636 млн теңге: Шекарадан декларацияланбаған валютаны алып өтпек болғандардың жолы кесілді ҰҚК Шекара қызметі 30 маусым мен 7 шілде аралығында мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде декларацияланбаған валютаны алып өтудің 38 әрекетін анықтаған. 💰 Нәтижесінде жалпы құны 636 миллион теңгеден астам қолма-қол ақша анықталған. Ең ірі деректердің бірі Жамбыл облысындағы «Қордай» өткізу пунктінде тіркелген. Жүк тексеру кезінде шетел азаматынан 350 мың АҚШ доллары (170 млн теңгеден астам) табылған. ⚖️«Аталған фактілер бойынша материалдар тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Qazaqstan.tv — страница 12
Архив материалов источника Qazaqstan.tv, страница 12. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
😍ӘЧ финалында BTS, Madonna және Justin Bieber өнер көрсетеді 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионаты финалында үзіліс кезінде өтетін шоудың басты хедлайнерлері қатарында BTS, Madonna, Shakira және Justin Bieber бар. Сондай-ақ сахнаға Burna Boy, дирижер Gustavo Dudamel және PS22 Chorus хоры, Coldplay тобы шығады. 📍Финалдық кездесу 19 шілдеде АҚШ-тың Нью-Йорк - Нью-Джерси стадионында өтеді. Шоудан түскен қаражат FIFA-ның Жаһандық білім беру қорын қолдауға бағытталады. Жоба арқылы әлемдегі балалардың сапалы білім алуы мен футболмен айналысуына мүмкіндік жасау үшін 100 миллион доллар жинау көзделген. Қазірдің өзінде қорда 50 миллион доллардан астам қаражат жиналған.
Сирек кездесетін маралдар фототұзаққа ілікті Іле Алатауы МҰТП аумағында жабайы жануарларға мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Кезекті бақылау кезінде табиғи ортада жүрген сирек кездесетін маралдар бейнежазбаға түсірілген. Видео: @ile_alatau_nationalpark
⚽️ Франция - Марокко матчының нақты есебін тап та, Trionda добын ұтып ал! 😍 🇫🇷 Франция - Марокко 🇲🇦 Жүлде: Trionda добы Шарттары: ✅ 1. Qazsport , Qazaqstan.tv Telegram парақшаларына тіркеліңіз. ⚽️ 2. Франция - Марокко матчының негізгі уақыттағы есебін және соңғы голдың авторын табыңыз. 0:0 есебі қабылданбайды. ✍️ 3. Пікір өзгермеуі керек. Есеп те, гол авторы да бір жерде жазылсын. Қатысушының бір ғана болжамы есептеледі. Болжамдар тек матч басталғанға дейін қабылданады. 🥇4. Допты бірінші тапқан адам алады. 📌5. Жауаптар 00:50-ге дейін қабылданады. ‼️ЕСКЕРТУ: Пікірді «Qazsport» телеарнасының Telegram каналының дәл осы постының астына жазу қажет.
⭕️Қоғамдық орында қоқыс тастағандарға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады Ал заң бұзушылық қайталанса, айыппұл екі есеге артады.
🔹ІІМ: Заңсыз қосымша отын бактарын пайдаланған 255 жүргізуші жауапқа тартылды Ішкі істер министрлігі жанар-жағармай материалдарын заңсыз әкету фактілерінің жолын кесу мақсатында қосымша отын бактарымен заңсыз жабдықталған көліктерге бақылауды күшейткен. Жауапты министрліктің мәліметінше, мемлекеттік шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінің маңында көлік құралдарын тексеруден өткізетін 59 полиция бекеті жұмыс істеп тұр. «Жыл басынан бері қосымша отын бактары заңсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын пайдалану бойынша 255 құқық бұзушылық фактісі анықталды. Құқықбұзушылыққа жол бергендер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың қатарында 195 шетел азаматы және Қазақстан Республикасының 60 азаматы бар. Заңсыз орнатылған қосымша отын бактары бөлшектелгеннен кейін көлік құралдары иелеріне қайтарылды», - делінген хабарламада.
