Life News Новостной агрегатор

Qazaqstan.tv — страница 14

Источник: Qazaqstan.tv · сбросить

Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 14. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


Qazaqstan.tv » публикация №57496

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қашаған мен Қарашығанақта газ өңдеу қуаты артады Қашаған мен Қарашығанақта қайта өңдеу қуаттарын іске қосу есебінен ішкі тұтынуға арналған тауарлық газ өндіру көлемі 29,6%-ға, яғни 2025 жылғы 27,4 млрд текше метрден 2032 жылға қарай 35,5 млрд текше метрге дейін ұлғаяды. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Сондай-ақ министрдің сөзінше, 2027-2030 жылдар аралығында тауарлық газдың қосымша көлемі 1,6 млрд текше метрге, 2031 жылы – 2,3 млрд текше метрге, ал 2032 жылы 6,6 млрд текше метрге жетеді. 2026 жылдың соңында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екінші желісіне қарасты желілік бөлігінің бірінші кезеңін, ал 2029 жылы оның екінші кезеңін аяқтау жоспарланып отыр. 2027 жылы Қашағанда қуаттылығы жылына 1 млрд текше метр болатын ГӨЗ және Жаңаөзенде қуаттылығы жылына 0,9 млрд текше метр болатын ҚазГӨЗ пайдалануға берілмек. 2030 жылға қарай Қашағанда қуаттылығы жылына 2,5 млрд текше метр болатын ГӨЗ, сондай-ақ Қарашығанақта қуаттылығы жылына 5 млрд текше метр болатын ГӨ


Qazaqstan.tv » публикация №57495

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🏔 4317 метр биіктікте жоғалған турист қыздар табылды Алматы маңындағы Сәтбаев шыңына көтерілген 2007 және 2008 жылы туған екі турист қыз белгіленген уақытта оралмай, байланысқа шықпаған. 🚨 Хабарлама түскеннен кейін ТЖМ-нің «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы мен Алматы қалалық құтқару қызметінің мамандары дереу іздестіру жұмыстарына кірісті. ⛰ Турист қыздар теңіз деңгейінен 4317 метр биіктікте, Сәтбаев шыңы маңындағы кемпинг аумағынан табылды. Құтқарушылар оларды қауіпсіз жерге дейін алып жүрді. Қыздардың жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет болмаған.


Qazaqstan.tv » публикация №57494

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Елімізде Қытай мен Қырғызстанға жаңа рейстер ашылды Қазақстан халықаралық әуе бағыттарын кеңейтуді жалғастырып жатыр. FlyArystan әуе компаниясы Қытай мен Қырғызстанға жаңа тұрақты рейстерді іске қосты. 🛫 26 маусымнан бастап Ақтау – Үрімші бағыты бойынша аптасына екі рет рейс орындалады. 🏞 Ал 3 шілдеден бастап Астана – Ыстықкөл бағыты ашылды. Бұл бағыт ұшақтар аптасына екі рет қатынайды. «Жаңа рейстер Қазақстанның Қытай және Қырғызстанмен туристік, іскерлік және сауда-экономикалық байланысын нығайтып, жолаушыларға халықаралық сапар мүмкіндігін арттырады», - делінген ҚР Көлік министрлігі хабарламасында.


Qazaqstan.tv » публикация №57492

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🎊Астана күні: Open Air концерттеріне 100 мыңнан астам адам жиналды Елорда әкімдігінің хабарлауынша, Астана күніне орай өткен Open Air концерттеріне 100 мыңнан астам тұрғын мен қала қонағы қатысқан. 📍Мерекелік концерттер «Астана Арена» стадионының аумағында және «Қазақ елі» монументі алаңында ұйымдастырылды. 🎤Кештің басты ерекшелігі – жасанды интеллект пен заманауи цифрлық технологиялар қолданылған концерттік бағдарлама болды. Сахнада «Формат» тобы, Raim, Ерке Есмахан, Қайрат Нұртас, «МузАрт» тобы, Маржан Арапбаева, Әлішер Кәрімов, BAYANSULU, Alem, Bellucci, Yenlik, Kalifarniya, Қазыбек Құрайыш, Абзал Өтешов және басқа да өнерпаздар өнер көрсетті.


