🇰🇿 Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады 🎾 Қазақстанның бірінші ракеткасы Уимблдон турнирінің алғашқы айналымында франциялық Лоис Буассонды 2:1 есебімен жеңді. 💪 1 сағат 49 минутқа созылған тартысты кездесуде Елена Рыбакина жеңіске жетіп, екінші айналымға жолдама алды.
Qazaqstan.tv — страница 19
Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 19. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
🌟Пластикалық хирургия клиникаларын бақылау күшейтіледі Денсаулық сақтау министрлігі пластикалық ота жасайтын клиникаларға жоспардан тыс тексеру жүргізеді. Бұл шешім медициналық қызмет сапасы мен пациент қауіпсіздігін бақылауды күшейту үшін қабылданды. 🗂2021 жылдан бері пластикалық хирургия саласында 92 жоспардан тыс тексеру өткен. Нәтижесінде лицензия талаптары мен медициналық көмек көрсету ережелерін бұзу деректері анықталды. Кейбір ұйымдар қажетті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген. ✔️Заң бұзушылықтар бойынша 24 әкімшілік хаттама толтырылып, 4,8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
⚽️Норвегия құрамасы Әлем чемпионатына 580 келі азық-түлік алып келген Мұндай шешім желіде қызу талқыланып жатыр. Мәселен, кейбір желі қолданушылары команда америкалық азық-түлікке сенбегендіктен осындай қадамға барды деген пікір жазған. Алайда құраманың бас аспазы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, Норвегиядан ойыншылар күнделікті тұтынатын бірнеше килограм өнім ғана әкелген. Нақтырақ айтқанда, 300 келі албырт пен форель, 100 келі палтус балығы және 180 килограм ірімшік жеткізілген. Бұл спортшылардың әдепкі тамақ тәртібін бұзбау үшін маңызды дейді.
✉️ Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇨🇩Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбо мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Президент еліміз Конго Демократиялық Республикасын Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өткен. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы екіжақты ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбоның жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Конго Демократиялық Республикасының халқына құт-береке тіледі.
🇩🇪Катерина Райхе екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылау мүмкіндігі үшін Президентке алғыс айтып, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы елеулі табыстарына тоқталды ✔️Сондай-ақ министр Қазақстан Германияның аймақтағы ірі сауда-экономикалық серіктесі саналатынын, екіжақты ықпалдастықты кеңейтудің әлеуеті мол екенін жеткізді. ✔️Кездесуде энергетика, өнеркәсіп, цифрландыру, сирек кездесетін металдарды өндіру және өңдеу, көлік-логистика инфрақұрылымы салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру перспективасына айрықша мән берілді. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге және Федералдық канцлер Фридрих Мерцке ыстық ықыласын жолдады.
🇰🇿🇩🇪Мемлекет басшысы Германия Федералдық экономика және энергетика министрі Катерина Райхені қабылдады ✔️Кездесу барысында Президент Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасымен стратегиялық серіктестікті дамытуға айрықша мән беретінін атап өтті. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Германия – еліміздің ең ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі. – Екіжақты сауда және инвестициялық ықпалдастықта оң динамика байқалады. 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына 8 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартылды. Оның басым бөлігі шикізаттық емес секторға тиесілі. Бүгінде елімізде неміс капиталының үлесі бар мыңнан аса компания табысты жұмыс істейді. Олардың арасында CLAAS, Horsch, Siemens, BASF, Heidelberg Materials, Siemens Energy, Knauf және Linde сияқты өнеркәсіп алпауыттары бар, – деді Мемлекет басшысы. ✔️Президент Қазақстан тарапы германиялық бизнестің біздің нарыққа көбірек келуі үшін қажетті жағдай жасауға дайын екенін растады. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси өзгерістер туралы әңгімеледі. ✔️Жаңа Конституцияда Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және өркендеген мемлекет ретінде даму бағытын айқындайтын негізгі қағидаттар көрініс тапқанын айтты.
Еліміздің туристік аймақтарында санитариялық бақылау күшейтілді Еліміздегі туристік аймақтар мен қоғамдық жағажайлардың санитариялық жағдайы жіті бақылауға алынды. Қазір санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің тұрақты бақылауында 1225 курорттық аймақ пен 304 қоғамдық жағажай бар. Оның 706-сы демалыс базасы, ал 120 жағажай санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алған. Мамандардың айтуынша, кемшіліктердің басым бөлігі рұқсат беру құжаттарының болмауына байланысты. Санитариялық талаптарды бұзған 470 нысанға қатысты жедел ден қою шаралары қабылданып, олардың қызметі уақытша тоқтатылды.
📞 Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті 🇰🇿🇷🇺Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің биыл мамыр айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ықпалдастықтың барлық бағытына айтарлықтай серпін бергенін атап өтті. Екі ел үкіметтері аталған келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асырып жатыр. Әңгімелесу барысында шілде айының соңында Омбы қаласында ұйымдастырылатын ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Президенттер жұмыс барысында тұрақты байланыста болуға келісті.
