Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-пленарлық отырысы өтті Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-пленарлық отырысын өткізіп, кеңестің жаңа мүшелерін таныстырды. Президенттің айтуынша, шетелдік инвесторлар кеңесі отыз жылға жуық уақыт бойы Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруда маңызды рөл атқарып келеді. Инвестициялық рәсімдерді жеңілдету үшін «бір терезе» қағидатына сай қызмет көрсететін Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылғанын және логистика жүйесіне Smart Cargo цифрлық платформасы енгізілгенін айтты.
Qazaqstan.tv — страница 17
Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 17. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
Мемлекет басшысы AD Ports Group басқарушы және бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Шамисиді қабылдады 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысы алаңында Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті. 🟦Президент AD Ports Group бүгінде теңіз арқылы тасымалдау және порт инфрақұрылымын дамыту саласында әлемдегі жетекші операторлардың бірі ретінде танылғанын атап өтті. 🟦Әңгімелесу барысында Орта дәлізді дамыту аясында Каспий аймағының көлік-транзит әлеуетін кеңейту перспективасы талқыланды. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Брюссельге жасаған ресми сапары аясында Еуропалық Одақ басшылығы мен еуропалық іскерлік қоғамдастық өкілдері Транскаспий халықаралық көлік бағытын Азия мен Еуропаны жалғайтын негізгі көлік жолдарының бірі ретінде бағалап, осы бағдар арқылы жүк ағынын кеңейтуге әзір екендерін айтқанын жеткізді. 🟦Кездесуде жүк тасымалы саласындағы бірлескен кәсіпорындар қызметіне, сондай-ақ порт инфрақұрылымын дамыту, астық және жүк терминалдарын салу мәселесіне баса мән берілді. 🟦Мұхаммед Әл-Шамиси холдингтің ұзақмерзімді ынтымақтастыққа және өңірдегі серіктестікті нығайтуға стратегиялық тұрғыдан қызығушылық танытатынын растады.
Мемлекет басшысы Cameco корпорациясының атқарушы директоры Тим Гитцельді қабылдады 🟦Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында Cameco Corporation атқарушы директоры Тим Гитцельмен кездесу өткізді. 🟦Мемлекет басшысы Cameco компаниясының «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамымен уран саласындағы 30 жылдық стратегиялық серіктестігінің нәтижесіне жоғары баға берді. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өнеркәсіпті жаңғырту және қосылған құны жоғары өндірісті дамыту бағытын дәйекті түрде іске асырып келе жатқанына тоқталды. 🟦Президенттің айтуынша, ел ішінде толық ядролық отын циклін қалыптастыру басым бағыттардың бірі саналады. 🟦Кездесуде атом саласындағы ықпалдастықты одан әрі ілгерілету, бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чоксимен кездесу өткізді ✔️Мемлекет басшысы АҚШ Сауда палатасының Таяу Шығыс, Түркия және Орталық Азия істері жөніндегі аға вице-президенті Хуш Чоксиді қабылдады. ✔️Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның Президент Дональд Трамп Әкімшілігімен сындарлы ықпалдастықты нығайта түсуге әзір екенін растады. Сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестіктің стратегиялық сипатына айрықша назар аударды. ✔️Президент Қазақстанның америкалық бизнес үшін қолайлы инвестициялық климат жасауға бейіл екенін атап өтті. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хуш Чокси ықпалдастықты кеңейту, соның ішінде аса маңызды минералдарды игеру, энергетика, цифрлық инфрақұрылым, жасанды интеллект, өзара көлік байланысы, озық технологиялар, ауыл шаруашылығы және қаржы қызметтері перспективасын талқылады. ✔️Хуш Чокси байланыстарды одан әрі дамыту әлеуетінің жоғары екеніне тоқталып, өзара қызығушылық тудырған бірқатар салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.
👼 Жаңа Конституция күшіне енген күні 857 сәби дүниеге келді Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енген 1 шілде күні елімізде 857 сәби өмірге келді. 🏥 Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, олардың 435-і ұл, 422-сі қыз. Ал Атырау және Алматы облыстарында екі егіз дүниеге келген.
Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен кездесті 🟦Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкі осы жылдар аралығында Қазақстанның ұлттық даму басымдықтарын қолдайтын сенімді серіктеске айналғанын атап өтті. 🟦Бүгінге дейін Ислам банкі елімізге сомасы 4,2 миллиард доллардан астам қаржы бөлген. Ал қазіргі және келешектегі жобалар портфелі 3 миллиард доллардан асады. 🟦Осы орайда Мемлекет басшысы су инфрақұрылымы, өзара көлік байланысы және индустриялық даму салаларындағы стратегиялық маңызды бастамаларға қолдау көрсеткені үшін қаржы институтының жетекшісіне ризашылығын білдірді. 🟦Атап айтқанда, соңғы жылдары ИДБ өз тарихындағы ең үлкен қаржыландыру пакетін мақұлдады. Оның аясына жалпы сомасы 1,15 миллиард доллар болатын Су ресурстарын дамыту бағдарламасы, сондай-ақ Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтары мен индустриялық парктеріндегі инфрақұрылымды дамытуды көздейтін құны 1,3 миллиард доллар негіздемелік келісім кіреді. 🟦Әңгімелесу барысында 2027-2032 жылдарға арналған жаңа Стратегиялық серіктестік шеңберіндегі ықпалдастық мәселесі талқыланды. 🟦Президент еліміздің ИДБ-мен ұзақмерзімді институционалдық серіктестікті жолға қоюға және қолайлы инвестициялық саясат жүргізуге бейіл екенін растады. 🟦Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ислам даму банкі топтарының жыл сайынғы кездесуін 2028 жылы Қазақстанда өткізу жөніндегі ұсынысқа қолдау білдірді. Ауқымды инвестициялық іс-шараға Банкке мүше мемлекеттер мен қаржы институттарының өкілдері, халықаралық инвесторлар қатысады.
Президент VEON компаниялар тобының бас атқарушы директоры Мухтерем Каан Терзиоглуды қабылдады ✅Кездесу барысында цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын енгізу мақсаттарына сай телекоммуникация нарығын дамыту перспективасы талқыланды. ✅Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда ұзақ жылдан бері қызмет етіп келе жатқан VEON компаниясының отандық телекоммуникацияны және цифрлық экожүйені өркендетуге қосқан үлесін жоғары бағалады. ✅Президент жасанды интеллект еліміздегі цифрлық трансформацияның жаңа кезеңінде экономикалық өсімнің басты факторына айналғанына назар аударды. ✅Осы орайда, Қасым-Жомарт Тоқаев VEON компаниясының басшылығын заманауи есептеу жүйесі нысандарын салу және «бұлтты» сервистерді дамыту ісіне белсенді үлес қосуға шақырды. ✅Мухтерем Каан Терзиоглу компанияның озық телекоммуникация технологияларын енгізу және халықтың цифрлық қызметтерге қолжетімділігін арттыру жоспарын таныстырды. ✅VEON алдағы үш жылда бизнесін екі есе ұлғайтып, еліміздің экономикасына тағы бір миллиард доллар инвестиция құюға ниетті. ✅Инвестор «Цифрлық Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыруға аса қызығушылық танытты. Бұдан бөлек, Beeline Kazakhstan Астана қаласында Деректерді өңдеу орталығын салу мүмкіндігін қарастырып жатыр. ✅Мемлекет басшысы компанияның бағыт-бағдарын құптап, еліміз инвесторларға қолайлы жағдай жасауға және өзара тиімді серіктестік қатынастарды нығайтуға әрдайым бейіл екенін растады.
Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассоны қабылдады 🔹Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында өткен кездесуде Қазақстан мен қаржы институтының таяу жылдардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. 🔹Президент еліміздің экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін ЕҚДБ басшылығына ризашылық білдірді. – Бізді стратегиялық қарым-қатынас байланыстырады. Қазақстан – Банктің негізгі серіктесі саналатын мемлекеттің бірі. Мұндай ынтымақтастық біздің ұзақмерзімді саясатымызға сай. Өзара ықпалдастығымыз көптеген жылдан бері табысты ілгерілеп келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 🔹Соңғы отыз жылда Банк Қазақстандағы 354 жобаға 11 миллиард еуродан аса инвестиция құйған. Соның нәтижесінде еліміз ЕҚДБ-ның аймақтағы ірі серіктестерінің біріне айналды. 🔹Бүгінде даму институты Қазақстанда жалпы құны 3,1 миллиард еуродан асатын 131 жобаны қаржыландырып отыр. 🔹Мемлекет басшысы Қазақстан Үкіметі мен ЕҚДБ арасында Серіктестік туралы негіздемелік келісімге қол қойылғанын құптады. Оның аясында еліміздің орнықты дамуына үлес қосу көзделген. 🔹Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті және технологиялық тұрғыдан озық экономика құру мақсатында өршіл реформаларды қолға алды.
