📲Ұялы телефонды қалай дұрыс қуаттау керек? Қауіпсіз қуаттау ережелерін білесіз бе? Толық ақпаратты видеодан көріңіз.
Qazaqstan.tv — страница 20
Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 20. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
🔥 Негізгі құрам 🇧🇷 Бразилия – Жапония 🇯🇵 📺 «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде.
✈️ 10 шілдеден бастап Атырау – Ақтөбе рейстері қайта ашылады 10 шілдеден бастап SCAT әуе компаниясы Атырау – Ақтөбе бағыты бойынша тұрақты рейстерді қайта іске қосады. ✔️ Рейстер аптасына төрт рет – дүйсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады.
🇰🇿🇬🇪Келіссөз қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе Қазақстан Республикасы мен Грузия арасында Стратегиялық серіктестік орнату жөніндегі бірлескен мәлімдеме қабылдады 🤝Екі елдің делегация мүшелері мынадай мемлекетаралық және ведомствоаралық құжаттармен алмасты: 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Грузия Мәдениет министрлігі арасында мәдениет саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум; 2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Грузия Экономика және орнықты даму министрлігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум; 3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Грузия Экономика және орнықты даму министрлігі арасында туризм саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум.
🇰🇿🇬🇪Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзеге І дәрежелі «Достық» орденін табыстады Марапаттау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Кобахидзені еліміздің досы, көреген көшбасшы және өз ісіне берілген мемлекет қайраткері деп атады. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи тамырластық, ортақ мәдени құндылық, сан ғасырлық достық пен өзара түсіністік байланыстыратын Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым-қатынастың қазіргі деңгейін жоғары бағалады. Мемлекет басшысы көшбасшылық танытып, екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға зор үлес қосып келе жатқан Ираклий Кобахидзеге І дәрежелі «Достық» орденін салтанатты түрде табыстады. Грузия Премьер-министрі қызметіне жоғары баға бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
♟Бибісара Асаубаеваға II дәрежелі «Барыс» ордені табысталды ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға II дәрежелі «Барыс» орденін табыстады. Бибісара Асаубаева – әлемдік додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүрген көрнекті шахматшы. Ол блицтен үш мәрте Әлем чемпионы атанып, осы бәсекеде жеңіске жеткен ең жас шахматшы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Сондай-ақ жуырда Норвегияда өткен беделді Norway Chess супертурнирінде топ жарып, тағы бір жарқын жеңісіне қол жеткізді.
Мемлекет басшысы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту үшін оны нақтылай түсіп, энергетика, инвестиция, көлік қатынасы, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, туризм және басқа да перспективті салаларға бағытталған «жол картасын» әзірлеуді ұсынды 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе өзара тиімді инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін растады. 🟦Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағдарының негізгі қатысушылары ретінде екі ел көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту, контейнерлік тасымал көлемін кеңейту, тариф саясатын үйлестіру және цифрландыруды үдету бағытында дәйекті шаралар қабылдауға ниетті. 🟦Соңғы бес жылда Орта дәліз арқылы тасымал көлемі 3,5 есе өскен. 2029 жылға қарай аталған бағдар бойынша қатынайтын контейнерлік пойыздар саны 3 мыңға жетеді деп күтілуде. 🟦Қазақстан Батуми портынан бөлек, Грузияның басқа да теңіз айлақтарына кіруге мүдделі. Өткен жылы қазақстандық инвестордың қатысуымен Поти портында жаңа мультимодальді терминал ашылды. Анаклия порты – өңіраралық байланысты нығайту тұрғысынан қызықты жобаның бірі саналады. 🟦Цифрландыру мен жасанды интеллект өзара ынтымақтастықтың перспективті салаларының қатарында аталды. 🟦Екі ел цифрлық үкімет, онлайн мемлекеттік қызметтер және GovTech шешімдер бағытында тәжірибе алмасуға дайын екенін растады. 🟦Қазақстан Грузия стартаптары мен технологиялық компанияларының Astana Hub бағдарламасына және аймақтық технологиялық бастамаларға қатысуын құптайды. 🟦Бұдан бөлек, әңгімелесу барысында денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және туризм салаларындағы серіктестікті нығайту мәселесіне айрықша назар аударылды. 🟦Президент Грузияның қазақстандық туристер үшін танымал бағыттардың бірі саналатынын атап өтіп, еліміз де грузиялық меймандарды құшақ жая қарсы алуға дайын екенін айтты. 🟦Сонымен қатар Мемлекет басшысы мәдени алмасуларды қолдаудың маңызына мән беріп, екі елдің мәдениет күндерін ұйымдастыруды ұсынды.
