Астанада жаңа сүт өңдеу зауыты іске қосылады Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. «RnR Group» ЖШС өндірістік алаңында орналасқан кәсіпорынның алғашқы өнімдерін тамыз айында шығару жоспарланған. Жобаның жалпы құны 6 млрд теңге. Зауыт тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өңдеп, 350-ге жуық өнім түрін өндіре алады. Өндірілген өнімдер Астана қаласы мен оған жақын өңірлерге жеткізіледі.
Qazaqstan.tv — страница 40
Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 40. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
🔥 Енді Ақтау мен Атыраудан Батумиге тікелей ұшуға болады ✈️ Fly Arystan әуе компаниясы Ақтау - Батуми бағыты бойынша алғашқы рейсін орындады. Рейстер 29 тамызға дейін аптасына 2 рет - сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшу ұзақтығы шамамен 1 сағат 50 минут. ✈️ Сондай-ақ 14 шілдеден бастап Атырау – Батуми бағыты бойынша да тікелей рейстер ашылады. Бұл бағыттағы рейстер аптасына 1 рет орындалады. Билет бағасы 46 мың теңгеден басталады.
😍Жазда қайда баруға болады? Түркістан облысы бойынша үздік локациялар▶️ #туристікжерлер
☀️ Шығыста күн 39 градусқа дейін ысиды «Қазгидромет» 9–11 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, баяу жылжитын батыс циклонының әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде екпінді жел соғып, дауыл күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Қатты жаңбыр 9–11 маусым аралығында еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде, ал 11 маусымда оңтүстік-шығыс өңірлерде күтіледі. Күндізгі ауа температурасы: • батыста +27...+35°C дейін көтеріледі; • солтүстікте +17...+28°C дейін төмендейді; • солтүстік-шығыс пен орталықта аптап ыстық сәл бәсеңдеп, +25...+33°C болады; • оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +27...+35°C шамасында сақталады; • шығыста +32...+39°C дейін жетеді.
🎙️Футболдан Әлем чемпионатын жүргізетін комментаторлармен таныс болыңыздар 📺 Қазақстандық жанкүйерлер Әлем чемпионаты матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады. 🔹Әлем біріншілігінде отандық көрермендер үшін 22 комментатор жұмыс істейді. 📌 Айта кетейік, жаһандық додада алғаш рет 48 құрама бақ сынайды. Турнир аясында жалпы 104 матч өткізілмек.
🏞️ Бозжыра шатқалында екінші визит орталықтың құрылысы басталды Мұнда ұлттық дизайнмен салынған этно-кофехана мен глэмпинг болады. Нысанда қалдық суды тазартатын биотазарту, қоқысты сұрыптап жинау, күн сәулесінен электр энергиясын алу жүйесі де қарастырылған. Орталықта туристердің жайлы қоныстанып, қауіпсіз тынығуына жағдай жасалмақ. Отызға жуық жұмыс орны ашылып, оған жергілікті мамандар алынады. Құрылыс жұмыстарын биыл жыл соңына дейін аяқтау көзделген.
❗Түркістан облысында мас жүргізуші 3 адамның өмірін қиды Оқиға Түркістан облысының Арыс қаласында болған. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан жеңіл көлік жекеменшік үйдің қоршауын бұзып өтіп, қоршау алдындағы орындықта отырған 5 адамды қағып кеткен. Салдарынан 2 бала мен жүкті әйел оқиға орнында көз жұмды. Тағы 2 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
📌 Қызылордада жоғалып кеткен 6 жасар баланың денесі судан табылды Үш күн бұрын жоғалып кеткен 6 жасар қыз баланың денесі Сырдариядан табылды. Құтқарушылар балақайдың денесін қаладан 20-30 шақырым жердегі «Айтек» су торабынан тапты. Қайғылы оқиғаға қатысты полиция департаменті мүрдеден ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталмағанын мәлімдеді.
🛬 Доминиканда бизнес-джет қону кезінде жарылып кетті Оқиға салдарынан 2 экипаж мүшесі қаза болды. Ұшақ Ла-Романа әуежайынан жанармай құйғаннан кейін АҚШ-тың Техас штатындағы Остин қаласына бағыт алған. Алайда ұшқаннан кейін экипаж техникалық ақау туралы хабарлап, әуежайға қайта оралуға шешім қабылдаған. Алдын ала мәлімет бойынша, қону кезінде әуе кемесі тұрақтылығын жоғалтып, апатқа ұшыраған. Қазір оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.