🎖Президент Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан елеулі үлесі және еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру бағытындағы көп жылғы нәтижелі қызметі үшін Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысына қатысқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар тапсырды 🔹ІІ дәрежелі «Достық» орденімен: Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо, Ислам даму банкінің төрағасы Мұхаммед Сулейман әл-Джассер, AD Ports Group компаниясының басқарушы директоры және бас атқарушы директоры Мұхаммед Жума әл-Шамиси, Citi компаниясының тұтынушылармен жұмыс жөніндегі бас басқарушысы Дэвид Ливингстон,, Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старак, Cameco корпорациясының президенті Тим Гитцель, «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы Ерлан Досымбеков марапатталды. 🔹«Құрмет» орденімен: «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының директоры Жанна Байдашева наградталды.
Астанада Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-пленарлық отырысы өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында бірқатар маңызды бастамалар туралы айтты. ▪️Сыртқы конъюнктураның қолайсыздығына қарамастан, Қазақстан экономикасы былтыр 6,5 пайызға өсті. Елдегі ішкі жалпы өнім көлемі 300 миллиард долларлық межеден асты. ▪️Тікелей шетелдік инвестицияның жиынтық көлемі 150 миллиард доллардан асты. ▪️Президент Қазақстанның адами капиталды дамытуға дәйекті түрде инвестиция құйып отырғанын мәлімдеді. ▪️Мемлекет басшысы логистика жүйесіне Smart Cargo цифрлық платформасы енгізілгенін атап өтті. ▪️4,7 миллионнан астам архивтік геология құжаттары мен материалдары бірыңғай ұлттық цифрлық қорға көшірілді. ▪️Еліміздің аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді. ▪️Соңғы 15 жылда Қазақстан көлік-логистика инфрақұрылымына 35 миллиард доллардан астам қаржы жұмсады. ▪️Бүгінде 200-ден астам ауыл шаруашылығы кәсіпорны «ақылды ферма» форматында жұмыс істей бастады. ▪️Цифрлық технологияларды қолдану арқылы еліміз екінші жыл қатарынан 27 миллион тонна астық жинады. Бұл – рекордтық көрсеткіш. ▪️Amazon, G42 және өзге халықаралық компаниялар Қазақстандағы деректерді өңдеу орталықтары жобасына қызығушылық танытуда. ▪️Алатау қаласы толық цифрланған алғашқы қала ретінде дамытылып, халықаралық инвесторлар үшін жоғары технологиялық орталыққа айналмақ.
Судағы қауіпсіздік ережелері Жаз мезгілінде тұрғындар жағажайлар мен су айдындарында демалысты жиілетеді. Алайда қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін суда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Суға тек арнайы жабдықталған орындарда шомылып, балаларды қараусыз қалдырмаған жөн. Сондай-ақ қауіпсіз демалыс үшін қарапайым сақтық шараларын ұмытпаңыз. Толығырақ карусельде ➡️
Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты Президент жасанды интеллект жаһандық дамудың қозғаушы күшіне айналады деп санайды. – Мемлекеттің инвестициялық саясатында жасанды интеллект технологияларына мән беру – аса маңызды басымдық. Бұл қайталанбалы үдерістерден арылып, «ақылды сүзгі» қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сол арқылы инвесторларға жедел, нақты әрі тиімді қызмет көрсетіледі, – деді Президент. ЮНКТАД болжамы бойынша, 2033 жылға қарай әлемдік жасанды интеллект экономикасының көлемі 5 триллион долларға жуықтайды. «Болашақтың бағдарын айқындай отырып, біз азаматтардың цифрлық қауіпсіздігіне ден қоямыз. Қазақстан Конституциясының жаңа редакциясы әр адамның дербес деректерін қорғауға кепілдік береді, – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңес мүшелеріне заманауи цифрлық инфрақұрылым қалыптастыру бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Атап айтқанда, Қазақстан Орталық Азия елдері арасында алғаш рет озық технологиялар негізінде екі суперкомпьютерді сәтімен іске қосты.
