Qazaqstan.tv » публикация №57069
🚗 Қазақстанда Қытай көліктері құрастырылуы мүмкін Қытайда өткен «Жазғы Давос» форумы аясында Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар ірі компания басшыларымен кездесті. Алдағы жылдары елімізде мыңдаған автокөлік шығарылуы ықтимал. 🇺🇸 Сенаторлар Трамптан Ирандағы соғысты тоқтатуды талап етті АҚШ Сенатында президент Дональд Трамптан Иранға қатысты әскери әрекеттерді тоқтатуды көздейтін заң жобасы ұсынылды. 🤒 Қандыағашта уланғандар саны 113 адамға жетті Барлығы бір мейрамханаға барған. Оқиғаға байланысты санитариялық талаптарды бұзу дерегі бойынша тергеу басталды. 🛒 Әскердегілер енді тауар мен тағамға тапсырыс бере алады Мерзімді қызметтегі сарбаздарға арналған Voenmart пилоттық жобасы іске қосылды. 🌡 Астанада 85 жылдан кейін температуралық рекорд орнады 23 маусымда елордада ауа температурасы +36,8°C-қа жетіп, тарихи максимум жаңартылды. 🛣 Түркістан облысында аптап ыстықтан жол бүлінді «Шымкент – Өзбекстан шекарасы» автожолының бір бөлігінде бетон жабыны жарылған. 🏥 Дәрігерлер әткеншектен құлаған баланың бүйрегін сақтап қалды Алматыда ауыр жарақат алған 9 жастағы балаға күрделі ота жасалып, оның өмірі аман қалды.





























