Qazaqstan.tv » публикация №57065
🚘Той кортежінде тәртіп бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды Абай облысының Ақсуат ауылында той кортежіне қатысқан бірнеше жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қауіпті маневрлер жасаған. ❗️Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқан барлық жүргізушіні анықтады. Тексеру барысында Hyundai Tucson, Hyundai Santa Fe, Chevrolet, Toyota және Lada Priora көліктерін басқарған бес азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушыларға маневр жасау тәртібін бұзу, қауіпсіздік белдігін тақпау, жолдағы қауіпсіздікке қатер төндіру және көлік құралдарын пайдалану талаптарын сақтамау бойынша барлығы 19 хаттама рәсімделді. Сондай-ақ көліктер арнайы айыптұраққа қойылды.





























