою туралы сұрау түскені жөнінде жалған хабарлама жібереді. Онда аккаунтты сақтап қалу үшін 24 сағат ішінде арнайы батырманы басу қажет екені айтылады. Сілтемеге өткен адам жалған ботқа немесе сайтқа бағытталып, SMS немесе Telegram арқылы келген растау кодын енгізуге шақырылады. Кодты енгізген сәтте аккаунтқа қолжетімділік алаяқтардың қолына өтеді. Аккаунтыңызды қорғау үшін: ✔️ Растау кодтарын ешкімге бермеңіз; ✔️ Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз; ✔️ Екі кезеңді аутентификацияны қосыңыз; ✔️ Белсенді құрылғылар тізімін тұрақты тексеріп отырыңыз. 🔹 Мамандардың айтуынша, Telegram-ның ресми қызметі ешқашан растау кодын, құпиясөзді немесе аккаунт деректерін сұрамайды.
❓Судағы қауіпсіздік ережелерін білесің бе? 🔺Су айдындарына шомылуға тек арнайы рұқсат етілген жерлерді таңдау керек. 🔺Тыйым салынған жерлерде жүруге болмайды. Қоршау белгілерінен тысқары аумаққа шықпаған дұрыс. Моторлы қайықтар мен катерлерге жақын жүзу қауіпті.
Абай облысында тұрғындарды бопсалаған топ ұсталды Әлеуметтік желідегі бопсалау схемасының жолы кесілді. Абай облысында тұрғындардан ақша бопсалаумен айналысқан алты адамнан тұратын қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Ал Павлодар облысында студенттерден ақша талап етті деген күдікпен екі адам ұсталды. Сондай-ақ Алматы облысында әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылған бопсалау схемасының жолы кесілді. Іске қатысы бар күдіктілер қамауға алынды.
❓Банкте депозитіңіз бар ма? Келісімшартты әрдайым жаңартып отырмасаңыз, едәуір табыстан қағылуыңыз мүмкін. 📺Банк айтпайтын айла-шарғылар туралы бүгін «Ақша әліппесінен» көріңіз. ⏰20:25-те «Qazaqstan» телеарнасында.
🥛Астанада «BaiQymyz-2026» халықаралық гастрофестивалі өтеді 📍Астана қаласында 11–12 шілде күндері BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестивалі өтеді. Іс-шара елордадағы Қазанат ипподромы аумағында ұйымдастырылады. Қазақтың ұлттық сусыны – қымызға арналған «BaiQymyz – бапталған қымыз ұлттық тағамдар гастрофестивалі» аясында өтетін бұл ірі мәдени-аграрлық шараға 60–70 мың адам келеді деп жоспарланып отыр. ✔️Фестивальге Қазақстанның әр өңірінен, сондай-ақ Қырғызстан мен Ресей Федерациясының (Саха Республикасы) өкілдері қатысады. Жалпы саны 60-қа жуық қымыз өндіруші өз өнімін ұсынады. Қонақтар екі күн бойы қымыздан дәм татып, жылқы тұқымдары таныстырылатын көрмені тамашалай алады. Фестивальдің басты ерекшелігі – халықаралық деңгейдегі «Ең үздік қымыз» байқауы. Жалпы жүлде қоры 45 миллион теңгені құрайды. Байқау «BaiQymyz-2026», «Ем қымыз» және «Халық таңдауы» аталымдары бойынша өтеді. 🔹Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар, арнайы кубоктар және бағалы марапаттар табысталады. Бас жүлде иесіне автокөлік беріледі.
📌 Қазақстанда 2,5 миллионнан астам адам зейнетақы алады Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зейнетақы жүйесінің тұрақты жұмысы қамтамасыз етіліп, төлемдер жыл сайын индекстеледі. Ардагерлерді, тыл еңбеккерлерін, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарды және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарын қоса алғанда, азаматтардың 18 санаты арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алады. «Қазақстанның әлеуметтік саясаты бүгінде адам өмірінің барлық кезеңін қамтитын қолдау жүйесі ретінде қалыптасып келеді. Оған медициналық көмек көрсету, ана мен баланы қорғау, отбасыларға қолдау, мұқтаж азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек беру, білім алу мүмкіндіктерін кеңейту, ғылымды дамыту және тұрақты зейнетақы жүйесін қамтамасыз ету кіреді», - делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
⚠️6 адамды қаққан жүргізуші әйел қамауға алынды JAC маркалы көлікті елу жастан асқан әйел тізгіндеген. ⚽️Әлем чемпионатында Қазақстан тумасы ойнайды Ол Өзбекстан қақпасын қорғайды. ✍️Әл-Фарабидегі апат: Жәбірленуші тараптың бірі сотталушыны кешірді Материалдық және моральдық шығынды өтегенін айтып, оған шартты жаза тағайындауды сұрады. ♟Бибісара Асаубаева FIDE Women’s Circuit рейтингінде көш бастады Бұған дейін қазақстандық шахматшы 4-орында тұрған еді. 🚘Жыл басынан бері 12 мыңнан астам жол апаты тіркелген 17 мыңға жуық адам зардап шекті. ❗️ІІМ: Алаяқтар балаларды онлайн алдауға көшті Заңға қайшы әрекеттің желіде тараған атауы да бар – онлайн груминг. 📝ҰБТ: Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады Ең жоғары нәтиже – 140 балл.
