Qazaqstan.tv » публикация №56766
Алматы облысында 65 адам тағамнан уланды Алматы облысында 65 адам тағамнан уланып, дәрігер көмегіне жүгінді. Олардың барлығы Боралдай кентіндегі «Алатау-4» базарында орналасқан Sushi Time дәмханасының өнімдерін тұтынған. Зардап шеккендердің 36-сы ауруханаға жатқызылса, 29 адам амбулаториялық ем алуда. Қазір барлық науқастың жағдайы тұрақты. Оқиғаға байланысты санитариялық-эпидемиологиялық мамандар тексеру жұмыстарын бастаған. Тергеу аяқталып, оқиғаның нақты себептері анықталғанға дейін дәмхананың жұмысы уақытша тоқтатылды.





