Елена Рыбакина ең көп табыс табатын теннисшілер рейтінгінде ТОП-10-ға кірді Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдегі ең көп табыс табатын теннисшілер рейтингінде 10-орынға тұрақтады. 🎾 Оның бір жылдағы жалпы табысы 16,3 миллион долларды құрады. Оның ішінде 11,3 миллион доллар – турнирлерден алған жүлде қоры, ал 5 миллион доллар – жарнамалық және демеушілік келісімдерден түскен табыс. Рейтингте бірінші орынды Карлос Алькарас (62,9 млн доллар), екінші орынды Янник Синнер (59 млн доллар), ал үшінші орынды Коко Гауфф (40,3 млн доллар) иеленді.
Жазда Алматы облысында қайда баруға болады? ТОП-7 туристік бағыт Алматы облысы асқар тау, көркем шатқал, мөлдір көл және ерекше табиғатымен туристерді қызықтырады. Туризм және спорт министрлігі өңірдегі ең көрікті орындардың тізімін ұсынды.
Демалыс күндері Астанада ауыл шарушалығы жәрмеңкесі өтеді Жәрмеңкеде еліміздің әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс, жеміс-жидек және тағы да басқа өнімді тиімді бағамен сатып ала алады. Жәрмеңке Алаш тасжолындағы «Keryen Joly» сауда орталығында өтеді.
Бүгін - Су шаруашылығы қызметкерлері күні Қазақстанда жыл сайын 9 шілдеде Су шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтеді. Бұл кәсіби мереке су ресурстарын қорғап, елді мекендер мен ауыл шаруашылығын таза сумен қамтамасыз етіп жүрген мамандардың еңбегін құрметтеуге бағытталған. Сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтаймыз.
📝«Ауыл» партиясы Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды «Ауыл» партиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін Орталық сайлау комиссиясына тапсырды. ❗️Құжаттарды комиссия заң талаптарына сәйкес белгіленген тәртіппен қарайды. Партиялық тізімдерді ұсыну кезеңі жалғасуда. Бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес, 13 шілде күні сағат 18:00-де аяқталады.
🏢Нью-Йоркте зәулім ғимарат құлауы мүмкін Нью-Йоркте қайта жөндеуден өтіп жатқан 37 қабатты ғимарат құлауы мүмкін. Оның бағандары майысып, жарық пайда болып, бірнеше қабаты опырылайын деп тұр. Бұрын бұл ғимарат «Пфайзер» компаниясының штаб-пәтері болған екен. Соңғы уақытта оны тұрғын үй кешеніне айналдыру бойынша жұмыс жүріп жатқан. Құрылысшылардың айтуынша, ғимарат бағандарына қосымша жүктен салмақ түскен болуы мүмкін. Қауіпсіздік шарасы ретінде жақын маңдағы қонақүй, кәсіпорындар, тұрғын үйлер мен мектептерде болған адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп, айналадағы жолдар жабылды.
🎓Түлектер тағы бір емтихан тапсыруы мүмкін Түлектер енді Ұлттық бірыңғай тестілеумен қатар, AIT емтиханын тапсыруы мүмкін. Тапсырмалар талапкер таңдаған мамандыққа қарай түзіледі. Ұлттық тестілеу орталығы осылайша жастардың қай салаға икемі бар екенін анықтайды. ❗️Қазір өз мамандығы бойынша жұмыс істемейтіндер көбейген. Осы мәселені реттейтін тест келер жылдан бастап әуелі пилоттық режимде енгізіледі. Оның нәтижесі есепке алынбайды. Тестілеу орталығы жаңа емтихан түлектерге кәсіби бағдар анықтауға көмек бере ме, жоқ па - әуелі соны бақылап көрмекші. Жоғары сынып оқушылары дайындықты қазірден бастай бергені дұрыс, дейді мамандар.
✅ «Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады 🇰🇿 Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьескасын» 2:1 есебімен жеңді. 😋Қайрат 2:1 Сутьеска 🇲🇪 ⚽️ Африко 76' ⚽️ Мрвалевич 90' ⚽️ Гуаль 90+3' 📌 Қарымта кездесу 16 шілде күні Черногорияның Никшич қаласында өтеді.
