Qazaqstan.tv » публикация №56591
🔴Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды Алматыда 12 жастағы бала өзінен бір жас үлкен жеткіншектің қолынан қаза тапты. Қайғылы оқиға 10 маусым күні Түрксіб ауданындағы әскери қызметкерлер тұратын жатақханада болған. Бүгін марқұмды туыстары мен жақындары ақтық сапарға шығарып салды. Жақындарының айтуынша, оқушыға тоғыз мәрте пышақ сұғылған. Олар күдіктінің заң аясында тиісті жаза алуын талап етіп отыр. Себебі, 13 жастағы жеткіншек жасына байланысты ауыр жазаға тартылмайды деп алаңдайды. Қазір ол қамауға алынып, арнайы мекемеде отыр. 🖇Алдын ала мәліметке сәйкес, бір-бірін танитын екі жасөспірім арасында жанжал туындап, соңы жатақхана дәлізінде қайғылы жағдаймен аяқталған.





























