Life News Новостной агрегатор

Qazaqstan.tv — страница 23

Источник: Qazaqstan.tv · сбросить

Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 23. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


Qazaqstan.tv » публикация №57134

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🔴Венесуэладағы жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар саны 235-ке жетті CNN мәліметінше, 4300-ден астам тұрғын жарақат алып, мыңдаған адам із-түзсіз жоғалып кеткен. 🖇Ең үлкен қираулар Каракас қаласы мен апат аймағы деп жарияланған Ла-Гуайра штатында тіркелген. Өңірде 250-ге жуық ғимарат, сегіз аурухана және елдің басты халықаралық әуежайы қираған. 📌Елде төтенше жағдай жарияланды. Құтқару қызметтері күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр.


Qazaqstan.tv » публикация №57133

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇹🇷 Түркия жеңіске жетті, бірақ Әлем чемпионатындағы жорығын топтық кезеңде аяқтады 🏆 Топтық кезеңнің соңғы турында Түркия АҚШ құрамасын 3:2 есебімен жеңді. ⚽️ Гол авторлары: • Трасти 3' • Гүлер 10' • Көкчү 31' • Берхалтер 49' • Айхан 90+8' 📊 Жеңіске қарамастан, Түркия құрамасы Әлем чемпионатындағы жорығын топтық кезеңде аяқтады. Ал АҚШ құрамасы 6 ұпаймен плей-офф кезеңіне жолдама алды.


Qazaqstan.tv » публикация №57132

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇵🇾🤝🇦🇺 Парагвай мен Аустралия арасындағы матчта есеп ашылған жоқ ⚽️ Екі құрама да бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмай, кездесу 0:0 есебімен аяқталды. 📊 Екі құрама бір ұпайдан еншілеп, турнир кестесіндегі ұпай санын 4-ке жеткізді.


Qazaqstan.tv » публикация №57131

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✉️ Мемлекет басшысы Венесуэла Президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады 🇰🇿🇻🇪Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Делси Родригеске көңіл айтты. – Осындай ауыр кезеңде қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Венесуэла халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келіп, болаттай берік болуын, ал жарақат алған азаматтардың тез арада сауығып, отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін, – делінген жеделхатта.


Qazaqstan.tv » публикация №57127

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📍Маңғыстауда Қызыл кітапқа енген шұбар күзен табылды Маңғыстау облысының тұрғыны даладан Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек жануарды тауып алды. 📌Жануарға көмек қажет болуы мүмкін деп ойлаған ер адам оны ұстап алып, мамандарға тапсырған. Қазір ол Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында. Мамандар оның сирек кездесетін жыртқыш сүтқоректі шұбар күзен екенін анықтады. Ол саны мен таралу аймағы азайып бара жатқан сирек жануарлардың қатарына жатады. Елімізде бұл аң көбіне жартылай бекіген және бекіген құмды аумақтарда кездеседі. 📸 : ustirt_kz


Qazaqstan.tv » публикация №57126

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🗝Биыл алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге пәтер кілті табысталады Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерін мерекесімен құттықтап, жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады. ❗️Венесуэлада екі бірдей жойқын жер сілкінісі тіркелді Венесуэлада 1 минут ішінде магнитудасы 7.2 және 7.5 балдық екі жойқын жер сілкінісі қатар болған. 🚁Павлодар облысында МИ-8 тікұшағы апатты жағдайда қонды Бортта 13 адам - 5 экипаж мүшесі мен 8 жолаушы болған. ❌Енді коучтар азаматтарға психологиялық қызмет ұсына алмайды Сенат «Психологиялық қызмет туралы» заңды мақұлдады. ✈️Қазақстандықтар үшін шенген визасын алу жеңілдеуі мүмкін Бұл туралы СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді. 📌Германияда зейнет жасы ұлғайтылуы мүмкін Себебі егде тартқан адамдар көбейіп барады. Сондай-ақ жұмыс күші тапшы.


