🇳🇴 Норвегия - Франция 🇫🇷 Қай құрамаға жанкүйерсіз? 📺 Дәл қазір «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінде матч қарсаңындағы студиялық бағдарлама өтіп жатыр.
Qazaqstan.tv — страница 22
Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 22. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
💍26.06.2026: Бүгін елімізде 4 мыңнан астам жұп некесін қиды Бұл көрсеткіш 08.08.2008 күнгі рекордтан екі есе көп. 📲1-7 сынып оқушыларына телефон ұстауға тыйым салынуы мүмкін Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты. 🚘Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы келісімге келді Меморандум екі ел азаматтары үшін әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге және қосымша қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. ⚠️Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген ата-ана жауапқа тартылуы мүмкін Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің өкілдері мәлімдеді. ❗️Жаңа Зеландияда алапат дауыл соғып, 200 әуе рейсі тоқтатылды Сұрапыл желдің екпінінен ағаштар құлап, мыңдаған адам жарықсыз қалды.
⚔️ Негізгі құрам 🇳🇴 Норвегия - Франция 🇫🇷 ⏰ 23:50 📺 Тікелей эфир: «Qazaqstan»
🔥 Бүгін түнде 🏆 FIFA WORLD CUP 2026 🔷 I тобы 🇳🇴 Норвегия - Франция 🇫🇷 📺 Тартысты матчты «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде өткізіп алмаңыз.
Президенттің атынан отандық үздік БАҚ өкілдері марапатталды Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Президент атынан ақпарат саласының үздіктеріне «Парасат», «Құрмет» орденін, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарын, сондай-ақ бірқатар азаматқа Мемлекет басшысының Алғыс хатын табыстады. Cаналы ғұмырын телевизия саласына арнап, 40 жылға жуық уақыт «Qazaqstan» телеарнасында табан аудармай қызмет еткен Зұлхаят Маханова бар. Телеарна ардагеріне «Құрмет» ордені берілді.
💍26.06.2026: Бүгін елімізде 4 мыңнан астам жұп некесін қиды Бүгін Қазақстанда 4 мыңнан астам жұп некесін қиды. Осыған байланысты еліміздің барлық АХАТ бөлімдері күшейтілген режимде жұмыс істеді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл күнге 4 мыңнан астам неке қию туралы өтініш түскен. Бұл көрсеткіш 08.08.2008 күнгі рекордтан екі есе көп. 📍Бүгін ең көп неке тіркелген қалалар: Алматы – 830 жұп; Астана – 740 жұп; Шымкент – 141 жұп.
📣30 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов тиісті өкімге қол қойды. Жиын Астанада сағат 11:00-де басталады.
«Qazaqstan» телеарнасы «Қос палата» бағдарламасының жүргізушісі Ирина Советжанқызы «Парасат» байқауының жеңімпазы атанды Сенатта 28 маусым – БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында «Парасат» байқауының иегерлері марапатталды. Биыл байқауға 150-ден астам өтінім келіп түскен. Жеңімпаздарға сыйлықты Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев тапсырды. 💐Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Мемлекет басшысы Burabay Arena спорт сарайына барды 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев кешендегі үстел теннисі, бассейн, және жаттығу залдарын аралап көрді. Мұнда спорттың алты түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді. 🟦Мемлекет басшысына өңірдегі спорт және туризм салаларының даму барысы жөнінде баяндалды. 🟦Сонымен қатар Президент облыстың танымал спортшыларымен әңгімелесті. 🟦Атлеттер отандық спортқа жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
Президент Щучинск қаласындағы бірқатар нысанды аралап көрді ✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Шучинск қаласының экосаябағы таныстырылды. ✔️Таяуда жаңғыртылған қоғамдық кеңістікте тұрғындардың серуендеп, спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. ✔️Президент жергілікті жас домбырашылардың өнерін тамашалады. Ұлттық домбыра күніне әзірленіп жатқан өнерпаздар бірнеше күй орындап берді.
