Qazaqstan.tv » публикация №56818
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді 🟦Табиғи газ өңдеу және өнеркәсіптік газ өндірісіне маманданған америкалық компания жетекшісімен кездесу барысында аталған саладағы ынтымақтастықты дамыту перспективасы қаралды. 🟦Мемлекет басшысының айтуынша, Құрама Штаттар – Қазақстанның ірі экономикалық серіктестерінің бірі және еліміз өзара тиімді байланысты кеңейтуге мүдделі. 🟦Эдуардо Менезес компанияның Қазақстан экономикасына инвестиция құю мүмкіндігін қарастыратынын жеткізді. Өйткені Air Products газ өңдеу мен газ химиясы, сондай-ақ көмірді терең өңдеу салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытады. 🟦Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев аталған бастаманы құптап, Қазақстан тарапы оған қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін растады. ➡️Air Products компаниясы АҚШ-тың ірі компанияларының қатарына кіреді. Көгілдір отын өңдеу, өнеркәсіптік газ (азот, сутегі, оттегі) өндірісі бойынша халықаралық көшбасшылардың бірі саналады.





























