Life News Новостной агрегатор

Qazaqstan.tv — страница 13

Источник: Qazaqstan.tv · сбросить

Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 13. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


Qazaqstan.tv » публикация №57530

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Бүгін Астанада «Құрылтай сайлауы: конституциялық негіздер және саяси трансформация» сарапшылар алаңы өтеді Сарапшылар конституциялық реформаның негізгі аспектілерін, жаңа саяси институттардың дамуын және мемлекеттің тұрақты даму моделін қалыптастырудағы қоғамдық диалогтың рөлін талқылайды. Шара сағат 14:30-да басталады. Тікелей эфир ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты, Қоғамдық саясат институтының Telegram-арналарында, сондай-ақ Qazaqstan TV YouTube-арнасында жүреді.



Qazaqstan.tv » публикация №57523

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

☄️ 2029 жылы Апофис астероиды жерге рекордтық қашықтықта жақындайды 2029 жылдың 13 сәуірінде диаметрі шамамен 340 метр болатын Апофис астероиды жерден небәрі 32 мың шақырым қашықтықта ұшып өтеді. Бұл – тарихтағы осындай көлемдегі астероидтың жерге ең жақын ұшуларының бірі. 🌍 NASA мәліметінше, астероид жерге соқтығыспайды. Ғалымдар кемінде келесі 100 жыл ішінде ешқандай қауіп жоқ екенін растады. 🔭 Апофистің жерге жақын ұшуы – сирек кездесетін ғылыми мүмкіндік. Оны әлемдегі телескоптар мен ғарыш аппараттары бақылап, астероидтың құрылысы мен қасиеттерін зерттейді. 🚀 Осы мақсатта NASA-ның OSIRIS-APEX және Еуропалық ғарыш агенттігінің Ramses миссиялары Апофисті жақыннан зерттейді. ✨ Қолайлы ауа райы жағдайында Апофисті Шығыс жарты шардағы тұрғындар қарапайым көзбен де көре алады. Дереккөз: NASA


Qazaqstan.tv » публикация №57522

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🟡 «Қайрат» Чемпиондар Лигасындағы жорығын бастайды 🟡 «Қайрат» – «Сутьеска» 🇲🇪 🏆 УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында алматылық «Қайрат» өз алаңында Черногорияның «Сутьеска» клубын қабылдайды. ⏰ 19:30 - Матч қарсаңында. Студиялық бағдарлама 🖥 Тартысқа толы матчты 19:50-де «Qazsport» телеарнасынан тамашалай аласыз.


Qazaqstan.tv » публикация №57520

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🏆 Әлем Чемпионаты: Ширек финалға шыққан құрамалар 🇫🇷 Франция - Марокко 🇲🇦 🇪🇸 Испания - Бельгия 🇧🇪 🇳🇴 Норвегия - Англия 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 🇦🇷 Аргентина - Швейцария 🇨🇭 Ширек финалдың ресми кестесі: 📆 10.07 ⏰ 01:00 🇫🇷 Франция - Марокко 🇲🇦 📆 11.07 ⏰ 00:00 🇪🇸 Испания - Бельгия 🇧🇪 📆 12.07 ⏰ 02:00 🇳🇴 Норвегия - Англия 🏴 📆 12.07 ⏰ 06:00 🇦🇷 Аргентина - Швейцария 🇨🇭 🤔 Жартылай финалға қай құрамалар шығады?


Qazaqstan.tv » публикация №57519

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🔴Қытайда көшкін салдарынан 21 адам қаза тапты Қытайдың Ганьсу провинциясында көшкін болып, салдарынан 21 адам қаза тапқан. Бұл туралы ТАСС агенттігі ақпарат таратты. ▫️Табиғи апат сейсенбі күні Луннань қаласында болды. Топырақ көшкіні астында 33 адам қалып қойған. Іздеу-құтқару жұмыстары нәтижесінде құтқарушылар жоғалған барлық адамды тапқан. Олардың қатарында жеті адам жарақат алып, бес адам ешқандай зардап шекпеген.


Qazaqstan.tv » публикация №57518

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🖌 Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанатбек Бақытұлы Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.


Qazaqstan.tv » публикация №57517

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🐅Киара мен Муфаса: Амур жолбарыстарына есім берілді Қарағанды хайуанаттар бағындағы Амур жолбарысының егіз шөнжігіне есім берілді. Хайуанаттар бағы ұйымдастырған байқауға тұрғындар белсенді қатысып, 300-ден астам ұсыныс жолдаған. Дауыс беру қорытындысы бойынша ұрғашы шөнжікке Киара, ал еркегіне Муфаса есімі берілді. Қазір кішкентай жолбарыстардың жағдайы жақсы. Олар келушілердің сүйікті жануарларына айналып үлгерген.