Жаңа Зеландияда алапат дауыл соғып, 200 әуе рейсі тоқтатылды Сұрапыл желдің екпінінен ағаштар құлап, мыңдаған адам жарықсыз қалды. Сонымен қатар мемлекет астанасы Веллингтон әуежайында 200-дей рейс доғарылды. Жаңа Зеландия ұлттық метеорологиялық қызметі ауа-райының күрт нашарлайтын ескертіп, бірнеше рет хабарлама таратты. Соңғы мәліметке қарағанда, 3 мыңдай абономентке жарық қайта берілді. Дегенмен, жергілікті энергетикалық компания 4 мыңдай тұтынушыға электр желісіне әлі қосылмағанын мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің қызметімен танысты. Президентке халықаралық әскери-патриоттық жиынға қатысушылардың Dubai SWAT Challenge кедергілер жолағының баламасы ретінде жасалған «Айбын» кедергілер жолағымен жүріп өткен сәті және атыс дайындығын пысықтайтын Action Air дайындық алаңы көрсетілді. Сонымен қатар жастарға патриоттық тәрбие берудің Aibyn App цифрлық платформасы мен колледж кітапханасы таныстырылды. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы оқу-зертхана кешенін аралап көрді. Мұнда кадеттер елімізде құрастырылған симуляциялық қондырғыларда жаттығады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық «Арлан» брондалған көлігі және ұшқышсыз авиация қондырғылары секілді заманауи әскери техникалардың үлгілері көрсетілді. Президент әскери колледж бастығы Айбек Ғабдраховқа автобус кілтін тапсырды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Айбын» ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында сөйлеген сөзінен
📌 Мемлекет басшысы «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының аяқталуымен құттықтады Осы күндері сіздер нағыз достық пен өзара құрметтің, ұйымшылдық пен мызғымас бірліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер. Жарайсыздар! Жеңімпаз болған командаларды шын жүректен құттықтаймын! Әр сарбаздың айбыны асқақ болсын! Баршаңызға сәттілік тілеймін! Қасиетті Отанымыз – Қазақстанның аспаны ашық, болашағы жарқын болсын! – деп түйіндеді сөзін Президент.
«Айбынның» ең басты миссиясы – Қарулы күштер қатарында кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалды элита қалыптастыру «Айбын» жиынының ең басты миссиясы - Қарулы күштер қатарында кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалды элита қалыптастыру. Жыл сайынғы әскери-патриоттық жиында еліміздің әр өңірінің және достас елдердің талантты жастары бас қосады. Мұның мәні зор, – деді Мемлекет басшысы.
«Біздің негізгі міндетіміз – кәсіби деңгейі жоғары әскерилерді тәрбиелеудің тиімді жүйесін қалыптастыру» ✔️Мемлекет басшысының айтуынша, патриот болу дегеніміз – мемлекеттің саясаты мен стратегиясын іс жүзінде қолдау, ел игілігіне үлес қосу, туған жердің тағдыры үшін жауапкершілік алу. «Біздің негізгі міндетіміз – кәсіби деңгейі жоғары әскерилерді тәрбиелеудің тиімді жүйесін қалыптастыру. Қазіргі уақытта әскерилер жан-жақты дамыған, қоғам өмірінің барлық саласына үлес қоса алатын үлгілі тұлға екенін көрсетуге тиіс. Бүгін арнайы келген Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжді осындай табысты жұмыстың жарқын мысалы ретінде атауға болады. Биыл оқу орнының құрылғанына 30 жыл толады. Осы уақыт ішінде колледж сержанттық құрамға 4,5 мыңнан аса жоғары білікті маман даярлады. Бұл бірегей тәжірибе халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болды, – деді Президент. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жиында 1 шілде күні мемлекетіміздің Бас құжаты – Конституция заңды күшіне енетінін, осылайша, ел дамуының мүлдем жаңа дәуіріне қадам басатынымызды еске салды.
Мемлекет басшысы «Айбын» ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының Щучинск қаласында өтіп жатқан «Айбын» ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында сөз сөйледі. ✔️«Айбын-2026» бағдарламасына әскери-спорттық, интеллектуалдық, шығармашылық және әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстар енді. Биылғы жиын Қазақстанның бірнеше аймағынан, сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен келген 50-ден астам команданың басын қосты. ✔️Мемлекет басшысы бұл өскелең ұрпақтың рухын шыңдайтын, оларды отаншылдыққа тәрбиелейтін өте маңызды іс-шара екенін атап өтті. – Байрақты бәсекеде еліміздің ең мықты, ең жігерлі жас сарбаздары лайықты өнер көрсетті. Сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден келген достас, бауырлас мемлекеттердің жастары бақ сынады. Бүгін мен бәріңізге зор ризашылығымды білдіремін. Дүбірлі дода еліміз үшін шын мәнінде аса маңызды кезеңде өтіп жатыр. Наурыз айында Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл – мемлекетіміздің келешегін айқындайтын, ұлтымыздың тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға. Тұтас жұртымыздың арман-мұратын тоғыстырған Ата заң, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды. Кез келген елдің болашағы – өздеріңіз секілді отаншыл, білімді, еңбекқор, жасампаз және батыл жастардың қолында. Қазақстанның беделін арттырып, көшін алға бастайтын да – жалынды жастар! Мен сіздерге зор үміт артамын! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
📱Мобильді аударымдарды тексеру: Салық органдарынан хат алғандар қандай әрекет жасауы тиіс? ❗️Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлік қызмет белгілері анықталған жеке тұлғаларға ақпараттық хаттар жолдаған. Толығырақ карусельде🔜
Мектептерде смартфон қолдану тәртібі өзгереді Парламент палаталарының бірлескен отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектептерде смартфон қолдану ережелері әзірленіп жатқанын айтты. Министрдің сөзінше, жоғары сынып оқушыларына смартфон қолдануға рұқсат беру керек. Себебі олар онлайн-платформалар арқылы білім алып, ҰБТ мен SAT емтихандарына дайындалады. Ал 7-сыныпқа дейінгі оқушылар сабақ басталғанда телефонын тапсыратын болады. Түпкілікті шешім жаңа қағидалар бекітілгеннен кейін қабылданады.
