Qazaqstan.tv » публикация №57063
☀️«Қазгидромет» құрғақшылық қаупі бар өңірлерді атады Шілде айында бірқатар өңірде құрғақшылық болуы ықтимал. ❗️«Қазгидромет» болжамына сүйенсек, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының жекелеген аудандарына қуаңшылық қаупі бар. Ал Қостанай облысының Қарабалық және Жітіқара аудандарында, сондай-ақ Ақтөбе облысының Мәртөк, Ойыл, Хромтау аудандары мен Ақтөбе қаласында ылғалды бірқалыпты күн райы сақталады. 📌Елдің қалған аумағында да ауа райы бірқалыпты болады деп болжануда.





