🇰🇿🇬🇪Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе келіссөз жүргізді 🔹Ресми делегация мүшелерінің қатысуымен өткен келіссөз барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын кеңейту перспективасы талқыланды. 🔹Мемлекет басшысы Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы уақыт тезінен өткен сенімді серіктесі Грузиямен арадағы достық қатынастарды бағалайтынын атап өтті. – Біздің елдерімізді тарихи тамырластық, ортақ мәдени құндылықтар мен халықтарымыздың арасындағы берік байланыстар біріктіреді. Бұл – өзара серіктестігіміздің негізі. Біз жаңа ғана нәтижелі пікір алмасып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенімізді растадық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 🔹Президент бүгін қол қойылатын Стратегиялық серіктестік орнату жөніндегі бірлескен мәлімдеме қазақ-грузин қарым-қатынасын жаңа әрі сапалы деңгейге көтеретініне сенім білдірді. – Сауда-инвестициялық ықпалдастық екі ел байланысының өзегі саналады. Жаһандағы тұрақсыздыққа қарамастан тауар айналымын ұлғайтуға мүмкіндік мол. Қазақстан Грузия экономикасына жарты миллиард доллардан астам инвестиция салды. Әрі аталған елдің ірі инвесторларының қатарына кіреді. Мемлекеттеріміз энергетика секторында табысты ынтымақтастықты жолға қойды. Біз Баку – Тбилиси – Джейхан құбырымен мұнай тасымалы көлемін ұлғайтуға ниеттіміз. Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия аясында белсенді жұмыс атқарылып жатыр. Бүгінгі кездесу келешектегі жаңа басымдықтарды айқындауға септігін тигізеді деп үміттенемін, – деді Мемлекет басшысы.
Баспана кезегінде кімдерге басымдық беріледі? Мемлекеттік тұрғын үй алу мүмкіндігін тек кезек нөмірі анықтамайды. Басымдық берілетін санаттар, отбасы жағдайындағы өзгерістер мен жеңілдік тетіктері де маңызды рөл атқарады. Баспана бөлу кезінде қандай талаптар ескеріледі және кезекте тұрған азаматтардың құқықтары қалай қорғалады? Толығырақ видеодан көріңіз.
🔹 Жаңа Конституцияның арнайы басылымы салтанатты түрде табысталды Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Қазақстанның жаңа Конституциясының арнайы басылымын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Басылым даналарын шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдеріне, сондай-ақ Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелеріне Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады. Еске салайық, жаңа Конституция биыл 15 наурызда өткен республикалық референдум қорытындысы бойынша қабылданды. 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
😍 Рим төрінде ән шырқаған 6 жасар Айша Италияның Рим қаласында қазақ қызы Айша әйгілі «Richi E Poveri» тобының «Sara Perché Ti Amo» әнін орындап, өнерімен қала тұрғындары мен туристерді тәнті етті. Көпшілік оған қосылып ән айтып, қошемет көрсеткен. Video: @leila_vocal
🇰🇿🇬🇪Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе шағын құрамда келіссөз жүргізді Президент Қазақстанның Грузияны стратегиялық тұрғыдан маңызды әрі дәстүрлі серіктес ретінде бағалайтынын айтып, екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беру үшін қолда бар әлеуетті тиімді пайдалануға бар күш-жігерді жұмылдыру қажет екенін айтты. 🇬🇪Ал Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе елдер арасындағы берік саяси және экономикалық, сондай-ақ білім беру, мәдениет және басқа да көптеген салалардағы ықпалдастықты қолдайтынын жеткізді. Бұл сапардың маңызы ерекше. Өйткені біз Стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдемеге қол қоямыз. Аталған құжаттың екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беретініне сенімдімін. Серіктестігіміз ортақ құндылықтарға негізделген, сондықтан қарым-қатынасымыздың әлеуеті зор. Елдеріміз арасындағы достық пен өзара ықпалдастыққа қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамын, – деді Грузия Премьер-министрі.