Qazaqstan.tv » публикация №57515

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

💬Ерлан Қарин: Конституциялық Соттың түсіндірмесі нормативтік-құқықтық сипатқа ие ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Конституциялық Соттың түсіндірмесі – жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты туындаған бірқатар рәсімдік мәселелерге берілген құқықтық жауап және оның нормативтік-құқықтық сипатқа ие екендігін айтты. Бұл туралы ол өзінің Telegram арнасында жазды. «Жаңа Ата Заңның күшіне енуіне байланысты 1 шілдеден бастап конституциялық нормадағы бір реттік өкілеттік мерзім талабы қолданылатын лауазымды тұлғалар тағайындалуға тиіс: Жоғарғы Соттың Төрағасы, Бас Прокурор, Конституциялық Соттың Төрағасы мен судьялары. Осыған орай «Бір реттік өкілеттік мерзімге қатысты норманы қазіргі іс басындағы лауазымды тұлғаларға қолдану керек пе әлде олардың қайта тағайындалуына мүмкіндік бар ма?» деген сауал туындаған еді. Конституциялық Соттың түсіндірмесі аталған мәселеге нақты құқықтық жауапты ұсынады: бір реттік өкілеттік мерзімге қатысты норма жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті лауазымдарға тағайындалған адамдарға ғана қолданылады. Құқықтық реттеудің бірізділік қағидатына сәйкес, бір реттік өкілеттік мерзім жөніндегі норма қазіргі Президентке де қатысты болады. Бұл ретте, Президенттің жеті жылдық бір ғана мерзімге сайлануы туралы ереже мемлекеттің Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы және басқару нысаны секілді мүлдем өзгермейтінін атап өту қажет (ҚР Конституциясының 43-бабы, 5-тармағы)», - дейді ол. 🔹ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарының айтуынша, Конституциялық нормалардың аталған түсіндірмесі қандай да бір тұлғаның автоматты түрде тағайындалатынын немесе сайланатынын білдірмейді. Ол тек тиісті тұлғаның сайлауына немесе тағайындалуына құқықтық мүмкіндігі бар екенін айқындайды. Осылайша, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес бүгін Мемлекет басшысы Бас Прокурорды тағайындады. «Конституциялық Соттың бүгінгі шешімі – жаңа мемлекеттік-саяси модельді қалыптастырумен байланысты ауқымды үдерістің кезекті бір бөлігі ғана. Қазіргі таңда жаңа институттарды іске қосу бойынша жоспарлы жұмыс жалғасуда: Құрылтай сайлауы тағайындалды, саяси партиялар съездерін өткізуде, сондай-ақ «Қазақстан Халық Кеңесі» хатшылығын құру туралы Жарлыққа қол қойылды» - делінген жазбада.


Qazaqstan.tv » публикация №57514

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

«Астана – Қарағанды – Алматы» бағытындағы жол учаскесінде 10 күнге көлік қозғалысы шектеледі «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының» хабарлауынша, 8 шілдеден бастап республикалық маңызы бар KAZ-01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автомобиль жолының 1121–1186 шақырым және 1194–1209 шақырым аралығындағы учаскелерде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. «2026 жылғы 8-18 шілде аралығында Ақсай – Жібек жолы учаскесінде, 1177–1186 шақырым аралығында күн сайын сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Жөндеу жұмыстары кезеңінде қозғалыс айналма бағыт арқылы ұйымдастырылады», - делінген хабарламада.


