Qazaqstan.tv » публикация №57062
🏆Қазақстандық мерген қыздар Әлем чемпионатында тарихи алтын жеңіп алды Қазақстанның стенд атудан жасөспірімдер құрамасы ISSF Әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетіп, командалық сайыста Әлем чемпионы атанды. ✍️2026 жылғы 16-26 маусым аралығында Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар қыздар арасындағы «Трап» жаттығуында командалық есепте үздік нәтиже көрсетті. Олар 337 нысананы дәл көздеп, алтын медаль жеңіп алды. Айта кетейік, Әлем біріншілігіне 63 елден 778 спортшы қатысуда. Қазақстан намысын 13 мерген қорғап жатыр.





