Qazaqstan.tv » публикация №57125

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Венесуэладағы жер сілкінісі: 32 адам қаза тауып, 700-ден астам адам жарақат алды Венесуэлада болған екі қуатты жер сілкінісінің салдарынан кемінде 32 адам қаза тауып, 700-ден астам адам жарақат алған. Ел аумағында төтенше жағдай жарияланған. Ал Ла-Гуайра…


Qazaqstan.tv » публикация №57124

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✈️Қазақстандықтар үшін шенген визасын алу жеңілдеуі мүмкін Бұл туралы СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді. 📌Оның айтуынша, Қазақстан мен Еуропалық Одақ визалық режимді жеңілдету жөніндегі келіссөздерді аяқтаған. Жоспарға визалық өтінімдерді қарау мерзімін қысқарту, құжаттар тізбесін азайту, консулдық алымды төмендету және көп мәртелік виза беру мүмкіндігін кеңейту кіреді. Қазіргі уақытта тараптар келісімге қол қою алдындағы ішкі рәсімдерді жүргізіп жатыр.



Qazaqstan.tv » публикация №57122

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Ұлттық арна тілшісі Самал Қабышева «Парламент сөзі» сыйлығын иеленді Бүгін байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Мәртебелі сыйлықты Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов табыстап, журналистер қауымның еңбегіне алғысын білдірді. Үздіктер 7 аталым бойынша марапатталды.


Qazaqstan.tv » публикация №57121

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⚠️Алаяқтар БЖЗҚ атынан хабарласатын болған Алаяқтар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкері ретінде хабарласып, «тиісті жарналардың кейбірі аударылмай қалған, қайта есептесек, зейнетақы көлемі артуы мүмкін», - деп айтады. 📝Күдік тудырмас үшін, қордың жұмыс істеп тұрған бөлімшесіне шақырады. Яғни ресми мекенжайын айтады. «Кезек күтіп қалмас үшін, алдын ала электронды кезекке қояйын» деп телефонға келген sms-кодты сұрайды. Азамат кодты айтқан бойда алаяқтар оның банк қосымшаларына, жеке деректеріне қол жеткізеді. Толығырақ видеодан көріңіз.


Qazaqstan.tv » публикация №57120

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Германияда зейнет жасы ұлғайтылуы мүмкін Еуропа елдері зейнетке шығу жасын біртіндеп ұлғайтып жатыр. Себебі егде тартқан адамдар көбейіп барады. Сондай-ақ жұмыс күші тапшы. Мерзімінен бұрын зейнетке шығу талаптары қатаңдайды. Сондай-ақ арнайы инвестициялық қор құрылып, оған жыл сайын кемінде 30 миллиард еуро аударылмақ. Инвестициядан түскен кіріс келешекте зейнет жасына толған азаматтарға зейнетақы төлеуге жұмсалады. Қазір Германия азаматтары 66 жастан бастап зейнетке шығады Ұлыбритания да алдағы екі жылда зейнет жасын 66-дан 67 жасқа көтеріледі. Бұдан кейін оны 68 жасқа жеткізу мәселесі қарастырылып жатыр.


Qazaqstan.tv » публикация №57119

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❌Енді коучтар азаматтарға психологиялық қызмет ұсына алмайды Жоғары білімі жоқ псевдопсихологтар енді бұл қызметпен айналыса алмайды. Сенат «Психологиялық қызмет туралы» заңды мақұлдады. Құжат мамандарға бірыңғай талап енгізіп, жауапкершілігін күшейтеді. ⚠️Психолог болу үшін жоғары білімі туралы диплом мен әлемдік деңгейде мойындалған халықаралық сертификат болуы шарт. Сонда ғана мемлекеттік реестрге енеді. Толығырақ тілші бейнематериалынан көріңіз.



Qazaqstan.tv » публикация №57117

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✉️Мемлекет басшысы Словения Президенті Наташа Пирц-Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇹🇭Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды Словенияның ұлттық мейрамы – Мемлекеттілік күнімен құттықтады. Президент бірлескен күш-жігердің арқасында сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында нығая түсетініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусардың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Словения халқына бақ-береке тіледі.