Qazaqstan.tv » публикация №57491

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

👶 Астана күнінде Қазақстанда 448 сәби дүниеге келді 6 шілде – Астана күні еліміздің перзентханаларында 448 сәби өмірге келді. Оның 223-і ұл, 225-і қыз. 👶 Мереке күні елордада екі егіз дүниеге келген. 📊 Ең көп нәресте саны Түркістан облысында тіркелген – 67 сәби. Алматыда 44, ал Шымкент пен Алматы облыстарында 40 сәби туды.


Qazaqstan.tv » публикация №57490

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🌡41°С-қа дейін ыстық: Алдағы күндері ауа райы қандай болады? «Қазгидрометтің» хабарлауынша, 7-8 шілде күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. ▫️Республиканың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. ⛈7 шілдеде орталықта және шығыста, 8 шілдеде батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында, 9 шілдеде батыста қатты жаңбыр жауып, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы ықтимал. ❗️Ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: ▫️Солтүстік-батыста және орталықта ауа температурасы 35-39°С-қа дейін көтеріліп, жекелеген аудандарда 41°С-қа дейін жететін өте қатты ыстық күтіледі. ▫️Солтүстік өңірлерде 35-38°С-қа дейінгі қатты ыстық болуы мүмкін.


Qazaqstan.tv » публикация №57489

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📍230 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды Қостанай облысында соңғы 1,5 жылда 230 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жер телімдері жайылым мен егін шаруашылығы үшін берілгенімен, жалға алушылар оларды мақсатты түрде игермеген. 📌Мұндай жағдайда алдымен әкімшілік айыппұл салынып, тағы бір жыл мерзім беріледі. Егер осы уақыт ішінде жағдай өзгермесе, учаскелер мемлекет меншігіне қайтарылып, ауданның жер қорына өтеді.


Qazaqstan.tv » публикация №57488

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇧🇪 Бельгия 1/4 финалға шықты 🏆 Әлем чемпионатының 1/8 финалында Бельгия құрамасы алаң иелері АҚШ-ты 4:1 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. 📉 Осылайша АҚШ турнирмен қош айтысып, ұйымдастырушы үш елдің ешқайсысы Әлем чемпионатындағы жарысты жалғастыра алмады. 🇧🇪 ⚔️🇪🇸 Бельгия құрамасы ширек финалда Испаниямен ойнайды.



Qazaqstan.tv » публикация №57486

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🤯 🇪🇸 Испания Әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды! ✅ 1/8 финалда испаниялықтар Португалияны 1:0 есебімен жеңді. ⭐️ ⚽️ Матчтағы жалғыз голды Микель Мерино 90+1-минутында соғып, Испанияға жеңіс сыйлады. 🇵🇹 Португалия 0:1 Испания 🇪🇸 📌 Испания ширек финалда АҚШ – Бельгия жұбының жеңімпазымен кездеседі.



Qazaqstan.tv » публикация №57484

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❗️Үндістанда нөсер жауын жауып, лай көшкіні жүрді Үндістанда нөсер жауын бірнеше күн бойы дамылсыз жауып тұр. Оған лай көшкіні қосылған. Қолайсыз ауа райы елдің солтүстік-шығысын жайлады. Табиғи апаттан 9 адам қаза тапты. Үйлер мен көліктер су астында қалды. Елдің ірі мегаполисі Мумбаида 200 мм жауын-шашын жауған. Билік қызыл түсті қауіп деңгейін жариялады. Көлік қатынасы тоқтап, мектептер жабылды. 📌Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.




Qazaqstan.tv » публикация №57481

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🌇Елорда 28 жылда қалай өзгерді? 28 жылдың ішінде Астананың келбеті ғана емес, инфрақұрылымдық мүмкіндіктері де өзгерді. Қазір елорда Орталық Азиядағы нағыз ірі туристік хаб, инвестициялық орталыққа айналды. Биыл қала экономикасына 860 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл – Астананың бизнес жүргізуге қолайлы, әрі болашағы жарқын қала екенінің айғағы. Толығырақ тілші бейнематериалынан көріңіз.


Qazaqstan.tv » публикация №57480

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🎙Бүгінгі матчты жүргізетін комментаторлар QAZSPORT: 🔹Әлімжан Асқар 🔹Сергей Райлян QAZAQSTAN: 🔸Ерсін Ерік 🔸Дәулет Сейітбек 🇵🇹 Португалия - Испания 🇪🇸 📺 Матчты 23:50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.