💸«Ұлттық қор – балаларға»: 63 миллион доллар қайда жұмсалды? «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандық жастар екі жарым жылда 63 миллион долларға жуық қаражатты игерді. ❗️333 мыңнан астам өтініш мақұлданған. Ең көп қаржы баспана мәселесін шешуге бағытталса, екінші орында – білім алу. Балалар өз үлесін нақты қандай мақсаттарға жұмсап жатыр? Видеодан көріңіз.
Президент бірқатар заңға қол қойды Атап айтқанда: ▫️«Алатау қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 1015 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа; ▫️«Топырақты қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына; ▫️«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
☀️Қазақстанда 45 градусқа дейін аптап ыстық болады Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ыстық әрі жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей өңірлерде ауа температурасы +45 °С-қа дейін көтеріледі. ❗️Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, қатты жаңбыр жаууы және желдің күшеюі күтіледі. 9 шілдеде еліміздің шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақыттарда қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Кейін бұл өңірлерде де жауын-шашынсыз ауа райы орнайды. Күндізгі ауа температурасы еліміздің батысында және оңтүстік-шығысында +33…+42°С-қа дейін, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында +32…+40°С-қа дейін, оңтүстігінде +38…+45°С-қа дейін, шығысында +30…+38°С-қа дейін көтеріледі.
Мемлект басшысының АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнспен кездесуінен Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сенатор Стив Дэйнсті АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтады. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев жыл соңында Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысу үшін АҚШ-қа жасайтын сапары аясында екіжақты ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін айтты.
🇺🇸Стив Дэйнс қазақ-америка қарым-қатынасын кеңейтуге бейілділігі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа АҚШ Президенті Дональд Трамптың жылы лебізі мен ықыласын жеткізді Сенатор Қазақстанның жаңа Конституция қабылдағанына ерекше тоқталып, Президентті ауқымды саяси реформаларды табысты іске асыруымен құттықтады. Стив Дэйнс Негізгі заңға арқау болған қағидаттар мен құндылықтар Қазақстанды қуатты әрі озық мемлекет ретінде одан әрі жаңғыртуға берік негіз қалайтынына сенім білдірді. Әңгімелесу барысында халықаралық және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасу өтті.
🇰🇿🇺🇸Мемлекет басшысы АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сенатор Стив Дэйнсті АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтады. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалады. Сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықтың орнықты өсіміне назар аударылды. Президент былтыр қараша айында АҚШ-қа сапары барысында қол қойылған екіжақты келісімдерді сапалы жүзеге асырудың маңызын атап өтті. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев жыл соңында Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысу үшін АҚШ-қа жасайтын сапары аясында екіжақты ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін айтты. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті нығайтуға үлес қосқаны, сонымен бірге Джексон-Вэник түзетулерінің күшін жою жөніндегі заңнамалық бастаманы ілгерілету мәселелері бойынша елімізді ұдайы қолдап келе жатқаны үшін сенаторға ризашылығын білдірді.
⚠️Венесуэлада 11 күннен кейін үйінді астынан ана мен бала табылды Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен 11 күн өткен соң ана мен бала үйінді астынан шығарылды. Олар екі аптаға жуық уақыт бойы сусыз және тамақсыз қалған. Мамандар үйінділерді жоспарлы тексеру кезінде әлсіз естілген дыбыстарды байқап, тірі қалғандарды анықтаған. 24 маусымда елде магнитудасы 7,2 және 7,5 балдық екі күшті жер сілкінісі тіркелді. Табиғи апаттан ең көп зардап шеккен аймақтар - Каракас қаласы мен Ла-Гуайра өңірі. Ресми мәлімет бойынша, 3 600-ден астам адам қаза тауып, 16 мыңнан астам тұрғын зардап шеккен. Көптеген тұрғын баспанасыз қалып, уақытша эвакуациялық орталықтарға орналастырылған.