Qazaqstan.tv » публикация №57116

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❓Интернет алаяқтарының жаңа айласы қандай? Қаржы пирамидаларының жолы кесіліп жатқанымен, оған тіркелушілер саны азаймай отыр. Қаржы пирамидаларын жоюдың жолы бар ма? ⏰Бүгін 20:25-те «Ақша әліппесінен» көріңіз!


Qazaqstan.tv » публикация №57115

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇰🇿🇹🇭Мемлекет басшысы Таиланд Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Сихасак Пуангкеткеомен кездесті Мәртебелі мейманға ілтипат білдіре отырып, Мемлекет басшысы оның елімізге сапары Қазақстан мен Таиланд арасындағы қарым-қатынастың дамуына тың серпін беру тұрғысынан маңызды екенін атап өтті. – Қазақстан – Таиландтың Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі. Өңірмен жалпы тауар айналымының 70 пайызы біздің елімізге тиесілі. Әйтсе де әлеуетіміз әлі жеткілікті деп санаймыз. Қазіргі кезде Қазақстан нарығында 55 таиландтық компания тіркелген. Сізбен бірге елімізге үлкен бизнес-делегация келген екен. Қазақстан іскерлік байланыстардың нығаюын құптайды әрі Таиланд компанияларын еліміздегі инвестициялық мүмкіндіктерді қарастыруға шақырады, – деді Президент. Сихасак Пуангкеткео Таиланд Қазақстанның бірқатар бастамасын қолдағанын жеткізді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Таиланд Премьер-министрі Анутин Чарнвиракулді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырып, ізгі сәлемін жолдады.


Qazaqstan.tv » публикация №57114

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🔥 Өзбектің ұлттық биі Гиннестің рекордтар кітабына енді «Әндіжан полькасы» ұлттық биін билеушілер саны бойынша әлемдік рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Рекорд Әндіжан қаласында өткен ауқымды мәдени іс-шара барысында тіркелді. «Бобур Арена» стадионында ұйымдастырылған бағдарламаға шамамен 20 мың өнерпаз бір мезгілде қатысқан. 🎥: uznews


Qazaqstan.tv » публикация №57113

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📌 Павлодар облысында Ми-8 тікұшағы апатты жағдайда қонды Павлодар облысындағы Заря ауылы маңында «Қазавиақұтқару» АҚ-ға тиесілі Ми-8 тікұшағы апатты жағдайда қонды. Әуе кемесі жоғалған балықшыны іздеуге шыққан. Бортта 13 адам - 5 экипаж мүшесі мен 8 жолаушы болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тікұшақ Байдалы ауылының маңындағы далаға қонған. Бортта болғандардың барлығы аман, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Көлік министрлігінің мамандары тексеру жұмыстарын бастады.


Qazaqstan.tv » публикация №57112

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Венесуэладағы жер сілкінісі: 32 адам қаза тауып, 700-ден астам адам жарақат алды Венесуэлада болған екі қуатты жер сілкінісінің салдарынан кемінде 32 адам қаза тауып, 700-ден астам адам жарақат алған. Ел аумағында төтенше жағдай жарияланған. Ал Ла-Гуайра…



Qazaqstan.tv » публикация №57110

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📚 Алматы колледждерінде 10 жаңа мамандық ашылады Алматы колледждерінде еңбек нарығында сұранысқа ие 10 жаңа мамандық бойынша кадр даярлау жоспарланып отыр. Жаңа бағыттардың қатарында жылжымайтын мүлікті басқару, медициналық-профилактикалық іс, эстетикалық косметология, өрт қауіпсіздігі, мехатроника, графикалық анимация, экологиялық туризм және жаңартылатын энергетика салалары бар. ✔️ Биыл қала колледждеріне мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 17 491 орын бөлінген.


Qazaqstan.tv » публикация №57109

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❓ Ломбардқа өткізген алтын ипотека рәсімдеуге кедергі бола ма? 💬 Тұрғын үй сарапшысы Арай Мұратқызының айтуынша, ломбардқа өткізіп, қайта алынбаған алтын өтелмеген қарыз ретінде есепке алынады. Сондай-ақ сарапшы коммуналдық қызметтер ақысын уақытылы төлемеу де несие тарихын бұзуы мүмкін екенін ескертті. 📺 Толығырақ «Qazaqstan TV» YouTube арнасында «Шаршы метр» жобасынан көріңіздер.