Qazaqstan.tv » публикация №57479

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

👶🏻Астана күні елордада 24 сәби дүниеге келді Елорда әкімдігінің хабарлауынша, 6 шілде күні сағат 00:00-ден бастап Астанада 24 сәби өмірге келді. Оның 15-і – ұл, 9-ы – қыз. Қазіргі уақытта барлық ана мен нәрестенің жағдайы жақсы. Олар дәрігерлердің бақылауында болып, қажетті медициналық көмек алып жатыр.



Qazaqstan.tv » публикация №57477

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⚠️2300 метр биіктікте аяғын жарақаттап алған: Туристке құтқарушылар көмектесті Алматыдағы Үлкен Алматы көлі маңында, теңіз деңгейінен шамамен 2300 метр биіктікте 2008 жылы туған қыз бала тау соқпағымен төмен түсіп келе жатқанда аяғын жарақаттап, өздігінен қозғала алмай қалған. Оқиға орнына жедел жеткен Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің мамандары зардап шегушіні тауып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Кейін турист медициналық жедел жәрдем бригадасына тапсырған.


Qazaqstan.tv » публикация №57476

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⚽️ Бүгін 🏆 Футбол. Әлем чемпионаты. 1/8 финал 🇵🇹 Португалия - Испания 🇪🇸 📺 Матчты бүгін сағат 23:50-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашай аласыздар. 👀 Қай команда келесі кезеңге өтеді?


Qazaqstan.tv » публикация №57475

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🏙Астана 28 жылда қалай өзгерді? Ширек ғасырдан астам уақытта елордамыз әлем мойындаған заманауи мегаполиске айналды. Бүгінде Астана — Қазақстанның дамуы мен жаңғыруының символына айналған қала.


Qazaqstan.tv » публикация №57474

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

😍Атырауда 2500 домбырашы Дина Нұрпейісованың бейнесін құрастырды Атырауда Ұлттық домбыра күніне орай ерекше флешмоб ұйымдастырылды. Алаңға жиналған 2500 домбырашы сап түзеп, әйгілі күйші Дина Нұрпейісованың алып бейнесін жасаған.


Qazaqstan.tv » публикация №57473

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

✨Елімізде Астана есімді 26 адам тұрады Ұлттық статистика бюросы Астана жайында қызықты деректерді ұсынды. 👥Халық саны – 1 674 699 адам (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша). Әйелдер саны ерлерге қарағанда көп: 884 029 әйел, 790 670 ер адам; 🖇Қазақстанда Астана есімді 26 адам тұрады; 👶🏻2025 жылы Астанада 27,4 мың сәби дүниеге келді; 💍2026 жылдың алғашқы 5 айында елордада 3 469-дан астам неке тіркелді; 📉2025 жылғы қартаю индексі – 22,9 (100 балаға шаққандағы 65 жастан асқан қарттардың саны), тұрғындардың орташа жасы – 30,9 жас (2026 жылдың басындағы жағдай бойынша), күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 78,8 жас (2025 жылғы көрсеткіш); 🔹Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 274 285 (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша); 🏗Құрылыс саласындағы компаниялар саны – 18,5 мың (Қазақстан бойынша 1-орын); 🏡Елордада 576 мың пәтер бар (2025 жыл); 🍜Қоғамдық тамақтану нысандарының саны – 6 819; 🏛Қалада 31 театр, 5 музей және 35 кітапхана жұмыс істейді. Сондай-ақ 24 саябақ бар; 🏢Астанада 6 бес жұлдызды қонақүй бар. 2026 жылдың І тоқсанында қонақүйлерде 67,9 мың шетелдік турист орналасты.


Qazaqstan.tv » публикация №57472

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🔴Құтқарушылар жылан шаққан жасөспірімге жедел көмек көрсетті Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Алматы облысындағы Көлсай көлдері аумағында кезекшілік атқарып жүрген жедел-құтқару жасағы жылан шаққан 16 жастағы қызға көмек көрсеткен. «Құтқарушылар зардап шеккен жасөспірімге әмбебап құтқару бекетінде жедел алғашқы медициналық көмек көрсетті. Одан кейін қызметтік автокөлікпен медициналық мекемеге жеткізілді», - делінген хабарламада. ❗️Қазір жыландардың белсенді болатын кезеңі. Сондықтан ТЖМ ескертеді: 🔹Табиғат аясында демалу кезінде сақтық шараларын сақтап, демалыс орнын мұқият тексеру қажет. Белгіленген соқпақтарға шықпаған жөн. 🔹Жыландардан алыс жүрген абзал және оны ұстауға болмайды. 📲Жылан шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініңіз және 112 нөміріне хабарласыңыз.