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ең әуелгі міндет экономиканы және саяси бағытты жаңа талаптарға дер кезінде бейімдеу екеніне тоқталды. – Сыртқы конъюнктураның қолайсыздығына қарамастан, Қазақстан экономикасы былтыр 6,5 пайызға өсті. Елдегі ішкі жалпы өнім көлемі 300 миллиард долларлық межеден асты. Инвестиция тарту көрсеткіші бойынша еліміз Орталық Азиядағы көшбасшылығын сақтауды көздейді. Тікелей шетелдік инвестицияның жиынтық көлемі 150 миллиард доллардан асып, аймаққа құйылған барлық қаржының шамамен 70 пайызын құрады, – деді Мемлекет басшысы. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл нәтижелерге саяси тұрақтылықтың арқасында қол жеткізілді, ал жаңартылған Конституция инвесторлар құқығын жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ инвестициялық рәсімдерді жеңілдету үшін «бір терезе» қағидатына сай қызмет көрсететін Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылды.
Tarlan Astana жолындағы кабельден өрт шықты ТЖМ мәліметінше, LRT жолдарындағы электр кабельдері жанған. Электр желісі токтан ажыратылғаннан кейін өрт сөндірушілер жалынды сөндірді.
📺 «Qazsport» телеарнасындағы Португалия – Өзбекстан матчы рейтингте көш бастады ⚽️ Әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында «Qazsport» телеарнасынан көрсетілген Португалия – Өзбекстан матчы барлық телеарналар рейтингінде ең жоғары көрсеткішке ие болды. 🔹Кездесуді телеарна мен сайт арқылы 2 млн-ға жуық көрермен тамашалаған. Матчтың рейтинг көрсеткіші 4,76 пайызды, ал көрермен үлесі 45,1 пайызды құрады (K Research Central Asia деректері). 🔹Сонымен қатар ТОП-5 матчтың қатарына енген Португалия – Конго ДР кездесуін - 1 680 161, Аргентина – Аустрия матчын - 1 300 582, Испания – Кабо-Верде ойынын - 1 200 275, Германия – Кюрасао кездесуін 1 100 042 адам тамашалаған. ✅ Телеарна рейтингіндегі ТОП-5 матч: 🥇 Португалия – Өзбекстан — Rtg: 4,76% | Shr: 45,1% 🥈 Португалия – Конго ДР — Rtg: 3,61% | Shr: 37,8% 🥉 Аргентина – Аустрия — Rtg: 3,42% | Shr: 33,5% 4️⃣ Испания – Кабо-Верде — Rtg: 2,88% | Shr: 24,1% 5️⃣ Германия – Кюрасао — Rtg: 2,86% | Shr: 32,5% 📌 Қазір Әлем чемпионатының 1/16 финал ойындары өтіп жатыр. Алда жанкүйерлерді бұдан да тартысты әрі шешуші кездесулер күтіп тұр. 📺 Ойындарды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен, сондай-ақ qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттары мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн көре аласыздар.
Астанада Қазақстан Республикасы жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы өтіп жатыр
Алматыда Түрген шатқалын су басты: 58 адам эвакуацияланды Алматы облысында толассыз жауған нөсер жауыннан кейін Түрген өзенінің деңгейі көтеріліп, жолдың бір бөлігін су шайып кетті. Түрген- Ассы автожолының бірнеше бөлігіне зақым келіп, 17 киіз үй орналасқан аумақ пен «Водник» бау-бақша серіктестігіндегі төрт ауланы су басты. Құтқарушылар 58 адамды, оның ішінде 21 бала мен 8 шетел азаматын эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.
Венесуэлада 7 күндік ұлттық аза тұту жарияланды Венесуэлада алапат зілзала құрбандарының рухына тағзым ету үшін 7 күндік ұлттық аза тұту жарияланды. Соңғы мәліметтерге сай, қуаты 7,5 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2300-ге жуықтаған. 11 мыңнан астам адам жараланды. НАСА жариялаған алдын ала спутниктік деректерге сай, табиғи апаттан 59 мыңға жуық ғимарат құлаған немесе толықтай қираған. Жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарда іздеу-құтқару жұмыстары мен зардап шеккендерге көмек көрсету шаралары жалғасып жатыр.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды
Астанаға келген туристер саны 12 пайызға өсті Астанаға келетін туристер саны 352 мыңға жетті. Оның шамамен 68 мыңы – шетелдік туристер. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға жоғары. Әкімдіктің мәліметінше, елорда қонақтарының басым бөлігі Ресей, Қытай, Түркия, Германия және АҚШ азаматтары. Сонымен қатар Өзбекстан, Қытай және Біріккен Араб Әмірліктерінен келетін туристер саны тұрақты түрде өсіп келеді. Бұған халықаралық форумдар, мәдени іс-шаралар мен концерттердің көбеюі ықпал етті. Айта кетейік, былтыр Астанаға 1,5 миллион турист келді.
