Qazaqstan.tv » публикация №56455
Киевте есірткі жасырушыларды жалдаған call-орталықтар әшкереленді Арнайы операцияны Қазақстан мен Украинаның Бас прокуратурасы бірлесіп жүргізді. Тергеу мәліметінше, call-орталықтар Киев қаласында Еуропа мен ТМД елдерінде синтетикалық есірткі өндіру және адамдарды есірткі бизнесіне тартумен айналысқан. Операторлар мен менеджерлер Қазақстан аумағында есірткі жасырушы және есірткі ораушы рөліне адамдарды іздеп, оларды заңсыз жұмысқа қабылдаған. Операция барысында 11 адам ұсталып, бірнеше мүлік тәркіленді. Қазір ұйымдастырушылардың аккаунттары анықталып, қаржылық тергеу жүргізіліп жатыр.





