Еуропа елдерінде ауа температурасы рекордтық деңгейге көтерілді Соңғы мәліметке қарағанда, Франция, Италия және Испанияда 100 миллионнан астам тұрғын ыстықтан сақтану туралы ескерту алған. Францияның кейбір аймақтарында ауа температурасы 46 градусқа дейін көтерілді. Париж өңірінде іші қызып кеткен көлікте үшінші бала қайтыс болды. Сонымен қатар, үш атом электр станциясы тоқтап, 68 мыңдай үй жарықсыз қалды. Испанияда жексенбіден бері аптап ыстықтан 216 адам көз жұмса, Италияның 16 қаласында ауа температурасы 41 градусқа жетті.
Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген ата-ана жауапқа тартылуы мүмкін Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің өкілдері мәлімдеді. Полицейлер ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алуға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Айта кетейік, Астанада жыл басынан бері 7 бала терезеден құлап, мерт болды. Полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды тұрақты жүргізіп келеді.
⚖️ Қырғызстанда іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қырғыз Республикасынан аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. 📌 Тергеу мәліметінше, 2022-2024 жылдары ұйымдасқан қылмыстық топ азаматтардың атына автонесие рәсімдеп, кейін сатып жіберген көліктердің ақшасын өз қажеттіліктеріне жаратқан. Сондай-ақ жалған автокөліктерге несие рәсімдеу арқылы екінші деңгейлі банктер мен азаматтардың қаражатын жымқырған. Қылмыстық әрекеттің салдарынан екі қаржы ұйымы мен 77 жәбірленушіге 1,8 млрд теңгеден астам материалдық шығын келтірілген. Қылмыстық топтың екі мүшесіне қатысты тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды. Ал Қырғызстан аумағында ұсталған үшінші күдікті Қазақстанға жеткізіліп, тергеу изоляторына қамалды. Күдіктіге тағылған айып бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.
📝Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы келісімге келді Ішкі істер министрі Ержан Саденов Біріккен Араб Әмірліктері премьер-министрінің орынбасары әрі Ішкі істер министрі Шейх Саиф бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздер өткізді. 📎Polisia.kz сайтының хабарлауынша, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келген. Меморандум екі ел азаматтары үшін әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге және қосымша қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Жүргізуші куәліктерін өзара тануды, сондай-ақ құжатта көзделген жағдайларда оларды жеңілдетілген тәртіппен айырбастауды қарастырады. 😊Сайт мәліметінше, жыл сайын БАӘ-не шамамен 400 мың Қазақстан азаматы барады. Сонымен қатар БАӘ аумағында 14 мыңға жуық қазақстандық азамат тұрады. ✅Құжат тараптар қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтағаннан кейін күшіне енеді.
🔴Венесуэладағы жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар саны 235-ке жетті CNN мәліметінше, 4300-ден астам тұрғын жарақат алып, мыңдаған адам із-түзсіз жоғалып кеткен. 🖇Ең үлкен қираулар Каракас қаласы мен апат аймағы деп жарияланған Ла-Гуайра штатында тіркелген. Өңірде 250-ге жуық ғимарат, сегіз аурухана және елдің басты халықаралық әуежайы қираған. 📌Елде төтенше жағдай жарияланды. Құтқару қызметтері күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр.
🇹🇷 Түркия жеңіске жетті, бірақ Әлем чемпионатындағы жорығын топтық кезеңде аяқтады 🏆 Топтық кезеңнің соңғы турында Түркия АҚШ құрамасын 3:2 есебімен жеңді. ⚽️ Гол авторлары: • Трасти 3' • Гүлер 10' • Көкчү 31' • Берхалтер 49' • Айхан 90+8' 📊 Жеңіске қарамастан, Түркия құрамасы Әлем чемпионатындағы жорығын топтық кезеңде аяқтады. Ал АҚШ құрамасы 6 ұпаймен плей-офф кезеңіне жолдама алды.
🇵🇾🤝🇦🇺 Парагвай мен Аустралия арасындағы матчта есеп ашылған жоқ ⚽️ Екі құрама да бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмай, кездесу 0:0 есебімен аяқталды. 📊 Екі құрама бір ұпайдан еншілеп, турнир кестесіндегі ұпай санын 4-ке жеткізді.
Архив Qazaqstan.tv — страница 22
Это 22-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.