1500 адамды алдаған «CVK» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды Тергеу мәліметінше, жоба қатысушыларға тұрақты табыс уәде етіп, түрлі инвестициялық «дүкен» пакеттерін сатып алуға шақырған. Ал жүйедегі сауда операциялары мен жеткізілімдер шын мәнінде болмаған. Қатысушыларға ақшалай бонустар мен бағалы сыйлықтар уәде етілген. Қаражат криптовалюта арқылы шығарылып, кейін банктік шотқа аударылған. Агенттік жүргізген шаралар барысында 474 мың доллар көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды. Қазір еліміздің 14 өңірінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілп жатыр.
🐾 Үстірт қорығында сирек кездесетін барыс фототұзаққа түсті Мамандардың айтуынша, жыртқыш наурыз және мамыр айларында фототұзаққа түскен. Қазір қорық қызметкерлері барыстың қозғалысын бақылауды жалғастырып жатыр.
📍Филиппин аралдарында қуаты 7,8 балдық зілзала болды Жерасты дүмпуі елдің оңтүстігіндегі Минданао жағалауында 10 шақырым тереңдікте тіркелген. Дүмпу салдарынан биіктігі 1 метрден астам цунами көтерілді. Соңғы мәліметке сай, жер сілкінісінен 3 адам қаза тауып, 5 адам жараланған. Сондай-ақ Филиппинге көршілес Индонезияда цунами қаупі туралы ескерту жарияланды. Осыған орай жағалау тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген.
Киевте есірткі жасырушыларды жалдаған call-орталықтар әшкереленді Арнайы операцияны Қазақстан мен Украинаның Бас прокуратурасы бірлесіп жүргізді. Тергеу мәліметінше, call-орталықтар Киев қаласында Еуропа мен ТМД елдерінде синтетикалық есірткі өндіру және адамдарды есірткі бизнесіне тартумен айналысқан. Операторлар мен менеджерлер Қазақстан аумағында есірткі жасырушы және есірткі ораушы рөліне адамдарды іздеп, оларды заңсыз жұмысқа қабылдаған. Операция барысында 11 адам ұсталып, бірнеше мүлік тәркіленді. Қазір ұйымдастырушылардың аккаунттары анықталып, қаржылық тергеу жүргізіліп жатыр.
🇰🇿🇦🇲Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады Көптеген халықаралық байқаушының алдын ала мәліметінше, сайлау елдің қолданыстағы сайлау туралы заңнамасына сай, ашық әрі азаматтардың еркін білдіруіне тиісті жағдай жасала отырып өткен. Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның Армения елінің ұзақмерзімді ұлттық мүддесі жолындағы қызметте табысқа жете беруіне тілектестік білдірді. Президент Қазақстан достас Армениямен барлық салада өзара мүддеге сай белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев армян халқына мемлекеттілікті дамытуда сәттілік, бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
❗️Ақтөбе облысында алкоголь өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан кәсіпкер ұсталды Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметінше, Қандыағаш қаласындағы дәмханалардың бірінен 75 литрге жуық алкоголь өнімі тәркіленді. Кәсіпкер алкоголь өнімдерін лицензиясыз сатқан. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 281 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Құтқарушылар 3020 метр биіктікте жарақат алған туристі құтқарды Турист Алматыдағы Мыңжылқы шатқалында теңіз деңгейінен 3020 метр биіктікте орналасқан Малыш шыңынан түсу кезінде жарақат алған. Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері зардап шеккен азаматқа алғашқы көмек көрсетіп, қауіпсіз жерге эвакуациялады. Кейін ол дәрігерлерге тапсырылды.
Көзіңіз жиі бұлдырай ма? Дәрігер себебін түсіндірді Мұхит Құлмағанбетов - кванттық физиканы офтольмологияға енгізген көз дәрігері. «Энтоптика - көздің ішінде пайда болатын визуалды феномен. Адамға көз алдында бір нәрсе бұлдырап тұрғандай көрінуі мүмкін. Осы құбылысты зерттеу барысында макулярлық дегенерацияға шалдыққан адамдардың кейбір бейнені толық көре алмайтынын анықтадық. Бұл ауру болашақта соқырлыққа әкелуі мүмкін», - дейді ғалым. «Prime Era» бағдарламасының толық нұсқасын Qazaqstan TV YouTube арнасынан көре аласыздар.
📲 Министрлік интернеттегі уақытша ақауға түсініктеме берді Жекелеген интернет-ресурстардағы уақытша іркілістер магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісінің зақымдалуына байланысты болған. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады. «Қазақтелеком» компаниясы құрылыс жұмыстары кезінде техника халықаралық интернет-трафиктің негізгі бағыттарының бірін қамтамасыз ететін кабельді зақымдағанын мәлімдеді. Мамандар трафикті шұғыл түрде резервтік арналарға ауыстырып, байланыстың толық өшіп қалуына жол бермеді.
