Life News Новостной агрегатор

Qazaqstan.tv — страница 21

Источник: Qazaqstan.tv · сбросить

Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 21. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


Qazaqstan.tv » публикация №57238

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Францияда туристік ұшақ апатынан 11 адам көз жұмды Францияның Нанси қаласына жақын орналасқан Томблен елді мекені маңында жеңіл туристік ұшақ апатқа ұшырап, борттағы 11 адамның барлығы қаза тапты. Бұл туралы Euronews хабарлады. Алдын ала мәліметке сәйкес, ұшақта бір ұшқыш, бес парашютпен секіру нұсқаушысы және алғашқы тандемдік секіруге дайындалған бес жолаушы болған. L'Est Républicain басылымының жазуынша, қаза тапқандардың бесеуі медицина саласының қызметкерлері болған. Оқиға жексенбі күні түстен кейін болған. Апаттың нақты себебі әзірге анықталған жоқ. Оқиға орнына құтқару қызметтері, медицина мамандары және бірнеше өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды.


Qazaqstan.tv » публикация №57237

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇨🇦 Канада 1/8 финалға шықты 🏆 Әлем чемпионатының 1/16 финалында алаң қожайындары ОАР құрамасын минималды есеппен (0:1) жеңді. Жеңісті голды 90+2 минутта Стивен Эуштакиу соқты. 🇳🇱🇲🇦 Канада 1/8 финалда Нидерланд пен Марокко жұбының жеңімпазымен кездеседі.



Qazaqstan.tv » публикация №57235

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

👏 Африкалықтар рекорд жаңартты ✅ 2026 жылғы Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне алғаш рет Африкадан 9 құрама жолдама алды. 🔹Плей-оффқа шыққан африкалық құрамалар: 🇲🇦 Марокко 🇩🇿 Алжир 🇸🇳 Сенегал 🇬🇭 Гана 🇪🇬 Египет 🇨🇮 Кот-д'Ивуар 🇨🇻 Кабо-Верде 🇿🇦 Оңтүстік Африка 🇨🇩 Конго ДР 📌 Бұл Африка футболы үшін Әлем чемпионаттары тарихындағы жаңа рекорд.


Qazaqstan.tv » публикация №57234

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

😍 Қазақстанның таңғажайып табиғаты әлем назарында Дубайлық фотограф әрі тревел-блогер Mohamed Ourty Instagram желісінде Қазақстанның табиғаты туралы видео жариялады. Жарияланым шетелдік қолданушылардың ерекше қызығушылығын тудырып, пікір қалдырғандар еліміздің табиғатына тәнті болып жатыр. 🔥 100 мыңнан аса оқырманы бар блогер әлемнің ерекше табиғи орындары туралы контент жасайды. Бұл жолы оның аудиториясының назарын Қазақстанның көркем табиғаты мен туристік орындары аударды.


Qazaqstan.tv » публикация №57233

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❓Қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш журналист кім? ✒️Нәзипа Құлжанова ағартушы, аудармашы әрі қоғам қайраткері ретінде ұлт руханиятының дамуына зор үлес қосты. ⚜️Ұлттық өнерді ұлықтауға да атсалысқан ол қазақ әндерін жинаушы Александр Затаевичке «Ғайни-ау, сәулем» және «Қадыр зары» әндерін нотаға түсірткен. 🗞️Ал 1913 жылдан бастап «Қазақ» газетінде әйел теңдігі мен ел тағдырына қатысты маңызды мәселелер жөнінде мақалалар жариялап тұрды. 🎥 Толығырақ видеодан көріңіз.


Qazaqstan.tv » публикация №57232

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📍 Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1430-ға жетті Бұл туралы елдің Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес мәлімдеді. Оның айтуынша, тағы 3238 адам жарақат алған. Табиғи апаттың салдары 3142 отбасыға әсер еткен. Магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жер сілкінісінен кейін әлсіз және орташа күшті 430 афтершок тіркелген. Қазір іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып, мыңдаған төтенше жағдай қызметкері тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.


Qazaqstan.tv » публикация №57231

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📌 Елімізде қанша БАҚ жұмыс істейді? Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 5303 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Оның ішінде: ✔️ 3181 – мерзімді баспасөз басылымы; ✔️ 253 – телеарна; ✔️ 97 – радиоарна; ✔️ 1457 – ақпарат агенттігі мен интернет-басылым; ✔️ 315 – шетелдік телеарна. Сондай-ақ медиа саласы «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы», «Масс-медиа туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңдармен реттеледі.