Qazaqstan.tv » публикация №57102

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

💬«40 жылдан бері бір жерде жұмыс істеп келемін» Журналистика факультетін тәмамдай сала Қайрат Мұсақұлов радиодағы әйгілі «Шалқар» бағдарламасын жүргізеді. Ол әлі де осы салада. 40 жыл бойы тек «Қазақстан» телерадиокорпорациясында қызмет етіп келеді. 🔹Бүгін Қайрат Жанатұлына ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығы табысталды. 💐Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!


Qazaqstan.tv » публикация №57101

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🟢Тележүргізуші Қымбат Досжан «Құрмет» орденін алды Оның дауысын ел таниды. Ол құлазыған көңілді жұбатып, жақынын жоғалтқан жанның жасын сүртті. Жабырқаған талай адамға көмек қолын созды. Отандық медиада бренд қалыптастырды. Әлі де осы бағытта. «Бармысың, бауырым?» деп талай бауыр, баласын іздеген ана, ұрпағын іздеген әке табысты. Осы бағдарламаны жүргізген белгілі ТВ және радио жүргізушісі Қымбат Досжан медиада 42 жыл 5 ай 18 күн жұмыс істеп жатыр. Бүгін Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін мерекесімен құттықтады. Мерекеде Қымбат Досжанның кеудесіне «Құрмет» ордені тағылды. Бұрын «Қазақстан» телерадиокорпорациясында еңбек еткен Қымбат Досжан қазір жаңа «Qonaev Media» телеарнасының бас продюсері. 💐Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!



Qazaqstan.tv » публикация №57094

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Президент: Қос палатаның бірлескен отырысына міндетті түрде қатысамын Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде айтты. «Қос палатаның бірлескен отырысына міндетті түрде қатысамын: тарихи кезеңде атқарылған жұмысты қорытындылап, ел дамуының жаңа кезеңіндегі негізгі мақсат-міндеттерге тоқталып өтемін. Біз, Қазақстан халқы жасампаз әрі озық ойлы ұлт ретінде алысқа көз тігеміз. Осы даңғыл жолда берекелі бірлігіміз бен ырысты ынтымағымызды күшейтіп, барлық мақсатымызға жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін», – деді Мемлекет басшысы.


Qazaqstan.tv » публикация №57093

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Зұлқия Мұқанқызына «Құрмет» ордені табысталды – Осы тұста ұлттық телевизияның алғашқы кәсіби мамандарының бірі, қазақ тіліндегі тұңғыш эфирді жүргізген майталман диктор Зұлқия Жұматованы ерекше атап өткім келеді. Бүгінгі таңда 106 жасқа келген ардақты тұлғаны халқымыз айрықша құрметтейді. Сондықтан мен Зұлқия Мұқанқызына «Құрмет» орденін табыстау туралы шешім қабылдадым, – деді Мемлекет басшысы.


Qazaqstan.tv » публикация №57092

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Биыл алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер кілті табысталады ✔️Мемлекет басшысы журналистика саласында қай кезде де ұлт мүддесін бәрінен биік қоятын, парасатты, нағыз отаншыл тұлғалар қызмет еткенін атап өтті. – Баршаңызға мәлім, жыл сайын кәсіби мереке қарсаңында тілшілер қауымына пәтер кілтін табыстау жақсы дәстүрге айналды. Соңғы үш жылда Астана қаласында ғана 200 журналист баспаналы болды. Енді бұл бастаманың ауқымын кеңейте түсуді көздеп отырмыз. Әсіресе, сапалы хабар таратып, қажырлы қызмет етіп жүрген аймақ тілшілерінің еңбегін елеусіз қалдыруға болмайды деп санаймын. Сондықтан менің тапсырмаммен осы жылы алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер кілті табысталады. Жалпы, биылдың өзінде бүкіл еліміз бойынша ақпарат саласының 66 қызметкеріне баспана беріледі– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Архив Qazaqstan.tv — страница 23

Это 23-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.