🏫 1-сыныпқа құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау жалғасуда. Өтініш қабылдау өңірлерде әртүрлі уақытта басталғанымен, еліміздің барлық өңірінде 31 тамызға дейін жүргізіледі. 📄 Қажетті құжаттар: • 3×4 фотосурет; • профилактикалық егу картасы (№ 065/е нысаны); • баланың денсаулық паспорты (№ 052-2/е нысаны). 🖥 Өтінішті OQU ұлттық білім беру платформасы, eGov порталы арқылы онлайн немесе мектепке барып тапсыруға болады.
📢 NoFake telegram арнасына жазылыңыз! Ақпараттың шынайылығын тексеріп, кең таралған фейктерге қатысты дәлелді түсіндірмелер, сараптама және медиасауатты арттыруға бағытталған материалдарды NoFake telegram арнасынан оқи аласыз. Сенімді ақпараттан хабардар болу үшін арнаға жазылыңыз. https://t.me/nofakeofficialkz
📌«Құрылтай сайлауы - жаңа Конституцияның практикалық тұрғыда жүзеге асу кезеңі» Бұл туралы саясаттанушы, VIII шақырылымдағы Мәжілістің экс-депутаты Айдос Сарым «Құрылтайға сайлау: конституциялық негіздер және саяси трансформация» атты сарапшылар алаңында айтты. 🔚«Алдағы Құрылтай сайлауы жаңа Конституцияның практикалық тұрғыда жүзеге асу кезеңі болады. Сондықтан бұл компанияның маңызы өте зор. Конституцияны жүзеге асырудағы ең алғашқы институционалдық шара – Құрылтай сайлауы. Бұл шара үлкен бастамаларға жол ашады. Сондықтан Құрылтай сайлауы өте таза, әділ өтуі керек», - дейді ол.
🏅 2030 жылғы қысқы Олимпиаданың бағдарламасы бекітілді Халықаралық Олимпиадалық комитеті Франция Альпілерінде өтетін 2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының спорттық бағдарламасын жариялады. ❄️ Бағдарламаға алғаш рет фрирайд (шаңғы спорты мен сноуборд) және синхронды мәнерлеп сырғанау енгізілді. ⛷ Ал шаңғы қоссайысы бұл жолы Олимпиада бағдарламасына енбей қалды. Мұндай шешім спорт түрінің танымалдығы мен көрермен қызығушылығы ескеріліп қабылданған. 👥 Сондай-ақ бұл Олимпиада тарихта алғаш рет спортшылар саны бойынша гендерлік теңдік сақталатын қысқы ойындар болмақ. Жарысқа 3046 спортшы қатысып, 126 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
🔹Астанада «Құрылтайға сайлау: конституциялық негіздер және саяси трансформация» сарапшылар алаңы өтіп жатыр Алғашқы сессия аясында қатысушылар Құрылтайға сайлаудың конституциялық-құқықтық негіздерін талқылады. Сарапшылар платформасының жұмысына сарапшылар, жетекші талдау орталықтарының басшылары және қоғам қайраткерлері қатысуда.
🏫 1-сыныпқа құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау жалғасуда. Өтініш қабылдау өңірлерде әртүрлі уақытта басталғанымен, еліміздің барлық өңірінде 31 тамызға дейін жүргізіледі. 📄 Қажетті құжаттар: • 3×4 фотосурет; • профилактикалық егу картасы (№ 065/е нысаны); • баланың денсаулық паспорты (№ 052-2/е нысаны). 🖥 Өтінішті OQU ұлттық білім беру платформасы, eGov порталы арқылы онлайн немесе мектепке барып тапсыруға болады.
Бүгін Астанада «Құрылтай сайлауы: конституциялық негіздер және саяси трансформация» сарапшылар алаңы өтеді Сарапшылар конституциялық реформаның негізгі аспектілерін, жаңа саяси институттардың дамуын және мемлекеттің тұрақты даму моделін қалыптастырудағы қоғамдық диалогтың рөлін талқылайды. Шара сағат 14:30-да басталады. Тікелей эфир ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты, Қоғамдық саясат институтының Telegram-арналарында, сондай-ақ Qazaqstan TV YouTube-арнасында жүреді.
Архив Qazaqstan.tv — страница 12
Это 12-я страница архива публикаций источника Qazaqstan.tv. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.