Qazaqstan.tv » публикация №57230

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❗️ Енді шетелдік жоғары оқу орындары арқылы педагогикалық мамандықтарға ауысатындарға талап қатаңдайды ❓ҰБТ-дан да, қосымша емтиханнан да өте алмағандар бір семестрден кейін қалай студент атанады? 🔺 Ал осы «айналма жол» арқылы оқуға түскендер саны қанша? Жалпы Қазақстандық ЖОО-ға ауысудың талаптары қандай? 📺 Осы және өзге де мәселелер бүгін 20:00-де «Апта» бағдарламасында.



Qazaqstan.tv » публикация №57223

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📝Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймыз! Мәртебелеріңіз биік, еңбектеріңіз жемісті болсын! 📺Бүгінде «Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамында 4 республикалық арна, 3 республикалық радио, 14 аймақтық телеарна және 21 интернет портал жұмыс істейді.


Qazaqstan.tv » публикация №57222

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✈️Ақтаудан Үрімшіге әуе рейсі ашылды FlyArystan әуекомпаниясы Ақтау – Үрімші жаңа халықаралық бағыты бойынша әуе рейсін орындады. 📌Рейстер аптасына екі рет орындалады: Ақтаудан – сейсенбі және жұма күндері; Үрімшіден – сәрсенбі және сенбі күндері орындалады.


Qazaqstan.tv » публикация №57221

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Аптаның басты жаңалықтары 📱 Мектептерде смартфон қолдану тәртібі өзгеруі мүмкін. Ұсынысқа сәйкес, 7-сыныпқа дейінгі оқушылар сабақ кезінде телефондарын арнайы орынға тапсырады. 📝 Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тануға келісті. Құжат күшіне енсе, екі ел азаматтары жүргізуші куәліктерін жеңілдетілген тәртіппен айырбастай алады. 🏠 Президент атынан БАҚ өкілдеріне 66 пәтер берілді Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысының атынан БАҚ саласының 66 қызметкеріне баспана табысталды. Осылайша соңғы үш жылда тұрғын үймен қамтылған журналистер саны 200-ге жетті. 🏆 «Айбын-2026» әскери-патриоттық жиынында Қазақстан бас жүлдені жеңіп алды Халықаралық әскери-патриоттық жиынға Қазақстанмен қатар Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей және Қырғызстан командалары қатысты. Төрт күнге созылған жарыстың қорытындысында Қазақстан құрамасы бас жүлдені иеленді. ⛸️ 2027 жылы Астана алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын қабылдайды.


Qazaqstan.tv » публикация №57220

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⚠️АҚШ-Иран меморандумы: Иран мұнайы санкциядан босатылды АҚШ Иран мұнайына салынған санкцияны 60 күнге, яғни 21 тамызға дейін уақытша алып тастады. Осы кезеңде Иран мұнайы АҚШ аумағына тікелей жеткізіледі. Бұған дейін мұнай күрделі делдалдық схемалар арқылы жеткізіліп келген. Жеңілдікке жауап ретінде Вашингтон Тегераннан Ормұз бұғазын ашып, МАГАТЭ инспекторларын елге кіргізуді талап етіп отыр. «Әлем және біз» бағдарламасының толық нұсқасын біздің YouTube арнадан көріңіздер.


Qazaqstan.tv » публикация №57219

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❗️Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінісі тіркелді 2026 жылғы 27 маусымда Астана уақытымен сағат 18:34-те ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» сейсмикалық станциялар желісі арқылы жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстан аумағында орналасқан. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.


