Stan.kz » публикация №28972
‼️ Facebook, Instagram және WhatsApp жұмысында ақау байқалды Пайдаланушылар сервистердің жұмысында ақау байқаған. Мәселелер әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да тіркелген. Downdetector сервисінің деректеріне сәйкес, пайдаланушылар көбіне әлеуметтік желілердің веб-нұсқасына кіре алмау, аккаунттан өздігінен шығып кету, жаңалықтар лентасының жаңармауы және жазба жариялау кезінде қиындықтар туындағанын айтып шағымдануда. Meta компаниясының өкілі Энди Стоун X әлеуметтік желісінде компания бұл мәселеден хабардар екенін және оны жою бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді. t.me/stankznews





























