Life News Новостной агрегатор

Qazaqstan.tv — страница 18

Источник: Qazaqstan.tv · сбросить

Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 18. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


Qazaqstan.tv » публикация №57341

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🛴Электросамокатты пайдалану ережесі өзгерді Бүгіннен бастап жалға берілетін электросамокаттарды пайдалану ережесі өзгерді. Енді әрбір жалға берілетін электросамокатқа тіркеу нөмірі беріледі. Бұл жол ережесін бұзғандарды бейнебақылау камералары арқылы анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ пайдаланушылар үшін сақтандыру полисі міндеттелді. Кикшеринг компаниялары самокаттардың техникалық жағдайын, жылдамдығы мен қозғалысын бақылап, жүргізуші куәлігі жоқ азаматтардың жолдың жүру бөлігіне шығуына жол бермеуі тиіс. Электросамокаттар алдымен велосипед жолымен жүреді, ал ондай жол болмаған жағдайда тротуармен сағатына 6 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен қозғалуға рұқсат. Алайда 25 тамыздан бастап тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салынады. Сондай-ақ жолаушы немесе жүк тасымалдауға, жаяу жүргіншілер өткелінен самокаттан түспей өтуге және қараңғы уақытта жарық қайтаратын элементтерсіз жүруге болмайды.




Qazaqstan.tv » публикация №57338

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📍Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің есімі берілді Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен ​шаһарда 150-ден астам көшеге жаңа атау берілген. Президент саябағы маңындағы «Архат» ықшамауданындағы 7-көше Денис Теннің есімімен аталады. Сонымен қатар қала көшелеріне Наталья Сацтың, Әмен Қайдаровтың, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің, Рәбиға Сыздықтың, Әбдуәли Қайдардың және Хо Ши Миннің есімдері қойылған.


Qazaqstan.tv » публикация №57337

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Венесуэлада 18 күн бұрын туған нәресте мен анасы үйінді астынан тірі табылды Олар үйінді астында 32 сағат бойы жатқан. Ел парламентінің спикері Хорхе Родригестің сөзінше, тірі қалуға мүмкіндік сағат сайын азайып барады. Себебі зілзаладан кейін алты күн өткенде бір адам ғана құтқарылған. Ол - 3-жасар бала. Венесуэлада қуаты 7,2 және 7,5 баллдық жер сілкінісі өткен сәрсенбіде болды. Соңғы мәліметке қарағанда, табиғи апат құрбандары 1900-ден асып, 43200 тұрғын жоғалып кеткендер тізіміне ілігіп отыр.



Qazaqstan.tv » публикация №57335

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды Президент «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі және құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды. Заңның мәтіндері баспасөзде жарияланады.


Qazaqstan.tv » публикация №57334

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇰🇿🇨🇦Мемлекет басшысы Канада Премьер-министрін ұлттық мерекемен құттықтады ✉️Қасым-Жомарт Тоқаев Канада күні – ұлттық мейрамына орай осы елдің Премьер-министрі Марк Карниге құттықтау жеделхатын жолдады. Президент еліміз Канадамен достыққа және өзара құрметке негізделген көпжылдық серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтіп, екіжақты байланысты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Марк Карнидің жауапты қызметіне табыс, ал достас Канада халқына құт-береке тіледі.


Qazaqstan.tv » публикация №57333

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✉️Мемлекет басшысы Руанда Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇷🇼Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагаме мен оның отандастарын Руанда Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Президент жеделхатында Руанда Республикасы Қазақстанның Африкадағы сенімді серіктесі саналатынын атап өтті. Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагаменің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Руанда халқына құт-береке тіледі.


