Life News Новостной агрегатор

Qazaqstan.tv — страница 41

Источник: Qazaqstan.tv · сбросить

Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 41. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


Qazaqstan.tv » публикация №56440

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

😍Түркістандық түлек әлемнің 80-нен астам университетінен шақырту алды Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы мектеп түлегі Нұрәлі Медина Бектұрсынқызы АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарынан 80-нен астам ұсыныс алды. ✔️Халықаралық университеттер талапкердің академиялық жетістіктерін, көшбасшылық қабілеті мен қоғамдық белсенділігін жоғары бағалап, оқу және гранттық мүмкіндіктер ұсынған. Ол ұсынылған мүмкіндіктердің ішінен Оңтүстік Кореядағы Inha University университетін таңдауға ниетті.


Qazaqstan.tv » публикация №56439

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

😍Алматы хайуанаттар бағында сирек кездесетін жануарлар төлдеді Алматы хайуанаттар бағында сирек кездесетін жануарлардың бірнеше жұбы төлдеді. Аққол гиббондар мен сақиналы құйрықты лемурлардың төлі дүниеге келді. ✨Ерекше оқиға – сақиналы құйрықты лемурлардың екі жұбының бірдей егізден төлдеуі болды. Төлдер 6 және 17 наурызда дүниеге келген. Қазір олар мамандардың тұрақты бақылауында. Сондай-ақ 6 наурыз күні аққол гиббонның да төлі дүниеге келді.


Qazaqstan.tv » публикация №56438

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⚡️Ерлермен бірге сынға түскен бойжеткен қойды 150 рет көтерді Қарқаралыда «BaIqymyz» гастрофестивалі өтіп жатыр. Шара аясында ұйымдастырылған қой көтеру сайысына ер азаматтармен қатар бойжеткен де қатысып, қойды көтеріп, 150 рет отырып тұрды. 📌Сондай-ақ фестивальге 20 мыңға жуық адам жиналып, қонақтарға 30 тонна қымыз ұсынылды.


Qazaqstan.tv » публикация №56437

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🤯АҚШ пен Иран тағы да бір-бірін атқылады Тегеран тіпті келіссөзді тоқтатқысы келеді. Соғыс созыла бермек пе? Еуропаға бет бұра бастаған Арменияда тартысқа толы сайлау өтеді. Пашинян билік тізгінін уысында ұстап қала ала ма? ⚠️60 елге жаңа салық. Трамп әкімшілігі экономикалық қысымды неге күшейтпек? Толығырақ бүгін 20:15-те «Әлем және біз» бағдарламасынан көріңіз.


Qazaqstan.tv » публикация №56436

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❌Астанада екінші әуежайдың орны әлі анықталған жоқ Астана қаласының әкімдігі елордада салынатын екінші әуежайдың нақты орналасатын орны әзірге белгіленбегенін мәлімдеді. ⚠️Ведомство бұқаралық ақпарат құралдарында тараған әуежайдың Шортанды бағытына қарай, Астана – Көкшетау тасжолы бойында орналасатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Әкімдіктің хабарлауынша, аталған аумақ Астананың әкімшілік шекарасына кірмейді, сондықтан ол қаланың Бас жоспарында екінші әуежай орны ретінде қарастырылмайды. Қазіргі уақытта жаңа әуежайдың нақты орны бойынша түпкілікті шешім қабылданбаған. Әзірге Бас жоспарға енгізілетін түзетулер аясында тек ықтимал бағыттар ғана қарастырылып жатыр.


Qazaqstan.tv » публикация №56435

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✔️16 500 адам қылмыстық амнистияға ілігеді Тергеу сатысындағы 1 200 тұлғаның қылмыстық қудалауы тоқтатылса, 10 мыңнан астам сотталғанның жаза мерзімі қысқартылмақ. 🔹Сенатта Сайлау процестерін нақтылауды көздейтін нормалар қарастырылды. Мәжілісте қабылданған маңызды шешімдер қандай? 🕰17:40-та «Қос палата» бағдарламасынан көріңіз.



Qazaqstan.tv » публикация №56424

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

👨🏻‍🎓Білім аламын деген жастарға қандай жағдай жасалған? Биыл жоғары білім алуға 93 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлінді. Студенттердің шәкіртақысы өсіп, жаңа жатақханалар салынып жатыр. Сонымен қатар жастарға әлемнің үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік беретін бағдарламалар да бар. 🎞Толығырақ видеода.


Qazaqstan.tv » публикация №56423

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✨Аманатқа адалдық: Атыраулық полицей нидерландтық туристің мотоциклдерін 2 жыл сақтаған Polisia.kz мәліметінше, атыраулық полиция капитаны Ернар Қайржанов Нидерландтан келген саяхатшының аманаттап тапсырған екі мотоциклін екі жылдан астам уақыт сақтап, иесіне қайтарған. 🖇Үш жыл бұрын ұлымен бірге әлемді аралауға шыққан шетелдік азамат жол-көлік оқиғасына ұшырап, еліне оралуға мәжбүр болған. Сол кезде ол мотоциклдерін Ернар Қайржановқа сеніп тапсырған. Қазақстанға қайта оралған саяхатшы көліктерін сол күйінде көріп, полицейге алғысын білдірді.


Архив Qazaqstan.tv — страница 41

Это 41-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.