⚡ Қажымұқанның 72 келілік гір тасын көтеруден сайыс өтті Абыз-баба Әлмерек Жаншықұлының 368 жылдығына және «Қымызмұрындық – 2026» фестивалі аясында ұйымдастырылған «Алыптар сайысына» еліміздің әр өңірінен 18 спортшы қатысты. Қатысушылар алты кезең бойынша сынға түсті. Сайыс барысында Қажымұқанның 72 келілік гір тасы 11 рет көтеріліп, рекорд қойылды. 🎥: ao_sporty, tima_boyka
🇰🇿🇬🇪Қазақстанға Грузия Премьер-министрі ресми сапармен келді Астанаға Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе ресми сапармен келді. Тәуелсіздік сарайында Ираклий Кобахидзені қарсы алу рәсімі өтті. Мұнан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Сап түзеген құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады. 🔹Ресми қарсы алу рәсімінен кейін шағын құрамдағы келіссөз басталды.
🔥 Мыңжылқы жайлауындағы мың жылқы Алматы облысындағы әйгілі Қарқара жайлауында «Қымызмұрындық» фестивалі өтті. Ата дәстүрді ұлықтаған мерекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 35 мыңға жуық адам жиналды. ⚜️ Фестиваль аясында 250 киіз үй тігіліп, қонақтарға 2 тонна қымыз ұсынылды. Сондай-ақ асыл тұқымды мың жылқы бір мезетте жайлауға жіберіліп, фестивальдің көркін қыздырды. 🎥: maksat_shagyrbay, tenizbayev.nurbakhyt
✔️ Сенаттың соңғы отырысы өтті Астанада Парламент Сенатының соңғы отырысы өтті. Жоғарғы палата елдің бір палаталы Парламентке көшуіне байланысты 30 жылдық қызметін аяқтады. 1 шілдеден бастап жаңа Конституцияға сәйкес қазіргі Парламенттің өкілеттігі тоқтатылады. Ал тамыз айында бір палаталы Парламент сайлауы өтеді. 30 жыл ішінде Сенат 890-нан астам жалпы отырыс өткізіп, 3,5 мыңнан астам заң қабылдады. Сондай-ақ 246 адам депутаттық мандатқа ие болды.
Қазақстанда сиыр етінің экспортына алты айлық шектеу енгізіледі Қазақстанда сиыр етін экспорттауға алты ай мерзімге квота енгізу жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген бұйрық жобасына сәйкес, осы кезеңде шетелге шығарылатын сиыр етінің жалпы көлемі 25 мың тоннадан аспауы тиіс. Бұл толық тыйым емес. Яғни кәсіпкерлер сиыр етін экспорттауды жалғастыра алады, алайда белгіленген квота көлемінен артық өнімді шетелге шығара алмайды. Министрліктің мәліметінше, бұл шара отандық ет өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы өнімдерін ел ішінде көбірек өңдеуге, жаңа жұмыс орындарын құруға, ішкі нарықты етпен қамтамасыз етуге және бағаны тұрақтандыруға бағытталған. Бұйрық жобасы Ведомствоаралық комиссияның 2026 жылғы 26 маусымдағы шешімі негізінде әзірленген.
Венесуэлада үйінді астынан бес күннен кейін тоғыз айлық сәби табылды Венесуэлада өткен сәрсенбіде екі мәрте жер сілкінді. Оның біріншісінің қуаты 7,2, екіншісінікі 7,5 баллға жеткен. Жойқын дүмпуден кемінде 800 ғимарат қирап, мыңдаған тұрғын үйінді астында қалған. Соңғы мәлімет бойынша, құрбандар саны 1450-ге жеткен. АҚШ Геологиялық қызметінің болжамынша, қаза тапқандар саны 10 мыңнан асуы мүмкін.
📌 Алматыда коммуналдық қарызы бар 600-ден астам кәсіпорынның есепшоты бұғатталды «Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметінше, жыл басынан бері қарызы бар кәсіпорындарға қатысты 1 274 материал қаралып, оның 602-сі сот орындаушыларына жолданған. Борышкерлердің банк есепшоттары бұғатталып, мүлкіне тыйым салу және елден уақытша шығуға шектеу қою шаралары қабылданған. 🔹 Қазір атқарушылық іс қозғалған 602 кәсіпорынның 283-і берешегін толық өтеген.
