Life News Новостной агрегатор

Qazaqstan.tv — страница 15

Источник: Qazaqstan.tv · сбросить

Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 15. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.

Qazaqstan.tv » публикация №57459

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Домбыраның қоңыр үні әлемнің түкпір-түкпірінде күмбірледі Домбыра – тек музыкалық аспап қана емес, елдік пен бірліктің, рух пен намыстың, саф өнердің символы. Қазақтың қасиетті домбырасы мен күй өнеріне әлемнің көптеген елі қызығушылық танытып, ұлттық өнеріміздің мәртебесін асқақтатып келеді.

Qazaqstan.tv » публикация №57458

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❗️ Еліміздегі жолдарда жыл сайын 14 миллион құқық бұзылады Оның 40 пайызы жылдамдықты асыру фактісі. ❓ Жол апаты неге азаймай тұр? Айыппұл салу мәселені шеше ала ма? 📺 Осы және өзге де мәселелер бүгін 20:00-де «Апта» бағдарламасында.

Qazaqstan.tv » публикация №57457

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

ЮНЕСКО қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады ЮНЕСКО Бас директорының Мәдениет жөніндегі орынбасары Найеф әл-Файез арнайы құттықтау жолдады. 2014 жылы домбырада күй шерту өнері ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне кіреді. Найеф әл-Файез ЮНЕСКО Қазақстанда домбыраны ерекше дәріптеуді және бұл құндылықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы үшін жасалатын қадамдарды барынша құптайтынын жеткізді.

Qazaqstan.tv » публикация №57456

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады Президент қос ішекті қастерлі аспап – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігі, халқымыздың рухын көтеретін баға жетпес мұра екенін атап өтті. Домбыра арқылы тереңнен тамыр тартқан төл құндылықтарымыз жұрт жадында жаңғырып, төрге озатынын жеткізді. «Жаһандық сын-қатерлер күшейіп, дәстүрлі құндылықтар көмескіленген қазіргідей алмағайып заманда Ұлы даланың мол мұрасы, әсіресе, қара Домбырамыз төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры болып қала береді. Халықаралық қауымдастыққа қазақ Домбырасының сазды әуенін таныстыру – біздің жалпыұлттық парызымыз. Аса көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ – Домбыра» деген тамаша теңеуі Домбыраны кеңінен дәріптеу ісінде темірқазық іспеттес болуға тиіс деп ойлаймын. 1 шілдеде, яғни Домбыра күні қарсаңында мемлекеттілік жылнамасының жаңа парағын ашқан Халық Конституциясы заңды күшіне енді. Мұның символдық мәні айрықша. Тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау алғаш рет шын мәнінде Халық Ата заңының негізгі қағидаты ретінде айқындалды. Бұл өсіп-өркендеуге бет алған халқымыздың бітім-болмысына, мақсат-мүддесіне толық сай келетіні сөзсіз. Домбырашыларға, оқытушыларға және ұлттық өнерімізді Қазақстанда, шет елдерде жоғары деңгейде насихаттауға өнегелі ісімен, салмақты сөзімен атсалысып жүрген барша адамға шынайы ризашылығымды білдіремін. Қазақтың ән-күйі алдағы уақытта да азаматтарымызға шабыт беріп, Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды құру жолында жаңа жетістіктерге жетелей береді!», - деді Президент құттықтауында.

Qazaqstan.tv » публикация №57455

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🎶Бүгін - Ұлттық домбыра күні Ұлттық мұра мен мәдениетті дәріптеп, насихаттауға бағытталған атаулы мереке 2018 жылдан бастап шілденің алғашқы жексенбісінде аталып өтеді. Атаулы күнге орай «Qazaqstan» телеарнасы бүгін 13:50-де «Домбыраның үні» деректі фильмін және 14:25-те «Асыл мұра» дәстүрлі концертін ұсынады. Ұлы мұрамызды ұлықтайтын мереке құтты болсын!

Qazaqstan.tv » публикация №57454

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇫🇷 Франция минималды есеппен 1/4 финалға шықты 🏆 Дидье Дешам шәкірттері 1/8 финалда Парагвай құрамасын 0:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге шықты. 70 минутта Килиан Мбаппе пенальтиден гол соғып, құрамасына жеңіс әкелді. 📌 Франция ширек финалда Марокко құрамасымен кездеседі.

Qazaqstan.tv » публикация №57452

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇲🇦 Марокко ширек финалға жолдама алды 🏆 1/8 финалда Марокко құрамасы Канада қақпасына жауапсыз 3 гол соғып, келесі кезеңге өтті. ⚽️ Унаи 50' ⚽️ Унаи 82' (дубль) ⚽️ Рахими 90+8' 📌 Марокко құрамасы 1/4 финалда Парагвай - Франция жұбының жеңімпазымен жолығады.