Qazaqstan.tv » публикация №57513

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🌐Жаһан жаңалықтарына шолу 📍Қытайда табиғи апаттан 11 адам қаза тапты Қытайдың орталық және оңтүстік аудандарында найзағай жарқылдап, құйын көтеріліп, екпінді жел тұрды. Хубэй провинциясында ауа райының қолайсыздығынан 11 адам қаза тапқан. 300-ден аса тұрғын жараланды. ❗️Axios: Иран кемелерді қайта атқылай бастады Иран Ислам Республикасы сақшыларының корпусы өткен түнде Ормұз бұғазында екі сауда кемесіне оқ жаудырған. 🦠Конгода 1500-ден аса адамның эбола жұқтырғаны расталды Конго Демократиялық республикасында 1560 адамның эбола вирусын жұқтырғаны ресми расталды. Індеттен қаза тапқандар саны 506-ға жеткен. 11 мың адам дәрігерлер бақылауында. Қауіпті вирус елдің Итури, Солтүстік және Оңтүстік Киву провинцияларында тіркелген. 🛬Қырғызстанда 181 жолаушы отырған ұшақтың шассиі сынып кетті Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежайында Tez Jet әуе компаниясының ұшағы техникалық ақауға байланысты ұша алмай қалды. Оқиға салдарынан бірнеше жолаушы жеңіл жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілді. 🇹🇷Түркияда НАТО саммиті басталды Түркия астанасы Анкара қаласында НАТО ұйымына мүше мемлекет басшыларының саммиті басталды. Осымен 36 рет ұйымдастырылып отырған жаһандық жиынның негізгі тақырыбы - Еуроатлантика аймағының қауіпсіздігі.


Qazaqstan.tv » публикация №57512

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🤯 Аргентина камбэк жасады 🇦🇷 Месси бастаған Аргентина құрамасы Әлем чемпионатының 1/8 финалында Египетті 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. ✅ 79-минутқа дейін 0:2 есебімен жеңіліп жатқан аргентиналықтар керемет камбэк жасап, матч тағдырын өз пайдасына шешті. 🇦🇷 Аргентина 3:2 Египет 🇪🇬 ⚽️ Ибрахим 15' ⚽️ Зико 66' ⚽️ Ромеро 79' ⚽️ Месси 83' ⚽️ Энцо Фернандес 90+3' 📌 Ширек финалда Аргентина Швейцария – Колумбия жұбының жеңімпазымен кездеседі.


Qazaqstan.tv » публикация №57511

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

😍Президентке челлендж жолдаған балақайға домбыра сыйға тартылды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа челлендж жолдаған Қасымның видеосы әлеуметтік желіде кең тараған болатын. Осыған орай Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күніне орай балақайға домбыра сыйға тартты. Видео: massalim_aizhanat




Qazaqstan.tv » публикация №57508

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

😍Басши ауылына жыл басынан бері 15 мыңға жуық турист келген Жетісу облысындағы Басши ауылы еліміздегі ең үздік туристік ауылдар қатарына енді. Бұл елді мекен «Алтын-Емел» ұлттық паркінің қақпасы саналады. Жыл басынан бері мұнда 15 мыңға жуық саяхатшы келген. Оның 5 мыңнан астамы – әлемнің 30 елінен келген шетелдік меймандар. Қазір ауылдың инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.






Qazaqstan.tv » публикация №57503

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қырғызстанда 181 жолаушы отырған ұшақтың шассиі сынып кетті Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежайында Tez Jet әуе компаниясының ұшағы техникалық ақауға байланысты ұша алмай қалды. 🛬 Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ ұшуға екпін алған сәтте артқы шассиінің бірі сынып, әуе кемесі бір жағына қисайған. 🚑 Оқиға салдарынан бірнеше жолаушы жеңіл жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілді. Қазір оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.


Qazaqstan.tv » публикация №57502

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Президент Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады Кездесуде әлемнің жетекші телеарналарының бірі саналатын корпорациямен ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланды. Мемлекет басшысы Euronews уақиғаларды бейтарап жариялап, көрерменге сенімді ақпарат ұсынатын жаһандағы маңдайалды медиа ресурс ретінде танылғанын атап өтті.



Qazaqstan.tv » публикация №57500

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Президент Әлихан Смайыловты қабылдады Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның биылғы алғашқы жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындысы туралы есепті тыңдады. Әлихан Смайылов баяндамасынан: ▫️аталған кезеңде сомасы 5,8 триллион теңгені құрайтын 13 ірі мемлекеттік аудит жүргізілгенін айтты; ▫️анықталған кемшіліктерді жою нәтижесінде мемлекет бюджетіне 128 миллиард теңге қайтарылғаны жөнінде баяндады; ▫️биыл екінші жартыжылдықта 20 мемлекеттік аудитті аяқтау жоспарланғанын жеткізді. ⚪️Жаңа Құрылтаймен өзара іс-қимыл аясында 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы бағаланады.


