Qazaqstan.tv » публикация №56553
📌 FIFA-2026: Футболдан Әлем чемпионаты көрсетілімінің презентациясы өтті Бүгін Астанадағы «Қазмедиа орталығында» «Қазақстан» телерадиокорпорациясы футболдан Әлем чемпионатының «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарындағы трансляциясына арналған таныстырылымын өткізді. Іс-шарада көрсетілімге дайындық барысы қорытындыланып, алдағы мундиаль аясында ұсынылатын студиялық жобалар, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар мен интерактивті байқаулар таныстырылды. Жиынға спорт саласының мамандары, журналистер мен комментаторлар қатысты. 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтетін чемпионат матчтары «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Бұдан бөлек, qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттары, «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы және «Birge.tv» платформасынан онлайн көруге болады. Айта кетейік, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2026 жылғы 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтетін футболдан Әлем чемпионатын Қазақстан аумағында көрсету құқығына ие болды.





























