Qazaqstan.tv » публикация №56893
👩🏻🏫Ustaz Ulytau жобасына 85 мектеп қатысты Жезқазғанда Ustaz Ulytau педагогикалық трансформация орталығының бес жылдығына арналған жиын өткен. 🔹2021 жылдан бері «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның қолдауымен Ustaz Ulytau жобасы жүзеге асып келеді. Осы уақыт ішінде жоба компанияға қатысы бар өңірлердегі ең ірі білім беру бастамаларының біріне айналып, Ұлытау, Қарағанды және Жамбыл облыстарындағы 85 мектеп пен екі колледжді және екі қосымша білім беру ұйымын қамтыған. Жобаның негізгі мақсаты – тұрғылықты жеріне қарамастан оқушылардың сапалы білім алуына және педагогтердің кәсіби дамуына мүмкіндік беру. Осы мақсатта мектептерде заманауи білім беру әдістемелері енгізіліп, кәсіби бағдарлау бағдарламалары, STEM-тәсілдері мен ағылшын тілін оқытудың технологиялары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар педагогтер мен білім беру ұйымдарының басшыларына арналған біліктілікті арттыру бағдарламалары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. ✅Жоба жұмысының нәтижесінде бес жыл ішінде 43 оқушы, сондай-ақ ғылыми жоба байқауының жеңімпаздары мен олардың ғылыми жетекшілері Ұлыбританияда тілдік білім беру бағдарламасында білім алған. Сондай-ақ 22 педагог, үш кәсіби бағдар беруші маман және он мектеп директоры халықаралық тағылымдамадан өткен. ✅Жоба аясында өткізілетін Қаныш Сәтбаев атындағы химия олимпиадасы бірнеше жылдың ішінде республикалық сайыстан халықаралық деңгейдегі білім бәйгесіне айналды. 2025 жылы олимпиадаға Қазақстан мен Қырғызстанның және Ресей Федерациясының командалары қатысқан. ✅Тәжірибе алмасу және заманауи басқару тәсілдерін енгізу мақсатында мектеп директорларының клубы құрылды. Бүгінде ол 65 білім беру ұйымының басшысын біріктіріп отыр.





























