🔥Францияда орман өрті қаулап, мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді Францияда алапат орман өртімен күрес жалғасып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, 2 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Жақында ғана аптап ыстықтан зардап шеккен елдің оңтүстігінде қазір жел күшейіп, бірнеше өрт ошағы қаулап барады. 😍Игуасу сарқырамасын тамашалауға туристер көптеп барып жатыр Табиғаттың жеті кереметінің бірі атанған Оңтүстік Американың Игуасу сарқырамасындағы су ағыны күшейіп, туристердің назарын аударып отыр. Мұнда әдетте секундына 1 жарым миллион литр су төгілсе, қазір сол көрсеткіш төрт есе артып, 6 миллион литрге жуықтаған. ⚠️Үйінді астында 8 күн жатқан ер адам құтқарылды Венесуэлада халықаралық құтқарушылар тобы 8 күн бойы үйінді астында жатқан ер адамды құтқарды. 43 жастағы Эрнан Хиль сауда үйінің опырылған көлік тұрағы астынан 9 метр тереңдікте табылған. Оның денсаулығы жақсы, зілзала кезінде ешқандай зақым келмеген. Іздеу-құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. 🦠Эбола вирусына қарсы препарат сынақтан өтіп жатыр Конго демократиялық республикасы Эбола вирусына қарсы екі препаратты сынақтан өткізуді бастады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қолға алған шара бірнеше айға созылмақ. Сынаққа мыңнан аса науқас қатысып жатыр. Бүгінде індетке шалдыққандар саны 1400-ден асқан.
Qazaqstan.tv — страница 16
Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 16. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
📈Global Passport Index: Қазақстан паспорты Орталық Азия елдері арасында көш бастады Қазақстан Global Passport Index 2026 әлемдік рейтингінде Орталық Азия елдері арасында бірінші орынға шықты. 🔸Жалпы рейтингте Қазақстан 109-орынға жайғасқан. Бұл – көршілес елдер арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Одан кейін Өзбекстан (123-орын), Қырғызстан (127-орын), Тәжікстан (140-орын) және Түрікменстан (144-орын) орналасқан. Ал Түркия 96-орынға, Әзербайжан 126-орынға тұрақтаған. 🔸Жекелеген көрсеткіштер бойынша Қазақстан халықаралық мобильділік рейтингінде 112-орынды, инвестициялық тартымдылық бойынша 61-орынды, ал өмір сүру сапасы бойынша 112-орынды иеленген.
❗️Шымкентте 7 жыл бойы ақша жымқырғандар сотталды Шымкентте 7 жыл бойы бюджет қаржысын тонап келген екі бірдей колледждің құрылтайшысы 10 жылға сотталды. Тергеу мәліметінше, қылмыстық схема 2018 жылдың тамызынан 2025 жылдың қаңтарына дейін жүзеге асқан. Гуманитарлық колледж бюджет қаржысын жымқыру үшін қағаз жүзінде ғана жұмыс істеген. Ал медициналық колледждің ақылы бөліміндегі студенттер мемлекет есебінен оқығандар ретінде рәсімделген. Бұдан бөлек бұйрықтар мен өзге де құжаттар қолдан жасалып, орындалған жұмыстардың жалған актілері толтырылған. Кейін бұл деректер Ұлттық білім беру базасына енгізілген. Осылайша мемлекетке 1 млрд 350 млн теңгеден астам шығын келтірген. 📌Қылмыстық іске қатысы бар директор, екі бухгалтер мен кадр бөлімінің басшысы 4 жылдан 6,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
🦝Алматы зообағында шайқағыш жанаттар кейінгі 20 жылда алғаш рет төлдеді Алматы хайуанаттар бағында Арчи мен Белла есімді шайқағыш жанаттар үш күшік дүниеге әкелді. Бұл – хайуанаттар бағында шамамен соңғы 20 жыл ішінде дүниеге келген жанаттардың алғашқы төлі. Күшіктер 27 сәуірде туған. Белла төлдерін мұқият қорғап, ешкімді жақындатпаған. Қазір күшіктер есейіп, үлкен қоршауға шыға бастады. Олардың жынысы әзірге анықталған жоқ. Сондықтан есімдері қойылмаған. Видео: almatyzoo
Түркістан облысында алимент төлемеген 5 азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды Тағы 50 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Прокуратураның мәліметінше, олардың бірқатары еңбекке жарамды бола тұра ұсынылған жұмыс орындарына әдейі орналаспаған. Заң талаптарын қасақана елемей, өз перзенттеріне тиесілі қаржыны төлеуден түбегейлі бас тартқандар жазадан құтылмайды, дейді мамандар.
