Qazaqstan.tv » публикация №56828
♨️Елімізде аптап ыстық болады Шілде айында температура +50 градусқа дейін көтеріледі. 📱Шілде айында бірыңғай QR жүйесі іске қосылады Жаңа заң жүйесі 19 шілдеден бастап күшіне енеді 🗺️Қазақстан әлемдік туризм рейтингінде 28 сатыға жоғарылады Осылайша Орталық Азиядағы ең перспективалы бағыттардың біріне айналды. Осы жылдың алғашқы үш айында еліміздегі қонақүйлер мен демалыс орындары 2 миллионға жуық туристке қызмет көрсеткен. 2️⃣Еліміз бойынша жалған нөмір таққан 500-ден аса көлік анықталды Жалпы саны 2,5 мыңға жуық темір тұлпар айып тұрағына жеткізілді. 🌊Ғалымдар Каспий теңізін бақылайтын цифрлық жоба дайындады Ол арнайы қалтқыға орнатылып, су температурасын және ластану деңгейін тұрақты өлшейді. Жиналған мәліметтер радиобайланыс арқылы бірден құрлықтағы мамандарға жіберіледі. 🪂Жетісуда параплан спортынан Әлем чемпионаты өтіп жатыр Әуе спортындағы ең беделді бәсекеге әлемнің 30-дан астам елінің үздіктері жиналған.





