Qazaqstan.tv » публикация №57332

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Ибрагим Жанлыелді қабылдады 🟦Мемлекет басшысына Орталық Азия мен Кавказда жетекші орын алатын Air Astana компаниясының операциялық және қаржылық көрсеткіштері туралы мәлімет берілді. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаевқа Air Astana әуе паркін 2026-2027 жылдары Boeing 787 Dreamliner жаңа буын ұшақтарымен толықтыруды жоспарлап отырғаны баяндалды. 🟦Компания Airbus A320neo және A321neo маркалы 50 ұшаққа және Boeing 787-9 маркалы 15 әуе кемесіне тапсырыс берген. Олар 2036 жылға дейін жеткізіледі. 🟦Ибрагим Жанлыел Президентке компанияның ұзақмерзімді даму стратегиясын таныстырды. Аталған құжат Қазақстанның өңірлік авиациялық хаб ретіндегі орнын нығайтуға және компания қызметін халықаралық деңгейде кеңейтуге бағытталған. 🟦Air Astana бағыт санын көбейтіп, мультимодальді тасымалды дамытуды, сондай-ақ ұшу жиілігін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Цифрландыру мен жаңа технологияларды енгізуге баса мән беріледі. 📌Қасым-Жомарт Тоқаев әуе паркін толықтыру, бағыттар желісін арттыру және тасымалдау әлеуетін нығайту секілді стратегиялық мақсаттарды тиімді іске асырудың маңызына тоқталды. Президент АҚШ және Жапония елдерімен тікелей әуе тасымалын ұйымдастыруды басымдық ретінде атады. ❗️Мемлекет басшысы рейстің кешігуі, борттың ауысуы секілді жолаушылар тарапынан үнемі сын айтылатын мәселелерге назар аударып, қазақстандықтар жиі саяхаттайтын елдермен әуе тасымалын дамытуға шақырды.


Qazaqstan.tv » публикация №57331

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⚡️Алматыда сел қаупіне байланысты тұрғындар эвакуацияланып жатыр Алматының Наурызбай ауданында сел қаупіне байланысты Ақсай өзенінің бойындағы аудан тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, мектептердегі қабылдау пункттеріне орналастырылуда. Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штаб құрып, азаматтық қорғау қызметін күшейтілген режимге көшірді. Жедел желі +7 (727) 279-22-32 нөмірі бойынша жұмыс істеп тұр. ТЖМ мәліметінше, қазіргі уақытта Наурызбай ауданындағы жағдай тұрақты және бақылауда. Қауіп толық сейілгеннен кейін эвакуацияланған тұрғындарға үйлеріне оралуға рұқсат беріледі. Сонымен қатар, қала әкімдігі 2 шілдеде Кіші Алматы өзені алабында сел жүру қаупі сақталатынын ескертіп, ауа райы тұрақталғанға дейін Іле Алатауына бармауға шақырды.



Qazaqstan.tv » публикация №57329

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Мемлекет басшысы Қазақстанда және әлемде гимнастика спортын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Халықаралық гимнастика федерациясының президенті Моринари Ватанабэні I дәрежелі «Достық» орденімен, ал Азия гимнастикалық одағының президенті Абдулрахман Әл-Шатриді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады


Qazaqstan.tv » публикация №57328

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық гимнастика ұйымдарының жетекшілерін қабылдады ✔️Мемлекет басшысы Халықаралық гимнастика федерациясының президенті (FIG) Моринари Ватанабэмен және Азия гимнастикалық одағының (AGU) президенті Абдулрахман Әл-Шатримен кездесті. ✔️Әңгімелесу барысында елімізде гимнастика спорты түрлерін дамыту және насихаттау бойынша ынтымақтастық перспективасы талқыланды. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев FIG және AGU ұйымдарының Қазақстан гимнастика федерациясына көрсетіп келе жатқан жан-жақты қолдауын жоғары бағалады. ✔️Президент бүгінде елімізде гимнастиканың балалар мен жастар арасында танымалдылығы арта түскенін атап өтті. Көптеген жергілікті залдармен қатар, ұлттық құрама жаттығатын және халықаралық жарыстар ұйымдастырылатын үш арнаулы кешен жұмыс істейді. ✔️Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы қаласында Орталық Азиядағы ең ірі әрі бірегей Гимнастика орталығының құрылысы басталды.


Qazaqstan.tv » публикация №57327

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Премьер-министр: Жаңа Конституция нормаларын нақты жүзеге асыратын ең жауапты кезең басталып отыр Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция нормаларын тиімді жүзеге асыру барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысына байланысты екенін атап өтті. «Жаңа Конституцияның нормаларын нақты жүзеге асыратын ең жауапты кезең басталып отыр. Оларды тиімді жүзеге асыру, құқық үстемдігі қағидаттарын нығайту және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысына байланысты. Жалпыұлттық референдум өткеннен кейінгі айларда жаңа мемлекеттік институттардың қызметі, Құрылтай сайлауын өткізу және негізгі конституциялық реформаларды іске асыру үшін қажетті құқықтық негіз құрылды», – деді Олжас Бектенов. Премьер-министр бірқатар заңға тәуелді құқықтық актілерді қабылдау, салалық заңнаманы кешенді түрде қайта қарау және бүкіл құқықтық жүйені жаңа Конституцияға сәйкес келтіру қажет болатынын атап өтті. Әділет министрлігіне қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша үйлестіруді қамтамасыз ету және жұмысты жалғастыру тапсырылды.