Qazaqstan.tv » публикация №57451

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🏆Қазақстандық оқушылар Еуропалық география олимпиадасында тарихи жетістікке жетті 2 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль. Болгарияның Варна қаласында өткен Еуропалық география олимпиадасында оқушыларымыз осындай тарихи жетістікке жетті. Ұлттық құраманың 9 мүшесі де медаль олжалады. Жарысқа 13 мемлекеттен 100 оқушы қатысты. Олимпиада барысында қатысушылар физикалық, әлеуметтік-экономикалық және аймақтық география бойынша теориялық, практикалық тапсырмаларды орындап, картографиялық материалдар мен географиялық деректерді талдау дағдыларын көрсетті.

Qazaqstan.tv » публикация №57449

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

😍Шетелде домбыра үйренушілер көбейді Шетелдіктер мен шалғайда жүрген қандастарымыз домбыра тартуды үйреніп жатыр. «Отандастар қоры» биылғы жылдың науыр айынан бастап домбыра үйірмелерін онлайн форматта өткізетін пилоттық жобаны бастаған еді. Бұл тетік қазірдің өзінде тиімділігін көрсетіп, қолданыс аясы кеңейіп келеді.

Qazaqstan.tv » публикация №57448

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

♟17 жастағы қазақстандық шахматшы халықаралық гроссмейстер атанды 17 жастағы шахматшы Алдияр Ансат халықаралық гроссмейстер атанды. Ол Aktobe Open халықаралық турнирінде рейтингін 2500 ұпайдан асырып, барлық нормативті толық орындады. Алдияр Ансат – Қазақстанның талантты жас шахматшыларының бірі. Ол алты жасында елдегі ең жас спорт шеберлігіне кандидат атанса, 11 жасында ең жас FIDE шебері, 13 жасында халықаралық шебер, ал 15 жасында Қазақстан Республикасының ең жас еңбек сіңірген спорт шебері болды. 🔗Дереккөз: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Qazaqstan.tv » публикация №57447

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🎶Ақтөбеде 1500 домбырашы бір сахнада күй орындады Ақтөбеде Ұлттық домбыра күніне орай 1500 домбырашы қазақ композиторларының күйлерін орындады. Кәсіби музыканттармен бірге сахнаға шыққан өнерпаздар Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» және «Адай», Әбдімомын Желдібаевтің «Ерке сылқым», Айтқали Жайымовтың «Шалқыма» күйлерін орындады.

Qazaqstan.tv » публикация №57440

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❗️АҚШ пен Иран соққы алмасып алған соң келіссөзді қайта жалғады Трамп Американың 250 жылдығында тиімді мәміле жасастым деп мақтана ала ма? Беларусь басшысы Қытайға шұғыл сапар жасады. Лукашенко қыспаққа тап болған Минскінің қауіпсіздігіне кепілдік іздеп жүр ме? ⏰Осы және өзге де әлем жаңалықтарын бүгін 20:15-те «Әлем және біз» бағдарламасынан көріңіз.

Qazaqstan.tv » публикация №57439

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🎶«Даламыздың үнісің сен, домбыра»: Елордада мерекелік концерт өтті Ашық аспан астындағы кеште «Алтын домбыра» ұлттық өнер мектебінің ұстаздары мен шәкірттері халық күйлері мен дәстүрлі шығармаларды орындаған. 📹: altyn_dombyra_official

Qazaqstan.tv » публикация №57438

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❗️Сел қаупі жоғары: ТЖД Алматыда таулы аймаққа шықпауға кеңес береді «Қазгидромет» РМК 4-5 шілде аралығында нөсер жауын-шашынға байланысты таулы аймақтарда сел жүру қаупі сақталатынын хабарлап, дауылды ескерту жариялады. ‼️Осыған сәйкес Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қала қонақтарына алдағы күндері тауға бармауға кеңес берді. ⛈Ведомствоның хабарлауынша, 4 шілде күні қалада күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ал Іле Алатауының таулы бөліктерінде, оның ішінде Медеу және Бостандық аудандарында жаңбыр, найзағай, кей жерде нөсер жаңбыр, бұршақ және екпінді жел соғы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болса, күндіз кей жерде 23-28 метрге дейін күшеюі мүмкін. 😍ТЖД тұрғындар мен туристерге дауылды ескерту кезінде тауға шықпауға, автокөліктерді ағаштардың түбіне қоймауға, сондай-ақ әлсіз бекітілген құрылымдардың маңында тұрмауға кеңес берді. Сонымен қатар азаматтарға төтенше жағдайлар қызметінің ресми хабарламаларын тұрақты түрде бақылап отыру ұсынылды.