📍 Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2295-ке жетті Соңғы мәлімет бойынша, 11 267 адам жарақат алған, ал 12 841 тұрғын баспанасыз қалған. Қазір іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып, мыңдаған төтенше жағдай қызметкері тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Құтарушылар осы уақытқа дейін үйінді астынан 6,4 мыңнан астам адамды аман алып шыққан.
🏅Алғаш рет қазақ дәрігер Қытайдың ең жоғары марапатын алды Бейжіңдегі өткен салтанатты жиында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытай коммунистік партиясының «1 шілде» орденін табыстады. Ең жоғары мемлекеттік-партиялық марапат биыл алғаш рет қазақ дәрігері Ухас Сүлейменге берілді. Ол 40 жылдан астам уақыт бойы денсаулық сақтау саласында еңбек еткен.
🚘Елде автокөлік құны қымбаттай ма? Жаз кезінде көлік алу тиімді ме? Авто өндірістің дамуы бағаға қалай әсер етеді? 📺Осы сұрақтардың жауабын бүгін «Ақша әліппесінен» біле аласыз. ⏰20:25-те «Qazaqstan» телеарнасында!
Түрген өзені тасып, туристер эвакуацияланды Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында толассыз жауған жауын-шашыннан Түрген өзенінің су деңгейі көтерілді. Соның салдарынан Түрген-Ассы автожолының 25-шақырымын және өзен бойындағы алты киіз үй мен «Түргенсай» демалыс аймағын су басты. «Тексеру барысында Үлкен Алматы каналының (ҮАК) бойындағы автожолдың 54-шақырымында орналасқан көпірдің су өткізгіш құрылымы айналасындағы топырақты су шайып жатқаны анықталды. Аталған көпір 2024 жылы апатты жағдайда деп танылған болатын», - деп хабарлады Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі. Қазіргі уақытта туристік нысандар мен туристік аймақтарда болған демалушыларды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Алматы облысының ТЖД облыстық маңызы бар КВ-49 «БАК каналы бойындағы автомобиль жолы» автожолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді.
🔹Бүгін – Дипломатиялық қызмет күні Кәсіби мереке 2009 жылы бекітілді. Бүгінде Қазақстан әлемнің 190-ға жуық мемлекетімен дипломатиялық қатынас орнатқан. Еліміздің шет елдерде 122 мекемесі жұмыс істейді. Оның ішінде 75 елшілік, халықаралық ұйымдар жанындағы 7 тұрақты өкілдік және 40 консулдық мекеме бар. 💐Сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!
🇧🇪 Бельгия ғаламат камбэк жасады ⚽️ Әлем чемпионатының 1/16 финалында Бельгия мен Сенегал арасындағы тартысты матч 3:2 есебімен аяқталды. Кездесу барысында жеңіліп жатқан бельгиялықтар мінез танытып, есепті өз пайдасына өзгертіп, жарқын жеңіске қол жеткізді. 🏆 Енді Бельгия 1/8 финалда АҚШ – Босния және Герцеговина жұбының жеңімпазымен кездеседі.
🏆 Негізгі құрам 🇧🇪 Бельгия – Сенегал 🇸🇳 📌 Қай құрама жеңіске жетеді?
🏴 Англия 1/8 финалға шықты ⚽️ Әлем чемпионатының 1/16 финалында англиялықтар Конго ДР құрамасын 2:1 есебімен жеңді. ⚽️ Конго ДР сапынан 7 минутта Сипенга есеп ашты. Екінші таймда Кейн дубль авторы атанып англиялықтарға жеңіс сыйлады.
👨🏻АЭС құрылысында 10 мың адам жұмыспен қамтылады Елімізде Атом электр стансасын салу кезінде құрылыс мамандарына сұраныс жоғары болады. Құрылыстың алғашқы жылында шамамен 2 мың адам, екінші жылында 5 мың, ал ең жоғары көрсеткіш - 44-айда 10 мың адам жұмыс істейді деп жоспарланып отыр. 📌Олардың бәрі атом саласының маманы емес, қатарында қарапайым дәнекерлеуші, құрылысшы және тағы басқа кәсіп иелері бар.
Архив Qazaqstan.tv — страница 17
Это 17-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.