Qazaqstan.tv » публикация №57326

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қазақстандық мектептерге жаңа оқу жылынан бастап жаңа пәндер енгізіледі Олардың ішінде «Конституция негіздері» және «Жеке қауіпсіздік» бар. Үкімет отырысында жаңа Конституция нормаларына сәйкес оқу жоспарлары мен стандарттарын қайта қарау туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова хабарлады. Министрдің айтуынша, 5-7 сынып оқушылары үшін «Конституция негіздері» пәні енгізіледі, ал 8-11-сыныптарда «Заң мен тәртіп» міндетті курсы оқытылады. Сонымен бірге 5-11-сыныптарда «Жеке қауіпсіздік» міндетті курсы енгізіледі. «Осылайша мектеп тек білім беретін ұйым ғана емес, заңға құрметпен қарайтын, еңбекті бағалайтын, мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінетін азаматтарды қалыптастыратын ортаға айналады», - деп атап өтті министр.


Qazaqstan.tv » публикация №57325

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✈️ Астанада жаңа әуежайдың құрылысы келесі жылы басталады Президент тапсырмасы аясында Үкімет келесі жылы автомобиль өткізу бекеттерін жаңғырту жұмыстарын аяқтап, Астанада жаңа әуежай құрылысына кіріседі. ✔️ Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту мақсатында жол және теміржол жобаларын іске асыру жалғасады. Сондай-ақ 2027 жылы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстарын толық аяқтау жоспарланып отыр.



Qazaqstan.tv » публикация №57318

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы» Жарлыққа қол қойды


Qazaqstan.tv » публикация №57317

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшыларының қатарына қосылды ФИДЕ рейтингінде 22 жастағы гроссмейстер 2 500-ден астам ұпай жинап, бұрынғы орнынан бірден екі сатыға көтерілді. Осылайша, Бибісара Асаубаева өз мансабында алғаш рет әлемдегі ең мықты бес шахматшының қатарына енді. Еске салсақ, маусым айында ол беделді Norway Chess Women 2026 турнирінде жеңіске жетіп, ФИДЕ-нің 2026–2027 жылдардағы әйелдер циклінің жалпы есебінде көш бастады.



Qazaqstan.tv » публикация №57315

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✈️Алматы әуежайының жолаушы қабылдау мүмкіндігі 19 млн-ға дейін артады 2030 жылға қарай Алматы халықаралық әуежайының жылдық жолаушы қабылдау мүмкіндігі 19 миллион адамға дейін артады. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова мәлімдеді. 📌2026 жылдың алғашқы бес айында әуежайдың халықаралық терминалы 2,2 миллион шетелдік жолаушыға қызмет көрсеткен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10%-ға көп. Осы уақытта 20,6 мың халықаралық әуе рейсі орындалып, олардың саны 8,6%-ға артқан. Әуежайды дамыту аясында 2029 жылға дейін жаңғырту жұмыстры жоспарланып отыр. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 362 миллион АҚШ долларын құрайды.


Qazaqstan.tv » публикация №57314

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады Құрметті отандастар! Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз. Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады. 15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда Қазақстан халқы ел тағдырына тікелей ықпал ететін және мемлекеттің ондаған жылдарға арналған даму бағдарын айқындайтын таңдауын жасады. Миллиондаған отандасымыз берекелі бірлік танытып, шынайы отаншылдық пен жоғары жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетті. Бұл тарихи шешімнің төл шежіремізде алтын әріппен жазылатыны анық. Бұдан былай Конституция күні «Наурызнама» онкүндігімен қатар аталып өтеді. Мұның символдық мәні зор. Конституция күні ел ішінде ғасырлар бойы орныққан көктемгі жаңару дәстүрлерін Ата заңның басты қағидаттарымен тоғыстырады, яғни азаматтарымыздың ырысты ынтымаққа, озық білімге, ел игілігі жолында адал еңбек етуге деген талпынысымен үндеседі. Біз нағыз Халық Конституциясының мызғымас құқықтық негізіне арқа сүйеп, барлық мақсат-мұраттарымызға міндетті түрде жетеміз. Заң мен Тәртіп, Еңбексүйгіштік пен Өрлеу, Тазалық пен Табиғатты аялау сынды жасампаздық құндылықтарын қоғамда берік орнықтырамыз. Бұған еш күмәнім жоқ. Біз бірлігі бекем, біртұтас ұлт ретінде әлемдік өркениеттің шыңын бағындырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін және барлық азаматтың жан-жақты дамуына жол ашатын мемлекетті – Әділетті Қазақстанды құрамыз! Қастерлі Отанымызды көркейту жолындағы жоспарларымызды ойдағыдай орындаймыз. Мен бұған кәміл сенемін! Қазақстан Республикасы жасай берсін! Халқымыз мәңгі жасасын!


