Stan.kz » публикация №29196
Қазақстанда автокөлік нөмірлерінің жаңа түсі пайда болады Тоқаев Қазақстанда электрмобильдер үшін арнайы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін енгізуді көздейтін заңға қол қойды. Тиісті норма "цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның заңның 70-бабына енгізілген. Жаңа үлгідегі мемлекеттік нөмірлердің түсі мен дизайны заңның өзінде көрсетілмеген, оларды ішкі істер министрлігі қосымша нормативтік-құқықтық актілер арқылы айқындайды. Бұған дейін ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов нөмірлік белгілері әлемдік жалпы қабылданған тәжірибеде жасыл түспен боялатынын айтқан. t.me/stankznews





