Qazaqstan.tv » публикация №57499

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

💻Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі AI-Sana бағдарламасының нәтижесінде еліміздегі университеттерде жасанды интеллект саласында 440-тан астам қолданбалы жоба әзірленген. Бағдарламаның алғашқы кезеңінде жасанды интеллект құзыреттерін қалыптастыруға және кадрлар даярлауға назар аударылса, ал қазір студенттер нақты салалық міндеттерге бағытталған цифрлық шешімдерді ұсынуға дайындалып жатыр. ✅Бағдарламаның екінші кезеңінде еліміздегі 105 жоғары оқу орнынан 87 мыңнан астам студент пен 1 500-ден астам куратор білім алып жатыр. Осы уақыт ішінде бағдарлама қатысушылары ұлттық компаниялар мен экономиканың басым салаларындағы қолданбалы міндеттерді шешуге бағытталған 442 жасанды интеллект шешімін әзірлеген. Бұл жобалар білім беру мен ғылымнан бастап денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қаржы және өнеркәсіпке дейінгі кең ауқымды бағыттарды қамтиды. Жобалардың ең көп саны білім беру саласында жүзеге асырылады.


Qazaqstan.tv » публикация №57498

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🔹Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді Конституциялық сот Мемлекет басшысының қызметін бұрынғы қолданыста болған Ата заң бойынша атқарып келе жатқан Президент, Конституциялық сот төрағасы, Жоғарғы сот төрағасы және Бас прокурордың осы қызметтерге жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай сайлану не лауазымға тағайындалуын ресми түсіндіру туралы өтінішіне жауап берді. Толығырақ сілтемеден оқуға болады.


Qazaqstan.tv » публикация №57497

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🔴Ақша бопсалау: Павлодар облысында күдікті топ ұсталды Polisia.kz хабарлауынша, Павлодар облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында Ақсу және Екібастұз қалаларының аумағында бірнеше рет бопсалау қылмысын жасады деген күдікке ілінген адамдар тобы ұсталды. 🔹Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілер азаматтарды қорқытып-үркіту арқылы олардан жүйелі түрде ақша талап еткен. Зардап шеккендердің қатарында жоғары оқу орындарының студенттері мен ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері бар. ✅Жүргізілген тінту барысында ақшалай қаражат, ұялы телефондар, банк карталары, құжаттар және қылмыстық іс үшін дәлелдемелік маңызы бар өзге де заттар тәркіленді. Сонымен қатар күдіктілер пайдаланған автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды. ✅Бопсалау деректері бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Полиция органдарына 10 адам жеткізіліп, олардың төртеуіне қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.


Qazaqstan.tv » публикация №57496

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қашаған мен Қарашығанақта газ өңдеу қуаты артады Қашаған мен Қарашығанақта қайта өңдеу қуаттарын іске қосу есебінен ішкі тұтынуға арналған тауарлық газ өндіру көлемі 29,6%-ға, яғни 2025 жылғы 27,4 млрд текше метрден 2032 жылға қарай 35,5 млрд текше метрге дейін ұлғаяды. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Сондай-ақ министрдің сөзінше, 2027-2030 жылдар аралығында тауарлық газдың қосымша көлемі 1,6 млрд текше метрге, 2031 жылы – 2,3 млрд текше метрге, ал 2032 жылы 6,6 млрд текше метрге жетеді. 2026 жылдың соңында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екінші желісіне қарасты желілік бөлігінің бірінші кезеңін, ал 2029 жылы оның екінші кезеңін аяқтау жоспарланып отыр. 2027 жылы Қашағанда қуаттылығы жылына 1 млрд текше метр болатын ГӨЗ және Жаңаөзенде қуаттылығы жылына 0,9 млрд текше метр болатын ҚазГӨЗ пайдалануға берілмек. 2030 жылға қарай Қашағанда қуаттылығы жылына 2,5 млрд текше метр болатын ГӨЗ, сондай-ақ Қарашығанақта қуаттылығы жылына 5 млрд текше метр болатын ГӨ


Qazaqstan.tv » публикация №57495

Qazaqstan.tv · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🏔 4317 метр биіктікте жоғалған турист қыздар табылды Алматы маңындағы Сәтбаев шыңына көтерілген 2007 және 2008 жылы туған екі турист қыз белгіленген уақытта оралмай, байланысқа шықпаған. 🚨 Хабарлама түскеннен кейін ТЖМ-нің «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы мен Алматы қалалық құтқару қызметінің мамандары дереу іздестіру жұмыстарына кірісті. ⛰ Турист қыздар теңіз деңгейінен 4317 метр биіктікте, Сәтбаев шыңы маңындағы кемпинг аумағынан табылды. Құтқарушылар оларды қауіпсіз жерге дейін алып жүрді. Қыздардың жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет болмаған.


Архив Qazaqstan.tv — страница 13

Это 13-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.