🎶Астана күні қарсаңында Ұлттық ұлан хоры су үстінде ән салды Астана күні қарсаңында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері елорда тұрғындары мен қонақтарына ерекше музыкалық тарту жасады. Ұлттық ұланның Ерлер хоры Есіл өзеніндегі ақ кеме бортында ән шырқап, жағалауда серуендеп жүрген тұрғындар мен туристерге мерекелік көңіл күй сыйлады.
✉️Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇧🇾Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. – Беларусь халқының бірлігін, ұлттық рухының мықтылығын және елдің жасампаздық пен өркениет жолындағы батыл қадамын айшықтайтын бұл айтулы күннің символдық мәні ерекше. Қазақстандықтар бауырлас беларусь халқына айрықша ықылас танытып, оның төл мәдениеті мен бай дәстүріне зор құрметпен қарайды, – деп жазылған жеделхатта. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Беларусь арасында достық пен стратегиялық серіктестік рухына сай жемісті әрі өзара тиімді ынтымақтастық жолға қойылғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Беларусь халқына бақ-береке тіледі.
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәдениет, ақпарат және әлеуметтік саясат салаларында жаңа Конституция ережелерін жүзеге асыру барысы, сондай-ақ азаматтардың тұрмыс сапасын көтеруді көздейтін мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары баяндалды. Аида Балаева заңнаманы жаңа Ата заңға сәйкестендіру, мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру, цифрлық кеңістікті ілгерілету, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ отбасы және жастар саясаты, волонтерлік қызмет пен қоғамдық бақылау салаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. Мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру мәселелеріне айрықша назар аударылды. Ведомствоаралық ықпалдастықты күшейтуге, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, адами капиталды дамытуға, заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге және әлеуметтік сала инфрақұрылымын қалыптастыруға ерекше мән берілді. 📌Президент мәдениет, ақпарат және әлеуметтік даму салаларындағы мемлекеттік саясатты одан әрі күшейтуге бағытталған бірқатар тапсырма жүктеді.
Шымкентте ақша бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды Шымкентте ақша бопсалады деген күдікпен жергілікті блогер мен оның үш сыбайласы ұсталды. Полицейлердің мәліметінше, олар мемлекеттік қызметшілер мен кәсіпкерлердің жұмысындағы кейбір ықтимал кемшіліктерді сылтау етіп, яғни іс жүзінде талап-тәртіп бұзылмаса да бейнематериалдар жинаған. Кейін сол бейнежазбаларды әлеуметтік желіде жариялаймыз деп қорқытып, ақша талап еткен. Күдіктілер қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
«Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбай «Бас тақырып» бағдарламасында Заң шығарушы органның ықпалы мен жауапкершілігі қалай өзгереді? Халықаралық құқықтық тәжірибемен салыстырғанда Қазақстан Конституциясының қандай ерекше тұстары бар? Осы және өзге де сұрақтарға «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбай «Бас тақырып» бағдарламасында жауап береді. Бүгін сағат 14:40-та «Qazaqstan» телеарнасынан көріңіз.
✈️Ақтөбеден Бакуге тікелей әуе рейстері ашылады 16 қыркүйектен бастап Ақтөбе мен Әзербайжан астанасы Баку қаласы арасында тұрақты тікелей әуе рейстері іске қосылады. Рейстерді аптасына үш рет Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясы орындайды. Ақтөбе әуежайының мәліметінше, жаңа бағытқа билеттер сатылымға шығарылған.