🐅Қар барысы мен есейген үш аланы фототұзаққа ілікті Орманшы Жомарт Аманбаев қар барысының тіршілігін зерттеу мақсатында биік тау жоталарына фототұзақ орнатқан. Бірнеше ай бұрын дәл осы жерде үш аланымен бірге кадрға түскен қар барысының қайтадан тағы бір әдемі сәті таспаға жазылған. 😍Кадрдан кішкентай аландардың едәуір өсіп, анасымен бірге асқар тауларды еркін кезіп жүргенін көре аласыздар. Видео: @katonkaragay_nationalpark, @qazaqormany
Әмірбек Оспанбеков ҚР Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы лауазымынан босатылды
Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды
Ерлан Қарин ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысы: Қазақстанды үлкен құрылыс алаңына айналдыруымыз керек Президент елімізде неғұрлым құрылыс көп болса, Қазақстан да соғұрлым өркендей беретінін айтты. Теміржолдарды, автожолдарды, әуежайларды, вокзалдарды, сумен қамтамасыз ететін ірі құрылғыларды, өндіріс және өнім кәсіпорындарын, қала ғимараттарын және тағы басқа нысандарды жоғары қарқынмен салу керектігін атап өтті. «Әлеуметтік мемлекет боламыз деп, қаражатты талан-таражға салуға болмайды. Осындай қысқа, шолақ ойлы саясатты біздің ұрпақтарымыз түсінбейді де, кешірмейді де. Басқа сөзбен айтқанда, Қазақстанды үлкен құрылыс алаңына айналдыруымыз керек», - деді Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Мемлекет басшысы: Құрылтай технологиялық прогрестің жетекші факторы болады деп үміттенемін Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысында Құрылтайдың алдында барлық бюрократиялық рәсім түріндегі кедергілерді жою, заң шығару ісінің жеделдігі мен сапасын арттыру, білікті сарапшылардың және консультанттардың қызметін тиімді ұйымдастыру міндеті тұрғанын айтты. «Құрылтай технологиялық прогрестің жетекші факторы болады деп үміттенемін. Жаңадан сайланған депутаттар заң шығару ісінде болжамды сараптамаға, Үлкен дерекқорды басқару арқылы кез келген шешімнің экономикалық салдары мен әлеуметтік тәуекелдерін модельдеуге баса мән беруі керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент: 30 жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды Мемлекет басшысы Парламент әрдайым уақыт талабына тез бейімделіп, қоғам сұранысына лайықты жауап бере алатын жасампаз құрылым болғанын атап өтті. «Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды. Ал әрбір оныншы заңға депутаттар өздері бастамашы болды. Заң шығару жүйесінің қайнар бастауында бүкіл халқымызға және халықаралық қауымдастыққа танымал саясаткерлеріміз, көрнекті мемлекет қайраткерлері, белгілі қоғам қайраткерлері тұрды. Олардың жемісті еңбегі Парламент тарихында өшпес із қалдырды», - деді Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйледі Президент Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысының тарихи мән-маңызы айрықша екенін айтты. «Бүгін біз мемлекетіміздің заң шығарушы органы – Парламенттің кезекті сессиясын аяқтап, Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тұтас бір дәуірді қорытындылап отырмыз. Осылайша, тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Ертең Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы заңды күшіне енеді. Ұлт заңымен қатар, мемлекеттік билік жүйесі де түбегейлі жаңа сипатқа ие болмақ. Қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай келеді. Жалпы, бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді», - деді Президент.
🗓Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады? 6 шілдеде елімізде Астана күні аталып өтеді. Биыл бұл күн дүйсенбіге сәйкес келеді. 📌Соған байланысты бес күндік жұмыс аптасы бойынша қазақстандықтар 4, 5 және 6 шілде күндері (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) қатарынан демалады. Жұмыс аптасы сейсенбі күні басталады. Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 4 шілде - жұмыс күні. Олар 5 және 6 шілде күндері демалады. 📺@qazaqstantv
Парламент палаталарының соңғы бірлескен отырысы өтіп жатыр Отырысқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр. 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне еніп, Парламент өкілеттігін тоқтатады. Ал тамыз айында бір палаталы Парламент сайлауы өтеді.
🚨 Павлодарда жол апатынан екі адам қаза тапты Павлодар қаласының орталығындағы Назарбаев даңғылында болған жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы бір адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Mitsubishi Carisma көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан ол көшеде келе жатқан үш жаяу жүргіншіні қағып, кейін жарық бағаны мен автобус аялдамасына соқтығысқан. Соққының қатты болғанынан көлік аударылып қалған. Полиция күдікті жүргізушіні уақытша ұстау изоляторына қамады.