Qazaqstan.tv » публикация №57437

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⚜️Ұлттық домбыра күніне орай елімізде 2000-нан астам іс-шара өтеді Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанның барлық өңірінде 2000-нан астам мәдени іс-шара ұйымдастырылады. Оның ішінде 20-сы республикалық, 98-і облыстық деңгейде өтеді. Мерекелік бағдарламаларға 2 миллионнан астам адамның қатысуы жоспарланып отыр. 🔹5 шілдеде Астанадағы Амфитеатрда мерекелік концерт өтсе, Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі мен «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі бірнеше алаңда өнер көрсетеді. Шымкентте мерекелік концерт «Шым Сити» саябағында ұйымдастырылады. 🔹Ұлттық домбыра күні шетелде де аталып өтеді. Атап айтқанда, Бейжіңде өтетін Dombra Party іс-шарасында ұлттық өнеріміз шетелдік көрермендерге таныстырылады. 🔹Сондай-ақ мереке аясында еліміздің өзгеде аймақтарында республикалық және халықаралық күйшілер байқаулары мен фестивальдер өтеді. 🔹Ал 4 шілдеде Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен республикалық #dombrakuni челленджі ұйымдастырылып, қатысушылар әлеуметтік желілерде домбыра өнерін насихаттайтын бейнероликтер жариялай алады.

Qazaqstan.tv » публикация №57436

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🦅«Алтын-емел» ұлттық паркінде сирек кездесетін тазқаралар фототұзаққа түсті Жетісу облысындағы «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында сирек кездесетін тазқаралар фототұзаққа түсіп қалған. Ұлттық парк мәліметінше, тазқара (Cinereous vulture) – негізінен өлексемен қоректенетін ірі жыртқыш құс. Қанатының ұзындығы кейбір түрлерінде 3 метрге дейін жетеді. 🖇Тазқаралар табиғаттағы «санитар» қызметін атқарып, өлекселерді жою арқылы түрлі аурулардың таралуының алдын алуға көмектеседі.

Qazaqstan.tv » публикация №57435

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✉️Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады 🇰🇿🇺🇸Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады. Президент Америка халқының еркіндік, теңдік және әділдік қағидаттарына бейіл екенін паш ететін бұл айтулы күннің айрықша тарихи маңызына назар аударды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы қазақ-америка қатынастарының қарқынды дамуына Президент Трамптың қосқан үлесін атап өтіп, стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас АҚШ халқына бақ-береке тіледі.

Qazaqstan.tv » публикация №57434

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🎼Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған мерейтойлық кеш өтті Астанада Қазақстанның халық әртісі, көрнекті опера әншісі Ермек Серкебаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Ғасыр дауысы» атты музыкалық кеш өтті. 💐Мерейтойлық кеште шығармашыл әулеттің өкілі Мұрат Серкебаев Мемлекет басшысының мәдениет саласына көрсетіп отырған қолдауына ризашылығын білдіріп, мерейтойлық кештің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Өз кезегінде музыкант әрі продюсер Байғали Серкебаев бұл кештің отбасы үшін ғана емес, Ермек Серкебаевтың шығармашылығын қадірлейтін барша жұрт пен өнер қауымы үшін де орны бөлек екенін айтты. «Әкемнің есімін әрдайым мақтанышпен айтамын. Ол қазақ өнерінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып, елімізді әлемге танытты. Әкемнің шығармашылық мұрасына көрсетіліп отырған құрмет үшін Мемлекет басшысына шынайы алғысымды білдіремін. Сондай-ақ осы концерттің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барша ұйымдастырушы мен өнер иесіне ризашылығымды жеткіземін. Бүгінгі кеш өнер мен руханият салтанат құрған ерекше мереке болды. Музыканттардың да, көрермендердің де ерекше әсер алып, көңілдері бір серпіліп қалғаны сөзсіз», – деді Байғали Серкебаев.