⚡️Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді Бүгін сағат 21:55-те Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық зерттеу институты сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 111 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Есептік қарқындылығы (баллмен): • Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылы – 2,5 балл; • Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалағаш ауылы – 2 балл.
🎵Ағылшын тілінде ән айтқан келіншек көпшілікті тәнті етті Әлеуметтік желіде австралиялық Sia атты әншінің әнін орындаған келіншектің видеосы тарады. Желі қолданушылары оның вокалдық шеберлігіне жоғары баға беріп, орындауы түпнұсқадан кем түспейтінін жазған. 😍Бейнеролик қысқа уақыт ішінде мыңдаған қаралым жинады. Пікір қалдырғандар келіншектің талантына тәнті болып, жылы лебіздерін білдірген.
✔️ҰБТ: Талапкерлердің 67%-ы шекті балл жинады Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғалы талапкерлер 187 мың сынақ тапсырды. Төртінші аптаның қорытындысы бойынша түлектердің 67%-ы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа балл - 64. Ең жоғары нәтиже – 140 балл. Оны павлодарлық Әсет Альтаир жинады. ✍️Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдерінің ақпаратынша, ҰБТ-ға кірген талапкерлердің 73%-ы тестілеуді қазақ, 27%-ы орыс тілінде тапсырған. 323 оқушы ағылшын тілін таңдаған. Білім сынағы кезінде қазірге дейін 391 ереже бұзу дерегі анықталды. 246 талапкер смартфон, смарт көзілдірік, микро құлаққап, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 145 адам ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылған.
⭕️Әл-Фарабидегі апат: Жәбірленуші тараптың бірі сотталушыны кешірді Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты сот отырысында қаза тапқан тағы бір қыздың отбасы сотталушыны кешіргенін айтты. Жәбірленуші тарап айыпталушының кінәсін толық мойындап, материалдық және моральдық шығынды өтегенін айтып, оған шартты жаза тағайындауды сұрады. 🖇Бүгінгі отырыста прокурор істегі негізгі сараптамалардың қорытындысын жариялады. Тергеу нұсқасы бойынша, Zeekr көлігінің жүргізушісі рөлге алкогольдік ішімдік ішкен күйде отырған. Сондай-ақ көлікте тіркеу құжаттарындағы деректерге сәйкес келмейтін мемлекеттік нөмір тағылғаны анықталған. Ал соқтығысу алдында көлікті сағатына 219 шақырым жылдамдықпен жүргізгені белгілі болды.
⚠️Арыс қаласында 6 адамды қаққан жүргізуші қамауға алынды Түркістан облысының Арыс қаласында алты адамды қағып, олардың үшеуін бақилық еткен әйел қамауға алынды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады. Осы жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. 📌Алдын ала мәліметтер бойынша, JAC маркалы көлікті 50 жастан асқан әйел тізгіндеген. Жол апаты кезінде ол мас күйде болған. Қатты жылдамдықпен көшедегі орындықта отырған адамдарды басып кеткен. Апат болған жерге жиналған тұрғындар жан-жақта шашылып жатқан туған-туыстарын көріп, қатты абдырап қалғанын айтады.
🎬Димаш Құдайберген Stranger концерті туралы деректі фильмнің трейлерін жариялады Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Madison Square Garden сахнасында өткен «Stranger» атты жеке концерті туралы түсірілген деректі фильмнің трейлерін ұсынды. ✔️Былтыр 5 қазанда өнер иесі әлемдегі ең танымал концерттік алаңдардың сахнасында өнер көрсеткен ТМД елдерінен шыққан алғашқы жұлдыз атанды. ✨«Арман тарихқа айналғанда» атты деректі фильмде әнші оның командасы мен отбасы осы жетістікке жеткізген еңбек жолы, әсері мен естеліктері туралы баяндайды.
Архив Qazaqstan.tv — страница 39
Это 39-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.