Qazaqstan.tv » публикация №57466

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🔹Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады Мемлекет басшысы құттықтауында Тұңғыш Президенттің заманауи қазақ мемлекеттілігінің негізін қалау, Қазақстан Республикасын құру, еліміздің экономикалық әлеуетін нығайту және халықаралық аренадағы орны мен беделін бекемдеу жолындағы тарихи миссиясын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы Астанаға көшіру туралы шешімінің маңызы айрықша екеніне тоқталды. – Елорданың Сарыарқа төсіне көшірілуі Қазақстанның жан-жақты өркендеуіне тың серпін берді. Бүгінде Астана қарыштап дамып, әлемдегі көрікті шаһардың біріне айналып келеді, – делінген құттықтауда. Мемлекет басшысы Тұңғыш Президентке мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тіледі.


Qazaqstan.tv » публикация №57465

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы Құрметті отандастар! Астана күні құтты болсын! Астана – егемен еліміздің жүрегі. Елордамыз – Тәуелсіз Қазақстанның символы, жарқын болашаққа ұмтылған ұлтымыздың жасампаз күш-қуатының қайнары. Халқымыздың тағдырына тікелей әсер ететін шешімдер осы қалада қабылданады. Бас қаламыз ауқымды тарихи өзгерістердің қозғаушы күшіне айналды. Астана сапалық тұрғыдан мүлде жаңа басқару жүйелері енгізілген «ақылды қала» мәртебесіне ие болды. Сонымен бірге елордамызда саябақтар, гүлзарлар, балаларға арналған алаңдар салынды. Осының бәрі Астана тұрғындары мен қонақтары үшін жасалып жатыр. Елорда күні қарсаңында ұлт жылнамасындағы түбегейлі бетбұрыс кезеңіне жол ашқан Халық Конституциясы заңды күшіне енді. Мұның символдық мәні бар. Шын мәнінде, осы тарихи оқиға билік пен қоғамның негізгі институттарын жаңғырту ісінің бастауы саналады. Елордамыздың мәртебесі туралы жаңа конституциялық заң Астананың саяси, әкімшілік, экономикалық және мәдени орталық ретіндегі рөлін күшейтіп, оның мемлекет дамуындағы айрықша мән-маңызын айқындай түсті. Бас шаһардың халықаралық абырой-беделі де нығайып келеді. Аймақтық және жаһандық саясаттың аса өзекті мәселелеріне қатысты шешімдердің Астанада қабылдануы – соның айқын дәлелі. Бас қаламыз жауапты азаматтық ұстанымға, «Заң мен Тәртіпке», «Таза Қазақстан» қағидаттарына негізделген жаңа қоғамдық этиканың жарқын көрінісі болуға тиіс. Елордамыз Әділетті Қазақстанды құру жолында үлгі-өнеге көрсетіп, өсіп-өркендей береді деп сенемін. Құрметті Астана тұрғындары, баршаңызға амандық және табыс тілеймін!


Qazaqstan.tv » публикация №57464

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Англия ширек финалға жолдама алды 🏆 Әлем чемпионатының 1/8 финалында англиялықтар алаң қожайыны Мексиканы 2:3 есебімен тізе бүктірді. ⚽️ Беллингем 36', 38' ⚽️ Киньонес 41' ⚽️ Кейн 60' (П) ⚽️ Хименес 68' (П) 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 ⚔️ 🇳🇴 Англия 1/4 финалда Норвегия құрамасына қарсы ойнайды.



Qazaqstan.tv » публикация №57462

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🤯 🇳🇴 Норвегия Әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды! ✅ 1/8 финалда норвегиялықтар Бразилия құрамасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. ⭐️ ⚽️ Матчтың басты қаһарманы Эрлинг Холанд болды. Ол дубль авторы атанып, командасын келесі кезеңге алып шықты. 👏 Бразилия құрамасының жалғыз голын Неймар матчтың 90+10-минутында пенальтиден соқты. 🇧🇷 Бразилия 1:2 Норвегия 🇳🇴 📊 Осы матчқа дейін екі құрама өзара төрт рет кездескен еді. Оның екеуінде Норвегия жеңіске жетсе, тағы екі ойын тең аяқталған. Ал Бразилия норвегиялықтарды әлі бірде-бір рет жеңе алмаған. 📌 Норвегия ширек финалда Мексика - Англия жұбының жеңімпазымен кездеседі.


Архив Qazaqstan.tv — страница 14

Это 14-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.