🔥 Бүгінгі ойындар тізімі ⚽️ Әлем чемпионаты. 1/16 финал ⏰ 21:50: 🇧🇷 Бразилия - Жапония 🇯🇵 ⏰ 01:20: 🇩🇪 Германия - Парагвай 🇵🇾 📺 Тартысты матчтарды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тамашалай аласыздар.
Маңғыстау мен Атырау облыстарында автогаз тапшылығы жоқ Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады. Ведомствоның дерегінше, маусымда Маңғыстау облысында сұйытылған мұнай газына сұраныс 18 мың тонна болғанымен, 3 тонна артығымен жеткізілген. Бұл жергілікті ғана емес, өңір арқылы транзитпен өтетін көліктерді де қамтамасыз етуге жетеді, дейді министрлік. Атырауда да 2,5 мың тоннадан астам резервтік қор бар. Яғни, батыс өңірлерде автогаз жетпей жатқаны жайлы желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды, деп мәлімдеді Энергетика министрлігі.
📞 Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті 🇰🇿🇹🇲Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Аркадаг Гурбангулы Бердімұхамедовтің Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ғасырлардан тамыр тартатын достыққа, тату көршілікке және өзара құрметке негізделген стратегиялық серіктестікті нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өтті. Әңгімелесу барысында тараптар қазақ-түрікмен қарым-қатынасының жоғары деңгейіне назар аударып, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен өзара ықпалдастық перспективасын талқылады.
⚖️ ҰБТ-ға дайындаймын деп 32 адамды алдаған күдікті Албанияда ұсталды Қазақстан Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол ұлттық орталық бюросы қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын ұстады. ✔️ Тергеу мәліметінше, күдікті 2022-2023 жылдары интернет арқылы жоғары сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау және жоғары оқу орындарына кепілді түрде оқуға түсіру қызметін ұсынамын деген жалған ақпарат таратып, 32 азаматты алдаған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 28 миллион теңгеден асты. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. Ол 2025 жылдың мамыр айында Албанияда ұсталып, елге жеткізілді. 🔹 Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмыс бойынша мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
🌡️ Еуропада аптап ыстықтан 1300-ден астам адам көз жұмды Еуропада бір аптаға созылған аптап ыстық салдарынан 1300-ден астам адам көз жұмды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус мәлімдеді. Оның айтуынша, экстремалды жоғары температураның әсерін шамамен 150 миллион адам сезініп отыр. Бұған Еуропадағы тұрғын үйлер, кеңселер мен мектептердің мұндай аптап ыстыққа бейімделмегені себеп болған. ☀️ Аномальды ыстық екінші апта қатарынан жалғасып жатыр. Қазір аптап ыстық Испания, Франция және Ұлыбританиядан кейін Германия мен Чехияда күшейіп отыр.
🛒Қазақстанда бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы арзандады Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, соңғы бір аптада әлеуметтік маңызы бар бірнеше азық-түлік тауарының бағасы төмендеген. Әсіресе қызанақ бағасы 5,5%-ға төмендеп, орташа құны келісі 654 теңгені құрады. Сондай-ақ қияр, бірінші санаттағы жұмыртқа, сүт, айран, сүзбе және қара шайдың бағасы да төмендеген. 📉Ең төмен баға Қонаев қаласында тіркелді. Сонымен қатар Көкшетау, Павлодар, Шымкент, Атырау және Петропавл қалаларында да азық-түлік бағасының арзандауы байқалған. 💬Ал Қостанай, Қызылорда, Семей, Тараз және Өскемен қалаларында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өткен аптамен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.
Францияда туристік ұшақ апатынан 11 адам көз жұмды Францияның Нанси қаласына жақын орналасқан Томблен елді мекені маңында жеңіл туристік ұшақ апатқа ұшырап, борттағы 11 адамның барлығы қаза тапты. Бұл туралы Euronews хабарлады. Алдын ала мәліметке сәйкес, ұшақта бір ұшқыш, бес парашютпен секіру нұсқаушысы және алғашқы тандемдік секіруге дайындалған бес жолаушы болған. L'Est Républicain басылымының жазуынша, қаза тапқандардың бесеуі медицина саласының қызметкерлері болған. Оқиға жексенбі күні түстен кейін болған. Апаттың нақты себебі әзірге анықталған жоқ. Оқиға орнына құтқару қызметтері, медицина мамандары және бірнеше өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды.
Архив Qazaqstan.tv — страница 20
Это 20-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.