Qazaqstan.tv » публикация №57209

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы БАҚ күнін атап өтті Бүгін 28 маусым - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай «Qazaqstan», «Balapan», «Qazsport», «Abai tv» телеарналары мен «Қазақ радиоларының» қызметкерлері бүгін Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай тимбилдингте бас қосты. Кәсіби мереке қарсаңында бірқатар қызметкер салалық марапаттарға, Басқарма төрағасының «Құрмет грамотасы» мен Алғыс хатына ие болды. Қызмет жолында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға және Қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін «Еңбек ардагері» медалімен «Qazaqstan» ұлттық арнасы жаңалықтар қызметі директорының орынбасары Қайрат Мұсақұлов және Корпорация ардагері Мақсат Дүйсмағамбетов марапатталды. Бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту саласындағы ерекше еңбегі үшін Корпорацияның «Алтын жаршы» төсбелгісі «Qazaqstan» ұлттық арнасы Жаңалықтар қызметінің монтаж бейнеинженері Аршын Ахметке, ал «Күміс жаршы» төсбелгісі Диджитал департаментінің атқарушы продюсері Айдос Жұқанұлына табысталды. Еңбекте жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға және Қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін «Qazaqstan» ұлттық арнасының продюсері Ботагөз Бекенова, «Qazsport» телеарнасының бас режиссері Амангелді Боранов, «Balapan» телеарнасының шығарылым редакторы Салтанат Балабаева, «Abaı TV» телеарнасының бағдарламалар директоры Әсел Шоқаманова «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.


Qazaqstan.tv » публикация №57208

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❗️Жалған психологтардың қызметіне заңмен тыйым салынады Жоғары психологиялық білімі, яғни арнайы дипломы жоқ және арнайы тізілімге енгізілмеген психологтардың қызметіне заңмен тыйым салынбақ. Сенат «Психологиялық қызмет туралы» заңды қабылдады. «Қос палата» бағдарламасының толық нұсқасын YouTube арнамыздан көре аласыздар.


Qazaqstan.tv » публикация №57207

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Иран мұнайы санкциядан босатылды АҚШ-Иран келіссөзі бойынша өткен аптада қол қойылған меморандум неге әртүрлі тәпсірленіп жатыр? Ұлыбританияда үкімет басшысы ауысуы мүмкін. Кир Стармер неге сынға ұшырады? Оңтүстік Корея НАТО елдерін әскери техникамен қамтамасыз ете бастады. Трамптың саясаты Сеулдің қару-жарақ саудасының артуына әсер етіп отыр ма? Осы және өзге де әлем жаңалықтарын бүгін 20:10-да «Әлем және біз» бағдарламасынан көріңіз.


Qazaqstan.tv » публикация №57206

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

💫Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі басталды Алматы облысы Кеген ауданы Қарқара жайлауында дүйім жұрт асыға күткен «Қымызмұрындық – 2026» мәдени-көпшілік және спорттық шарасы басталды. Аталмыш мереке биыл 5-рет ұйымдастырылып отыр. Мерекеге еліміздің түкпір-түкпірінен, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Түркменстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан Республикасынан қонақтар келуде. Қымыз тойына барлығы 35 мыңға жуық мейман қатысады деп күтілуде.



Qazaqstan.tv » публикация №57182

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан бұқаралық ақпарат құралдарының бір топ қызметкеріне баспана берілді. «Dara» Президенттік бастамалар қорының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров медиа мамандарын мерекемен құттықтап, Мемлекет басшысының тапсырмасымен БАҚқызметкерлеріне пәтер беру бастамасы биыл төртінші жыл қатарынан жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. – Бұл игі жобаның биылғы ерекшелігі –пәтерлер Астанада ғана емес, Алматыда, сонымен қатар еліміздің барлық облысында да берілетін болды. Мұндағы мақсат – өңірлік журналистиканы дамыту және әріптестерді әлеуметтік тұрғыда қолдау. Мереке қарсаңында облыстық ақпарат құралдарының қызметкерлері, сондай-ақ республикалық БАҚ-тардың жергілікті тілшілері қоныс тойын тойлағалы жатыр. Тіпті орталықтан шалғай елді мекендер де назардан тыс қалған жоқ. Мысалы, бұл жолы Қостанай облысының Арқалық қаласында және Түркістан облысының Созақ ауданында тұратынәріптестеріміз үйлі болмақ, – деді А.Смадияров. Биыл БАҚ қызметкерлеріне 66 пәтер беріледі. Оның ішінде Астана қаласында –15, Алматы қаласында – 15, қалған 18 аймақта 2 пәтерден бөлінді. Баспанаға үміткерлерді анықтау, пәтерлерді даярлау жұмыстарын «Dara» Президенттік бастамаларды қолдау қоры, Президенттің Іс басқармасы, жергілікті атқарушы органдар мен БАҚ редакциялары бірлесе жүргізді. 📎Атап өтерлік жайт, өткен үш жылдаПрезидент атынан БАҚ саласының 200 қызметкеріне баспана берілді.