Qazaqstan.tv » публикация №57428

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🎶Ермек Серкебаевтың туғанына 100 жыл: «Ғасыр дауысы» атты музыкалық кеш өтті Астанада Қазақстанның халық әртісі, көрнекті опера әншісі Ермек Серкебаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Ғасыр дауысы» атты музыкалық кеш өтті. 📝Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерейтойлық концертке қатысушыларға жолдаған құттықтау хатын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді. Құттықтауда Ермек Серкебаевтың ұлттық өнердің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан бірегей дарын иесі екені айтылған. Президент біртуар тұлғаның қазақ және әлемдік опералардың таңдаулы партияларын асқан шеберлікпен орындап, төл мәдениетіміздің абыройын халықаралық сахналарда асқақтатқанын айтты. «Әйгілі өнер перзенті Ермек Серкебаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін мерейтойлар тізіміне енгізілді. Ермек Бекмұхамедұлы біртуар әнші әрі ұлағатты ұстаз болды. Ол Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ұзақ жыл қажырлы еңбек етіп, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Осылайша, қайталанбас қолтаңбасы бар ән мектебін қалыптастырды. Дара тұлғаның ғасыр тойы – ұлттық мерей. Оның өрелі өнері, бекзада болмысы – өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Сондықтан, Ермек Серкебаевтай ұлт перзентінің есімін ұлықтау, оның мұрасын дәріптеу баршаға ортақ міндет екені анық», – делінген Мемлекет басшысының құттықтауында. 🔸Мерейтойлық кешке Ермек Серкебаевтың отбасы мүшелері қатысты. Сахнада Мұрат Серкебаев, Байғали Серкебаев және Жәмилә Серкебаева өнер көрсеткен. Бұл ұрпақтар сабақтастығын дәріптеудің, қазақ музыка өнерінің тарихында өзіндік қолтаңбасын қалдырған дара тұлғаның рухани мұрасына көрсетілген құрметтің жарқын көрінісі болды.

Qazaqstan.tv » публикация №57427

Qazaqstan.tv » публикация №57426

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⭕️Таразда жер сілкінді Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының хабарлауынша, 4 шілдеде таңғы сағат 4:40-та жер сілкінісі тіркелген. 🔹Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 316 км қашықтықта орналасқан. Қарқындылығы 2 балл болған. 📌Төтенше жағдайлар министрлігіне зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпрат түспеген.

Qazaqstan.tv » публикация №57425

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📈Қазақстан БҰҰ-ның тұрақты даму рейтингінде үш сатыға көтерілді Қазақстан БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі әлемдік рейтингте өз позициясын жақсартты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміз 169 мемлекеттің ішінде 67-орынға тұрақтап, өткен жылмен салыстырғанда 3 сатыға жоғарылады. 📌Ең елеулі ілгерілеу денсаулық сақтау саласында байқалды. Атап айтқанда, халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы артып, нәрестелер мен 5 жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім-жітім азайды. Сондай-ақ туберкулезге шалдығу деңгейі төмендеді. Қазақстан 2015 жылдан бері Тұрақты даму мақсаттарын мемлекеттік жоспарлау жүйесіне кезең-кезеңімен енгізіп келеді.

Qazaqstan.tv » публикация №57424

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇦🇷 Аргентина құрамасы 1/8 финалда 🏆 Әлем чемпионытының 1/16 финалында Аргентина Кабо-Верде құрамасын 3:2 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. 🇦🇷 ⚔️ 🇪🇬 Аргентина 1/8 финалда Египетке қарсы ойын өткізеді. ⚽️ Месси 29' ⚽️ Дуарте 59' ⚽️ Мартинес 92' ⚽️ Кобрал 103' ⚽️ Ромеро 111'

Qazaqstan.tv » публикация №57422

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇪🇬 Египет Әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты ⚽️ Плей-офф кезеңінде Египет құрамасы Аустралиямен 120 минут бойы (1:1) жеңімпазды анықтай алмады. Кездесу пенальти сериясына дейін жалғасып, мысырлықтардың пайдасына шешілді. 📌 Мысыр 1/8 финалда Аргентина - Кабо-Верде матчының жеңімпазымен жолығады.

Qazaqstan.tv » публикация №57421

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

😍 Аргентина – Кабо-Верде матчына конкурс! Жүлде: Аргентина мен Кабо-Верде матчы арасындағы жеңімпаз команданың жейдесі. Шарттары: ✅ 1. Qazsport, Qazaqstantv телеграм парақшасына тіркеліңіз. ⚽️ 2. Аргентина – Кабо-Верде матчының негізгі уақыттағы есебін және соңғы голдың авторын табыңыз. 0:0 есебі қабылданбайды. ✍️ 3. Пікір өзгермеуі керек. Есеп те, гол авторы да бір жерде жазылсын. Қатысушының бір ғана болжамы есептеледі. Болжамдар тек матч басталғанға дейін қабылданады. 🥇4. Жейдені бірінші тапқан адам алады. ‼️ЕСКЕРТУ: Пікірді «Qazsport» телеарнасының Телеграм каналының дәл осы постының астына жазасыздар.

Архив Qazaqstan.tv — страница 15

Это 15-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.