Qazaqstan.tv » публикация №56957
✈️Елімізде дрондарды басқаруға арналған оқу-зертханасы ашылды Елімізде дрондарды басқаруға арналған арнайы оқу-зертханасы ашылды. Онда полиция қызметкерлері теориялық білім алып, симуляторлар мен компьютерлік бағдарламалар арқылы тәжірибелік дайындықтан өтеді. Беспилоттық ұшу аппараттары құқық қорғау органдарының қызметінде кеңінен қолданылмақ. ✅Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, дрондар таулы аймақтар, дала және қолжетімділігі қиын аумақтарды зерттеуде тиімділігін көрсетіп отыр. Бұл жоғалған адамдарды іздеу және іздеуде жүрген тұлғаларды бақылау жұмыстарын жеңілдетеді.





