Qazaqstan.tv » публикация №57180

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇪🇬 Египет плей-офф кезеңіне шықты! 💪 Топтық кезеңде Египет құрамасы Иранмен тең (1:1) түсіп, 1/16 финалға екінші орынмен жолдама алды. ⚽️ Сабер 5’ ⚽️ Реваэан 14’ ⚽️ Халилзадех 90+3’ (гол есепке алынбады)


Qazaqstan.tv » публикация №57179

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇧🇪 Бельгия плей-офф кезеңіне шықты! 🔥 Топтық кезеңнің соңғы турында Жаңа Зеландияны 4:1 есебімен жеңген Бельгия құрамасы плей-офф кезеңіне жолдама алды. ⚽️ Троссард 27’ ⚽️ Троссард 50’ (дубль) ⚽️ Де Брюйне 66’ ⚽️ Джаст 84’ ⚽️ Лукаку 86’ ⚽️ ЛСалемакерс 90+4’


Qazaqstan.tv » публикация №57178

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✈️Атырауда жылына 3 млн жолаушыға қызмет көрсететін жаңа терминал салынады Атырауда Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайды жаңғыртуға 2025 жылы 50 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған. 📌Инвестордың жол картасына сәйкес, жобалау жұмыстары 2026 жылдың шілдесінде басталып, құрылыс 2027 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс. Жаңа терминал өңірдегі ірі инфрақұрылымдық жобалардың біріне айналмақ. Нысанның жалпы ауданы 16,5 мың шаршы метрді құрайды. Терминал пайдалануға берілгеннен кейін әуежайдың өткізу қабілеті жылына 800 мыңнан 3 млн жолаушыға дейін артады. Болашақта бұл көрсеткішті 6 млн жолаушыға дейін жеткізу жоспарланып отыр.


Qazaqstan.tv » публикация №57177

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✈️Қазақстанға жыл басынан бері 3 млн шетелдік саяхатшы келді 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді. Ал шетелге шыққан Қазақстан азаматтарының саны 2,47 млн адамды құрады. Шетелдік қонақтардың негізгі бөлігі көршілес елдерден келеді. 📈Елдің туристік инфрақұрылымы да дамып келеді. 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда қонақүйлерді, демалыс базаларын және өзге де орналастыру орындарын қоса алғанда, 4 505 нысан жұмыс істеді. Бір жыл ішінде олардың саны 192-ге артты. 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында орналастыру орындарында 2 млн қонақ тоқтады. Оның ішінде 802 мыңнан астам адам Қазақстанның курорттық аймақтарын таңдаған. 😍Ең танымал курорттық бағыттар: Алматы тау кластері – 509,3 мың адам; Щучинск-Бурабай курорттық аймағы – 116,7 мың адам; Маңғыстау курорттық аймағы – 53,3 мың адам; Түркістан туристік аймағы – 39,4 мың адам; Алтай курорттық аймағы – 30,3 мың адам.


Qazaqstan.tv » публикация №57176

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⚡️Дембеле хет-трик жасап, командасына жеңіс сыйлады 🇳🇴🆚🇫🇷 Топтық кезеңнің соңғы турында Франция Норвегияны 4:1 есебімен жеңді. ✅ Осы жеңістің арқасында Франция I тобында бірінші орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама алды. ✅ Норвегия екінші орынмен келесі кезеңге шықты. I тобы 🇫🇷 Франция - 9 ұпай 🇳🇴 Норвегия - 6 ұпай 🇸🇳 Сенегал - 3 ұпай 🇮🇶 Ирак - 0 ұпай



Qazaqstan.tv » публикация №57174

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

💍26.06.2026: Бүгін елімізде 4 мыңнан астам жұп некесін қиды Бұл көрсеткіш 08.08.2008 күнгі рекордтан екі есе көп. 📲1-7 сынып оқушыларына телефон ұстауға тыйым салынуы мүмкін Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты. 🚘Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы келісімге келді Меморандум екі ел азаматтары үшін әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге және қосымша қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. ⚠️Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген ата-ана жауапқа тартылуы мүмкін Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің өкілдері мәлімдеді. ❗️Жаңа Зеландияда алапат дауыл соғып, 200 әуе рейсі тоқтатылды Сұрапыл желдің екпінінен ағаштар құлап, мыңдаған адам жарықсыз қалды.



Архив Qazaqstan.tv — страница 21

Это 21-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.