БҚО-да алаяқтарға көмектескен 7 студент сотталды Батыс Қазақстан облысында алаяқтарға көмектескен 7 студент сотталды. Олардың банк шоттары арқылы 4 млн теңге өткен. Сот шешімімен 19 жастағы колледж студенттері үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Олар мәжбүрлі еңбекке тартылып, пробация қызметінің есебінде болады. Талаптарды орындамаған жағдайда бас бостандығынан айырылып, түзеу мекемесіне жіберіледі. Жалпы соңғы бес айда алаяқтар дропперлердің көмегімен 400 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған. Заң күшіне енген күзден бері 700-ден астам қылмыстық іс тіркеліп, 216 дроппер жауапкершілікке тартылды. Оның 202-сі сотталды.
❓Цифрлық теңге деген не? Халыққа қандай пайдасы бар? Цифрлық теңге жемқорлықты азайтуға қалай көмектеседі? ⏰Бүгін 20:25-те «Ақша әліппесінен» көріңіз.
🚆 Tarlan Astana іске қосылғалы бері 3,1 млн адам мінген Астана әкімдігінің хабарлауынша, Tarlan Astana іске қосылғалы бері жеңіл рельсті көлік жүйесін 3,1 миллион жолаушы пайдаланған. 📊 Қазір LRT-ның орташа тәуліктік жолаушылар ағыны 70 мың адамды құрайды. Бұл оның елорда тұрғындары мен қонақтары арасында сұранысқа ие көлік түріне айналғанын көрсетеді. 🚈 Айта кетейік, Астанада Tarlan Astana-ның Косшы бағытына дейінгі екінші кезеңінің құрылысы басталды. Жоба көлік инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың қатынауын одан әрі жеңілдетуге мүмкіндік береді.
🇰🇿Қазақстан бала құқығы жөнінен әлемдік рейтингте үздік 25 елдің қатарына кірді Қазақстан балалар құқықтарын бағалайтын KidsRights 2026 жаһандық индексінде 24-орынға тұрақтаған. 🌎Роттердамдағы Эразмус университеті мен халықаралық KidsRights ұйымы бірлесіп әзірлеген зерттеуде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы конвенциясына қатысушы 194 мемлекеттің әлеуеті сынға түскен. ➖Баланың өмір сүруі, денсаулығы, білім алуы, қорғалуы және дамуына қолайлы орта. Бағалау кезінде осы бес негізгі бағыт басты назарға алынған. ✔️Рейтингте 0,871 баллмен Нидерланд көш бастап тұр. Қазақстан 24-орынды иеленіп, Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азиядағы бірқатар елден жоғары нәтиже көрсеткен.
🇵🇾 Парагвай 1/8 финалда 🏆 Парагвай құрамасы ӘЧ-2026 додасының 1/16 финалында Германияны пенальти сериясында жеңіп, турнирден шығарып жіберді! ⚽️ Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталып, барлығы пенальти сериясында шешілді. 📌 Парагвай құрамасы 1/8 финалда Франция - Швеция жұбының жеңімпазымен жолығады.
🔥 Негізгі құрам 🇩🇪 Германия – Парагвай 🇵🇾 📺 «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде.
🇧🇷 Бразилия құрамасы 1/8 финалға шықты 🏆 Әлем чемпионатының 1/16 финалында Карло Анчелотти шәкірттері Жапония құрамасын 2:1 есебімен жеңді. ⚽️ Сано 29' ⚽️ Каземиро 56' ⚽️ Мартинелли 90+5' Бразилия құрамасы 1/8 финалда Кот-д’Ивуар - Норвегия жұбының жеңімпазымен кездеседі.
❓Баспана кезегінде кімдерге басымдық беріледі? Мемлекеттік тұрғын үй алу мүмкіндігін тек кезек нөмірі анықтамайды. ✍️Сенаттың соңғы отырысы өтті Жоғарғы палата елдің бір палаталы Парламентке көшуіне байланысты 30 жылдық қызметін аяқтады. 🇰🇿🇬🇪Қазақстанға Грузия Премьер-министрі ресми сапармен келді Екі ел ынтымақтастығын кеңейту перспективасы талқыланды. ❗️Қазақстанда сиыр етінің экспортына алты айлық шектеу енгізіледі Кәсіпкерлер сиыр етін экспорттауды жалғастыра алады, алайда белгіленген квота көлемінен артық өнімді шетелге шығара алмайды. ♟Бибісара Асаубаеваға II дәрежелі «Барыс» ордені табысталды Бибісара Асаубаева – әлемдік додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүрген көрнекті шахматшы. ⚽️Футболдан Әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталды Турнирге қатысқан 48 команданың 32-сі плей-офф кезеңіне жолдама алды.
🇰🇿 Бразилия – Жапония матчында қазақстандық жанкүйерлер көзге түсті Бүгінгі кездесуде сенсация тіркеле ме? 🇧🇷 Бразилия ❤️ 🇯🇵 Жапония 🔥
Архив Qazaqstan.tv — страница 19
Это 19-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.