Qazaqstan.tv » публикация №56833
🌐Әлем жаңалықтарына шолу 📝АҚШ пен Иран президенттері атысты тоқтату туралы келісімге қол қойды Бұл меморандумға сәйкес, тараптар алдағы 60 күнде барлық майданда, соның ішінде Ливанда да атысты доғарып, Тегеран санкциялардан босатылып, Ислам Республикасын қалпына келтіру қоры құрылуы керек. 💵Мұнай бағасы 77 долларға дейін арзандады Бүгін көмірсутегінің Brent маркасының баррелі 2 пайыз құн жоғалтып, 77 доллар 96 центке сатылды. Ал америкалық мұнайдың бағасы 74 долларға дейін түсіп кеткен. 💬Брюссельде НАТО елдері қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті Онда Пентагон басшысы Пит Хегсет сөз сөйлеп, Американың Еуропада орналасқан әскерлері мәселесі қайта қаралатынын жариялады. ⏺Ливанда наурыздың басынан бері соғыстан 247 бала қаза тапқан Бұл туралы ЮНИСЕФ ұйымы мәлімдеді. ЮНИСЕФ дерегінше, тағы жүздеген мың бала көшіп-қонудан зардап шегіп, түрлі қауіптерге душар болып, негізгі қызмет түрлеріне қол жеткізе алмай отыр.





