Qazaqstan.tv » публикация №57313

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🔹1 шілде еліміздің бас құжаты – Конституция күшіне енді 2026 жылғы 15 наурызда өткен жалпыхалықтық референдумда қабылданған құжат кіріспеден, 11 бөлім және 95 баптан тұрады. 📌Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, білім мен ғылымды дамыту, сондай-ақ цифрлық кеңістіктегі жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау секілді тағы да басқа маңызды мәселелер қамтылған.


Qazaqstan.tv » публикация №57312

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇫🇷 Франция құрамасы Швецияны талқандап тастады 🏆 Әлем Чемпионатының 1/16 финалында франциялықтар Швеция қақпасына жауапсыз 3 гол соғып, жеңіске жетті. ⚽️ Франция 1/8 финалда Парагвай құрамасына қарсы ойнайды. ⚽️ Мбаппе 45' ⚽️ Барколя 53' ⚽️ Мбаппе 73'


Qazaqstan.tv » публикация №57311

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇳🇴 Норвегия құрамасы 1/8 финалға шықты 🏆 Викингтер Әлем Чемпионатының 1/16 финалында Кот-д'Ивуарды 1:2 есебімен жеңді. ⚽️ Нуса 39' ⚽️ Диалло 74' ⚽️ Холанд 86' 🔥 Енді Норвегияны 1/8 финалда Бразилия құрамасы күтіп тұр.


Qazaqstan.tv » публикация №57310

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✅Туристік аймақтарды санитарлық бақылау қатаңдатылды Санитариялық талаптарды бұзған 470 нысанға қатысты жедел ден қою шаралары қабылданып, олардың қызметі уақытша тоқтатылды. 💻АҚШ-та балалардың онлайн қауіпсіздігі туралы заң жобасы мақұлданды «Балалар интернеті және Сандық қауіпсіздік актісін» конгресмендердің 267-сі қолдап, 117-сі қарсы дауыс берген. 📚Мемлекеттік қызметшілер вайб-кодингті меңгере бастады Министрлер, әкімдер және кәсіпорын басшылары жасанды интеллект бойынша оқудан өтті. 🔴Түркістанда қыз алып қашқандар ұсталды Аталған дерек бойынша некеге тұруға мәжбүрлеу фактісімен қылмыстық іс қозғалды. ⏺Ақтөбелік зейнеткер алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылды Оған өзін электрмен жабдықтаушы мекеменің өкілі ретінде таныстырған адам тегін есептегіш орнату үшін телефонға келген кодты айтуды сұраған. 💰Әлемде долларлық миллионерлер саны 1 миллион адамға көбейген Қаржы ұйымының дерегінше, дәулеттілердің қатарына енді қосылғандардың 440 мыңы - америкалық.


Qazaqstan.tv » публикация №57309

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇰🇿 Александр Бублик Уимблдонның екінші кезеңіне өтті 🎾 Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда австралиялық Танаси Коккинакисті 5 сетке созылған тартысты матчта 4:6, 6:3, 6:7, 6:3, 6:4 есебімен жеңді. 💪 Кездесу 3 сағат 30 минутқа созылып, Александр Бублик жеңісті жұлып алды.


Qazaqstan.tv » публикация №57308

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🪙Цифрлық ақша банк қосымшаларында қолжетімді болады Цифрлық теңгені пайдалану үшін жаңа банк картасын алудың қажеті жоқ. Ол күнделікті қолданатын банк қосымшаларында қолжетімді болады. ❗️Яғни мобильді қосымша арқылы цифрлық әмиян ашып, сол жерде ақшаңызды цифрлық теңгеге айырбастауға болады. Тағы бір артықшылығы – интернетсіз төлем жасау мүмкіндігі. Қазір байланысы нашар жерге барсақ, төлем жасау қиындайды. Ал цифрлық теңгенің оффлайн режимі осы мәселені шешеді. Бұл функция төтенше жағдай кезінде де қолайлы. Толығырақ видеодан көріңіз.



Архив Qazaqstan.tv — страница 18

Это 18-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.