🏃♀️ Astana Half Marathon 2026 шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд орнатты V мерейтойлық марафонға 7 мың адам қатысса, олардың 243-і әлемнің 30-дан астам елінен келген шетелдік спортшылар. Бұл жарыс тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, биылғы жарыста экологиялық бастамаларға да ерекше көңіл бөлініп, қоқысты бөлек жинау және қайта өңделетін материалдарды пайдалану тәжірибесі енгізілді.
✅ Тәртіпбек марафоншыларға қолдау көрсетті Бүгін Астанада өткен Astana Half Marathon марафонында Тәртіпбек қатысушыларға қолдау көрсетті. Балалар мен ересектердің сүйікті кейіпкері марафоншылармен кездесіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ ол салауатты өмір салтының, қауіпсіздік пен белсенді демалыстың маңыздылығын насихаттады. #ТазаҚазақстан
Қазақы тазы Италия чемпионы атанды Италияда өткен беделді халықаралық кинологиялық көрмеде қазақы тазы тұқымының өкілдері жүлделі орындарға ие болды. Көрме қорытындысы бойынша Кербез үздік деп танылып, Италия чемпионы атанды. Ал Сарбаз екінші орын иеленді. Мамандардың пікірінше, бұл жетістік қазақы тазының халықаралық деңгейдегі беделінің артып келе жатқанын көрсетеді.
🏗️Құрылыс сапасына кім жауапты? Терезеден жел үрлеп, қабырғаның опырылып түсуіне не себеп? Құрылыс компанияларының өздерін өзі қадағалағаны қаншалықты дұрыс? ❓Бұл мәселелер қолданысқа енетін Құрылыс кодексі арқылы шешімін таба ала ма? 📺Осы және өзге де мәселелер бүгін 20:00-де «Апта» бағдарламасында.
Мектепке дейінгі білім беру Елдің 20 қаласы мен 23 ауданында ваучер бойынша қаржыландыру процесі басталды. Пилоттық жобаға 6 мыңға жуық ұйым қатысып, 936 мыңнан астам ваучер берілді. Нәтижесінде балабақша кезегі 9 есеге жуық қысқарды.
🏃🏻♂️Astana Half Marathon: 30-дан астам елден 7 мың қатысушы жиналады Ертең елордада Astana Half Marathon жартылай марафоны бесінші рет мерейтойлық форматта өтеді. ✍️Астана әкімдігінің мәліметінше, «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастыратын ірі жүгіру жарысына әлемнің 30-дан астам елінен 7 мыңға жуық желаяқ қатысады. 📍Жарыс бағыты елорданың негізгі сәулеттік нысандары мен көрікті жерлерін қамтиды. Қатысушылар жарысты «Қазақ елі» монументі жанындағы Тәуелсіздік алаңынан бастайды. Дәстүр бойынша жарыс 21,1 шақырымдық жартылай марафон, 10 шақырымдық жүгіру, 10 шақырымдық скандинавиялық жүріс және «Экиден» командалық эстафетасы бойынша өтеді. ⚡️Белгіленген уақыт ішінде қашықтықты толық бағындырған барлық қатысушыға арнайы мәре медалі табысталады.
🤝 Қазақстан мен Армения тең түсті 🇰🇿 Қазақстан 1:1 Армения 🇦🇲 ⚽️ Самородов, 50' ⚽️ Сперцян, 53' 📌 Қазақстан ұлттық құрамасы келесі ойынын 9 маусым күні сырт алаңда Венгрия құрамасына қарсы өткізеді.
😍Түркістандық түлек әлемнің 80-нен астам университетінен шақырту алды Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы мектеп түлегі Нұрәлі Медина Бектұрсынқызы АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарынан 80-нен астам ұсыныс алды. ✔️Халықаралық университеттер талапкердің академиялық жетістіктерін, көшбасшылық қабілеті мен қоғамдық белсенділігін жоғары бағалап, оқу және гранттық мүмкіндіктер ұсынған. Ол ұсынылған мүмкіндіктердің ішінен Оңтүстік Кореядағы Inha University университетін таңдауға ниетті.
😍Алматы хайуанаттар бағында сирек кездесетін жануарлар төлдеді Алматы хайуанаттар бағында сирек кездесетін жануарлардың бірнеше жұбы төлдеді. Аққол гиббондар мен сақиналы құйрықты лемурлардың төлі дүниеге келді. ✨Ерекше оқиға – сақиналы құйрықты лемурлардың екі жұбының бірдей егізден төлдеуі болды. Төлдер 6 және 17 наурызда дүниеге келген. Қазір олар мамандардың тұрақты бақылауында. Сондай-ақ 6 наурыз күні аққол гиббонның да төлі дүниеге келді.
Архив Qazaqstan.tv — страница 40
Это 40-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.