Алматы облысының Қарасай ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Жаңатұрмыс ауылындағы «Ақсай карьері» аумағында Ақсай өзенінің жағалауын су шайып, карьердің бір бөлігінде топырақ опырылған. Зардап шеккендер жоқ. Облыс әкімдігінің мәліметінше, төтенше жағдай режимі инженерлік жұмыстарды жедел ұйымдастыруға және барлық қызметтің жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда жағдай тұрақты, мамандардың бақылауында.
ІІМ: Екі мыңнан астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды 2 мыңнан астам лауазымды тұлға қылмысты тоқтату үшін қажетті қадамдарды дер кезінде қабылдамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Ведомство заңға қайшы әрекеттердің полиция назарынан тыс қалмауы үшін іс-шаралар жоспарын бекіткен. Атап айтқанда, қауіпті саналатын аймақтарда 2 мың бейнекамера орнатылды. 56 ғимаратта күзет қызметінің жұмысы күшейтілді. 15 дәмхана мен түнгі клубтың жұмыс уақыты қысқартылды. Сонымен қатар білікті мамандар даярлау мәселесі де күн тәртібінде. Министрлік 40-қа жуық жоғары оқу орнымен меморандум жасасқан.
🤔Елімізде докторантураға түсуге өтініштерді қабылдау басталды 2026 жылғы докторантураға түсу емтиханына өтініш қабылдау testcenter.kz сайтында 3 шілдеден бастап 3 тамызға дейін жүргізіледі. Ал емтиханның өзі 4-20 тамыз аралығында өтеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Докторантураға түсу үшін тек бір жоғары оқу орны мен білім беру бағдарламаларының бір тобын ғана таңдауға болады. Талапкер әңгімелесу, эссе жазу кезеңдерінен өтеді және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан тапсырады. 📺@qazaqstantv
⚜️Ұлттық домбыра күні: Қандай іс-шаралар өтеді? Атаулы күнде еліміз бойынша бірқатар маңызды шаралар ұйымдастырылады. Атап айтар болсақ, 5 шілдеде Бейбітшілік және келісім сарайында дәстүрлі «Асыл мұра» концерті өтеді. 💬Сондай-ақ бүгін Астанадағы Нұржол желекжолында Dombyra Party ұйымдастырылмақ.
🔸ШҚО-да суға батқан адамды құтқарған ұстаз бен оқушыларға құрмет көрсетілді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, суға батқан адамды құтқарған педагог пен оқушылар марапатталған. «13 маусымда Бұқтырма кентіндегі демалыс орындарының бірінде жазатайым оқиға болып, жас жігіт суға бата бастады. Оқиға куәгерлері Серебрянск қаласының № 4 орта мектебінің педагогы Берік Тұрқанов және шәкірттері Нұртілек Жамиев пен Сабыр Нұрғазы абдырап қалмай, ересектермен бірге дереу көмекке жүгірді. Мұғалім су көлігін пайдаланып, жәбірленушіні жағаға жедел жеткізді және оған алғашқы медициналық көмек көрсетті», - делінген хабарламада. ✅Ұстазы мен оқушыларға бей-жай қарамағаны үшін және белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс хаттармен және естелік сыйлықтар берілген.
🇪🇸 Испания Әлем чемпионатын жалғастырады 🏆 Әлем чемпионатының 1/16 финалында испаниялықтар Аустрия қақпасына жауапсыз 3 гол соғып, 1/8 финалға шықты. 📌 Испания құрамасы 1/8 финалда Португалия - Хорватия жұбының жеңімпазымен жолығады. Гол авторлары: ⚽️ Оярсабаль 36' ⚽️ Порро 66' ⚽️ Оярсабаль 89' (дубль)
🔥 Негізгі құрам 🏆 🇪🇸 Испания – Аустрия 🇦🇹 📌 Қай құрама жеңіске жетеді?
❓Автоөндіріс көлемі артты: Көлік арзандай ма? Елімізде биыл үш ай ішінде 45 мыңнан астам техника шығарылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36 пайызға көп. 🚘Екі жыл бұрын 16 млн теңге тұратын жаңа көліктер биыл шамамен 12 млн-ға қолжетімді. Сарапшылардың пікірінше, оған бірнеше фактор себеп. Толығырақ видеодан көріңіз.
🔴Атырауда заңсыз қоқыс орындары анықталып, 7 әкім жауапқа тартылды Бас прокуратурның хабарлауынша, Атырау облысы Жылыой ауданында 62 заңсыз қоқыс орны анықталған. Үйінділер Құлсары қаласы, Жаңа Қаратон кенті, Қосшағыл, Жем, Ақкиізтоғай, Қараарна және Майкөмген ауылдық округтерінің аумағында 51 учаскеде тіркелген. ✅Анықталған заң бұзушылықтарды жою шаралары нәтижесінде Құлсары қаласының әкімі, Жаңа Қаратон кентінің әкімі және 5 ауылдық округтің әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Өндіріліп алынған айыппұлдардың жалпы сомасы – 227 мың теңге. ✅Сондай-ақ жыл басынан бері елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ауданның 495 тұрғынына шара қолданылған.
Ізгілік акциясы: Кімдерге рақымшылық жасалады? Қоғамға елеулі қауіп төндірмейтіндер мен әкімшілік құқық бұзушылық жасағандар бостандыққа шығады. Сондай-ақ қылмысының дәрежесі, келтірілген залалдың өтелуі және жазаны өтеу кезеңіндегі мінез-құлқы ескеріліп, кейбір сотталғандардың жаза мерзімі қысқарады. Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Сонымен рақымшылыққа нақты кімдер ілігеді? Толығырақ тілші Нұрсұлтан Тілектестің бейнематериалынан көріңіз.
📝Борышкерлерге барлық қарыз үшін бір төлем кестесі жасалады Таяуда жаңа платформа іске қосылмақ. Бұл жүйе қарызы көп азаматтарға қандай мүмкіндік береді? ❓Микрокредит рәсімдеуге қатысты да жаңа талаптар енгізілген. Нені білу керек? Толығырақ тілші материалында.
Мумбайды топан су басты Үндістанда муссон жауыны құйып, елдің қаржылық астанасы Мумбайды топан су басып жатыр. Тасқыннан жолдар жабылып, көлік қатынасы қиындап, тіпті ағаштар құлаған. Елдің Метеорологиялық кеңсесі Мумбайда қызыл түсті қауіп деңгейі жарияланып, тұрғындарға жауынның күшеюі мүмкін екенін ескертті. Жергілікті халықтың айтуынша, мұндай жағдай жыл сайын қайталанады, алайда қаладағы су бұру жүйесі әлі де толық жөнделмей отыр.
✍️ Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысы аясындағы іскерлік кездесулер
Мемлекет басшысы Anadolu Group холдингінің төрағасы Камиль Сулейман Языджиді қабылдады ✔️Кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және экономиканың түрлі секторындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. ✔️Президент холдинг құрамына енетін Efes Kazakhstan және Coca-Cola Almaty Bottlers кәсіпорындары елімізде көптеген жылдар бойы табыс тауып, жұмыс орындарын құруға, инвестиция тартуға және салық түсімдерін ұлғайтуға үлес қосып келе жатқанын атап өтті. ✔️Камиль Сулейман Языджи Мемлекет басшысына компаниялар тобының Қазақстандағы жұмыс нәтижесі мен жаңа инвестициялық бастамаларды қолға алу перспективасы жөнінде мәлімет берді. ✔️Атап айтқанда, Anadolu Group 30 жылда 1 миллиард долларға жуық инвестиция құйып, 10 мыңнан аса жұмыс орнын ашқан. ✔️Компанияның сусын өндірісі бойынша 5 зауыты бар, сондай-ақ Ақтөбе облысында 100 миллион доллар қаржы тартылған алтыншы кәсіпорнының құрылысы басталды. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның экономиканы әртараптандыру, өнеркәсіпті жаңғырту және қосылған құны жоғары өнім өндірісін дамыту бойынша дәйекті жұмыс жүргізіп келе жатқанына тоқталды. ✔️Осы орайда Anadolu тобының Қазақстандағы қызмет аясын одан әрі кеңейтуге, соның ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі экспортқа бағдарланған, сондай-ақ инновацияларды енгізуге және орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған басқа да салалардағы жобаларды іске асыруға қызығушылық танытатыны жөнінде айтылды.
Архив Qazaqstan.tv — страница 16
Это 16-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.